- •18.Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
- •24.Бағалы қағаздар рыногындағы қаржылық аспектілер
- •22.Жалпы және мемлекеттік борыш
- •3.Қаржыны басқару ерекшеліктері: ұғымы, қағидаттары, элементтері
- •7.Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі және оның сипаттамасы
- •8.Қазіргі жағдайлардағы Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін жетілдіру
- •9.Қоғамдық тауарлар мен қызметтер өндірісіндегі қаржының рөлі
- •11.Қаржы экономикалық категория ретінде
- •12.Қаржылық бақылауыдың объективтік қажеттігі, қазіргі жағдайлардағы оның қағидаттары, міндеттері және рөлі
- •13.Қаржылық ресурстар: ұдайы өндірістің көздері және өсу факторлары
- •17.Қаржылық механизімнің құрамы мен құрылымы
- •21.Қаржы саясаты Қаржылық саясат –
- •25.Қазіргі кездегі қаржы рыногына сипаттама
- •30.Қазақстан дамуының стратегиялық бағдарламаларын қаржылық қамтамасыз ету
- •Кккккккк
- •15.Кірістер мен шығыстар жүйесіндегі макроэкономикалық тепе-теңдіктің сызбасы
- •4.Мемлекеттік кредит оның нысандары және әдістері
- •14.Мемлекеттік қаржы: ұғымы, құрамы, функциялары
- •20.Мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржы
- •29.Мемлекеттік борыш.
- •23.Рыноктық жүйедегі қаржылық жоспарлау
- •2.Ұдайы өндіріс үдерісіндегі үй шаруашылықтары қаржысының рөлі
- •5.Ұдайы өндірістік үдеріс және оның стадияларының сипаттамасы
- •1.Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының табиғаты, негізгі белгілері және функциялары
- •6.Шығыстардың, салықтардың, балансталған бюджеттің мультипликаторы
- •26.Шаруашылық жүргізуші субьектілер қаржысының ерекшеліктері
- •27.Шаруашылық жүргізуші субьектілердің капиталы (өндірістік қорлар)
- •16.Экономика және қаржыны макро деңгейде реттеуде батыстың экономикалық теориялары
- •19.Фискалдық саясат және оның ерекшеліктері
26.Шаруашылық жүргізуші субьектілер қаржысының ерекшеліктері
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы – бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айрықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды. «Шаруашылық жүргізуші субъектілер» жинақтық ұғымы соңғы кезде шаруашылықтық қызметке заңи тұлғаларды ғана емес, сонымен бірге шағын бизнесті, отбасылық кәсіпкерлікті дамытумен айналысатын жеке тұлғаларды да (заңи тұлға құрмай) тартумен байланысты қолданылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің едәуір бөлігі – қоғам тіршілігін қамтамасыз ету көзі – материалдық қоғамдық өнім жасалатын материалдық өндіріс сферасында айналысатындықтан бұл буынның қаржысы қаржылардың негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы қаржы жүйесінің аса маңызды буыны ретінде қоғам экономикасының іргетасын қалыптастырады, өйткені мұнда материалдық және материалдық емес игіліктер жасалады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының сферасы шеңберінде материалдық, еңбек және қаржылық ресурстардың көпшілік бөлігі шоғырландырылады, бұл қоғамда ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісін қамтамасыз етеді. Өзінің материалдық тұлғалануыңда – бұл әрбір нақтылы шаруашылық жүргізуші субъектілерде жасалатын және өндірісті дамыту мен оның жұмыскерлерінің әлеуметтік мұқтаждарына пайдаланылатын әр түрлі арналымның оқшауланған ақшалай қорлары. Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржысы өндірістің барлық стадияларымен және өндірілген өнімді өткізумен етене байланысты, бұл олардың өндіріс тиімділігін қамтамасыз ете отырып, осы үдерістерге шынайы әсер етуіне жағдайлар жасайды. Экономиканың дағдарысты жағдайлары мұндай мүмкіндіктерді қатаң шектейді немесе оларды пайдалануды қиындатады.Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы өзіне қоғамдық пайдалы қызметтің сан алуан сфераларында өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу (делдалдық), сауда, дайындау, геологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, байланыс, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржылық-кредиттік, сақтық, ғылыми, білім, медициналық, ақпараттық, маркетингтік және басқа қызметтерді жүзеге асыратын кәсіпорындардың, фирмалардың, қоғамдардың, концерндердің, ассоциациялардың, салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдарының, шаруашылықаралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын кіріктіреді. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мәні және көрінісінің сыртқы нысандары болады. Мәні деп қаржыны ерекше құндық категория – қаржылық категория ретінде анықтайтын қаржының ішкі мазмұны ұғынылады. Шаруашылык жүргізуші субъектілердің қаржысына, бір жағынан, жалпы каржылардың экономикалық табиғатын сипаттайтын белгілер, басқа жағынан, қоғамдық өндірістің түрлі сферасындағы қаржылардың қызмет етуіне байланысты ерекшеліктер тән.Сонымен бірге бұл қаржыға тән мынадай негізгі белгілерді атауға болады:1)қаржылық қатынастардың көп қырлылығы, олардың нысандары мен мақсатты арналымының сан алуандығы;2) өндірістік құралдардың (капиталдардың) міндетті болуы және оларды қалыптастырумен, көбейтумен және қайта бөлумен байланысты катынастардың пайда болуы. Өндірістік капиталдар – бұл өндірістіңсерпінді элементі, олар өндірістің өзі сияқты үздіксіз қозғалыста болады; сонымен қатар құндық нысандардың тұрақты ауысымы болып отырады.Шаруашылық жүргізуші субъекті қызметінің кез келген мезетінде өндірістік құралдар материалдық-заттай және ақшалай нысанда болуы мүмкін;3)жоғары белсенділік, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің барлық жағына әсер ету мүмкіндігі;4)шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы бүкіл қаржы жүйесінің бастапқы негізі болып табылады.Сөйтіп, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы деп өнім (жұмыс, қызметтер) өндіріп, өткізу кезінде қаржылық ресурстарды жасаумен, бөлумен және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастарды айтады.
