- •1 Шағын және орта бизнесті несиелеудің орны мен маңыздылығы.
- •Шағын және орта бизнесті несиелендірудің маңыздылықтары.
- •1.2.Шағын және орта бизнесті несиелендірудің ерекшеліктері.
- •1.3. Шағын және орта бизнес субъектiлерiн несиелеудiң алғышарттары.
- •2. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті несиелендіруді ұйымдастыру.
- •2.1. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнес секторын II-деңгейдегi коммерциялық банктердiң несиелендіру процесiн
- •2.2.Қазақстандағы микрокредит ұйымдарының дамуы және бизнестің дамуына өз үлесін қосуы
- •2.3.Қазіргі кезеңдегі шағын және орта бизнеске несиені тартудағы кездесетін мәселелер.
- •3.1. Шағын және орта бизнесті несиелендіру-жетістікке жету жолдарының кепілдігі.
- •3. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті несиелендіру мәселелерін реттеу.
- •3.2. Шағын және орта бизнесті несиелендірудің аймақтық деңгейдегі даму мәселелерін реттеу жолдары.
- •3.3. Шағын және орта бинесті несиелендірудегі мәселелерді мемлекеттің бақылауы.
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1.2.Шағын және орта бизнесті несиелендірудің ерекшеліктері.
Шағын және орта бизнес қазіргі қоғамның формациясының негізі болып табылады, көптеген дамыған мемлекеттерінің ЖІӨ-нің негізгі бөлігін қалыптастырады. Осы секторда ұлттық ресурстардың негізгі массасы шоғырланған. Шағын және орта бизнестің қызметі инновациялық және зерттеушілік қызметінің бастамасы ретінде болады: зерттеулер көрсеткендей негізгі идеялар мен ірі бизнеске қарағанда, көбірек шағын және орта бизнестен ұсынылып отырады.
Бірақ Қазақстанда мұндай маңызды сектор қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуына елеулі әсер ете алмайды. Ал Батыс Европаның, Америка және Оңтүстік-Шығыс Азияның өнеркәсібі дамыған елдерінде шағын және орта бизнестің үлесіне ЖІӨ-нің 70 пайызына дейін келеді. Осы елдерде, шағын және орта бизнес, іскерлік өмірдің жаппай, динамикалық және икемді нысаны ретінде шаруашылықтың нарық жүйесінің нағыз негізі болып табылады және қоғамның орта буынын құрайды.
Шағын және орта бизнесті нығайту мақсатында шағын және орта бизнесті қолдаудың және бағыттары қойылған – бұл салық ауырпашылығын азайту; меншік пен активтерін легалезациясы; несие ресурстағы қол жетімдігін жеңілдету; әкімшілік процедураларды және рұқсаттамаларды оңайлату; бюрократиялық шексіздіктен және бақылау тексеру органдарын қорғау; шағын және орта бизнесті қолдаудың аумақтық орталықтарын құру; маркетингтік зерттеулер жүргізуде, кәсіптілігін жоғарлатуында көмек көрсету.
Барлық меншік нысандарындағы кәсіпорындарда өз қызметін жүзеге асыру және пайда алу барысында қарыз қаражаттарын тарту қажеттілігі туындайды. Қаражаттарды тартудың ең таралған нысаны несие келісімшарты бойынша банктік ссуданы алуы болып табылады.
Осыған байланысты шағын бизнес субьектілерін қажетті қаражаттармен қамтамасыз ету мәселесі бүгінгі күнге дейін өте өзекті болып қала береді.
Нарық экономикадағы шағын бизнес - экономикалық өсу қарқындарын, жалпы ұлттық өнімнің құрылымен сапасын анықтайтын жекеше секторлардың бірі. Дамыған елдерде шағын бизнестің үлесіне ЖҰӨ-нің 60-70 % -ын құрайды. Сондықтан көптеген дамыған мемлекеттері шағын бизнестің қызметін бар күшімен қолдап отырады.
Шағын кәсіпкерлік нарық конъюктураның өзгеруіне жедел түрде жауап беру арқылы нарық экономикаға қажетті икемділігін беріп отырады. Шағын бизнес бәсеке ортаның қалыптасуына өз үлесін қосады.
Сонымен қатар ҒТП-тің маңызды бағыттарының бірқатары бойынша алға тартуын жүзеге асыруында шағын бизнестің рөлі елеулі, біріншіден электроника, кибернетика, информатика аясында. Шағын бизнестің осы және басқа да қасиеттері оның дамуын ҚР-ң экономиканың қайта құруындағы құрамдас бөлігі мен маңызды фактор ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
2000 жылдағы ҚР-ның экономиканың тұрақтандыруы мен көтерілудің айқын тенденциялары шағын кәсіпкерлік сферасының дамуының жаңа кезеңін және жаңа міндеттерін білдірді. Осы кезеңнің ерекшелігі ҚР-ғы шағын бизнестің дамуының жетілген стадиясының барлық артықшылықтарын жүзеге асыруы, шағын кәсіпкерлікті ұлттық экономиканың жалпы кәсіпкерлік ортаны қалыптастыруға белсенді түрде қатыстыруы болып табылады. Сонымен қатар осы кезеңнің ерекше белгісі болып елдің экономикасының нақты секторында шағын бизнестің белсенді қатысуы табылады. Және де шағын бизнестің дамуының белсенді өнеркәсіптік өндірістің жалпы өсу және өндіріс сфераның болжамдық құрылымдық қайта қуу тұсында жүзеге асырылатынына сенеміз. Шағын бизнестің экономиканың жалпы кәсіпкерлік ортаға интеграция процессінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде оның банк-несие жүйесінің институттарымен өзара әсерлесуін нығайту, өз инвестициялық міндеттерді шешу үшін банктік ресурстарын белсенді пайдалануы болып табылады деп айтуға болады.
Несиелендіру аясында коммерциялық банктердің бірқатары қызмет етіп отыр.
Осылай ҚР-на шағын бизнес үшін шетелдік қаржы ресурстарын тартудың кейбір механизімдері қалыптасқан. Жеке айтқанда бірнеше уакілетті банктер арқылы Европалық қыйта құру мен даму банкінің бағдарламасы бойынша несиелер белсенді беріліп отыр. Бірақ бұл жеткіліксіз және шағын бизнесті банк несиелендіру аясындағы жағдай қанағаттанарлықсыз деп бағалауға болады.
Біріншіден, шағын кәсіпорындарды несиелендіру көлемдері елдегі төмен инвестициялық белсенділік жағдайында да айқынсыз болып келеді. Шағын бизнесті несиелендірудің көлемінің айқынсыздығы бір жағынан, банктер үшін елеулі пайда түсіре алмайды, екінші жағынан шағын кәсіпорындардың қарыз қаражаттарындағы қажеттіліктерін сәйкес деңгейде қанағаттандыра алмайды. Екіншіден шағын кәсіпорындағы берілетін несиелердің көп бөлігі қысқа мерзімді сипатта болады, яғни қарыз алушының қызметін кеңею мәселесін шеше алмайды. Айналым қаражаттарына несиелер әрине өте маңызды, бірақ ұзақ мерзімді қаражаттарды алу мүмкіншіліксіз шағын бизнестің барлық қызметі тек 3-4 айлық перспективасы бар өмір сүру.
Шағын бизнесті банктермен несиелендірудің аз көлемдері жалпы нашар инвестициялық климатымен, шағын бизнесті несиелендірудің жоғары тәуекелдермен байланысты . жоғары тәуекелдер мәселесін шағын кәсіпорындарды несиелендірудегі банктердің тәуекелдерді басқару прцесстер мен механизімдерін жүзеге асыру керек.
2-сурет. Шағын кәсіпорынды несиелендіру бойынша тәуекелшіліктер мен шығындарды төмендетуді қамтамасыз ететін несиелендірудің принциптері
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын басқарған А.Умбетовтың пікірінше, қайта қаржыландыру мен несиелік кепіл тәуекелін бөлу арқылы несиелік схемаларды пайдалану керек. Мұндай схемалар банктің несиелік қаржыларын шағын бизнеске орналастыруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда тәуекелшілікті бөлу пропорциясын анықтау керек: оның жоғарғы шегі – бюджет үшін мүмкін шығындарды қамту керек, ал төменгі шегі қаржылық тетік пен банк қызығушылықтарын сақтауы қажет сонымен қатар серіктестік негізінде несиелендірудің шетелдік тәжірибелері бар. Ол шағын несиелерді ұсыну үшін қолданылады.
3-сурет. Қайта қаржыландыру мен несиелік кепіл тәуекелін бөлу
Салық бюджеттік саясатты жүргізуде және шағын бизнесті дамытудың нормативті құқықтық негізін қалыптастырудағы мемлекеттің ерекше ролі. Жағымды салықтық режимді қалыптастыру шағын бизнес субъектілерінің кірісті қызмет етуіне ғана емес банктік жүйеге де жағымды әсер етеді. Банктің шағын бизнеске деген қызығушылықтарын шоғырландыру үшін олардың табыс салық ставкаларын төмендету керек сонымен қатар банктер үшін салық салу режимін енгізу қажет. Бір жағынан мұның барлығы шағын бизнес үшін маңызды болып табылатын несие бойынша пайыздық ставкалардың төмендеуін әкелуі мүмкін. Нормативті құқықтық қамту шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламасын құрастырумен қатар оларға заңды және нормативті қолдау жасалуы керек.
Банк тәуекелін негізді бағалау үшін шағын бизнес жағынан да үстеме қадамдар жасалуы керек. Атап айтқанда: шағын бизнес субъектілерінің бизнес жобасын несиелендіру бойынша негіз болып табылатын өз тәуекеліктеріне бағалау жүргізу. Шағын бизнес субъектілерінің қаржы-шаруашылық нәтижелерінің дұрыстылығы қаржылық және басқа да көрсеткіштің дәлелдігін қамту және қызметінің қорытынды нәтижелерін болжау.
─ кепіл үшінші тұлға кепілі немесе мүлік кепілін зерттеу негізінде кепілдік мүмкіндіктерді бағалау үшін негіздеу жиынтығын өткізу.
Шағын бизнесті қаржылық қолдану түрлері ретінде қаржылық лизинг, ипотекалық несиелеу (әсіресе ауылшаруашылығы үшін) франчайзинг кепілдік схемасы жеңілдетілген микронесиелендіру жүйесін қолдану мүмкіндіктері пайда болып жатыр. Жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін несиелендіру құралдарымен объектілері елімізде әлі кең көлемде қолданылмайды. Меншікті капиталы шектеулі мөлшерде болса да негізгі қорларды иемденуге және мүлікті тездетіп амортизациялауға мүмкіндік беретін лизингтік несиелендіру шағын бизнес үшін тиімді болып табылады. Батыста жай қаржылық лизингті белгілі салықтық, кедендік және валюталық жеңілдіктер қолдайды. Бұл арнайы жеңілдіктер лизингтік операциялар қатысушыларына ғана қолданылады.
Ипотекалық несиелендіру ─ ауылшаруашылық кәсіпкерлері үшін айналым және негізгі құралдарын қаржыландырудың ыңғайлы құралы болып табылады.
Өтімділік нарығын қамту мен кәсіпкерлік тәуекелшілікті төмендетуге мүмкіндік туғызатын бизнесті ұйымдастыру әдісі ретінде франчайзинг шағын және жеке кәсіпкерлікті қолдаудың тиімді формасының бірі ретінде қарастырылуы мүмкін және тиімді болып табылады. Осы кезде жергілікті бизнесі жасы дамыған бинесімен-сатушы оның бизнесін сатыи алушыға банк несие алу кезінде кепіл беруші бола алады.
Несиелендіру процесінің тиімді жалпылама көрсеткіші ретінде нақты экономиканың банктік несиедегі жалпы көлемі шағын бизнеске берілетін несиенің салыстырмалы мөлшері болып табылады. Ол факторлар жиынтығының әсерін жалпылайды және оның төмендеуі немесе өсуі шағын бизнесті несиелендіру жүйесіндегі жағымды немесе жағымсыз жағдайы болып табылады.
Осы тұрғысынан келесі модельді ұсынуға болады:
Кр=Ф( Х1, Х2, Х3, Х4, Х5)
Мұндағы Кр - банктің жалпы нақты экономика секторын несиелендірудегі шағын бизнеске берілген несиенің салыстырмалы мөлшері;
Х1-банк жүйесіндегі депозит деңгейінің индексі;
Х2-несие бойынша пайыздық ставка деңгейінің индексі;
Х3- банк тәуекелділігі деңгейінің индексі;
Х4-банк жүйесіне салынатын салықтың индексі;
Х5- шағын бизнесті несиелендіруге таратылатын қаржыландырудың альтернативті формаларының индексі;
Ф-эконометриялық функция.
Бұл модель шағын бизнесті қаржылық қолдау бойынша бағалау мүмкіндігін береді.
Кәсіпкерлер жүргізілген салық реформасына жоғары баға беріп отыр, алайда, өзгерістер салық әкімшілігі практикасына айтарлықтай әсер етпегенін алға тартады. Терең сұхбат пен фокус-топтарының көптеген қатысушылары айыппұл салу ретінің қатайғанын айтады, олардың ойынша мемлекет салық жүктемесінің босаңсыған орнын осылайша толтыратынын айтады.
Бизнестегі проблемалар рейтингісінде сауалнамаға жауап берушілер қаржы ресурстарының жетіспеушілігін бірінші орынға қоюда. Пікір сұралғандардың 47% өз қаржы қаражатының жетіспеушілігімен қатар кредит алудың да соншалықты қиын екендігін атап өтті.
Терең сұхбат пен фокус- топтар барысында кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету қағидаттарының екінші деңгейдегі банктер тарапынан бұрмаланғаны жайлы көптеген фактілер келтірілді. Кәсіпкерлік ортада банктердің жергілікті бөлімшелерінде мемлекеттік органдарға қарағанда сыбайлас жемқорлық барынша кең етек алған деген стереотип қалыптасып отыр. (ҚР статистика агенттігінің ақпараты)
