Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
psihologiyanK okKtu adistemesi lektsiya.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
345 Кб
Скачать
☆

2.Топ. Оқыту процесінде оқушылардың оку іс-әрекетін стимулдау әдісі.

Оларға: а)оқушылардың танымдылық қызығушылы-ғын қалыптастыру әдісі.

б)оқыту мазмүнына ықпалды байланысты әдістері;

в)танымдылық ойындар;

г)оқыту дискуссиясы;

д)өмір ситуацияларын талдау өдісі;

е)білім сапасын көтеру ситуацияларын жасау;

ж)білімнің қоғамдық қажеттілігін түсіндіру;

з)білімді игерудің қажеттілік әдісі;

и)оқытудағы талап қою әдісі;

к)оқытудағы мадактау мен жазалау әдісі.

З.Топ. Оқытудағы өзіндік бақылау және бақылау әдістері:

а)оқытуда бақылау әдістері;

б)жазба жүмыстарында бақылау әдістері;

в)лабораториялық бақылау әдістері;

г)машина мен бақылау өдіс;

д)өздік бақылау әдісі.

Г.И.Шукина оқытудың төмендегідей әдістерін көрсетеді: ақпараттық-дамыту (мүғалімінің ауысша баяндауы, әңгіме, кітаппен жүмыс); эрвистикалық (іздену) оқыту әдістері (эвристикалық әңгіме, диспут, лабораториялық жүмыс, зерттеу әдісі); білімді, білікжәне дағдыны жетілдіру мен бекітуді оқыту әдістері; жаттығу (үлгі жүмыс бойынша жаттығу, түсінік беретін жаттығулар, вариантты жаттығулар), практикалық жүмыс (жеке дара, топтық, үжымдық, шығармашылыктық).

И.Т.Огородниковтың пікірі бойынша: Әдістерді классификациялауда түрлі әдістерді қолдану барысында білім көзінің берілуі мен оның қабылдануындағы мүғалім мен оқушыньгң іс- әрекетінің бірлескен жүйедегі қарым-қатынастық жағдайын көре алатындай болсадеген. Оларға: сөздік оқыту әдісі (мұғалімнің білім беру мен ауызша мазмүндауы, әңгіме), кітаппен жүмыс әдісі (оқыту процесіндегі кітаптің орны мен ролі, жаңа білімді игеруде, білімді бекітуде, қайталап қортындылауда, сонымен катар кітаптағы негізгі тараулар мен бөліктерін кайталауда, негізгі тараулардан конспекті жасауда, өтілген негізгі материалдардың сүрақтарына жауап даярлау, ерекшеліктерін салыстыру, таблица, схема, рефераттармен баяндама өздігінен даярлау); эксперименталды сабақ және бақылау әдісі (оқушылардың табиғи қүбылысты бақылауы, лабораторияда, мектеп учаскілерінде, экускурсияларда, іс- тәжірибені демонстрациялау, мүғалімнің білімді ауызша баяндауы, лабороториялық сабақ, іс-тәжирбиелік жүмыс); жаттығу әдісі; графикалық және жазба жүмыстарын жүргізу әдісі, бағдарламалап оқыту (бағдарламалап оқыту негізгі, талпынысы оқытушылардың өзіндік талпыныста білімді игеруі және білім, білік, дағдыны оқушылардың игеруі, бағдарламалап оқытудың мәні мен ролін көрсету, білім мазмұнын бағдарламалау, оқушылардың өзіндік жүмысын бағдарламалау, ғылымның негізгі көзін ақпараттау, бағдарламалап оқытудың кері байланысы, бағдарламалап оқытудың басқа формалалар мен өдістік оқыту байланысы); оқушылардың білімін бағалау және тексеру әдісі (мақсат пен білімді бағалау және тексеру түрлері, білімді бағалау және тексеру принципі, білімді бағалау және тексеру әдістемесі, бағдарламалап оқытудағы білімді бағалау және тексеру; емтихан, оқушылардың білімін бағалау жүйесі). Мақсатты бағытта танымдылық іс-әрекетіне байланысты, негізгі білім көзінің байланысы, оқушылардың танымдылық деңгей белсенділігі, бірлескен оқыту формасы, нақты және жалпы-лама білім беру жолдары әр турлі оқыту әдістерінің классификациясында қолданады. Олар М.А. Данилов, М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, Н.А. Сорокин, Н.Ф.Талызына, В.Ф.ГІаламарчук т.б. ғалымдардың еңбегінде берілген.Бүнда Совет үкіметінің

құрылу кезеңдерінде және жалпы білім беретін мектептерде даму процесімен айналысқан және дидактикалық жүйені жетілдіру мен айналысқандықтары туралы мәліметтер берілген. Дегенмен қандайда болмасын оқыту әдісінің классификациясы өзінің жетістіктері меп қоса кемшілік жақтарынан да көрініс береді. Әдістерді белсенді және белсенді емес деп беліп қарауға болмайды. Оқыту әдісіне нейтралды қарауға болады. Бәрі де мұғалімнің танымдық оқу іс-әрекетінің оқыту әдістерін қолданыльш, іскеасыру даярлығына байланысты. Білікті мұғалімнің қолданылған оқыту әдісі "белсенді" болады, ал біліксіз мүғалімнің қолында "белсенсіз" болуы мүмкін.

Сонымен қатар, оқыту әдістері мектептегі танымдылық оқу іс-әрекеті практикасында түрлі когнитивтік функция атқарады, сондай-ақ білім материалын игеруде, оны бекітуде, білім, білік және дағдысын жетілдіруде, жеке тұлғаыы дамытуға бағыттау, жаңа қоғамның қалыптасуы барысындағы және болашақ әлеуметтік кәсиби іс-әрекет жағдайына оларды даярлау.

2.0қыту әдістерінің мәні мен мазмүны. Оқыту әдісінің мәндік ерекшелігі оның ішкі мазмүнында, копобраздық біліктіліктің негізінде көрініп, өзара байланысты және танымдық оқу іс-әрекетін іске асыру жолында жағдайда қарама-қайшылықта көрініс беруі мүмкін. Түрлі оқыту әдістерінің мазмүнын талдауда оқушыларға білім беру анықтамасын нақтылап алу керек.

Практикада мектептің танымдықоқу іс-әрекетін "білім беру" оқыту процесінің негізгі бөлігін қүрал, оқушылардың жекедара психолгиялық жағдайда пәндік-оқу ақпартын сапада игеруін қарастырады, оны есте сақтау, айту және шығармашылықта игеру, түрлі формада мұғалімнің танымдылық оқу іс-әрекетін ұйымдастыру мен бақылау іске асырады.

Оқушылардың жеке дара психологиялық каблеттіліктерінде барлык пәндерді жоғары сапада игеру күрделі мазмүнды және танымдық оқу іс-әрекетті формадағы жалпы және арнайы пәндерге сүйеніп сапалы игеру жағдайларын байқау. Оку-танымдық процестеріне зейініне, ойлауына, қиялдауына есіне, тіліне сонымен қатар оқу мотивінің ерекшелігіне, өзінің эмоционалды жағдайына, оқушылар арасында және мектептегі әлеуметтік-білім беру процесінің мазмүны мен үйымдастыру формасына көзқарасына байланысты. Оқу материалдарын сапалы игерту мүғалімнің жеке басы мен оқушымен карым-қатынасына, сонымен қатар эрудициясына, кәсіпке қызығушылығына, педогогикалық тактикасына, оқушылар мен жекедара қарым-қатынасына, өзін қоршаған қүбылыс және пәннің мазмүнын оқу танымдық іс-эрекетке қызығушылық пен жас ерекшеліктерінің игеру денгейіне байланысты.

Окушыларды қажеттілікте-оқу күшін жүмылдырып танымдық материалдарды түрлі мазмүнда сапалы игеруі және теориялық-танымдылық пен практикалық оқудың маңыздылығына, тереңдігіне, түрақтылығына байланысты қиындықтарды жеңу мақсатындағы оқыту әдістемесінің імазмүны спецификалық интеллектуалды күрал болып табылады. И.П. Подласыйдың интерпретациялық оқыту әдістемелік нақты қарастырамыз.

І.Баяндау. Мақсатқа байланысты бірнеше әңгіме түрлері: баяндап айту, әңгімелеп баяндау, әңгімелеп-бекіту. Бірінші жаңа материалды игеру оқушыны дайындау, екінші берілген мазмүнды баяндау, үшінші оқытуды аяқтау бөлімі.

Берілген әдістің сапасы мүғалімнің әңгімелеп беру білігіне, педагогпен қанша сөз айтып және мазмүндап баяндалғанын, оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты, оның жеткілікті денгейде үғым болуы.

Демек оқушыларға білім беруде олардың қабілетін ескеру керек. Әңгіме әдісі өз ойын жеткізуде логиканы сақтау жаңылмай сөйлеуге, сауатты сөйлеуге уйретеді.

Баяндау кысқа (10 мин), эмоционалды түрғыда болуы керек. Баяндаудың тиімділігі басқада оқыту әдісі мен -иллюстраииямен (бастауыш сыныпта), сонымен қатар мүғалімнің тандап алған фактілері, жағдайлар, адамдар туралы уакыт пен кеңістікке байланысты болуы керек.

2. Әңгіме. Әңгіме мәні бағытты мақсатта және біліктілікте қойылған сүрақтар арқылы оқушылардың алған білімдерін естеріне түсіріп жаңа білімді игертілуін, өздігінен ойластырып және қорытындылау жолдарын жандандырады. Әңгіме кезінде оқушының ойы мүғалімнін ойын қайталау болып отырады, нәтижесінде оқушы адымдап жаңа білімді игереді. Әңгіме ойлауды белсендіреді, білімді, білікті игертудің диагностикалық құралы болып, оқушылардың танымдық қабілетін дамытуға бағыттайды, таным процесін оперативті басқаруға жағдай туғызады. Әңгіме сонымен қатар тәрбие міндеттерін де шешеді. Әңгіме баяндамамен, лекциямен, білімді жүйелі калыптастыратын басқа да әдістер мен қатар қолдану керек. Әңгіме оқушыларға керекті білімі мен дағдысын, жаттығуларды өткізуге, оларды қалыптастыруға мумкіндік бере алмайтындығын ескеру керек.

Әңгімені классификациялау тәсілдерін анықтауға болады. Кіріспе әңгіме немесе үйымдастыру; жаңа .білім беру (сократтық, эвристикалықт.б.); синтездеуші немесе бекіту; коррекциялық-бақылау.

Кіріспе әңгіме оқыту жұмысының басында өтіледі, мақсаты-окушылардың берілетін жұмыстың мәні мен оның өтілуін дүрыс түсіндіргенін анықтау.

Кіріспе әңгіме саяхат, лабораториялық және практикалық сабақ алдында өтіледі. Жаңа матреиалды оқушыға игерту кіріспе әңгіменің мәні ерекше.

Жаңа білім игертуді хабарлау ә"гіме катехизикалық (сүрақты-жауап, қарсы шықпау, жауаптарды есте сақтау), Сократтық (ыңғайлы, оқушының ыңғайына қарай, қысқа түжырымды пікір білдіру), эвристикалық (оқушыға талап жүктеп, мүғалімнің берген сүрағына нақты жауап алу). Бүгінгі мектепте эврестикалық әңгіме қолданылады. Жаңалық ашуда, оқушылардың ойлау қабілетін жандандыратын, ол мүғалімнің білікті сүрақ қоя білуі. Сонымен эвристикалық әңгімеде оқушылар өздігінше ойлап, өз танымы бойынша білімді игереді.

Синтездейтін әңгіме окушылардың білімін жүйелеп және қортындылауда қолданады.

Коррекциялық бақылау-әңгіме диагностикалық мақсатта және оқушыньщ білімін жетілдіріп, нақтылап, дамытуда пайдаланады.

Әңгіме барысында, барлық окушылар бслсендікпен қатысып, сүрақты зер салып тыңдау, сүраққа дүрыс жауап іздеу, өзінің достарының жауаптарын талдау, өзінің көз қарасын айта білуін қадағалау. Дүрыс жауаптарды-мадақтау, қатені түзеу, толық емес жауаптарды толықтыру, оқытушылардың жіберген қатесін өздері табу. Оқушылардың бір-біріне сүрақ қоюы.

З.Лекция. Ауызша әдістен айырмашылығы; оқу материалының логикалық мазмүндалуы; ақпарат ағымының көптігімен, берілетін білімнің жүйелік ерекшелігі мен айқындалады.

Мектепте өтілетін лекция: күрделі жүйені, қүбылысты, объектіні, қүбылыстардың өзара байланысын себеп-салдарды айқындау арқылы жүргізіледі. Лекция жоғарғы сыныптарда өтіледі, ейткені олардың лекциядағы теориялық материалдарды қабылдау және ойлау қабілеттері жеткілікті денгейде қалыптасқан, лекция бір нмесе біріктірілген сабақтарда жүргізіледі. Лекциялық әдіс түсіндіру мен әңгімеден басталып күрделене түседі.

Әдебиеттер тізімі

1. Бадмаев Б.Ц. Психология : как ее изучить и усвоить.- М., 1997.- 256 с.

2. Ильясов И.И. Обучение студентов деятельности учения.- М., 1989.- 211 с.

3. Ляудис В.Я. Методика преподавания психологии.-М., 1989.- 77 с.

4. Панибратцева З.М. Методика преподавания психологии. - М.,1971.- 152 с.

Лекция 7,8. Интерактивті оқыту әдістері

  1. Дискуссиялық оқыту.

  2. Программалық оқыту әдісі.

  3. ТРИЗ

Дискуссиялық оқыту. Бүл әдіс батыс елдерінің оқу орындарында кейбір міндеттерді шешуде басқа әдістерге қарағанда жақсы нөтижесін көрсеткен.

Әдістің мәні нақты мәселені шешуде көзқарастар мен пікір алмасуда тиімді. Дискуссия көмегімен оқушылар жаңа білімді игеріп, өздерінің пікірін бекітіп, көз қарасын дәлелдеп шығуға көмектеседі. Оқыту дискуссиясының негізгі атқаратын қызметі танымдық қызығушылықты арттырады; қосымша қызметі оқыту, дамыту, тәрбиелеу және коррекциялы-бақылау. Оқушылардың алдын ала немесе нақгы мазмүнда және формаларды дайындығынан бүрын, лекцияның сапалығы басты роль атқарады. Басталатын дискуссияның тақырыбына байланысты білім жинау мазмүнды дайындықты қажет етеді. Білімді баявдау жолдарын анықтауға бағытталады.

Білімсіз өтілген дискуссия мәнсіз, мазмүнсыз жөне нақты болмай, қарама-қайшылықты және шашыраңқы, алдымен оппоненттерді сендіру.

Демек мүғалім оқушылардың ойын дүрыс түжырымдап, сүрақтар келтіріп, дәлелдер жасай білу білігін дамытуды қамтамасыз етуі.

Дискуссия тек ғана гуманитарлык пәндерді тарихты, коғамтануды этика, эстетиканы, өнерді, психологияны, педогогиканы игеруде ғана емес, сонымен қатар берілген әдіс физика, химия, биология тағы басқада пәндерді игеруде де нәтижесін көрсетеді. Дискуссия оқушыға танымал материалдардың мзмүнын толыктырып, оны тиянақтап және бекітуге көмектеседі. Мүғалім білімнің жүйесі терең ақпарат алуда, окушылардың ойлау қабілетіне әсер етіп, әрі қарай дамытуға бағыт береді.

Дискуссия элементтері мектепте екінші бағытта практикаланып, әдіс толық мағнада жоғары мектептерде пайдаланып келеді. Окушылар дискуссия арқылы өнермен танысады.

Кітаппен жұмыс. Мектепте кітаппен жұмыс істеу негізгі әдістердің біріне айналады. Бұл әдістің мәнділігі окушының оқу ақпаратын өз ыңғайына, жағдайына қарай қайталап қарап, танымын өз шешімімен шектеледі.

Оқулық кітаптар оқу іс-әрекетін атқарады: білім алу, даму; тәрбие, ойлау, коррекциялық - бақылау.

Кітаппен өздік жұмыста, оқып шығу жеке тараулармен танысу, жеке сұрақтарға жауап іздеу, кітапты немесе текстарды рефераттау, мысалдар мен есептерді шешу, бақылау тестерін орындап, материалдарды есте қалдыру мақсатында жаттау жұмыстарын орындау.

Әдістің сапасы: еркін, жылдам оқып, ойдан өткізіп, түсіну; карастырылатын сүрақгарға әдебиеттер тандай білу.

Берілген біліктердің бәрі оқушының мектепке келген күнінен бастап білім алу мақсаттын біртіндеп қалыптастырылады.

Бағдарламадағы оку кітаптары сапасымен ерекшеленеді. Оқушылар жүмыс жүргізу барысында берілген тапсырманы орындауға керекті ықпалды іс-әрекет қарастырьш, дүрыс орындалғандығы туралы мағлүмат алады.

Жаңа оқу кітаптары қортынды таблицияларда, диаграмада графиктерде көрнекті модельдерде, классификасияларда, коммуникативті түрді жинақталған материалдарда берілген.

Демек мүғалімдерге берілген ақпараттарды талдауға көңіл бөліп, окушылардың білім білігін калыптастыру керек.

Кітаппен оқу жүмысын жасауда оқушылардың өзіндік бақылау білігін қалыптастыру керек. Оқушы кітаптағы текісті қанша рет оқып шыққанын санамау керек, ол оқығанын мазмүндап толык түсіндіріп бере білу білілігін меңгеруі дүрыс. Сондықтан уақытты белсенді түрде зейінді қалыптастыруды талап етеді.

Демонстрация. Оқушылардың сезіміне көрнекілікті қүбылыстарды, процесстерді, объектілерді олардың сапасына әсер етеді. Берілген өдіспен игерілетін қүбылыстың динамикасын ашып көрсетуде, заттарды сыртқы пішінімен таныстырғанда кеңінен қолданылады және бір түрлі заттардың ішкі қүрылысы немесе орналасқан әсерін қарастырады.

Берілген әдіс окушылардың заттарды, күбылыстар мен процестерді, керекті елшемдер жасап, езара байланысын, танымдық белсенді іске асырып заттардың қүбылысы мен мәнін сапа анықтайды.

Нақты жағдайда заттарды, құбылыстарды түсіндіруде деманстрациалау дидактикалық түрғыдан қүнды болып табылады. Егерде бүндай демонстрация өткізуге мүмкіндік болмаса, онда натуралды заттарды көлемді моделдеу танып білуде негізгі роль атқарады. Олар заттардың құрылысын көру аркылы қол қүрылысы, двигательдің ішкі күйі, геометриялық фигуралардың өлшемдері, жергілікті жердің рельефі т.б. игеруге көмектеседі. Көптеген жаңа модельдер заттардың технолгиялық және техникалық ерекшелігін анықтап түсінуді қамтамасыз етеді.

Демонстрация әдіс сапасын көтеру үшін, объектіні дүрыс таңдап алып, демонстрацияланатын заттың, қүбылыстың мәнді жақтарына оқушылардың көңілін аударуға, сонымен қатар түрлі әдістерді педагогтың біліктілігіне қарай пайдалана білуінде.

7.Иллюстрация. Демонстрация өдісі иллюстрация әдісімен тығыз байланысты; заттарды көрсетіп және қабылдау, плакаттардың көмегімен символдар түрінде, олардың процестегі және қүбылыстарын, карта, портреттер, фотографиялар, суретттер, схемалар, репродукциялар, жалпы модельдер және т.б. екеуі де кеңінен қолданады. Көрнекілік іс-тәжірибеде кеңейіп, небір жаңа күралдарды өмірге келтіріп жатыр. Түрлі бояулы пластикалық қапталған тарихтан карталар, альбомдар, атластар т. б.

Жалпы модельдер арқылы қүбылыстар мен процестердің динамикалық және статистикалық ақ түсті және түрлі түсті мәнін ашып көрсетеді. Олар анықтамаларды түсіндіру процесін жеңілдетеді.

Географиялық карта, диаграмма, графиктер, таблициялар білімді тез сапалы игеруге көмектеседі.

Иллюстрация әдісін қолдана отырып, оның көрсетілу әдісінеде көп мән берукерек. Көрнекті құралдың дидактикалық ерекшелігін, оның танымдық процестегі ролі мен орнын ойластырьш алу керек. Мұғалімнің алдына қойылған мәселеі иллюстрациялық материалдық оптималды көлемін анықтап алу. Иллюстрация алдын-ала дайындалады. Берілетін (фотография, диаграммалар, таблицалар) мақсатты қолданады.

Қазіргі мектептерде иллюстрацияны пайдалану үшін экранды т^хникалық құралдар кеңінен қолданылады. .

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]