- •1 Шағын және орта бизнесті несиелеудің орны мен маңыздылығы.
- •Шағын және орта бизнесті несиелендірудің маңыздылықтары.
- •1.2.Шағын және орта бизнесті несиелендірудің ерекшеліктері.
- •1.3. Шағын және орта бизнес субъектiлерiн несиелеудiң алғышарттары.
- •2. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті несиелендіруді ұйымдастыру.
- •2.1. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнес секторын II-деңгейдегi коммерциялық банктердiң несиелендіру процесiн
- •2.2.Қазақстандағы микрокредит ұйымдарының дамуы және бизнестің дамуына өз үлесін қосуы
- •2.3.Қазіргі кезеңдегі шағын және орта бизнеске несиені тартудағы кездесетін мәселелер.
- •3.1. Шағын және орта бизнесті несиелендіру-жетістікке жету жолдарының кепілдігі.
- •3. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті несиелендіру мәселелерін реттеу.
- •3.2. Шағын және орта бизнесті несиелендірудің аймақтық деңгейдегі даму мәселелерін реттеу жолдары.
- •3.3. Шағын және орта бинесті несиелендірудегі мәселелерді мемлекеттің бақылауы.
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
3.3. Шағын және орта бинесті несиелендірудегі мәселелерді мемлекеттің бақылауы.
Баршамызға белгiлi жай шағын және орта бизнес өз даму жолында тек қана қаржылық, экономикалық проблемалармен қатар, қоғамдық, психологиялық тұрпаттағы мәселелерге де кезiгедi. Солардың iшiнде өз шешiмiн күтiп тұрған Заң актiлерi мен қатар Салықтық кодекс реформаларына байланысты мәселелер.
Шағын және орта бизнес секторы үшiн ең бiр шешушi мәселе- салық салу жүйесiн реформалау болып табылды. Құкықтық базаны жетiлдiру өндiрiс жағдайын жақсарту, және де шағын және орта бизнес субъектiлерiн әр түрлi қылмыскер, коррупционерлер пиғылдарынан қорғау проблемалары тұрса, экономиканың маңызды секторы шағын және орта бизнестiң дамуына қолайлы жағдай туғызу «Аумақтық шағын және орта бизнестi қолдау және дамыту бағдарламасының» жасалынуы оны жүзеге асыру инструментi болып табылады. Ел Президентi Н.Ә.Назарбаев 1997 жылы 6 наурызда «шағын және орта бизнестi күшейту және оның жұмысын активациялау» Жарлығы жарық көргеннен кейiн Республикамызда шағын және орта бизнестi қолдау мақсатында кешендi де толық қанды көмек көрсету шаралары байқала бастады. Ал шағын бизнеспен айналысам деушi субъектiлер саны күннен - күнге өсуде.
Шағын және орта бизнес секторында орын алған шағын кәсiпорындар санының тiркелгеннен бергi жұмыс жасайтын бөлiгi күрт төмендеп кетуi, бұл бизнес түрiнiң салалық құрылымы рационалды емес түрде ұйымдастырылуы оның даму эволюциясына кедергi етуде. °әрине мұның себептерi шағын және орта бизнес субъектiлерiн қаржылық - несиелiк қолдау аз мөлшерде болуы ғана емес, оның инфрақұрылымының дұрыс дамымай отырғандығында. шағын және орта бизнес субъектiлерiн объективтi түрде ұлттық, аумақтық, жергiлiктi масштабта олардың әр қайсысына микродеңгейдегi микрожүйе ретiнде қарастырған жөн.
шағын және орта бизнестi мемлекеттiк қолдау ел Президентiнiң Жарлығынан кейiн, және де «шағын және орта бизнестi қолдау туралы» Заңға сәйкес екi арнаға бөлiнедi:
Қамтамасыз ету;
Басқарушылық.
Қамтамасыз етушiлiк ролi - шағын кәсiпорындарға қызмет көрсету, ақпараттық, материалдық, қаражаттық ресурстар ақпараттын жеткiзу, және тағы басқа.
Басқарушылық- бақылау, жедел жарлықтар, әр түрлi жоспарлау, кәсiпкерлерге арналған семинарлар өткiзу iстерiмен тiкелей байланысты. Бұл iс-әрекет шағын және орта бизнестiң дамуының түпклiктi, тиiмдi басқарылуына алып келедi. Осы ретте шағын және орта бизнестi қолдау бағдарламасы осы екi арнаның синтезi ретiнде қойылған. шағын бизнестi қолдау негiзiнен үш деңгейде көзделген. Бұл Республикалық, аумақтық, жергiлiктi. Әр деңгейдiң өзi концептуалды - бағдарламалық, функционалдық, ресурстық бiрлес-тектiрден тұрады. шағын бизнестi қолдау деңгейлерi арасында өзара тығыз байланыс бар. Республикалық органдар iшкi орта факторлары жобаларын жасап, аумақтық деңгейде олардың инфрақұрылымдық объектiлерiнiң әдiстемелiк - нормативтi құжаттар жобаларын жасайды.
Шағын және орта бизнестi қолдау оны дамыту бағдар-ламасының негiзгi мақсаты, яғни шағын және орта бизнес өмiршеңдiгiн ұзарту болып табылады. Осылайша шағын және орта бизнес экономикалық кеңiстiкте өзiнiң әлеуметтiк-экономикалық функцияларын тиiмдi де өтiмдi жүзеге асыра алады. шағын бизнестi қолдау бағдарламасы мемлекет пен қоғам алдында мынадай мәселелердiң шешiлуiн талап етiп отыр;
Салықтық реформа барынша шағын және орта бизнестi ынталандыруға сәйкестендiрiлсе, сөйтiп мемлекет бұл бизнес түрiне фискалдық көзқараспен ғана емес, осы сектордың дамуына шынымен инвестициялық-ынталандырушы көзқарас танытса;
Ал, әкiмшiлiк мәселелерге тоқталсақ мысалы, заңды тұлға-ларды тiркеуден өткiзу процесiн бiршама жеңiлдетсе;
Ал, құқықтық қолдау мәселесiне келсек - Заң, нормативтi актiлер бiршама тұрақтандырылса, ведомствалық инструкциялармен қиындатылмаса және тағы басқа мысал үшiн ипотекалық, лизингтiк қатынастарды мемлекет құқықтандырса.
Өндiрiске, мемлекеттiк емес кәсiпорындарға қаражат тартуды ынталандыру.
шағын және орта бизнестi көтермелеу бағдарламасының әр түрi бойынша заң жеңiлдiктерiнiң жiктелуiн қамтамасыз ету.
Коммерциялық тәуекелдердi сақтандыруды жүзеге асыратын компаниялар желiсiн ұлғайту, мемлекеттiң катысуымен де, кепiл затының осы мақсаттарға қолданылуын кеңейту.
Шағын және орта бизнестi қолдау бағдарламасының әмбебап әдiсi ретiнде салық жүйесi арқылы реттеу зор үлесiн тигiзедi. Өндiрiстiң дамуының мықты стимулы ретiнде дифференсиацияланған ставкасын бекiту және әр түрлi жеңiлдiктер көрсету, қазiргi кезде қаржылық және несиелiк ресурстарға қажеттiлiк уақытында көп әсер етпек. Осылайша, салықтық қолдау саясатын осы даму кезiнде және болашақта мынандай формаларын қолданған пайдалы:
- салықтық каникулдар /шағын бизнес тiркелгеннен кейiн, оның аумақтық және салалық ерекшелiктерiне байланысты бес жылға дейiн салықтан босату;
- бюджетке есептелген аударымдар, дифференсацияланған ставканың төмендеуi;
- қайтарымдылық негiзде салықтық несие беру.
Кәсiпкерлiктiң дамуы үшiн, кәсiпкерлер заң шығарушы және орындаушы билiктер деңгейiнде өз сұрауларын қанағаттандыру үшiн әр түрлi кәсiподақтар мен қызығушылығы бiр бiрлестiктерге бiрiгiп, өз құқықтарын қорғауы керек. Мұндай кәсiпорындар жобалық құжаттар дайындауда, заң шығару процесiнде, әсiресе шағын және орта бизнес жайында қатысулары керек. шағын және орта бизнестi дамыту басымдылықтары кешендi түрде мемлекетпен жүргiзiлiп отырған аумақтық, iшкi экономикалық, өнеркәсiптiк саясаттары бiр түбiрден шығуы керек.1
Және де шағын және орта бизнестiң iс-әрекетiн жедел түрде қайта бағытталуын, делдалдық әрекетпен қарастыру керек. Оның потенциалын өндiрiске, тауарлар мен қызметтер көрсету бағытына бұру керек.
Ал, шағын кәсiпорындардың мемлекет қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын өнiм өндiру, өткiзу процесiңдегi игiлiктердi мемлекет барынша шағын және орта бизнес тарапына бұру керек. Бұл ретте мемлекеттiң қажетiне керектi өнiмдi өндiргiш шағын кәсiпорындар, яғни оларға мiндеттi минималды квотаны бекiту, оларға осы қызмет пен өнiм түрiн өткiзуге кепiл бередi.
Жоғарыда айтылғандарға орай, шағын бизнестiң қаржылық фундаментiн қалауда үлкен көмек көрсету керегi айқын болып отыр. Бұл шағын және орта бизнеске қолдау көрсететiн қорлардың негiзгi қаржылық ресурс ретiнде одан әрi жетiлдiрiп дамуын мүмкiн қылады. Осыған орай шағын және орта бизнестi қолдау әдiсi ретiнде әр түрлi кепiл мен кепiлдеме несиесi бойынша, банктiк емес капиталдың резервтерiнде мёнді болмақ. Бұл ретте шағын кәсiпорындар өзара несиелеу бiрлестiктерiн құруға болатыны белгiлi.
Республика Президентiнiң «Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау және оның дамуын жеделдету жөнiндегi шаралар туралы» Жарғы материалдың өнiм өндiрумен айналысатын кiшi кәсiпкерлiк субъектiлерiне салық және кеден салымдарына байланысты жеңiлдiктер берудi көздейдi. Экологиялық тұрғыдан қолайсыз және бару қиын шалғай аудандарда өнiм өндiрумен айналысатын шағын кәсiпорындарға аумақтық жеңiлдiктер жасау - олардан салық жинау, ауылдық жерлерде өнiм өндiрумен айналысатын және сол жерде жұмыс орнын құруды мақсат ететiн шағын кәсiпорындарды салықтан мүлдем босату қарастылырылған. Олай болса заңдық база оған қоса жеке және шағын бизнестiң дамуына мемлекет тарапынан көмектесу әсiресе өндiрiс саласындағы шағын кәсiпорындардың iлгерiлеуiне, өрге басуына жол ашады.
Шағын және орта бизнестiң даму мәселесiн қозғағанда, мемлекет тарапынан тек заңдар мен нормативтiк актiлердi шығарып қана қоймай, мына жағдайларды қолға алу керек. Республиканың азаматтарының жеке меншiктiк құқық механизмi жеткiлiктi жасалмаған және олардың нарықтық қатынастар жүйесiнде өз орындарын анықтау бостандығы мен оны өзi өз бетiмен шешу құқықтары жасалмағандығын айта кеткен жөн.
Нарықты экономиканың ең негiзгi талаптарының бiрi шағын бизнестi қолдау арқылы азаматтардың мемлекеттен тёуелсiз болып, өз күндерiн өздерi көре алу, өндiрiстi өздерi көркейтiп, одан табыс алу, барлық экономикасы алға кеткен өркениеттi елдер экономикасының концепциясы болып табылады.
Қорытынды.
Қазақстанның жалпы экономикалық жағдайының тұрақсыздығына байланысты әлi де болса көптеген өзектi мәселелер өз шешiмiн күтiп отыр. Оның iшiнде бизнес мәселелерiне тоқталсақ, жоғарыда айтылғандай, оларды ең алдымен несиелiк қажеттiлiктерiн қанағаттандыру болып табылса, оларды несиелейтiн елдiң екiншi деңгейдегi коммерциялық банктерiнiң жағдайына да тоқталған дұрыс. Қазақстанда бүгiнгi күнi ресми мәлiметтерге сүйенсек, 42 коммерциялық банктер қызмет көрсетiп отыр. Олардың санаулысы ғана мықты банктер қатарына жатады. Осы отандық банктерiмiздiң барлық капиталының мөлшерi әлемдегi iрi банктердiң капиталынан жүз есе кем екендiгiн ескеретiн болсақ, онда банктерге ең алғашқы кезекте өздерiнiң ресурстарын нығайту қажеттiлiгi туып отыр. Егер бұндай мәселе болатын болса, онда банктердiң шағын және орта бизнестi несиелеуге қандай шамалары бар екендiгiн ескеру қажет. Әрине, қатаң нарықтық экономика аясына өзiн-өзi сақтандыру, өзiн-өзi көрсете бiлу, бәсекелестiкке төтеп беру үшiн банктер тарапынан бiраз жұмыстар жасалуы қажет. Ал, коммерциялық банктердiң шағын және орта бизнестi несиелеу механизмiнің проблемаларына әлемдiк тәжiрибеде кеңiнен қолданылатын әдiстемелiк нұсқауларды өндiру керек.
Банктердiң шағын және орта бизнеске несие ұсынуының тиiмдiлiгiн арттыру негiзiнде ынталылығын көтермелеу үшiн, несиелердiң қайтарылмау ықтималдығын, олардың жоғары тәуекелге баруын төмендету шараларын жасаған жөн. Оның астарында қарыз алушы - шағын бизнестiң тұрақты жұмыс жасауымен қатар өз бизнесiн жандандыру мақсатында несие алуы, және оны уақытында қайтару процестерi ғылыми дәрежеде зерттелiнген. Осы секторды көтермелеу арқылы өндiрiстi жандандыру, оның iшiнде Қазақстан экономикасының сыртқы тәуекелдiлiгiн қысқарту мен отандық тауар өндiрушiлердi қолдау экономика саясатының басымды бағыты болып табылады.
Әлемдік практикаға сәйкес, шағын және орта бизнес қалыпты өркендеуші экономика жағдайларында сәйкесті мемлекеттік қолдаумен барынша жемісті жұмыс жасайды. Қазақстанда қалыптасқан әлемдік тенденцияларға қарамастан, берілген процестер толық шамада өзінің бекітілуін таппауда.
Осы курстық жұмыста қарастырғанымыздай, шағын және орта бинесті несиелендірудегі коммерциялық ұйымдардың рөлі зор екендігін көрдік. Сондықтан, екінші деңгейдегі банктердің жүргізіп жатқан несие саясатының арқасында да соңғы жылдары шағын және орта бизнес субъектілеріне берілген несиелер көлемінің қарқынды өсіміне қол жеткізуге мүмкіндік туды.
Шағын және орта кәсіпкерлікті жетілдіру және оның рөлін көтеру дамыған елдерге ғана емес, сонымен бірге Азия, Африка және Латын Америкасына көптеген дамушы мемлекеттеріне тән екендігін атап өту қажет. Қазіргі кезде дамушы мемлекеттердің едәуір бөлігінің экономикалық саясатының негізгі бағыты экономикасы дамыған елдер тәжірибесі мысалында ұсақ өндірісті дамыту және оның орта және ірі кәсіпкерлікпен байланысын нығайту болып табылады.
Шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруды жандандыру отандық экономиканы дамытудың ең өзекті мәселелерінің бірі. Себебі, олар арқылы әлеуметтік-экономикалық дамудың көптеген мәселелерін шешеді: өндіріс өнеркәсібін модернизациялауды және кеңейтеді, бәсекеге қабілетті өнімдерді шығарады, жұмыс орны санын өсіреді, халықтың әл-ауқатының жалпы деңгейін көтереді.
Банктер алдында тұрған бiрден-бiр мәселе несиелiк саясатын түзету ғана емес, сонымен қатар несиелеу процесiн ұйымдастыру мәселесiн де шешуi керек сияқты. Көбiнесе отандық коммерциялық банктердiң шағын бизнестi несиелеуде – мынадай тәжiрибесiн, яғни жобалық қаржыландыру мен активтермен несиелеуiн айта кеткен жөн. Нәтижесiнде қамтамасыз етiлген несие-табысты бизнеске, жақсы қаржылық көрсеткiштерi бар белгiлi бiр қарыз алушы типiне несие берiледi. Бұл шын мәнiнде өте қатаң талап, көптеген қарыз алушылардың мұндай талапты несие түрiне қол жеткiзуi мүмкiн емес. Осыған қарамастан банк несиелерiнiң 70% стандартты деп алынса, ал қалған 30% күмәндi және үмiтсiз несиелер қатарына жатқызылады. Осы ретте шағын және орта бизнес үшiн қаржы көзi болып екінші деңгейдегi коммерциялық банктер мен қорлар табылса, шағын және орта бизнестi жандандыру үшiн берiлетiн несие әдiстерiн жетiлдiрiп қана қоймай, сол шағын бизнес субъектiлерiне қарыз қаражаттарды алу мен табу көздерiн iздестiрудi де ойлау қажет. Бүгiнгi күнi Қазақстан шағын және орта бизнестi несиелеу бағытындағы өзiнiң азғана жиған тәжiрибесi бойынша шағын бизнес субъектiлерiмен банктерден алынған қаржы-қаражаттарын тиiмдi пайдалана алмай отыр.
Осы курстық жұмысымда қарастырылған барлық өзекті мәселелерді қорытындылайтын болсам, жалпы шағын және орта бизнес қызметін жүзеге асыру, нарықтағы алатын орны мен мемлекеттік және коммерциялық қаржы ұйымдарымен қарым – қатынас орнатуы, сонымен қатар заңи тұрғыдан өкілетті органдар тарапынан реттеу және қадағалау оң нәтиже берді.
Бүгінгі таңда, ҚР шағын және орта бизнес оң үрдіспен жақсы дамып келе жатыр және болашақта аталған қызметті одан әрі жетілдіру үшін тиімді жағдай жасау керек. Ол үшін қабылданған заңдар мен нормативтік актілерді кәсіпкерлер тарапынан толыққанды өз қызметінде жүзеге асыру, ал өкілетті органдар тарапынан заңның сақталуын қадағалауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Мемлекет бұл тұрғыда экономикалық және қаржылық саясат арқылы әсер ете алады.
Отандық бизнесті одан әрі көркейту және дамыту мақсатында, шетел тәжірибесіне сүйене отырып іске асыруға болады, яғни жағымды жақты қабылдап, өз тәжірибемізде қолдану.
Бүгінде екінші деңгейлі банктер шетел несие желісімен бірге шағын және орта бизнес субъектілеріне жеке бағдарламаларын ұсынуда. Бұл отандық кәсіпкерлердің төлем қабілеттілігі мен сенімділігін айқындайды.
Қазақстандық шағын және орта бизнес тәжірибесін дамыған Еуропалық мемлекеттер тәжірибесімен салыстыратын болсақ, әрине айырмашылық сезіледі. Егер ҚР Дүниежүзілік Сауда Орталығына мүше болғысы келсе, жоғарыда аталған мәселелерді жойып, дүниежүзілік нарыққа сәйкес келетін қадам жасау керек.
