Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сактандыру.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
643 Кб
Скачать
☆

6. Сақтандыру компанияларындағы маркетингтік службаларды ұйымдастыру

Маркетинг – сұранымды жан-жақты зерделеп, болжау, жарнаманы пайдалану, өндірісті ынталандыру, сақтау мен тасымалдаудың осы заманғы тәсілдерін, тауарлардың тұтынушыға жетуіне жәрдемдесетін техникалық және басқа түрлерін қолдану негізінде кәсіпорынның жаңа өнімді әзірлеу, өндіру мен өткізу жөніндегі ұйымдық-техникалық, қаржы, коммерциялық және басқа қызмет түрлері жатады» деген анықтама берілген.Ф.Котлер маркетингті айырбас арқылы адам қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған әрекет түрі ретінде атап өтеді.

Тауар – бұл соның көмегімен белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыруға немесе белгілі бір проблеманы шешуге болатын бұйым, яғни «буылып-түйілген» қызмет. Айырбас идеясы нарық ұғымына жетелейді. Нарық – бұл ықтималды айырбас аумағы. Сауда үшін ықтималды мүмкіндік болған кезде нарық та бар.Маркетингтік басқару – бұл сұранысты басқару, мақсатты нарықта тауарды сатудың қалаулы көлеміне жетуге бағытталған саналы үрдіс (процесс). Дегенмен фирманың, сатып алушының, тұтастай қоғамның мүдделері әрқашан сәйкес келе бермейді. Мәмілеге келу үшін әлеуметтік-әдептік маркетинг концепциясы фирманың мақсаты мен жеке тұтынушының да, сондай-ақ тұтастай қоғамның да мүдделерін үйлестіруді көздейді, оған қоса бұл осы сәттегі ғана емес, ұзақ мерзімді болуы тиіс. Сондықтан өнім өндіруші өз өнімін экологиялық таза технологиямен, тек пайдалы ғана емес, адамдар мен қоршаған ортаға зиянсыз етіп шығаруға мәжбүр. Осылайша маркетингтік шешімді қабылдағанда үш негізгі факторды ескеру қажет: тұтынушының мүддесі, фирманың мүддесі және қоғамның мүддесі.

Маркетинг стратегиясының негізінде нарықтық іс-әрекеттің бес түрі жатыр: нарықтың сегменттелуі, мақсатты нарықты таңдау, нарыққа шығу әдістерін таңдау, маркетингтің тәсілдері мен бұйымдарын таңдау, нарыққа шығу уақытын таңдау.Тұтыну нарығындағы сұранысты зерттеу үшін мынадай ақпараттарды жинау керек:

1) нарықта не сатып алынады,

2) неліктен сатып алынады,

3) кім сатып алады,

4) сатып алу қалай жүзеге асады,

5) сатып алу қай кезде жүзеге асады,

6) сатып алу қай жерде жүзеге асады,

7) нарықта мұндайға ұқсас қандай тауарлар сатылады және қандай бағаға,

8) тұтынушы мұндайға ұқсас тауарлардың сипаттамасында қаншалықты жақсы бағдарланған.

11.Сақтандыру ұйымдарының инвестициялық қызметі.

Сақтандыру резервтерін және меншік капиталын инвестициялау – сақтандыру компанияларының қаржы-шаруашылық қызметінің маңызды бағыты, жинақтаушы сақтандырудан жиналған сақтандыру сыйақысының бөлігін инвестициялау – сақтандыру шарттарын орындаудың қажетті элементі және сақтандырудың тәуекел түрлері бойынша сақтандыру сыйақысының бөлігін инвестициялау, әсіресе мүліктік тәуекелдерді сақтандыру табыстың қосымша және ауқымды көзі болып табылады.

Сақтандыру операцияларынан кейінгі табыстың екінші басым көзі болып табылатын сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметі әлі күнге дейін дамып-жетілмей келеді. Соған қарамастан, Қазақстандағы сақтандыру қызметі саласындағы күшейіп келе жатқан бәсекелестік және соның салдарынан сақтандыру тарифтерінің төмендеуі, әлуетті сақтанушылардың тәуекелден сақтанудың баламалы тәсілін таңдауы, сақтандырушының инвестициялық белесенділігінің даму мәселесі ең өзекті мәселелер қатарына жатқызады.

Сақтандырудың инвестициялық қызметінің толыққанды дамымауын бірнеше негізгі себептермен түсіндіруге болады.

Біріншіден, Қазақстанда қор рыногы әлі де дамымай отыр, ал сенімді қор құралдарының саны шектеулі. Кепілдемелік табыстылық пен өтімділікті тек ғана мемлекеттің борышқорлық міндеттемесі, табиғи монополиялар мен қаржылық институттардың бағалы қағаздары ғана қамтамасыз етеді.

Екіншіден, еліміздегі тұрақсыз инвестициялық жағдай туғызып отырған инвестициялық үдерістерді мемлекеттік реттеудің жеткіліксіздігі көзге айқын көрініп отыр.

Үшіншіден, шетелдік сақтандыру компанияларымен салыстырсақ, қазақстандық сақтандыру ұйымдарында әлі күнге дейін инвестициялық қызмет саласында қажетті қомақты қаражат көлемі жоқ. Өмірді ұзақ мерзімге сақтандыру және зейнетақыны сақтандырудың аз көлемі инвестициялық қызметтің жоғарылауына септігін тигізбей отыр.

Төртіншіден, осы салада білікті мамандар мен сақтандырудың инвестициялық қызметінің тиімділігін арттыру мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жоқтың қасы. Мысалы, сақтандыру бизнесінің инвестициялық моделінің, инвестициялардың тиімділігін бағалау әдісінің болмауы, сондай-ақ сақтандыру компанияларының инвестициялық саясатын ашу механизміне қатысты ғылыми әдебиеттерде зерттеулердің аздығын және т.б. айтуға болады.

Сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметінің дамуына кері әсер ететін факторлар қатарына инвестициялаудың әлуетті объектілері жөнінде ашық ақпараттың жетіспеушілігін жатқызуға болады, мұның өзі салымдардың тиімділігінің болжамдарынының дұрыс болмауына әкеп соғады. Сонымен қатар, бұл факторларға қор рыногы субъектілерінің қызметінде мемлекеттік бақылаудың жетіспеушілігін, сақтандырудың қажетті де әлеуметтік маңызды түрлерінің аздығын да жатқызуға болады.

Қазіргі сақтандырудың инвестициялық рыногында қалыптасқан жағдай сақтандырудың жаңа міндетті түрлерін енгізудің тиімділігіне және өмірді ұзақ мерзімді сақтандыру үдерісінің дамуына да кері әсерін тигізуі мүмкін. Халықты әлеуметтік қорғау тиімділігіне қол жеткізіледі, бірақ бұл жаңа сақтандыру қызметінің түрлерін енгізуден келетін экономикалық тиімділігін күткен нәтижеден әлде қайда төмен болуы мүмкін. Басты себеп – ішкі және сыртқы факторлардың жағымсыз әсерлерін төмендету механизмінің жоқтығымен сипатталатын сақтандыру компанияларының тиімсіз инвестициялық саясаты.

Сақтандырушылардың инвестициялық қызметін жеделдету мүмкіндігінің төмендігі сақтандыру маркетингінде сұранымның дамуы және өмірді ұзақ мерзімге сақтандыруды қанағаттандырудағы негізгі кедергі болып табылады. Көпшілікке мәлім, өмірді ұзақ мерзімге сақтандыру үдерісіндегі келісімшарт жасау кезінде сақтандыру компаниясы төленетін сақтандыру сыйақысына анықталған пайыздық есептеуді өз міндетіне алады. Инвестиция рыногындағы тұрақсыз жағдай өз міндеттемелерін орындамауға, қаржылық тұрақтылықтың төмендеуіне, тіпті сақтандыру компанияларының өтімділігінің жоғалуына әкеп соғады