- •11.Андеррайтингтің функциясы: аналитикалық, практикалық, әдістемелік, бақылау
- •3.Актуралық есеп және сақтандыру тарифтерінің әдістемесі
- •5.Жаңа сақтандыру өнімдерін нарыққа шығару және әзірлеу кезеңдері
- •14.Жеке сақтандыру бойынша төлемдердің негізгі жағдайлары және оны ұйымдастыру
- •Қазіргі жағдайдағы сақтандырудың мазмұны және әлеуметтік-экономикалық мәні
- •2. Қазақстандық сақтандыру нарығындағы сақтандыру түрлеріне сипаттама, шоғырландыру дәрежесі және сақтандыру қызмет көрсетулерінің даму деңгейі
- •15. Қайта сақтандырудың экономикалық мазмұны және құқықтық негіздері
- •10.Қайта сақтандыру сақтық операцияларының қаржылық орнықтылығын нығайту әдісі ретінде.
- •13.Мүлікті сақтандыру бойынша төлемдердің негізгі жағдайлары және оны ұйымдастыру
- •2. Өмірді сақтандырудағы сақтандыру тарифтерін есептеу ерекшеліктері.
- •4. Сақтандыру қызметінің нормативтік-құқықтық базасы
- •7.Сақтандырудағы тәуекел-менеджменті қолданудың концептуалды көзқарастыры
- •8.Сақтандырудағы тәуекел-менеджменттің негізгі элементтері
- •6.Сақтандыру менеджментінің мәні және қажеттілігі
- •9.Сақтандыру менеджментінің функциялары: жоспарлау, ұйымдастыру, уәждеме, бақылау
- •10.Сақтандыру ұйымдарындағы тәуекелдің сыныптамасы
- •15.Сақтандыру нарығындағы делдалдық қызмет
- •1.Сақтандыру жарнамасы – оның мақсаты , міндеттері, функциялары Шындыққа сай келмейтін жарнамаға тыйым салу
- •3.Сақтандыру компанияларының шығындарын басқарудың негіздері
- •4. Сақтандыру компанияларының андеррайтингтік саясаты
- •5.Сақтандыру компанияларының маркетингі түсінігі және мәні
- •6. Сақтандыру компанияларындағы маркетингтік службаларды ұйымдастыру
- •11.Сақтандыру ұйымдарының инвестициялық қызметі.
- •12.Сақтандыру ұйымдарының қаржылық тұрақтылығы.
- •13. Сақтандыру резервтерін есептеу әдістемесі
- •22.Сақтандыру өнімдерін сатуды жетілдірудің әдістері мен тәсілдері
- •12.Тарифтік ставканың құрамы мен құрылымы
- •29.Сақтандыру төлемдерін есептеу әдістемесі және қағидасы
15.Сақтандыру нарығындағы делдалдық қызмет
Сақтандыру брокері – сақтандыру қызметтерін көрсетумен шұғылданатын сақтандырушы мен қажетті сақтандыру өнімдерін сатып алуға мүдделі сақтанушы арасында сақтандыру жөнінде келіссөздер жүргізетін және сақтандырудың тараптар үшін қолайлы шарттылықтары мен нысандарын айқындауға ат салысатын, сондай-ақ сақтандыру шартын жасасу кезінде құжаттардың дұрыс ресімделуіне жәрдемдесетін, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру өтеуінің уақтылы төленуіне септігін тигізетін, осындай делдалдық операцияларды сақтанушының не сақтандырушының тапсыруымен өз атынан жүзеге асыратын, кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен және уәкілетті органнан тиісті лицензия алған тәуелсіз заңды тұлға болып табылады.
Сақтандыру агенті – бір немесе бірнеше сақтандыру ұйымы берген өкілеттік шегінде, аталған ұйымның тапсыруымен және оның атынан сақтандыру шартын дайындау жұмысын жүргізу әрі жасасу, әсіресе сақтандырушының атынан сақтандыру өнімдерін сату жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға ретінде көрініс табады.
Өзара сақтандыру қоғамы – «Өзара сақтандыру туралы» және Қазақстан Республикасының басқа да Заңдарына сай, лицензияланбайтын және лицензияланатын негізде, өз мүшелерінің мүлікн, сондай-ақ өзге де мүліктік мүдделерін сақтандыруды нысаналап жұмыс істейтін, тұтыну кооперативінің ұйымдық – құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым – заңды тұлға болып табылады.
1.Сақтандыру жарнамасы – оның мақсаты , міндеттері, функциялары Шындыққа сай келмейтін жарнамаға тыйым салу
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жариялану күні олардың қызметі шындыққа сай келмейтін жарнама жасауға тыйым салынады. 2. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан шындыққа сай келмейтін жарнамаға өзгерістер енгізуді, оны тоқтатуды немесе оны теріске шығарып жариялауды талап етуге құқылы. Бұл талап уәкілетті орган белгілеген мерзімде орындалмаған жағдайда уәкілетті орган жарнамадағы мәліметтердің шындыққа сай келмейтіндігі туралы ақпаратты жариялауға не оларды мұндай жарнаманы жариялаған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есебінен нақтылауға құқылы. 3. Мынадай тұлғаларға: «өмірді сақтандыру» немесе «жалпы сақтандыру» салалары бойынша, сондай-ақ қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға уәкілетті органның лицензиясы жоқ заңды тұлғаларға; сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметкерлері болып табылмайтын және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары уәкілеттік бермеген жеке тұлғаларға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары ұсынатын қызметтерге жарнама беруші ретінде әрекет етуге тыйым салынады. Жеке және заңды тұлғалардың ақшаларын, сондай-ақ бағалы қағаздарын пайдалануға байланысты қаржы, соның iшiнде банктiк, сақтандыру, инвестициялық және өзге де қызмет көрсетулерiне жарнама жасау, тарату (орналастыру) кезiнде:
1) жарнамаланатын қызмет көрсетулер мен бағалы қағаздарға тiкелей қатысы жоқ ақпаратты жарнамада келтiруге;
2) атаулы жай акциялар бойынша кiрiс алуға және дивидендтер мөлшерiне кепiлдiк беруге;
3) эмиссияларды тiркемей, сондай-ақ бағалы қағаздар эмиссиялары тоқтатылған немесе iске аспады деп танылған кезде бағалы қағаздарды жарнамалауға;
4) қызметтiң болашақта тиiмдiлiгi (табыстылығы) туралы, соның iшiнде бағалы қағаздардың бағамдық құнының өсуiн хабарлау жолымен кез келген кепiлдiктер, уәделер немесе ұсыныстар беруге;
5) егер жарнамада шарттың қағидалары туралы хабарланатын болса, шарттардың елеулi қағидаларының ең болмағанда бiреуiн жасырып қалуға тыйым салынады.
Сақтандыру маркетингі — бұл өзара есеп пен қажеттіліктерге бағытталған сақтандырушы мен сақтанушының арасындағы əрекеттестік жүйе, сондай-ақ клиенттердің қажеттіліктерін толығырақ есепке алудың есебінен сақтандырушының табысын барынша көбейтуге арналған іс-қимылдар кешені.
Сақтандыру маркетингі капиталды жинаудың спецификалық ерекшеліктерін қарастырады, ол əртүрлі əлеуметтік топтардың табыс деңгейін, халықтың демографиялық көрсеткішін (туу мен өлімнің арасындағы арақатынасты), сонымен қатар мемлекеттік сақтандыру мен əлеуметтік қамсыздандыру жүйелерінің жағдайын есепке алады.
«өмірді сақтандыру» немесе «жалпы сақтандыру» салалары бойынша, сондай-ақ қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға уәкілетті органның лицензиясы жоқ заңды тұлғаларға; сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметкерлері болып табылмайтын және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары уәкілеттік бермеген жеке тұлғаларға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары ұсынатын қызметтерге жарнама беруші ретінде әрекет етуге тыйым салынады.
