- •1 Шағын және орта бизнесті несиелеудің орны мен маңыздылығы.
- •Шағын және орта бизнесті несиелендірудің маңыздылықтары.
- •1.2.Шағын және орта бизнесті несиелендірудің ерекшеліктері.
- •1.3. Шағын және орта бизнес субъектiлерiн несиелеудiң алғышарттары.
- •2. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті несиелендіруді ұйымдастыру.
- •2.1. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнес секторын II-деңгейдегi коммерциялық банктердiң несиелендіру процесiн
- •2.2.Қазақстандағы микрокредит ұйымдарының дамуы және бизнестің дамуына өз үлесін қосуы
- •2.3.Қазіргі кезеңдегі шағын және орта бизнеске несиені тартудағы кездесетін мәселелер.
- •3.1. Шағын және орта бизнесті несиелендіру-жетістікке жету жолдарының кепілдігі.
- •3. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті несиелендіру мәселелерін реттеу.
- •3.2. Шағын және орта бизнесті несиелендірудің аймақтық деңгейдегі даму мәселелерін реттеу жолдары.
- •3.3. Шағын және орта бинесті несиелендірудегі мәселелерді мемлекеттің бақылауы.
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
2. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті несиелендіруді ұйымдастыру.
2.1. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнес секторын II-деңгейдегi коммерциялық банктердiң несиелендіру процесiн
ұйымдастыру
Ұлттық валютаның макроэкономикалық деңгейде стабилизацияға қол жеткiзу шаралары әрекеттерiне қарамастан, ақша массасының шектелуi мен инфляцияның өсу қарқынының төмендеуi шағын және орта бизнестi несиелеуiне жеткiлiктi, бiрақ шағын бизнестi несиелеу проблемасы әлi де шешiлген жоқ. Сондықтан да шағын және орта бизнестi несиелеу оның экономиканың ең маңызды секторы ретiнде мемлекеттiң басымды мәселелерiнiң қатарына жатқызылып отыр.
Шағын және орта бизнестi дамытуда ең басты назар тiкелей қаржылық және жанама қолдау көрсету болса, содан соң шағын бизнестiң iс-әрекетiн жүргiзу үшiн салықтық бағадарламаны жолға қою болып табылады. шағын және орта бизнестi несиелеу тек қана қаржылық құралдардың шектеулiлiгiнен ғана емес, сонымен қатар II-деңгейдегi коммерциялық банктердiң бұл секторды толығымен несиелеу өкiлеттiлiгiмен және оның тәуекелдiлiгi де әсер ететiндiгiн атап өту керек.
Бiрiншiден ол құрамы бойынша бiрыңғай емес. Өйткенi Қазақстанда коммерциялық банктер саны 42 болса, соның iшiнде олардың жарғы капиталы кем дегенде 2 млд. тенге болуы керек.
Екiншiден, iрi банктер мен кiшiгiрiм банктердiң мүмкiндiктерi мен ұсынатын қызмет түрлерi адекватты емес. Қысқа мерзiмдi несиелеу түрiмен негiзiнде iрi банктердiң айналысуы шамалы, ал орта және кiшiгiрiм банктер үлесi де аз болып отыр.
Үшiншiден, орташа банктер шағын бизнеске несие ұсынудың орнына, iс жүзiнде олардың қаржыларға қол жеткiзуге мүмкiндiктерi тiптен жоқ. Ол қаржылар түрiнде банкаралық несиелер, қарыздар, банкаралық қаржы нарығында орналасқан қаражаттарды айтуға болады. Осы ретте кiшiгiрiм банктердiң шектеулi меншiктi капиталы табысты клиенттер тартуға, депозиттiк базасын кеңейтуге, активтiк операцияларды толығымен жүргiзiп, осыдан түскен пайда арқылы капитализациялануға кедергi етуде. Банктердiң шағын және орта бизнеске берiлген қысқа мерзiмдi несиелерiнiң көлемi бұл бизнестi делдалдық және сауда-саттық қызметтерiмен айналысуына әкелiп соқтырды. Ал елдегi iрi банктердің көпшiлiгi iрi қалаларда орналасқандығынан және несиелiк ресурстар жолының бiрдей емес мөлшерде бөлiнуi ауыл шаруашылығы секторын айналып өтуге мұқтаж етедi. Мемлекетiмiз бен II-деңгейдегi коммерциялық банктердiң шағын және орта бизнестi несиелеу-қаржыландыру схемасын, субнесиелеу ретiнде Еуропалық Даму және қайта құру Банкi /ЕДҚБ-ЕБРР/ мен Азиялық Даму банкiнiң /АДБ/ ресурстарымен несие беру коммерциялық банктерге жүктелген. Әрине шағын бизнес субъектiлерi үшiн ондай жолмен несие алу өте оңай жол. Бiрақ олар үшiн ең маңыздысы - ол осы несиенi ала алу мүмкiндiгi мен бос отырмай iспен айналысу мүмкiншiлiгi болып табылады. Шағын бизнес үшiн берiлетiн несиенiң маңызы оның мөлшерiнде емес, ал ол несие тез алып тез қайтарылуында болып отыр. Осы ретте несиенiң қымбат тұруы салдарынан, кәсiпорын жұмысының рентабельдiлiгi де жоғары болуы керек. Шағын бизнес кәсiпорындары мен онымен айналысатын жеке тұлғалар жұмысына талдау жасағанда олардың iс-ёрекеттерiне, яғни, өнiм өндiру көлемiне, көрсетiлетiн қызметтер мен жасалатын жұмыстарға және оның салалық құрылымына терең талдау жасау керек. шағын және орта бизнес iс - әрекетiнiң шала диверсификациялануы олардың көбiнесе тағы да сауда-саттық пен делдалдыққа бұрылуына итермелейдi.
Жергiлiктi банктер, олар әрине шағын бизнеске жақын болғанымен және жергiлiктi шағын бизнес субъектiлерiнiң несиелiк ресурстарға тым мұқтаж екендiгiн ескерсе де, олардың шетелдiк несиелiк желiлердi пайдалану мүмкiншiлiктерi шектеулi, сонымен қатар тәуекелдi басқару тәжiрибелерi аз, жүзеге асыра алу қаупi жоғары.
II-деңгейдегi коммерциялық банктердiң шағын және орта бизнестi, несиелеу тәжiрибесiнiң талдауына сүйенсек.
Банктер тарапынан қаржыландыру көлемi жалпылама өскен. Экономикаға берiлген несиелер маусымдық өсу тентенциясына ие - яғни 2,7 есе. Ал шағын бизнестi несиелендiру одан 2,5 есе төмен күйiнде қалып отыр. Шағын бизнестi несиелендiру монотонды түрде өсуде, негiзiнен теңгемен берiлген несие есебiнен, мұның өзi экономикаға берiлген несиелердiң 1/3 бөлiгiн құрайды. Сырт көзге бұл цифралар көп болып көрiнуi де мүмкiн, бiрақ алғашқы келтiрiлген мәлiмет бұл аналитикалық талдау қорытындысы, ал соңғысы шағын бизнестiң портфелiнiң жобалар бағасы. бұның барлығы қарыз қаражаттарына деген тапшылықты туғызады.
Экономиканың әртүрлi саларына деген ұзақ және орта мерзiмдi несиелер көлемi жоғарылауда. Талдау мерзiмiнде ол 32 % болса, ал осы уақытта шағын жёне орта бизнестi несиелеудiң жалпы үлесi өссе де, несиелеу құрылымына ешқандай өзгерiс бермей отыр. шағын және орта бизнестi ұзақ және орта мерзiмдi несиелеу үлесi 15% деңгейiнде қалып отыр. Сонымен қатар шетел валютасымен /АҚШ доллары/ берiлген қысқа мерзiмдi несиелер көлемi төмендеп, ал ұзақ және орта мерзiмдегi несиелер көбеюде. Бұның өзi валюталық тәуекел толығымен қарыз алушының мойнында екенiн бiлдiредi.
Банктердiң несиелiк ресурстарының құны Ұлттық Банктiң қайта қаржыландыру ставкасы 8% деңгейiнде болғанында, олардың бiршама сол күйiнде сақталынуы байқалады. Сомымен қатар орташа өлшенген ставка деңгейi мен депозит және несиелер бойынша сыйақылар мөлшерiнің жоғары дифференциялануын көруге болады. Оның iшiнде банктiк емес заңды тұлғаларға теңгелей несие беру - 23,6 %, АҚШ долларымен - 12,3%.
Көптеген қысқартуларға байланысты, банктiк жүйе 72,996 млрд.теңгеге депозиттердi өзiне тартты. Қысқа мерзiмдi мемлекеттiк құнды қағаздар бойынша - 10,90 млрд.теңге, Ұлттық Банк ноталары - 11,5 млрд.теңге тартылған (2013ж мәлімет бойынша). Мұның өзi коммерциялық банктер республикалық бюджет дефицитiн қаржыландыруда ең негiзгi дәнекер болып отырғандығын айықындайды. Несиелiк нарық пен салыстырғанда /орташа рентабельдiлiк 12 %-дан аспайды/ жылдық табыстың жоғары мөлшерi 17,37 - 18,84 % құнды қағаздар нарығына деген қызығушылықты көп тудырып отыр. Осылайша банктердегi қаржылық операциалардың табыс ёкелуiне банк капиталының ұлғаюы сияқты, iшкi мемлекеттiк қарыз жасау тәжiрибесi, яғни мемлекеттiк бюджет тапшылығының ұлғайғаны сайын бар көш-жiгер осы мақсатқа жұмсалынуы орын алып отырғандықтан, экономиканың жанды секторы бизнестi несиелендiру iс-әрекетiнен жемiс көру қиын. Оған қосымша порабанктiк қаржылық институттар /лизингтiк, сақтандыру, кепiл және жинақтық зейнетақы қорлары/ жағынан да әлi көмек жоқ. Отандық банктер шағын және орта бизнеске несие беруi әлi де болса дұрыс жолға қойылмаған. Осы ретте шағын бизнес субъектiлерiн қаржыландыруды бiрнеше топқа бөлiп қарастыруға болады. Бiрiншi топ; мемлекеттiк қорлар оның iшiнде шағын кәсiпорындарды қаржыландыруды дамыту қоры 1997 жылы 18 тамызында құрылған. Бұл қорда мемлекетаралық қарыздар, бюджеттiк және батыс коммерциялық банктерiнiң қаражаттары аккумуляцияланған. Бұл қаржылық орындардың несиелерi жергiлiктi коммерциялық банктер арқылы жүргiзiледi. /Банк ЦентрКредит, Казкоммерцбанк, Темiрбанк, Алматы Сауда Қаржы банкi, Тұран Әлем банк/. Айта кететiн жайт, шағын бизнеске қаржылық қолдау көрсетудi шетелдiк-өкiмет емес, солардың кәсiпорындары Республикамыздың кәсiпкерлiк секторына қаржылық техникалық көмек көрсетуде. Негiзiнен олар техникалық көмек көрсетедi. Әрине қаржылық көмектерi де оншалықты емес, бiрақ оның жетiстiктерi де жетерлiк. Олар несиенi шағын бизнеске ұзақ мерзiмге 12-15 % жылдық пайызбен, кейде тiптi, өсiм ақысыз негiзде несие бередi. Ал, жағымсыз жағы ретiнде екi жылға жуық мерзiмге берiлген iрi несие бойынша бизнес жоспарды талғылау, сәйкесiнше шешiм қабылдау мерзiмдерi тым ұзаққа созылып кетуi мүмкiн. Осы және тағы да басқа субъективтi, объективтi факторлар негiзiнде шағын және орта бизнестi несиелеу бойынша банктер мен басқа қаржылық институттарға ұзақ мерзiмге жеңiлдiктер енгiзiлуi көзделдi. Банктiк несиеге деген сұраныс күннен-күнге өсуде, ал оған шағын бизнес субъектiлерiнiң қол жеткiзе алмауы көкей тестi мёселелердiң бiрi болып отыр. Әлеуметтiк-экономикалық ақпарат және жобалау институты жүргiзген анкеталық сұрау бойынша Қазақстанның шағын бизнес субъектiлерiнiң 84% несиеге тёуелдi екендiгiн көрсеткен.
Шағын және орта бизнес үшiн қаржы көзi болып II-деңгейдегi коммерциялық банктермен қорлар табылса, шағын және орта бизнестi жандандыру үшiн берiлетiн несие әдiстерiн жетiлдiрiп қана қоймай, сол шағын бизнес субъектiлерiне қарыз қаражаттарды алу мен табу көздерiн iздестiрудi де ойлау қажет.
Бүгiнгi күнi Қазақстан шағын және орта бизнестi несиелеу бағытындағы өзiнiң азғана жиған тәжiрибесi бойынша шағын бизнес субъектiлерiмен банктерден алынған қаржы-қаражаттарын тиiмдi пайдалана алмай отырғаны белгiлi. Ал, халықтан әр түрлi қаражат тарту /жергiлiктi деңгейде/, өзiнiң корпоративтi құнды қағаздарын шығару, басқа да iрi компаниялар субъектiлерiмен бiрiккен консорциумдар құру, мүмкiн шағын бизнестi басқарудың жетiлуiне, акционерлiк ұжымдық шешiм түрiнде орта бизнес кәсiпорындарына айналуларына жол ашар едi. Бiрақ бұл жағдайда кәсiпорын екi түрлi мәселенi қолға алар едi;
Капитал нарығында iшкi және сыртқы көздерден қарыз алар едi.
Бiрақ шағын кәсiпорын бұл жұмыспен айналысуға оның бұл бағытта тәжiрибесi жоқ, өзiнiң меншiктi құнды қағаздары жоқ, және оны шығару механизмiмен таныс емес екендiгi себеп болады.
Экономиканың тамыры болып табылатын бұл сектор алдындағы мәселелер тез де тиiмдi түрде шешiлмесе, әсiресе оны қаржыландыру мәселесi, онда негативтi процестердiң әсерiнен шағын және орта бизнестiң жоқ болып кету қауіпi тууы мүмкiн.
Сонымен, Қазақстан Республикасында ендi ғана жанданып келе жатқан шағын бизнеске несие беретiн бiрден-бiр ұйым ол - екiншi деңгейдегi коммерциялық банктер болып табылады. Осы ретте Қазақстан Республикасының банктiк сферасының макроэкономикалық өзгерiстерге ұшырауы, соның iшiнде импорттық либерилизациялау, бағалар реформасы, фискалдық тәртiптi әдете түсу, жекешелендiру және тағы да басқа нарықтық экономикаға тән өзгерiстер орын алды. Осылайша банктiк сектордың несиелеу iсiнде де глобальды өзгерiстер процесi жүрiп отыр.
