- •11.Андеррайтингтің функциясы: аналитикалық, практикалық, әдістемелік, бақылау
- •3.Актуралық есеп және сақтандыру тарифтерінің әдістемесі
- •5.Жаңа сақтандыру өнімдерін нарыққа шығару және әзірлеу кезеңдері
- •14.Жеке сақтандыру бойынша төлемдердің негізгі жағдайлары және оны ұйымдастыру
- •Қазіргі жағдайдағы сақтандырудың мазмұны және әлеуметтік-экономикалық мәні
- •2. Қазақстандық сақтандыру нарығындағы сақтандыру түрлеріне сипаттама, шоғырландыру дәрежесі және сақтандыру қызмет көрсетулерінің даму деңгейі
- •15. Қайта сақтандырудың экономикалық мазмұны және құқықтық негіздері
- •10.Қайта сақтандыру сақтық операцияларының қаржылық орнықтылығын нығайту әдісі ретінде.
- •13.Мүлікті сақтандыру бойынша төлемдердің негізгі жағдайлары және оны ұйымдастыру
- •2. Өмірді сақтандырудағы сақтандыру тарифтерін есептеу ерекшеліктері.
- •4. Сақтандыру қызметінің нормативтік-құқықтық базасы
- •7.Сақтандырудағы тәуекел-менеджменті қолданудың концептуалды көзқарастыры
- •8.Сақтандырудағы тәуекел-менеджменттің негізгі элементтері
- •6.Сақтандыру менеджментінің мәні және қажеттілігі
- •9.Сақтандыру менеджментінің функциялары: жоспарлау, ұйымдастыру, уәждеме, бақылау
- •10.Сақтандыру ұйымдарындағы тәуекелдің сыныптамасы
- •15.Сақтандыру нарығындағы делдалдық қызмет
- •1.Сақтандыру жарнамасы – оның мақсаты , міндеттері, функциялары Шындыққа сай келмейтін жарнамаға тыйым салу
- •3.Сақтандыру компанияларының шығындарын басқарудың негіздері
- •4. Сақтандыру компанияларының андеррайтингтік саясаты
- •5.Сақтандыру компанияларының маркетингі түсінігі және мәні
- •6. Сақтандыру компанияларындағы маркетингтік службаларды ұйымдастыру
- •11.Сақтандыру ұйымдарының инвестициялық қызметі.
- •12.Сақтандыру ұйымдарының қаржылық тұрақтылығы.
- •13. Сақтандыру резервтерін есептеу әдістемесі
- •22.Сақтандыру өнімдерін сатуды жетілдірудің әдістері мен тәсілдері
- •12.Тарифтік ставканың құрамы мен құрылымы
- •29.Сақтандыру төлемдерін есептеу әдістемесі және қағидасы
14.Жеке сақтандыру бойынша төлемдердің негізгі жағдайлары және оны ұйымдастыру
Сақтандыру төлемі келесі факторларға байланысты болады:
- сақтандырушының жасы;
- сақтандыру мерзімі;
- сақтандырушының жасы елдегі орташа өмір ұзақтығымен шектеледі.
Сақтандырушылық қамсызданудың төлемі келесі жағдайларда болады:
- айтылған мерзімге немесе жағдайға дейін жету немесе зейнеткер жасына дейін жету, сол кезде айтылған мөлшерінде өмір бойы зейнет ақы беріледі;
- сақтандырылған тұлға қайтыс болса;
- сақтандыру мерзімі ішінде болған сәтсіз оқиға нәтижесінде алған түрлі жарақаттар болғанда.
Өзіндік сақтандырудың келесі түрлері болады: өмірдің аралас сақтандырылуы, балаларды сақтандыру, неке қиюны сақтандыру, қосымша зейнет ақыны сақтандыру, отбасылық өмірді сақтандыру.
Аралас сақтандыру кезінде бір келісімде сақтандырудың бірнеше түрлерінің біріктірілуі болады. Оған сақтандыру мерзімінің аяқталуына дейін жету, сақтандырылғанның қайтыс болу кезін сақтандыру, қауіпті жағдайлардан сақтандыру жатады.
Сақтандыру сомасы сақтандырушы тілегімен, оның материалдық жағдайына байланысты анықталады. Сақтандыру төлемдері ай сайын төленеді. Сақтандыру оқиғаларға жататындар:
- сақтандыру мерзімінің аяқталуына дейін өмір сүру. Бұл кезде сақтандыру кезінде қауіпті жағдайлар үшін төлемдер төленсе де, сақтандыру сомасы толығымен төленеді;
- жалпы еңбек қабілеттілігін жоғалту. Бұл кезеңде келесі нұсқалардың бірі бойынша анықталатын сақтандыру өтеледі:
1) сақтандырушы өз еңбек қабілеттілігін қандай пайызға жоғалтса, сол пайызға сақтандыру сомасы төленеді. Еңбек қабілеттігін жоғалту пайызы арнаулы құрастырылған кестелер бойынша анықталады;
2) сақтандырудың сомасының белгілі пайызы сақтандырылғанның еңбекке қабілетсіз болған әрбір күнін өтейді. Бұл пайыз келісім жасалғанда анықталады.
- сақтандырылғанның қайтыс болуы, егер ол келесі жағдайлар әсерінен болмаса, сақтандыру оқиғасы болып табылады:
1) егер келісім күшіне енген алғашқы 6 ай ішінде (сақтандыру компаниясы бұл мерзімді өзі бекітеді) сақтандырылушы онкологиялық немесе жүрек ауруынан қайтыс болса;
2) сақтандырылушы өзін-өзі өлтіргенде;
3) ол автокөлікті маскүнем, нашақорлық, токсикологиялық масығу кезінде жүргізгенде;
4) егер тергеуші органдар немесе сотпен оның іс-әрекетінде әдейі жасалған қылмыс деп білінсе.
Осы айтылған жағдайларда сақтандыру сомасының орнына сатып алу сомасы төленеді – бұл сақтандырылғанның қайтыс болу күнге дейін төленген сақтандыру төлемдерінен сақтандырушы істеріне кеткен белгілі бір пайызды алып тастағаннан кейін сома. Сонымен бұл сақтандыруда кез келген себептер бойынша қайтыс болғанда сақтандыру міндеттілігі әрекет етеді және шектеу тек сақтандыру немесе сатып алу сома мөлшерімен байланысты болады.
Өмірді сақтандырудың аралас келісімдері 16 – 77 жастағы азаматтармен 3, 5, 10, 15 және 20 жыл мерзімге жасалады. Сақтандыру сомасы сақтандырылушымен анықталады.
Балаларды сақтандыруда сақтандырылушы ретінде баланың ата-анасы, басқа туыстары шығады, ал сақтандырылған болып өмірдің бірінші күннен бастап 15 жасқа дейін бала табылады. Сақтандыру мерзімдері 18 жас пен сақтандырылғанның қазіргі толық жасының айырмасы арқылы анықталады.
ҚҚҚҚ
