- •Ұсату. Ұсату процесстерінің міндеті мен классификациясы. Ұсату аппараттарының конструкциялары ( 4 сағат)
- •Ұсату процесстерінің міндеті мен классификациясы.
- •3.1 Сурет – Ұсатудың ашық (а,б) және тұйық циклдарының сызбасы және ұнтақтаудың алдын ала (б) және бақылау (в) және қосалқы алдын ала және бақылау елеуі (г) немесе классификация сызбалары
- •Ұсату, ұнтақтау заңдары және минералдардың іріктеп ашылу принциптері
- •Сурет – Ұсату және ұнтақтау тәсілдер:
- •Ұсату процесстері мен аппараттар конструкцияларының сипаттамасы.
- •Жақты ұсатқыштардағы ұсату.
- •3.3 Сурет – беттерідің қозғалысы жай (б-д) және күрделі (е,ж) беттік ұсатқыштардың кинематикалық сызбалары және жұмыс істеу принциптері
- •3.3 Сурет – конусты ұсатқыштардың ірі (а,б,д), орташа (в,г,е) және ұсақ (г,ж,з) ұсату үшін жұмыс кеңістіктерінің профильдері және құрылғылардың сызбалары
- •Конусты ұсатқыштарда ұсату
- •Валкты ұсатқыштарда ұсату
- •3.4 Сурет – Екі валкалы (а) және бір валкалы тісті (б) ұсатқыштардың сызбалары
- •Соққыш әрекетті ұсатқыштарда ұсату
- •3.5 Сурет – стреженді (а) дезинтегратордыңғ вертикаль ості дисмембратордың және дцв-800 дезинтегратордың сызбалары
- •3.6 Сурет – Бір роторлы (а-в) және екі роторлы (г,д) балғалы ұсатқыштардың сызбалары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
3.5 Сурет – стреженді (а) дезинтегратордыңғ вертикаль ості дисмембратордың және дцв-800 дезинтегратордың сызбалары
Ротор білігінің ішкі қатарынан соққы алған соң, кен кесектері ұсатылады да, қарама-қарсы бағытта айналатын, екінші ротор біліктерінің келесі қатарына жіберіледі. Екінші қатарлы біліктердің соққыларынан кейін ұсату мен кесектерді келесі үшінші қатарға жібереді және т.с.с. Ұсатылған өнім дезитегратордың төменгі жағына шығады. Ұсатумен қатар дезитегратода ұсатылатын кеннің барлық компоненттері бір-бірімен жақсы араластырылады, сондықтан оларды көбінесе кокстаудан бұрын көмірлі шихтаны ұсату үшін қолданады.
Ротордың көлдең және тік (сурет 3.5, б) орналасқан валды дисмембраторларында сұққылармен 3 бекітілген бір ғана диск 1 айналады; сұққылары 3 бар келесі диск 2 – қозғалмайтын. Бастапқы кен айналмалы дисктің орта бөлігіне түседі; ұсатылған өнім дисктардың алыстауы арқылы шығады.
ДЦВ типті дезинтеграторлар (сурет 3.5, в) соққысыз екпінді ротормен орталыққа тартқыш құрылғы болып келеді. Кеннің жалпақ кесегінің екпіні мен бағыты, радиалды қалақпен жабдықталған, жалпақ айналмалы роторда 7 орындалады. Кен кесектерінің соғылу бұрышы мен олардың статордың беткі қабатына соғылу күші, ротордың айналу жиілігі мен жұмыстық беттің футеровкасын қолдану формасымен реттеледі.
Балғалы және роторлы ұсатқыштарда соққыш ротор, арнайы сауытты плиталармен футеровкаланған, корпустың жұмыстық кеңістігінде айналады.
Балғалы ұсатқыштарда кен роторға шарнирлі орнатылған балғалардың соғуымен ұсатылады. Ротор валға орнатылған дисктардан тұрады. Соғу күші балға салмағымен анықталғандықтан, онда ірі ұсату үшін ауыр балғалардың аз қатары, ал ұсақ ұсату үшін жеңіл балғалардың қатары орнатылады. Аса ерекше тиімділік морт кендерді және материалдарды ұсатуда байқалады.
Роторлы ұсатқыштарда кен роторға тұтастырыла қозғалыссыз орнатылған дененің соғуымен ұсатылады. Соғу күші ұрғыштың салмағымен ғана емес, сонымен қатар ротордың салмағымен де анықталады. Ол роторлы ұсатқыштарды мықты материалдарға байланысты ірі кесектерді ұсату үшін қолдануға мүмкіндік береді.
3.6 Сурет – Бір роторлы (а-в) және екі роторлы (г,д) балғалы ұсатқыштардың сызбалары
Балғалы мен роторлы ұсатқыштарды диаметрі 2000 мм-ге дейін, ұзындығы 3000 мм-ге дейін және айналу жылдамдығы 117 м/с-қа дейін ротормен жасайды. Олар ірі, орташа және ұсақ ұсатуға жарамды.
Ұсынылатын әдебиеттер
Справочник по обогащению руд; Москва.: - Недра, 1983.
Абрамов А.А., Леонов С.Б. «обогащение руд цветных металлов», - Москва., Недра, 1991.
Абрамов А.А Переработка, обогащение и комплексное использование твердых полезных ископаемых. Москва.: - МГТУ, 2004.
Справочник по обогащению руд. Основные процессы. Москва.: - Недра, 1983.
СДЖ-ға арналған бақылау сұрақтары (тақырып 3)
Жақты ұсатқыштар қандай кен типтерін ұсатуға қолданылады?
Қозғалмалы және қозғалмайтын жақты қорғайтын, футеровкалы плиталар қандай материалдан жасалады?
Қозғалмалы жақтың осінің орналасу орнына байланысты жақты ұсатқыштардың түрлері.
Конусты ұсатқыштардағы ұсату процесі.
Ірі ұсататын конусты ұсатқыштардың кен түсетін тесіктерінің ені?
Қазіргі конусты ұсатқыштардағы амортизациялардың түрі?
Валкты ұсатқыштардағы ұсату процесі.
Соққыш әрекетті ұсатқыштардағы ұсату процесі.
Соққыш әрекетті ұсатқыштардың кемшіліктері.
