- •Дәріс-13,14. Ақша, есеп айырысу және несие операцияларының есебі.
- •1. Ақша қаражаттары мен есеп айырысу операцияларын есепке алудың міндеттері
- •2. Есеп айырысу шоты бойынша операциялар есебі.
- •3. Валюталық шот бойынша операциялардың есебі.
- •4. Бағам айырмасының есебі
- •5. Касса операцияларының есебі
- •6. Есеп айырысу операцияларының есебі
- •7.Есеп беретін адамдармен есеп айырысудың есебі
- •8 Банк несиелері мен қарыз қаражаттарының есебі
- •9. Қарыз қаражаттарының есебі
- •10. Бюджетпен есеп айырысудың есебі
- •11. Бюджеттен тыс төлемдер бойынша есеп айырысу
4. Бағам айырмасының есебі
Валюта бағамының тербелісі бағам айырмасының туындауына себепші болады. №9 БЕС ына сәйкес бағамдық айырма бұл шетелдік валютаның бір ғана бірлігін бағам өзгерісі кезінде бухгалтерлік есептің жүйесі мен қаржылық есептемеде көрсету нәтижесінде туындайтын айырма.
Бағамдық айырма туындайтын жағдайлар:
а) Импорттық операциялар кезінде тауарларды кедендік ресімдеу мен жеткізушілермен медігерлермен есеп айырысу жөніндегі дебиторлық немесе кредиторлық берешектерді қосымша бағалау немесе бағасын кеміту жолымен олар үшін ақша қаражаттарын аудару күндерінің арасында келісімшарттық құнның ұлттық валютадағы баламасы.
Субьект 2 000 АҚШ долларына шикізат сатып алған кедендік ресімдеу құнындағы бағам 1 доллар үшін 75.3 теңге болған кезде сомасы 150600 теңге құраған Дт 1310 Кт 3310-150600 тг. Төлем күніндегі төлем бағамы – 75,7тг Дт 3310 Кт 1050-151 400 (2000*75,7) Бағамдық айырма (теріс) Дт 7430 Кт 3310-800тг.
Егер төлем күні доллар бағамы 75,15тг болса онда Дт 3310 Кт 1050-150 000 (2 000*75,15) Дт 3310 Кт 6250-00тг.
а) экспорттық операциялар кезінде келісімшарттық құнның сату күнімен ақша қаражаттарының келіп түсуі күндерінің арасындағы ұлттық валютаның баламасы.
Шетелдік сатып алушыға 5 000 АҚШдолларының өнімі жөнелтілді. Кедендік ресімдеудің есеп айырысу ақша құжаттарын жазу күнінде бағам 1 доллар үшін 75,3 тг болған. Тауардың құны 376500 тг құрап, жөнелтілген өнімнің өзіндік құны 305000 тг болды
Жөнелтілген өнімнің нақты өзіндік құнына Дт 7010 Кт 1320-305000
Жөнелтілген өнімнің келісімді құнына Дт 1210 Кт 6010-376500
Бағам 75,6 тг болған кезде төлем жасалды, яғни Дт 1050 Кт 1210-378000 (5 000*75,6)
Оң бағамдық айырма Дт 1210 Кт 6250-1 500
Егер төлем күні доллар бағамы 75,05 тг болса, Дт 1050 Кт 1210-375250 (5 000*75,05)
Теріс бағамдық айырма Дт 7430 Кт 1210-1250.
Валютаны сатқан және сатып алған (субьектінің мәлімдеуі бойынша) кезде Ұлттық банктің бағамы мен биржалық бағамның (немесе банк бағамы) арасында айырма пайда болады. Бұл айырма бағамдық қайшылық болып саналып, кезеңнің шығысы немесе кірісі ретінде танылады. Салық есебінде жиынтық жылдық табысты анықтаған кезде оң бағамдық шегерімге жатады, ал терісі жылдық жиынтық табысты арттырады.
5. Касса операцияларының есебі
Қолма қол ақшаларды қабылдау, сақтау және жұмсау үшін шаруашылық субьектісінде касса болады. Касса бұл қолма қол ақшалар мен өзге құндылықтарды қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға, арнайы жабдықталған, оқшауланған үй жай. Касса операцияларының есебі ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 1993 жылғы 23 шілдедегі №24 хаттамасымен бекітілген «ҚР х\ш касса операцияларын жүргізудің уақытша тәртібіне» сәйкес жүзеге асырылады.
Касса операцияларын орындау кассирге жүктеледі. Ол материалды жауапты адам болып табылады да (онымен толық материалдық жауапкершілік шарты жасалады), ережелерді мүлтіксіз орындауға міндетті болады.
Кассир ақша қаражаттарын банк мекемелерінен ақша чектері бойынша алады.
Кассалық ордерлер кассадағы ақшалай операциялар бойынша негізгі бастапқы құжаттар болып табылады. Қолма қол ақшаларды кассаға қабылдау бас бухгалтер немесе ол өкілеттік берген тұлға қол қойған КО №1 нысанындағы кіріс касса ордері бойынша жүргізіледі. Қолма қол ақшаларды кассадан беру КО №2 нысанындағы шығыс касса ордері бойынша немесе шығыс касса ордерінің (ШКО) мөртаңбасы қойылып, тиісті түрде рәсімделген құжаттар (төлем ведомосі , қолма қол ақшаны беруге өтініш , шоттар) бойынша жүргізіледі. ШКО не бас бухгалтермен басшының қолы қойылған болу керек. Егер ШКО қоса берілетін құжатта рұқсат ету туралы басшының қолы болса, онда оның ШКО де оның қойған қолының болуы міндетті емес.
Кіріс касса ордері (ККО) мен оның ШКО мен оны алмастыратын құжаттар сиямен немесе қаламсаптың сиясымен айқын және түсінікті жазылуы немесе машинкалармен басылуы тиіс. Бұл құжаттарды тазалауға, өшіруге немесе ескертіп болсын түзету жасауға болмайды. Кассалық ордерлер бойынша ақшаларды қабылдау және беру тек олар жасалған күні жүргізілуі мүмкін.
ККО мен ШКО кассаға берілгенге дейін бухгалтерияда кіріс және шығыс касса ордерлерін тіркеу журналында (КО №3 нысаны) тіркелінеді. Операциялар жасалғаннан кейін ордерлерге кассир қол қояды, ал оған қоса берілген құжатар мөртабан қоюмен немесе күні көрсетілген «төленді» жазуымен өтеледі.
Ақша қаражаттарының келіп түсуі мен жұмсалуы жөніндегі барлық операцияларды кассир КО №4 нысанындағы касса кітабына жазады. Ол тесіліп байланған, нөмірленген және мөрленген болуы тиіс. Ондағы парақтардың саны басшы мен бас бухгалтерлердің қолдарымен расталған болу керек. Жұмыс күнінің соңында кассир күн бойындағы операциялардың жиынын касса кітабына жазады, да кассада келесі күнге қалатын қағазы арқылы 2 данада жүргізіледі.
Екінші даналары жыртпалы болады және кассирдің есеп беруіне қызмет етеді. Егер кәсіпорында аздаған касса операциялары жасалатын болса, кассалық есеп беру үш бес күнде бір рет жасалуы мүмкін. Кассирден қабылданған есептеме деректерін бухгалтерия қызметкерлері тексереді. Кассада алушының ШКО қолхатымен немесе басқа құжатта расталмаған ақшалар берілгендігі анықталса, бұл сома жетіспеушілік болып саналып, кассирден өндіріліп алынады. Егер қолма қол ақшаның сомасы ККО мен расталмаса, онда олар кассаның артық ақшалары болып саналады және субьектінің кірісіне есептеледі. Кассадағы ақша қаражаттарының қолда бары мен қозғалысын есепке алу үшін активтік 1010, 1020 шоттары қолданылады. Бұл шоттардың дебеті бойынша ақшаның кассаға түсуі, кредиті бойынша берілуі көрсетіледі. Валюталық кассадағы есеп субьектінің кассадағы есебіне жүргізіледі, бірақ ККО де, ШКО де және касса кітабында қаражаттардың шетелдік валютадағы және теңгелік баламасындағы сомасы көрсетіледі. Валюталық касса үшін жеке кассалық кітап ашылады. Шетелдік валютадағы қолма қол ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпаратты теңгелік бағасы және номиналы бойынша жинақтауға «Кәсіпорынның валюталық қаражаттарына талдамалы есеп жүргізу карточкасы» арналған. Ол шетелдік валютадағы бастапқы талдамалы есеп пен теңгедегі жинақтамалы есептің арасындағы аралық буын болып табылады. Қажет болған жағдайда көлік пен байланыстың обьектілері 1010 шотта мынадай субшоттар аша алады: 1010\1 субьект кассасы 1010\2 операциялық касса.
Тауар кеңселерінің , пристаньдардың және пайдаланудағы учускелердің , аялдама, өзен өткелдерінің кассасындағы билет және багаж кассаларындағы , порттар мен вокзалдардың,байланыс бөлімшесінің кассаларындағыақша қаражаттарының қолда бары мен қозғалысы 1010\2 ескеріледі.
1010-1020 шоттар бойынша шаруашылық операциялары:
1. Кассаға сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден ақша қаражаттары түсті Дт 1010, 1020 Кт 1210
2. Вексель бойынша түсті Дт 1010,1020 Кт 1130
3. Алынған қарыздар бойынша келтірілген залал үшін жұмсалмаған есеп беру сомаларын қайтару Дт 1010 , 1020 Кт 1250
4.Еншілес кәсіпорындардан және өзге серіктестіктерден берешектің түсуі Дт 1010 1020
Кт 1220 1230
5. Банк шоттарынан қолма қол ақшаның түсуі (чек бойынша) Дт 1010,1020 Кт 1050, 1040
6. Қолма қол ақшалардың құрылтайшылардан түсуі ДТ 1010, 1020 КТ 5020
7. Займдар қолма қол ақшамен алынды Дт 1010,1020 Кт 3020
8. Жалдық ақы, байланыс қызметі түсімдері және осы кезеңде басқада төленгендер Дт 1010 ,1020 Кт 3520
9. Өнімдерді құжаттарды қызметтерді тауарларды қолма қол ақшаға сату Дт 1010, 1020 Кт 6010
10.НҚ, МЕА , БҚ қолма қол ақшаға сату Дт 1010, 1020 Кт 6210
11.Акциялар бойынша дивиденттер келіп түсті Дт 1010, 1020 Кт 6120
12.Оң бағамдық айырма Дт 1020 Кт 6250
13.Алынған айыппұлдар өсімақылар тұрақсыздық айыптары Дт 1010, 1020 Кт 6280
14.Есеп беретін сомалар кассадан берілді Дт 1250 Кт 1010, 1020
15.Сақтандыру полистері сатып алынды Дт 2920 Кт 1010, 1020
16.Болашақ кезеңдер үшін төленген жалдық төлемдер Дт 1620 Кт 1010, 1020
17.Аванстар берілді Дт 1610 Кт 1010, 1020
18.Қолма қол ақша банктегі шотқа өткізілді (қолма қол салуды мәлімдеу бойынша) Дт 1050 ,1040 Кт 1010, 1020
19.Займды қайтару Дт 3010, 3020 Кт 1010, 1020
20.Дивиденттерді төлеу Дт 3030 Кт 1010, 1020
21.Жалақы берілді Дт 3350 Кт 1010, 1020
22. Жеткізушілердің медігерлердің шоттары қолма қол ақшамен төленді Дт 3310 Кт 1010, 1020
23.Теріс бағамдық айырма Дт 7430 Кт1020
24.Кассаға түгендеу жүргғзген кезде анықталған ақша қаражаттарының жетіспеушілігі Дт 2180 Кт 1010, 1020
а) егер кінәлі адам анықталмаса немесе сот оны өтеп беруден бас тартса Дт 821 (845) Кт 334
ә) егер кінәлі адам анықталса Дт 1250 Кт 2180
