- •Дәріс-13,14. Ақша, есеп айырысу және несие операцияларының есебі.
- •1. Ақша қаражаттары мен есеп айырысу операцияларын есепке алудың міндеттері
- •2. Есеп айырысу шоты бойынша операциялар есебі.
- •3. Валюталық шот бойынша операциялардың есебі.
- •4. Бағам айырмасының есебі
- •5. Касса операцияларының есебі
- •6. Есеп айырысу операцияларының есебі
- •7.Есеп беретін адамдармен есеп айырысудың есебі
- •8 Банк несиелері мен қарыз қаражаттарының есебі
- •9. Қарыз қаражаттарының есебі
- •10. Бюджетпен есеп айырысудың есебі
- •11. Бюджеттен тыс төлемдер бойынша есеп айырысу
2. Есеп айырысу шоты бойынша операциялар есебі.
Уақытша бос ақшаларды сақтау жэне қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүрғізу үшін шаруашылық субъектісі өзі тандаған банкте есеп айырысу шотын ашады.
Есеп айырысу шоты мынадай құжаттардың неғізінде ашылады:
шот ашуға арналған өтініш;
қойылатын қол мен мөртабан белгісінің үлғісі бар карточка;
субъектінің салықтық есепке қойылу фактісін растайтын салық органының анықтамасы;
мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
жарғы мен қүрылтай шартының (еғер қүрылтайшылар саны 1-ден көп болса) көшірмесі.
Есеп айырысу шотын ашқан шаруашылық субъектісі оның иесі болып табылады. Ол өзіне берілген құқықтардың шегінде осы шоттағы қаражаттардың барлығына иелік жасайды.
Ақшаларды қабылдауды, беруді және аударуды банк мынадай қүжаттардың неғізінде орындайды:
Қолма-қол ақшаларды кассадан есеп айырысу шотына енгізғен кезде қолма-қол ақша салымының мәлімдемесі ресімделеді.
Әр түрлі мақсатгар үшін кассаға алынғанда - чек ресімделеді.
Басқа субъектілермен есеп айырысқанда төлем тапсырмасы жазылады.
Субъект босатылған өнімдердің, орындалған жұмыстар мен қызметгердің құнын сатып алушыдан өндіріп алуга тиіс болғанда төлем талап-тапсырмасы жасалады.
Шаруашылық істері жөніндегі алқаның (комиссияның) бұйрығы, сот органдарының атқарушы қағаздары есеп айырысу шотынан қаражаттар есептен шығарылатын атқарушы қүжат болып табылады.
Субъектінің шотынан барлық төлемдер есегі айырысу құ- жаттарының банкке түсуіне қарай күнтізбелік кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Банк төлеуге қабілетсіз деп жариялаган мін- детгемеяер бойынша төлемдердің кезектілігін банк мекемесінің басшылыгы белгілейді. Банктер мезгіл-мезгіл немесе күн сайын шоттардың иелеріне жүргізілген операциялар туралы хабарлап, есепке алуға жэне есептен шыгаруга негіз болған қүжатгарды оған қоса беріп, оларға есеп айырысу шотынан көшірме беру жолымен қүлақтандыру жасайды. Көшірмеде банк кодтайтын, қатаң түрде белгіленген көрсеткіштер болады. Бухгалгер банктен алынған көшірмені тексереді, қүжаттарды тандап, шотгардың кодын (кор- респонденңиясын) қояды3 ол жекелеген операциялар бойынша есептік тіркелімдерге жазу үшін талдау есебі баптарының кодын қояды.
Банк көшірмесінің үлгісі
Заңды тұлғаның МФО коды, е/ш көшірменің бүгінгі * көшірменің жазылған күні |
күні, соңғы |
||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
||
Опера- цияның түрі |
Әріптестің МФО коды |
Шот- тың № (коррес.) |
Құжат- тың № |
Дебеті бойынша айналым |
Кредиті бойынша айналым жэне кірме сальдо (1-жол) |
||
|
|
|
|
|
Бастапқы сальдо, шығатын сальдо (түпкілікті) |
||
Операңияның кодтық белгіленуі |
Шартты әріппен алмастьфылатыы жазудың мазмұны |
||||||
Есеп айырысу шотының дебеті бойынша |
Есеп айырысу шотының кредигі бойынша |
||||||
01 |
Сіздің тапсырмаңызға сәйкес есептен шығарылды |
қолга беріліп отырған төлем- тапсырмасына сәйкес есептелді |
|||||
02 |
Толем талаптары, тапсырмалары толенді |
Толенген талаптар, тапсырмалар бойынша есептелгені |
|||||
03 |
Сіздің чек қолма қол ақшамен толенді |
Қолма-қол ақшамен келіп түсті |
|||||
04 |
Сіздегі есеп айырысу чегі толенді |
Сіздегі тізілімге сэйкес есеп айырысу чегі келіп түсті |
|||||
Кестенің соңы
1 |
2 |
З |
|
05 |
Сіздің отінішіңізге сәйкес аккредитивті бергені үшін есептен шығарылды |
Пайдаланылмаған аккредитиві қалдыгы есептелді |
|
06 |
Қосымшаға сэйкес сіздің шоттан есептен шығарылды. Жеке шоттан |
Қосымшага сәйкес сіздің шотқа есептелді. Жеке потган кошірмеге |
|
07 |
Қарызды отеуге есептен шығарылды |
Сіздің отінішіңізге сэйкес берілген қарыздың сомасы сіздің есеп айырысу шотыңызға есептелді |
|
08 |
Сіздің отінішіңізге сәйкес лимиттелген чек кітапшасы берілді |
Лимиттелген чек кітапшасының пайдаланылмаған қалдығы сіздің шотқа есептелді |
|
09 |
Жолдағы есеп айырысу құжаттарына арнайы қарыз шоттары реттелді |
Жолдағы есеп айырысу құжаттарына арнайы шоттар мен шоттар реттелді |
|
10 |
Алынған қарыз үшін пайыз сіздің шоттан есептен шығарылды |
|
|
Банктің көшірмесі есеп айырысу шоты бойынша талдамалы есептің тіркелімін өздігінен алмастырады және сонымен бірге бухгалтерлік жазулар үшін негіздеме қызметін атқарады. Субъектілердің банктегі есеп айырысу шоты кредиторлық берешекті көрсететін пассивтік шот болып табылады. Көшірмеде банк ақша қалдығын немесе кредит бойынша оның өсуі, ал дебет бойынша оның есептен шығарылуын көрсетеді. Шаруашылық жүргізуіші субъектінің бухгалтериясында керісінше, есеп айырысу шоты активтік болып табылады. Ақша қаражатгарының қалдығы мен өсуі дебет бойынша, ал кемуі (есептен шығару) кредит бойынша көрініс табады. Банк көшірмесінің деректері бойынша есеп айырысу шотындағы ақша қозғалысының есебі 1040-шотта жүргізіледі. 1040-шот бойынша шаруашылық операциялары:
Өнімдер, жұмыстар мен қызметтер шотын сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің төлеу сомасына Д-т 1040 К-т 1210.
2. Төлеу мерзімі басталғанда вексель берушінің вексельді өтеуі Д-т 1040 К-т 1130.
3 Еншілес заңды тұлғалар берешекті өтеді Д-т 1040 К-т 1220, 4230.
Жал, займ, қарыздар бойынша алынған % сомасына Д-т 1040 К-т 1270.
Дебиторлық берешек өтелді Д-т 1040 К-т 1250, 1280.
Аккредитивтердің, лимиттелғен чек кітапшаларының пайдаланылмаған сомалары есеп айырысу шотына есептелді Д-т 1040 К-т 1070.
Ақша қаражатгары кассадан есеп айырысу шотына өткізілді Д-т 1040 К-т 1010.
Жарғылық капиталға салым ретінде құрылтайшылардан қолма-қол ақшасыз қаражатгары келіп түсті Д-т 1040 К-т 5020.
Алынған несиелер мен займдардың сомасы есеп айырысу шотына есептелді Д-т 1040 К-т 3010-3020.
Аванс алынды Д-т 1040 К-т 3510.
Алдағы кезеңдер есебіне алынған ақы Д-т 1040 К-т 3520.
Акцияларға, облигацияларға салымдар жасалды Д-т| 1150- 2310 К-т 1040.
Болашақ кезеңдер үшін жалдық ақыны төлеу Д-т 1630 К-т 1040.
Аванс берілді (алдын ала төлем) Д-т 1610 К-т 1040.
Аккредитивке қаражаттар есегітелді, чек кітапшасы ашылды Д-т 1070 К-т 1040.
Чек бойынша есеп айырысу шотынан қолма қол ақшалар алынды Д-т 1010 К-т 1040.
Займдар мен несиелерді қайтару (өтеу) Д-т 3010-4010 К-т 1040.
Акциялар бойынша дивидендтер төлеу Д-т 3050 К-т 1040.
Бюджетке салықтар аударылды Д-т 3110, 3130, 3190 К-т 1040.
Бюджетген тыс қорларға аударылғаны Д-т 3420 К-т 1040.
Еншілес, тәуелді, бірлесіп бақыланатын тұлғаларға, жеткізушілер мен басқа кредиторларға берешек өтелді Д-т 3320- 3330, 3310, К-т 1040.
Несиелер, қарыздар жалдау шарттары бойынша % төленді Д-т 3380 К-т 1040.
Айыппүлдарды, өсімақыларды, түрақсыздық айыптарын төлеу Д-т 7210 К-т 1040.
1040-шотта көрсетілген операцияларды есепке алу үшін №2 журнал-ордер мен №2 ведомосы көзделген. Олардағы жазулар есеп айырысу шоты бойынша банк көшірмесінің жэне соларға қоса берілетін қүжаттардың негізінде жүргізіледі.
Қүжаттар алдымен әрбір күн үшін жиынтықтарды сомалау арқылы біртектес жинақтамалы шоттар бойынша топтастырылады (кірістік жэне шығыстық қүжаттар бөлек-болек), содан кейін №2 журнал-ордерге (1040-шоттың кредиті бойынша) жэне 1040-шоттьщ дебеті бойынша №2 ведомосқа жиынтық бір сомамен жазылады.
№2 ведомоста біртектес жинақгамалы шотгар бойынша сомаларды
дебетгік және кредиттік айналымдар ескеріліп, ай соңындағы қалдық анықталады. №2 журнал-ордер мен №2 ведомос бойынша жиынтық айналымдар мен сальдо ай соңында бас кітаптағы 1040-шотқа көшіріледі.
Есеп айырысу шотын жабу оның иесінің өтініші бойынша:
а) есеп айырысу шотын ашу үшін тіпті болмағанда бір ғана белігінің болмауына (дербес баланстың бар болуы жэне т.б.) әкеп соқтырған субъект қызметі сипатының өзгерісі кезінде;
э) субъектіні қүрған органның шешімі бойынша;
б) 3 ай бойы шотта қозғалыс болмаған кезде жүргізіледі.
Шот жабылған жағдайда, сондай-ақ субъектінің атауы өзгерген кезде шоттың иесі чек кітапшасын пайдаланылмаған чектерімен қоса банкке қайтаруға, олардың нөмірін көрсетуге жэне есеп айырысу шотындағы қаражаттардың қалдығын растауға міндетті.
