- •Ұсату. Ұсату процесстерінің міндеті мен классификациясы. Ұсату аппараттарының конструкциялары ( 4 сағат)
- •Ұсату процесстерінің міндеті мен классификациясы.
- •3.1 Сурет – Ұсатудың ашық (а,б) және тұйық циклдарының сызбасы және ұнтақтаудың алдын ала (б) және бақылау (в) және қосалқы алдын ала және бақылау елеуі (г) немесе классификация сызбалары
- •Ұсату, ұнтақтау заңдары және минералдардың іріктеп ашылу принциптері
- •Сурет – Ұсату және ұнтақтау тәсілдер:
- •Ұсату процесстері мен аппараттар конструкцияларының сипаттамасы.
- •Жақты ұсатқыштардағы ұсату.
- •3.3 Сурет – беттерідің қозғалысы жай (б-д) және күрделі (е,ж) беттік ұсатқыштардың кинематикалық сызбалары және жұмыс істеу принциптері
- •3.3 Сурет – конусты ұсатқыштардың ірі (а,б,д), орташа (в,г,е) және ұсақ (г,ж,з) ұсату үшін жұмыс кеңістіктерінің профильдері және құрылғылардың сызбалары
- •Конусты ұсатқыштарда ұсату
- •Валкты ұсатқыштарда ұсату
- •3.4 Сурет – Екі валкалы (а) және бір валкалы тісті (б) ұсатқыштардың сызбалары
- •Соққыш әрекетті ұсатқыштарда ұсату
- •3.5 Сурет – стреженді (а) дезинтегратордыңғ вертикаль ості дисмембратордың және дцв-800 дезинтегратордың сызбалары
- •3.6 Сурет – Бір роторлы (а-в) және екі роторлы (г,д) балғалы ұсатқыштардың сызбалары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
Валкты ұсатқыштарда ұсату
Валкты ұсатқыштарда кен біріне-бірі қарсы айналатын екі валоктың ортасында жаншылып ұсатылады. (сурет 14, а). Олардың біреуі подшипникпен бекітілген қозғалмайды, ал екіншісі қозғалмалы, спиральды амортизацияланған серіппеге бағытталуға сүйенген, ұсатқышты ұсатылмайтын кен түскенде қорғайтыды. Валоктардың арасындағы саңылаудың ені реттегіш болт немесе валок подшипниктерінің қозғалмалы және қозғалмайтын корпустарының арасындағы арнайы төсегіштер арқылы өзгереді.
3.4 Сурет – Екі валкалы (а) және бір валкалы тісті (б) ұсатқыштардың сызбалары
Құрсаудың беткі қабаты, шойын валоктарына бекітілген, арнайы (марганецті, көміртекті) болаттан жасалады. Олар тісті, тегіс және бұдыр бетті болады. Тегіс бетті ұсатқыштарда ұсату жаншу мен үгітілу (әсіресе валок айналыстарының әртүрлі жылдамдықтарында), тісті және бұдыр бетте жару, бұзу, жаншу арқылы жүреді. Тегіс бетті ұсатқыштарда басып алу бұрышы екі еселі үйкеліс бұрышынан аспауы үшін, валок өлшемі түсетін кеннің ең үлкен кесегінің өлшемінен шамамен 20 есе артық болуы керек. Валок өлшемі 1500-1800 мм-ден аспағандықтан, онда ұсатылатын кеннің ең үлкен ірілгі 75 мм-ге тең,сондықтан тегіс валокты ұсатқыштарды қатты кенді орташа және ұсақ ұсату үшін немесе көмір мен ұсату дәрежесі 3-4 орташа коксты ұсақ ұсату үшін қолданады. Ұсатылатын кенді қысу пайдалы кендердің қайта ұнтақтауын болдырмайды, ол морт сынғыш пайдалы кеннен (мысалы, қалайы, вольфрам және т.б) тұратын, қатты кенді ұсатуда валоктары тегіс валокты ұсатқыштарды кеңінен қолдану себебі болып келеді.
Морт және жұмсақ қазындыларды ұсатуды тісті мен бұдыр бетті валокты ұсатқыштарда жүргізеді. Ұсатылатын кен кесегінің ең үлкен ірілігі, тегіс валокты ұсатқышта ұсатуға қарағанда 4-5 есе үлкен болады және 300-400 мм-ге жетуі мүмкін. Ұсатқыштарды тек қана мынандай кендерді: көмір, кокс, тұз, жоғары балшықты, сулы темірлі және ұсату дәрежелері 4-6 марганецті кендерді ірі және орташа ұсату үшін қолданады.
Антрацитті, агломератты, және көмірді ұсату үшін бір валокты тісті ұсатқыштар қолданылады (сурет 3.5, б), онда ұсатылатын кен колосник торлары мен айналмалы тісті валоктың ортасына беріледі. Ірі кесектер торға қысылып жарылады немесе тістермен жаншылып ұсатылады. Ұсатылған өнім ұсатқыштан колосникті тордың саңылауы арқылы шығарылады.
Валкты ұсатқыштардың өнімділігі ұзындығына, диаметріне, айналу жылдамдығына және кен шығатын тесіктер араларының еніне байланысты. Валоктың ұзындығы әдетте диаметрінен 1,5-3 есеге аз. Тез жүретін валоктардың айналу жылдамдығы 4-6 м/с (40-180 об/мин), жай жүретін валоктарда – шамамен 0,5 м/с (3,2-4,6 об/мин).
Валокты ұсатқыштардың ерекшелігі: олардың құрылысының шағын және қарапайымдылығы, пайдалануға ыңғайлылығы, кенді шамалы қайта ұнтақтауы, ал кемшіліктері: аз бірлікте өнімділігі және өте қатты кенді ұсатуға жарамсыз.
Соққыш әрекетті ұсатқыштарда ұсату
Соққыш әрекетті ұсатқыштарда кен балғалы, стерженді және айналмалы ротор арқылы ұсатылады. Негізгі ұсатылатын мүшенің құрылысына байланысты олар дезинтегратор, балғалы және роторлы ұсатқыш болып бөлінеді.
Дезинтегратор (сурет 3.5, а) әрбіреуі әр валға орнатылған, қарама-қарсы бағытта айналатын стерженді роторлардан (кәрзеңкелерден) тұрады. Стерженнің бос шеттерінің қатайтылуы сақинаға байланысты. Ұсатылатын кен дезинтегратордың орта бөлігіне беріледі.
