Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каржы теориясы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
126 Кб
Скачать
☆

23.Рыноктық жүйедегі қаржылық жоспарлау

Қаржылық жоспарлау – бұл қаржылық механизмнің қосалқы жүйесі ретінде, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Ол экономиканың үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық-заттай элементтеріне ақшамен қауыштырылған бөлудің қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасауына ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігіне байланысты ақшалай нысанда жүзеге асырылады.Қаржылық жоспарлаудың мазмұны экономикалық субъектілердің ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу және қайта бөлуді экономикалық үдерістермен оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржылық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану.Қаржылық жоспарлаудың тікелей объекті табыстар мен қорланымдарды жасау және бөлу, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржылық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану болып келеді. Қаржылық жоспарлаудың мақсатыжұмылдырылатын және пайдаланатын қаржылық ресурстардың ұдайы өндірістің материалдық-заттай элементтеріне оңтайлы сәйкестігі негізінде шаруашылық субьектілері дамуының, жүйелердің үйлесімдігі мен теңгерімділігіне қол жеткізу бллып табылады.Қаржылық жоспарлаудың міндеттері қаржылық саясатпен айқындалады. Бұл:1)қаржылық ресурстарды қалыптастыру көздерін және олардың мөлшерін анықтау;2)орталықтандырылған және орталықтандырылмаған құрылымдар, ұлттық шаруашылықтың салалары және әкімшілік-аумақтық бөлімшелер арасында қаражаттарды бөлудің оңтайлы үйлесімдерін белгілеу;3) ресурстарды пайдаланудың нақтылы бағыттарын анықтау және қажетті резервтер жасау.Қаржылық жоспарлау экономиканы және оның буындарын басқарудың аса маңызды функциясы болып табылады. Қаржылық жоспарлауды мемлекеттік билік пен басқарудың органдары, мекемелері және олардың жоғарғы құрылымдары жүзеге асырады.Шаруашылық жүргізудің рыноктық жағдайларында шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпкі нәтижелеріне ықпал етуші көптеген факторлардың екі ұштылығына байланысты қаржылық жоспарлау көбінесе болжау ретінде жүргізіледі.Болжам – арнайы ғылыми зерттелім негізінде болашақта қандайда бір жай-күй туралы ықтималдық жорамалдау. Болжау – қандайда бір құбылыс объекті, үдеріс дамуының нақтылы перспективалары туралы болжам әзірлеу. Қаржыларға қатысты болжаудағы құбылыс дамуы – бұл қаржылық қатынастарды мүмкіндігінше жетілдіру, объект – қаржылық ресурстар, үдеріс – ақшалай қаражат қорларының қозғалысы.Жоспар – іс-әрекеттерді немесе іс-шараларды жүзеге асырудың тәртібін, мезгілдерін және дәйектілігін анықтайтын тапсырмалардың бірыңғай мақсатына жетуге бағытталған өзара байланысты жүйе. Жоспарлау – тегінде жоспарды әзірлеуде, оның орындалуын ұйымдастыруды және атқарылуын бақылауды қамтитын үдеріс. Қаржылық жоспарлаудың әдістемелігі аса маңызды мына қағидаттарға негізделеді: орталықтандырылған және орталықтандырылмаған тәсілдемелердің үйлесуі, бірлік, үздіксіздік.

ТТТТТТ

28.Түсім -ақша және оны бөлу Өндірістік капиталды пайдаланудың сипаты – тиімдіден тиімсізге дейін – арнаулы қаржылық көрсет­кіштерден көрінеді және кәсіпорынның қаржылық менеджментінің нәтижелігін дәлелдейді. Бұл нәтижелік өнімді (жұмысты, қызметті) өткізуден түскен түсім-ақша мөлшерінде, кәсіпорынның шығынындарында, пайдада айқындалады. Қазақстанда Қаржылық есептеменің халықаралық стандарттарына сәйкес (бұрын бұл көрсеткіш алынған табыс «өнім өткізуден және қызметтер көрсетуден алынған табыс»деп аталатын)«түсім-ақша» көрсеткішінде, ҚҚС-ты, акциздерді, басқа салықтар мен міндеттемелерді, қайтарылған тауарлардың құнын және сату мен бағадан шегерімдерді алып тастағаннан кейінгі шаруашылықтық қызметтен алынған табыс бейнелеп көрсетіледі.Түсім-ақша мен оның өзіндік құны арасындағы айырма жалпы пайданы құрайды. Алайда бұл сызба бойынша өзіндік құн бүкіл шығыстарды бейнелеп көрсетпейді – олардың бір бөлігі өнімді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстармен, әкімшілік шығыстармен (жалпышаруашылықтың және әкімшілік арналым шығыстарының сомасы); басқадайшығыстармен көрсетіледі; жалпы пайдаға басқадай табыстар мен шығыстардың құрамына сонымен қатар қаржыландыру, шығыстарыүлестік қатысу әдісі бойынша есепке алынатын қауымдастырылған ұйымдар мен бірлескен қызметтің пайдасындағы (зиянындағы) үлесі және операциялық емес шығыстар кіріктіріледі.Жалпы пайда мен аталған шығыстар арасындағы айырым «жалғастырылатын қызметтен алынған табыс (немесе зиян)» деп аталады.Тоқтатылған қызметтенii алынған пайда (немесе зиян) – салықтардан кейін тоқтатылған қызметтен алынған пайда немесе зиян.Жалғастырылған қызметтен алынған пайда немесе және тоқтатылған қызметтен алынған пайда (зиян) сомасы салық салынғанға дейінгі пайда (зиян) болып табылады. Одан табыс (корпоративтік) салығын (немесе бұл салық бойынша үнемді қосу) шегергеннен кейін азшылық үлесін шегергенге дейінгі кезеңнің пайдасы болып шығады. Азшылық үлесіне түзетілген ол кезеңнің жиындық пайдасы (зияны) болып табылады. Пайданы бөлу оның бір бөлігін мемлекеттік бюджетке немесе мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға заңнамалық түрде белгіленген үлесте, қолданыстағы салықтар мен басқа міндетті төлемдерге қарай бірінші кезекте аударуға саяды.Табысты бөлу салық салудың заңнамамен белгіленген сызбаларына байланысты болады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық-шаруашылықтық қызметінің нәтижелері жеке көрсеткіштер бойынша тиісті есепте – пайдалар мен зияндар туралы есепте бейнелеп көрсетіледі. Бұдан басқа, ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есеп жасалады, онда бұл қозғалыс үш бағыт бойынша көрсетіледі:-операциялық қызметтен (шаруашылық жүргізуші субъектінің негізгі қызметін сипаттайтын);-инвестициялық қызметтен (ұзақ мерзімді активтердің құрамы менмөлшеріндегі өзгерістерді тудыратын);-қаржылық қызметтен (меншікті капитал мен қарыздық қаражаттардың құрамы мен мөлшеріндегі өзгерістерді тудыратын).Бағыттардың әрқайсысы бойынша ақшалай түсімдердің нақтылы түрлері, тиісті қызметтің нәтижелерінде олардың шығып қалуы мен көбеюуі немесе азаюы көрсетіледі. Қаражаттардың құрамы, олардың көздері және белгілі бір күнге орналастырылуы туралы мәліметтер бухгалтерлік баланста келтіріледі.-Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық есептемесі сондай-ақ бухгалтерлік балансты,меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есепті, есепке алу саясаты туралы ақпаратты және түсініктемелік жазбашаны кіріктіреді.

ҰҰҰҰҰҰ