Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция №13,14.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
79 Кб
Скачать
☆

9. Қарыз қаражаттарының есебі

Нарық экономикасы жағдайында шаруашылық субъектісі несиені тек банктен ғана емес, сондай-ақ ел ішіндегі және шетелдегі басқа шаруашылық субъектілерінен ала алады(заңға сәйкес). Мұндай қарыз берушілермен есеп айырысу жағдайы туралы ақпаратты жинақтау үшін 3020- 4020 "Банктен тыс мекемелердің несиелері" шоты көзделген. Онда алынған қысқа мерзімді (мерзімі бір жылдан кем) және ұзақ мерзімді (мерзімі бір жылдан астам) қарыздар шетелдік және ұлттық валютада көрсетіледі.

  1. Қарыз берушіден қаражаттардың келіп түсуі Дт 1050, 1040, 1010, 1020 Кт 3020,4020.

  2. Алынған қарыздар бойынша есептелген пайыздар Дт 7310 Кт 3020, 4020

  3. Алынған қарызды қайтару , өтеу Дт 3020, 4020 Кт 1050, 1040, 1010, 1020.

  4. Қарыздар бойынша % төлеу Дт 3020, 4020 Кт 1050, 1040, 1010, 1020.

3020, 4020 – шоттары бойынша талдамалы есеп қарыз берушілер мен қарыздарды өтеу мерзімдері бойынша жүргізіледі. Жинақтамалы есеп 3020, 4020 – шоттарының кредиті бойынша № 4 журнал- ордерде жүргізіледі.

10. Бюджетпен есеп айырысудың есебі

Бюджетпен салықтар бойынша есеп айырысудың есебі 3110- 3190 "Салық бойынша міндеттемелер " бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. ҚР Президентінің "Салық және бюджетке төленетін төлемдер туралы " 24.04.95 ж. Жарлығына сәйкес жалпы мемлекеттік салықтарға жататындар:

  1. Заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы.

  2. ҚҚС (қосымша құн салығы).

  3. Акциздер.

  4. Эмиссияны тіркегені үшін Орталық банктің алымы.

Жергілікті салықтар мен алымдарға жататындар:

  1. Жер салығы.

  2. Заңды және жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық.

  3. Көлік құралдарына салынатын салық.

  4. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларды тіркегені үшін алым.

  5. Қызметтің жекеленген түрімен айналысу құқығы үшін алым.

  1. Аукциондық сатудан алынатын алым.

3110 - "Төленуге тиісті корпоративті табыс салығы " шоты мен 4300 - "Кейінге қалдырылған салық міндеттемелері " шотында заңды тұлғалардан алынатын табыс салығының есептелген және аударылған сомалары туралы және бухгалтерлік есеп пен салық есептерінің талаптарындағы айырмашылық нәтижесінде туындаған салық төлемдері туралы ақпараттар болады. Салық жылы ішінде жылдық жиынтық табыс пен шегерімдер арасындағы айырма ретінде есептелген салық салынатын кірісі бар заңды тұлғалар табыс салығын төлеушілер болып табылады. Оны анықтаудың тәртібі Салық кодексінің 2-бөлімінде көрсетілген.

Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы есебін 11 - "Табыс салығы бойынша есеп жүргізу " БЕС- на сәйкес жүргізген жөн.

Бухгалтерлік кіріс бухгалтерлік есептің стандарттарына сәйкес анықталатын кірістер мен шығыстар арасындағы айырма ретінде есептелінеді.

Салықтық кіріс – салық заңдарына сәйкес анықталған, есептік кезеңдегі кіріс пен шығыс сомасы. Салық заңдарының талаптары бухгалтерлік есептік кезеңнің талаптарынан ерекшеленеді де, нәтижесінде бухгалтерлік кіріс пен салықтық кірістерді анықтаудағы айырмашылықтар туындайды. Туындау себептеріне байланысты айырмашылықтар тұрақты немесе уақытша болуы мүмкін.

Тұрақты айырмашылық – бұл салым салынатын және бухгалтерлік кірістердің арасындағы айырма. Ол ағымдағы есептік кезеңде туындайды және кезекті есепті кезеңдерде жойылады; Оған жататындар: Валюталық операциялар бойынша бағамдық айырма; Бюджетке енгізілуі тиіс айыппұл санкциялары; Кәсіпкерлік қызметпен байланысы жоқ шығындар; және т.б

Уақытша айырмашылықтар салық салынатын кіріске еңбеген кірістер мен шығыстардың кейбір баптары олар бухгалтерлік кіріске енетін кезеңмен дәл келмеуіне байланысты туындайды және бір немесе бірнеше кезекті есептік кезеңдерде жойылады.

Амортизациялық аударымдарды қарастырайық. Технологиялық жабдық 1990 жылы сатып алынған. Оны пайдалану мерзімі – 8 жыл. Тозу бухгалтерлік есепте біркелкі әдіс бойынша есептелінеді. Жыл сайынғы амортизация сомасы 10-ға тең. 8 жылда 1250 теңге болады. Салық есебінде амортизация қалдық құннан есептелінеді.

1998

1999

2000

Салық

есебі

Бухгалт.

есеп

Айырма-шылық

Салық

есебі

Бухгалт.

есеп

Айырма-шылық

Салық

есебі

Бухгалт.

есеп

Айырма-шылық

-1500

-1250

-250

-1275

-1250

-25

-1084

-1250

+165

2001

2002

2003

Салық

есебі

Бухгалт.

есеп

Айырма-шылық

Салық

есебі

Бухгалт.

есеп

Айырма-шылық

Салық

есебі

Бухгалт.

есеп

Айырма-шылық

-6141

-1250

-4890

-

-1250

+1250

-

-1250

+1250

2004

2005

Салық

есебі

Бухгалт.

есеп

Айырма-шылық

Салық

есебі

Бухгалт.

есеп

Айырма-шылық

-

-1250

+1250

-

-1250

+1250

Уақытша айырмашылық алдымен "-"таңбасымен, содан кейін "+" таңбасымен жүреді. Мұнын мәні – осы уақытша айырмашылық жойылады.

Салықтық кіріс = бухгалтерлік кіріс ± уақытша айырмашылықтар + тұрақты айырмашылық.

Салық заңдарына сәйкес технологиялық жабдық 2 жыл өткеннен кейін шегерімге жатқызылған. Тұрақты айырмашылықтар салық есебінде қолданылатын жекеленген ведомостерде ескеріледі және түсіндірме жазуларда ашылып көрсетілуі тиіс.

Уақытша айырмашылықтар осы уақытша айырмашылықтардың сомасын бухгалтерлік есепте көрсету жолымен ескеріледі.

Салық тиімділігі дегеніміз- салық заңдарына сәйкес төлемі кейінге қалатын немесе алдын ала төленуге тиіс салық төлемдері. Табыс салығы жөніндегі салықтық төлемдер мынандай компоненттерден тұрады:

  1. Төленуге тиіс табыс салығы.

  2. Уақытша айырмашылықтың салық тиімділігі.

  3. 4310 - "Төлемі кейінге қалдырылған табыс салығы" шотына түзету.

1998 жылы заңды тұлғаның салықтық кірісіне 30% ставка бойынша, арнайы экономикалық аймақтарда - 20%, жер өндірістің негізгі құралы болып табылатын заңды тұлғаларға - 10% ставка бойынша салық салынуы тиіс.

Мысал: Заңды тұлға 3000 теңге болатын бухгалтерлік кіріс алды. Салық салынатын кірісті анықтаған кезде уақытша айырмашылықтар мынандай болады:

а) амортизациялық аударымдар – 500 теңге;

ә) сатудың жабылмаған залалы + 400 теңге;

б) кәсіпкерлік қызметпен байланысы жоқ тұрақты айырмашылықтар + 200 теңге;

в) есепті кезеңдегі салықтың ставкасы- 30%

г) алдағы жылға салықтың ставкасы (қазірден белгілі) - 35%

ғ) есепті кезеңнің басында басқа кезеңдерден өткен уақыт айырмашылықтарының тиімділігі 90 теңге құрады.(Кт – 4310), уақытша айырмашылық сомасы – 300 теңге.

Табыс салығы салықтық төлемдер:

  1. Төленуге тиіс табыс салығы 3 000 + 200 – 500 + 400 = 3100

3100 × 30% = 930.

Дт 7700 –" Табыс салығы бойынша шығындар".

Кт 3110 – 930.

  1. Уақытша айырмашылықтар – 500 + 400 = -100 салық тиімділігі – 100 × 35% = -15 Дт 7700, Кт 4310- 35.

  2. (- 300 - 35%) – (-90) = -15

Дт 7700, Кт 4310-15 теңге.

Дт 7700 болғандықтан , 930 + 35 + 15 = 980 тг. Табыс салығы бойынша шығындар.

Қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есепте (№2 нысан) таза кіріс 3 000 – 980 = 2 020 теңге сомасында көрсетілетін болады. 3110, 4310-шоттар бойынша бухгалтерлік жазбалар:

  1. Декларацияда белгіленген салық салынатын кірістен төленуге тиіс табыс салығы есептелген Д-т 7700 К-т 3110.

  2. Субъектінің есеп саясатының өзгеруіне және елеулі қателіктердің түзетілуіне байланысты бөлінбеген кірістің бастапқы сальдосын түзетуге қатысты салықтар сомасы:

а) есептегенге дейін Д-т 5430 К-т 3110

ә) кемуі Д-т 3110 К-т 5430

3. Төтенше жағдайлардан және операциялардың тоқтатылуынан алынған кірістермен (залалдармен) байланысты салықтар сомасы:

а) залалдар Д-т 3110 К-т 6300

ә) кірістер Д-т 6280 К-т 3110

4. Уақытша айырмашылықтардың пайда болуы немесе жойылуы нәтижесінде ағымдағы есепті кезеңде төленуге жататын салық сомасы Д-т 6300 К-т 4310.

5. Есептелген табыс салығы уақытша айырмашылықтардың пайда болуы салдарынан кейінге қалдыруға тиіс Д-т 7700 К-т 4310.

6. Салық ставкасының өзгеруіне байланысты 4310-шотқа түзету енгізу:

а) өскенде Д-т 7700 К-т 4310

ә) кемігенде Д-т 4310 К-т 7700

7. Активтердің қайта бағалануына байланысты үміт күттірер салық тиімділігінің сомасы:

а) салық есебіндегі қайта бағалау өсімінің бухгалтерлік есептегі қайта бағалау сомасы өсімінен артқанда Д-т 4310 К-т 5320;

ә) бухгалтерлік есептегі өсім салық есебіндегі өсімнен асып түскен кезде Д-т 5320 К-т 4310. 3130-«ҚҚС» шоты.

ҚҚС – тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің өндірісі мен айналым процесінде қосылған құн өсімі бөлігіндегі бюджетке аударылатын жанама салық. Бюджетке төленуге тиіс ҚҚС өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін көрсетілген ҚҚС сомасы мен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін төленуге тиіс ҚҚС сомалары арасындағы айырма ретінде анықталады.

ҚҚС ставкасы салық салынатын айналымның 20% құрайды. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар да бар. Есепке алуға қабылданатын ҚҚС активтер 1420 – «Орнын толтыруға арналған ҚҚС» шотында ескеріледі.

Сатып алынған құндылықтар, орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін төленуге келісім берілген шоттар бойынша ҚҚС сомасына Д-т 1420 К-т 3310.

Есепке алуға қабылданған (субъектінің ҚҚС бойынша берешегін кемітуге жатқызылған) ҚҚС сомасы Д-т 3130 К-т 1420.

Шаруашылық субъектісінің ҚҚС бойынша бюджетке берешегі пассивтік 3130 – «ҚҚС» шотында ескеріледі.

Мысал:

Өнім үшін салық шот-фактурасы 200 мың теңге. ҚҚС – 40 мың теңге. Жиыны – 240 000 теңге. Өткізілген өнімнің нақты өзіндік құны – 195 000 теңге.

  1. Өткізілген өнімнің нақты өзіндік құнына Д-т 7010 К-т 1320 – 195 000 теңге.

  2. Өнімнің келісім құнына (ҚҚС-сыз) Д-т 1210 К-т 6010 – 200 000 теңге.

  3. ҚҚС сомасына Д-т 1210 К-т 3130 – 40 000 теңге.

  4. Бюджетке ҚҚС төленген Д-т 3130 К-т 1040 – 40 000.

  5. Сатып алушылардың шоты төленді Д-т 1050, 1040, 1010, 1020 К-т 1210 – 240 000 теңге.

  6. Жыл соңында: а) шығыстар Д-т 5410 К-т 7010 – 195 000 теңге; ә) кірістер Д-т 6010 К-т 5410 – 200 000 теңге. Таза кіріс 5 000 теңге құрады.

Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы

Төлеушілер – бұл салық жылында салық салынатын кірістері бар жеке тұлғалар (ҚР азаматтары, шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ тұлғалар).

Салық салу объектісі – бұл жиынтық жылдық кіріс пен шегерімдер арасындағы айырма ретінде есептелген салық салынатын кіріс.

Салық кодексінің 29-бабында табыс салығының ставка – келтіріледі. Төлем кезінде ұсталған табыс салығын есептеу салық жылының ішінде біркелкі (ай сайын) жүргізіледі. Соған байланысты 1.01.97 ж. бастап табыс салығын ұстауға арналған қайта есептеу коэффициенті ендірілген. Мұның өзі 12 санының салық салынатын кірістің есептік сомасы анықталатын ай санына қатынасын білдіреді.

Қаңтар – 12(12/1), ақпан – 6 (12/2), наурыз – 4 (12/3), сәуір - 3 (12/4).

Салық кодексінде табыс салығы салынбайтын кірістер келтірілген. Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысудың есебі пассивтік 3120 – «Жеке тұлғалардың табыс салығы» шотында жүргізіледі.

  1. Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығын ұстап қалғанда Д-т 3350 К-т 3120

  2. Табыс салығын аударған кезде Д-т 3120 К-т 1040. Акциздер

Төлеушілер – ҚР аумағында акцизделетін тауарлар өндіруші немесе осы тауарларды импорттаушы және сатушы жеке және заңды тұлғалар.

Салық салу объектісі – акциздер қосылмаған бағалар бойынша анықталатын тауар құны.

Үкімет ставканы тауардың құнына немесе өндірістің физикалық көлеміне қатысты пайызбен бекітеді.

Акцизделетін тауарлар өзгерген кезде акциз тауар (импорттықтан басқа) құнына қосылады. Акцизделетін тауарлар сатылған кезде акциздердің есебі ҚҚС есебі сияқты жүргізіледі.

Сатып алушыларға шот ұсынған кездегі акциз сомасына Д-т 1210 К-т 3140.

Акциздерді бюджетке аударған кезде Д-т 3140 К-т 1040

Жер салығы

Төлеушілер – иелігінде немесе пайдалануында жері бар жеке және заңды тұлғалар.

Салық салу объектісі – жер учаскесі.

Салық жер көлемінің бірлігі үшін жыл сайынғы тіркелгені төлемдер түрінде белгіленеді.

Жер салығы есептелген кезде Д-т 7210 К-т 3160.

Жер салығы аударылған кезде Д-т 3160 К-т 1040

Көлік құралдарына салынатын салық

Салық төлем сәтіндегі айлық есептік көрсеткіштен % түрінде көлік құралдары қуатының әрбір киловатынан салық ставкалары бойынша жыл сайын төленеді.

Төлем мерзімі – 1 қыркүйекке дейін.

Төлеушілер – меншік құқығында, сенімгерлік басқаруында, шаруашылық басқаруында немесе жедел басқаруында мемлекеттік есепте тұрған көлік құралдары бар жеке заңды тұлғалар.

Салық есептелген кезде Д-т 7210 К-т 3170

Салық төленгенде Д-т 3170 К-т 1040.