Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аңсар.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
153 Кб
Скачать
☆

2.3.2 Франциялық Ұлт концепциясы

Францияда «Ұлт» екі түрлі мағынада айтылады:

  1. Белгілі бір территорияда этникалық, мәдени, тарихи және діни көзқарастары ұқсас адамдар қауымы.

  2. Белгілі бір заңдылықтарға сүйенетін саяси қауым.

«Саяси қауымдастық» түсінігі 1989 жылы Ұлы Француз революциясы кезінде ұлттық мемлекет құруға күшті ықпал етті.

Еуропа үшін бұл саяси құрылым таныс емес болатын. Германиямен салыстырғанда Францияда халық мемлекеттік құруда бастамашы болды. Францияда территориялық және саяси біріккен мемлекет ұлттан алдын пайда болды. Мемлекет монархиялық немесе республикалық болуына қарамастан саяси және территориялық бірігу принципіндегі ұлтты қалыптастырды. Мұны Ж. Руссоның «қоғамдық келісім» идеясынан көре аламыз: Азаматтар қоғамдық прициптер мен заңдылықтарға бағынуы қажет. Кейіннен «қоғамдық келісім» идеясы «қоғамдық республикалық моделі» концепциясымен үйлестірілді. Респуликаның қоғамының фундаменті жалпы консенсус болып табылады; Билік азаматтардың құқықтарын құрметтейтін заң арқылы жүзеге асырылады; Заң күшінен енбей тұрып азаматтардың келісімін алу қажет; Қоғамдық келісімнің нәтижесінде тығыз азаматтық әлем қалыптасады.

«Республикалық модуль» абстракты және идеалды сипатқа ие. Оның басты мақсаты француз ұлттық мемлекеттің қоғамдық құндылықтары мен идеалдарын ұрпаққа жеткізу брлып табылады.

Франциядағы азаматтық концепциясы

«Азаматтық ұғым» «ұлт» сияқты екі мағынада қолданылады. Біріншіден, азаматтың ұлттық мемлекетке тиісті болса. Екіншіден, ол мемлекеттің заңды меншігіне тиісті болды. Халық жалпы мәдениет пен құндылықтары арқылы бірігеді және әрбір азаматтың мәдени және тарихи мұрасына ықпал етеді. Азаматтықты алуда мемлекеттің территориясында туылуы мен өмір сүруі басты рөл ойнайды. Азаматтықтың екі мағынасы саяси қауымдастыққа тиісті. Мұнда әрбір азамат саяси құқықтар арқылы мемлекеттік басқаруға қатыса алады және билік орындарына сайлана алады. Азамат өз мемлекетінің саяси жүйесінің принциптерін қолдауы және мемлекеттерге қабылданған негізгі құндылықтарды құрметтеуі тиіс. Ол саяси құқықтарға ие бола отырып азаматтық міндеттерді мойнына алады. (Мысалы, әскери міндеткерлік). Қазіргі кезде Францияда азаматтық туылған жеріне байланысты анықталады. Сондықтан, мемлекет иммигранттарға азаматтық беруге мәжбүр болады.

Шетелдіктердің азаматтық алудағы спецификасы.

Ұлттық статистика бойынша 1999 жылы Францияда 4,310 млн иммигрант болды. Оның 3,260 млн шет елдіктер болса,ал 1,560 млн Франция азаматы. Олар метрополияның жалпы тұрғынның 7,4 % құрайды. Шетелдіктердің азаматтық алу үшін заңдар шығарылған:

  • Ата-аналары шетелдік болып табылатын, бірақ Францияда туылған балалар автоматты түрде француз азаматтығын алады. Сонымен қатар аралас отбасында туылған балаларға француз азаматтығы беріледі. Иммигранттардың балалары заңға сәйкес 23 мың – 30 мың аралығында француз азаматтығын алады.

Кез-келген шетелдік французбен некеге тұру арқылы француз азаматтығын ала алады.

Жаңа азаматтан француз «саяси қауымдастығын» барлық республикалық құндылықтарды жеке терең ұғыну және өз еркімен қабылдап, өзге азаматтармен бөлісу талап етіледі. Немесе «республикандық модель» ұғымдарымен ойласақ, ол «республикандық қоғамдық келісімге» яғни Францияда бұрыннан қалыптасқан саяси консенсусқа қатысуы керек. Франция премьер-министрі аясындағы иммигранттар интеграциясы жөніндегі Жоғарғы кеңестің баяндамасында: «Қоғамдық келісім негізінде азаматтық (citoyenete) алған адам оны азамат сияқты қорғайтын барлық саяси құқықтарымен қолданыла алады», -деп түсіндіріледі. Ол, өз жағынан, қоғамға қатысты өз міндеттерін ұмытпауы, ұлтты қоғап, оның гүлденуіне өз септігін тигізу керек... Францияның әр азаматы, өзінің шығу тегіне қарамастан, конституцияда белгіленген барлығына ортақ прициптерді қабылдауы қажет (38, с.108,110).

Интеграция моделінің ассимиляциялық сипаты

Иммиграттарға қатысты француз моделі соңғы уақытқы дейін тез арадағы ассмиляцияға бағытталған болатын. Бұл үрдіс толықтай келісушілік принципіне сәйкес жүрді. Ассимиляцияға қол жеткізу кестелі түрде 3 деңгейге бөлінеді.

Бірінші деңгейді бейімделу кезеңі деп атауға болады. Бұл уақытта шетелдік француздар арасында өмір сүріп, еңбек және әлеуметтік қатынастарға араласады, салт-дәстүрлерді біледі, оны қабылдаған мемлекеттің саяси құрылымымен танысады, тілді үйренеді, өмір сүру салтын қабылдайды және т.б. Оның натурализацияға қатысты мәселесі, ол интеграция жолында алдыға шегінуі қаншалықты сәтті өтуіне байланысты (азаматтық алу үшін, ол мемлекетте бес жыл көлемінде өмір сүруі керек). Шетелдіктің өзі, өз жағынан мемлекетте біршама жыл өмір сүріп, нәтижесінде не еліне қайтуға, не Францияда қалуға қорытынды шешім қабылдайды. Заң бойынша, шетелдік елде үш айдан астам өмір сүретін болса, онда уақытша (бір жылға дейін) немесе тұрақты (он жыл) мекен-жайы болуы тиіс; мекен-жайдың бұл екі түрі де ұзартылуы мүмкін.

Ассимиляция жолындағы екінші және маңызды кезең болып шетелдікке азаматтық беру болып табылады, өйткені тек ол ғана оны жергілікті француздармен құқықта айтарлықтай теңестіреді және дискриминациядан айтарлықтай қорғайды. Францияда құқық негізін қолдану арқасында азаматтықты беру айтарлықтай жеңіл іс болып табылады. Мемлекет елде тұрақтанған шетелдіктерді азамат деңгейіне ауысуына қолдау көрсетеді. Онымен ол екі мәселені де шешіп алады: иммигранттар ассимиляциясын жылдамдатады және «саяси қауымдастыққа» тартылмаған, яғни «барлығы заң алдында тең» атты республикалық принцип әсеріне берілмейтін шетелдіктер санын азайтады.

Азаматтық алған иммигранттардың нақты санын анықтау, өз азаматтарынын этномәдени шығу тегі құпиясын сақтайтын француз заңнамасының ерекшеліктері үшін мүмкін болмай отыр. Бірақ, 1999 ж. халық санын анықтау барысында алынған мәліметтер бойынша, ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында (1990-1999) азаматтық алған тұлғалар саны 1,78 млн.-нан 2,35 млн., яғни 570 мың адамға өскен. 2000 ж. француз азаматтығын 150 мың адам алған. Оның 8,6 мыңы – Францияда туған және өмір сүру құқығы арқасында, ал қалған 141,4 мыңы – натурализацияланған иммиграттар мен олардың балалары, сонымен қатар француздарға үйленген не тұрмысқа шыққан тұлғалалар болып табылады. 2000 ж. азаматтық алғандардың барлық санынын 60 % (84 мың) – Солтүстік және Экваториялық Африкадан, 20 (28 мың) – Азия мен Түркия, 16 – Еуропадан және 4% - Орталық және Оңтүстік Америкадан келгендер болып табылады.

Үшінші кезең – ең ұзақ, бұл уақытта тікелей ассимиляция жүреді, яғни иммигранттың туып өскен елі мәдениетінен болу елінің мәдениетіне ауысуы. ХІХ ғ. және ХХ ғасырдың бірінші жартысында, иммиграттардың көп бөлігі еуропалық мемлекеттерден келген кезде, ассимиляция айтарлықтай қарапайым жүретін. Францияда тұрақты өмір сүруші және ассимиляцияға ұшырағын иммигранттардың нақты саны туралы мәліметтер жоқ, бірақ бір жарым ғасырда елде бір миллионнан кем емес иммигрант қоныстанған. Зерттеушілердің ойынша, Францияға иммиграцияның бірінші толқынмен ағылған көптеген италиандықтар, поляктар, бельгиялықтар, испандықтар ассимиляцияға ұшыраған.

Франция отарлық империясынын күйреуінен кейін Францияға еуропалық мәдениеттен алшақ Африка, Азия, Антиль аралдары, Таяу Шығыстан қоныстанушылар келе бастаған. Олар қиын ассимиляцияға ұшырайды. Ол әсіресе, өз аталарының мәдениеті мен дінінін сақталуын қалайтын мұсылмандарға қатысты. Бұл мәселеге тап болған Франция басшылығы 1980 ж. бастап ассимиляция туралы әңгімені тоқтатып, бұл термин «саяси тұрғыда дұрыс емес» деп түсіндіріліп, оны «интеграция» сөзімен ауыстырған.1 Бірақ тек 2003 ж. ғана интеграцияға қатысты Жоғарғы кеңес баяндамасында, иммигранттардан бұрынғыдай мәдени ассимиляция талап етілмейді, олар тек «саяси интеграциямен» ғана шектетілуі тиіс деп айтылған болытын. Баяндамада иммигранттар «оларды қабыл алған мемлекеттің заңдарын сыйлауы туралы республикалық мемлекетпен келісім жасаулары тиіс» деп жазылған (38, С. 108,110).

Француз мемлекеті ассмиляцияны интеграция саясатына ауыстырғанын жариялағанымен, шын мәнісінде шетелдікті француз қоғамына қосу туралы нәтижесінде олардың акультурация және ассимиляцияға бағытталған принциптерінің ешқайсысын ауыстырмады. Француз интеграциялық саясатынын ассимиляция «рухы» әлі де сақталуда.

Иммигранттар интеграциясының дербестік принципі

ХVІ ғ. соңына қарай мықты унитарлы мемлекет болған Франция өз территориясында автономия немесе азшылықтарды (әкімшілік, мәдени, тілдік, діни) конституирование жасауды қаламайды. Билік пен азаматтар арасында қауымдастықтар немесе азшылықтар түріндегі делдалдарсыз тікелей қатынастар орнаған. Конституция бойынша, Франция республикасы тұтас және бөлінбейді, халық та тұтас, ерекше құқықтарға ие қандай да бір топтардың құрамында бола алмайды. Конституция бір қауымдастықты – ұлттық және құқыққа біреудің – индивидиумның ие болуын ғана мойындайды.

Франция мемлекеті әрқашан өзінін унитарлығын қорғап, қандай да бір федерациялық бағыттарға жол бермейтін. 1991 ж. Корсика жөніндегі жарғылық заңда, оның автономия болуын жақтаушылардың: «Корсика халқы – франция халқының құрамдас бөлігі» деген сөзіне Конституциялық кеңес Конституцияда – «шығу тегіне, нәсілі мен дініне қарамастан барлық франциялық азаматтардан тұратын франция халқы» деген тек бір ұғым бар деп тыйым салған болатын (37). Елдің әртүрлі аймақтарында мәдени дәстүрлерді және тілдерді сақтаушы өз халықтары – баскілер, гаскондықтар, бретондықтар, эльзастықтар және т.б. болса да, олар Конституция бойынша ұлттық азшылықтар қатарына жатқызылмайды2.

Франция мемлекеті үшін барлық тұрғындар жеке тұлғалар болып табылады, тек бір бөлісу: азамат және азамат емес мойындалады. Өзінін иммигранттарға қатынасында ол әдейі олардың ұлттық ерекшеліктерін «ескермейді».

Ресми деңгейде көпшілік сферада эмигранттардың этникалық және мәдени түп тамырлары еске алу жөнінде ерекшеленеді. Туған күн туралы куәлікте баланың этникалық принадлежносін көрсетпейді; жеке куәлікте ұлты жөнінде графа болмайды; заң бойынша жұмысқа қабылдау, үкіметтен және қоғамдық құрылымдарға келгенде немесе әлеуметтік көмек, жеңілдіктер алатын кезде этникалық түп тамырлар сұрауға тыйым салынады. Халықтық санақ кезде және сұраныс жүріп жатқанда бұл тақырыпты қозғамайды. Егер азаматтық алатын жағдайда шетелдіктер фамилиасын өзгертуге немесе оған «француздық түр» беруге құқығы бар. Осындай саясат діни сенімдерге қатысты жүргізіледі. Конфессиональді принадлежностьқа қарап халық есеп жүргізуге заң бойынша тыйым салынады. Сенім сұранысы жөніндегі мәселе тұрған соңғы санақ 1872 жылы датировать етілді.осында үкіметтік саясат жүргізілуінің басты мақсаты қоғадық этникалық немесе конфессиональді бельгіні қоғамдық дифференциялау және ксенофоби деңгейін төмендету болып табылады. Мемлекетте ұлттық және діни принадлежностьтарды дискриминациялауға заң бойынша тыйым салынады. Негізінен іс жүзінде иммегранттарға және олардың ұрпақтарына олардың мәдениеті және этникалық түп тамырлары жөнінде ескертпе сияқты іс жүзінде атқарылады

Әлеуметтік саясатты жүргізу барысында мемлекет мына принциптар арқылы басқарылады: «Иммегранттар интеграциясы «ерекше» брлық кең интеграциядан бөлінбейді» (41. с 30). Иммегранттар азаматтар секілді, ал шетелдіктердің ( бірақ оардың ішінде тұрақты тұратын мекені бар ), олар француздармен бірдей әлеуметтік құқыққа ие. Әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі индивидуальді түрде өзінің қызметтерін ұсынады, француздар мен иммегранттарды бөлмейді. Иммегранттардың балалары мектепте тегін білім алады. Әлеуметтік жөніндегі бағдарламаларды ұйымдастыру барысында көмек қажет дейтін котегориялы халыққа беріледі. Шетелдіктер мен француздар тең негізде «кедей», «жұмыссыздық» немесе «квалификцияланбаған» котегорияға жата алады (49).

Коммунитаризм және мультикультурностік мәселелер.

Соңғы он жылдарда Франция территориясында тұрақты, этно-діни және мәдени бірлестіктердің көбеюі пайда болу феноменімен қақтығысты. Мұндағы бастысы мұсылмандықтан шығу жайында. Мұнда көбісі батыстың құндылықтарына жағымсыз қарайды, олар өздерінің діни-этникалық сенім принциптарымен өмір сүргісі келеді. Азаматтық алып француз болса да, олармен ассимиляцияланбайды және оны қаламайды. Олар қоғамға коммунитаризм рухын кіргізеді. ( communaute- қоғам, бірлестік) . Дж. Коэн әлеуметтанушы коммунитаризм сөзін – ұлттар арасындағы солидарностьтан гөрі, адам өзінің этникалық, конфессиональді, нәсілдік немесе басқа топпен идентификациялайтын мінездейтін жүріс-тұрысы маңызды деп анықтайды (36, c.40).

Француздық бірлестікте құрылып жатқан коммунитаризм «республикалық модельге» бөтен болып келеді, ол «саяси бірлестіктегі» ұйымдық принциптерге қарсы келеді. Француз демократиясы өздерінің мәдени-діни идентичносіндегі «консервацияны» қолдайтын және олардың ассимиляциясына қарсы келетін индивидуум үстіндегі кіші бірлестіктердің күшін қаламайды.

2003 жылы Франция территориясында маңызды этникалық немесе діни бірлестіктердің заңды түрде бар екенін коммунитаризм мәселелер орталығы бастырылды. Онда юристік көзқарас бойынша өздерін діни, мәдени емесе этникалық принциптармпен идентификациялайтын «бірлестік жүйе» топ адамдары маңызды ұжымдық құқыққа ие, ал ол екі республикалық принциптарға қарсы келеді – ұлттың бөлінбейтіндігі және заң алдында барлығының теңдігі (37).

Этникалық бірлестік «островки» бөтен мәдениетті көрсетеді, және олардың «консервациясы» Францияда «мультикультурды қоғамның» пайда болуына алып келеді. Француз саясаткері А. Турен айтқандай, жүйесін бұзбай Франция коммунитаризм және мультикультурализм жолмен жүре алмайды. Мемлекетте ұлтқа бағытталған маңызды саяси-әлеуметтік ұйымдық, тарихи модель құрылған. Француздық модель қоғамда пайда болып келе жатқан әлеуметтік және мәдени айырмашылықты алып тастауға тырысуда. Ал ұлттардың бірлестгі брдей тіл, мәдениет, тарих, жалпы құндылықтар арқылы сақталып қалуда. А. Туреннің ойынша, «коммунитаризм – Франциядағы республикалық модельдерге шынайы қауіп төнуде» -дейді (39, с.6-13).

Республика мультикультурализмге жауап ретінде Франция үшін жаңа әдениет және конфессилар «зайырлы үкімет» принциптерін таратады. 1905 жылдан бастап Франциядағы үкіметті діннен айыру, үкіметті жаңа мәдениеттен айыру арқылы толықтырылады. Негізінен мәдениет шындық өмір сферада көрінеді, ал пуликалық , «саяси бірлестікте» , ұлттар бірлестік принциптері сақталады. «Азаматтар интеграциясы тек републикалық принциптарды тауып, барлығына бостандық беруіне кепілдік беретін зайырлы көпшілік кеңістіктер жолымен мүмкін» - деп интиграция Жоғарғы кеңесі ескертеді (38, с. 117).

«Монд дипломатик» атты журналда Я. Бенгиги және А. Пенья-Руис өз мақалаларында қөпшілік және приваттық екі принциптерінің бөлінуі туралы анықтама береді. Олар адамдарды индивидуальді маңыздылықтар, сенім, дүниеге деген көзқарастары,материалды деңгей, мәдени ерекшеліктер, привоаттық өмір сфераға жатқызады. Үкімет адамдарды азамат ретінде біріктреді және оларды жалпы амандықты қамтамасыз етіп отырады, бұл республикалық модельдердің басты прициптерінің бірі болып табылады. Бұл модель адамды азамат ретінде көре тұра өзі интиграциялайды ( заң алдында барлық азамат тең құқылы).республикалық ұлт азаматтардың бірлестігі бола тұрып, қандай да бір дін, мәдени ерекшеліктермен немесе жеке өмірдегі мақсатты концепциялардан негізделмейді. Республика не христиандық не исламдық бола алмайды: ол үкіметтік атеизмге не соғысқұмар конфессияға сүйенбейді, ол тек тең негізде және жеке таңдаудағы тәуелсіздікт индивидумдарды біріктреді (33, с. 4)

Осылайша, Франция әділ құрлған қоғамды сақтайды франция саяси-қоғадық өмірде әрдайым шынайы Республикалық модельмен бағаланады.