Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
rudopodgotovka_3_kaz.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
336 Кб
Скачать
☆

Конусты ұсатқыштарда ұсату

Конусты ұсатқыштар таукен өнеркісбінде кенді, тау-химиялық шикізатты және құрылыстық тау жыныстарын ірі, орташа, ұсақ ұсатуда кеңінен қолданылуда. Ұсату сақина тәрізді орнатқышта, қозғалмалы және қозғалмайтын конустар арқылы ұсатылады (сурет 3.3). Қозғалмалы конус қозғалмайтын конустың ішкі бетін айнала, оларды жаншу кезінде ірі кесек ұсатылады, сонымен қатар жартылай үгітіледі және ұсатылатын беттің қисық сызықты пішініне байланысты бұзылады. Бастапқы кен (сурет 3.3, а) 4 кеңістікке үстіңгі жақтан 3 қозғалатын және 2 қозғалмайтын конустың арасында беріледі, ал ұсатылған өнім қозғалатын конус қозғалмайтын конустан шегінген кезде ұсатқыштың астынан саңылау арқылы шығады.

Қозғалмайтын конус ұсатқыш сыртының үстіңгі бөлігінің ішкі қабатында орнатылған. Қозғалмалы конус білікке қондырылған және оның қозғалысы қозғалмайтын конус бойынша бірнеше әдістермен қамтамасыздандырылады. Біліктің төменгі шеті эксцентрикті стаканға бекітілген. Эксцентрикті стакан тісті беріліс арқылы айналу кезінде білік осі конустың үстіңгі қабатын көрсетеді. (3.3, а,г).

Механобр қызметкерлері жасаған, инерциялық экцентригі жоқ ұсатқыштардың құрылысында (сурет 3.3, в) қозғалмалы конус біліктің төменгі жағындағы дебалансты жүк арқылы қозғалып айналады. Электр двигателінің редукторынан білікке айналу берілісі, үстіңгі жағына дебаланс (біліктің төменгі жағынан кигізілген) стаканы тірелетін, топсалы шпиндель арқылы беріледі.

Қозғалысқа келтіруден басқа, ұсатқыштардың құрылысы жұмыстық кеңістіктің бағытымен, тірегіш құрылғының құрылысымен, бұзылудан сақтау құрылғысының қызмет көрсету принцибімен және құрылысымен, саңылаудан түсуді реттейтін әдіспен ажыратылады.

3.3 Сурет – конусты ұсатқыштардың ірі (а,б,д), орташа (в,г,е) және ұсақ (г,ж,з) ұсату үшін жұмыс кеңістіктерінің профильдері және құрылғылардың сызбалары

Ірі, орташа және ұсақ ұсататын конусты ұсатқыштардың негізгі айырмашылығы - олардың жұмыстық кеңістіктегі бағыты. Ірі ұсататын ұсатқыштар (3.3, а,б, д) ірі кесектерді қабылдайды, қозғалмалы және қозғалмайтын конустардың арасындағы сақиналы орнатқыштың жоғарғы бөлігі кеңейеді. Ұсатқыш конустың ең үлкен диаметрі ұсатқыштың қабылдағыш саңылауының енінен 1,5 есе артады, ал шығатын тесіктің ені оның өлшемінің 0,1-0,2 шамасынан тұрады. Футеровканың төменгі жағындағы қисық сызықты кескін ұсатқышты орнату мүмкіндігін азайтады. (3.3, а, б). Орташа және ұсақ ұсататын конусты ұсатқыштардың жұмыстық кеңістіктегі бағыты өте ұсақ материалды қабылдауды қадағалайды және кесектердің біркелкі ірілігіне сәйкес ұсатылған өнім беріледі. Ұсақ ұсататын ұсатқыштардың орташа ұсататын ұсатқыштарға қарағанда, конустарының аралығының «параллель аймақтардың» ұзындығы жоғары және ұсататын конустың биіктігі төмен, сондықтан оларды тағы қысқа конусты деп атайды. Орташа және ұсақ ұсататын ұсатқыштардың өнімділігі шығатын саңылаудың ауданына пропорционалды. Оның енінің кішкентай екенін ескере отырып, оның ұзындығын көлбеу ұсатқыш конустарды қолдану арқылы ұзартуға тырысады.

Ұсатылған кеннің шығуына конустың тербелу эксцентриситетінің кеңеюуі де мүмкіндік туғызады. Егер ірі ұсататын ұсатқыштың эксцентрик стаканы 25 мм-ден аз болса, онда орташа және ұсақ ұсататын ұсатқыштарда оның мәні 100 мм-ден асады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]