Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор по ВЭДП.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
201 Кб
Скачать
☆

2) Сэқ нысандары мен түрлерін атап шығыңыз

   Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу әр түрлі нысандар мен әдістерді қамтиды. Реттеудің негізгі нысандары мыналар болып табылады:

1)      сыртқы экономикалық қызметті қаржыландыру;

2)      салық салу;

3)      инвестициялау;

4)      сыртқы қарыз алу;

5)      сыртқы берешек;

6)      Экспортты қаражаттандыру.

Реттеу әдістері көрсетілген нысандарға сай келеді және тура, сондай-ақ жанама әдістерді кіріктіреді.

Тура әдістерге реттеудің әкімшілік нысандары: лицензиялар мен квоталар жатады. Экспорт пен импортты лицензиялау мен квоталау шикізат ресурстары мен тауар қорларының шектеулігі жағдайында ішкі рынокты толтырып, тұрақтандыру мақсатыменуақытша шаралар ретінде пайдаланылады. Сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке мемлекеттік монополия қойылуы мүмкін.

Реттеменің жанама немесе экономикалық әдістері неғұрлым пәрменді және дамыған сыртқы экономикалық қатынастарға сай болып табылады.

Көптеген мемлекеттерде экспорт пен импортты кедендік-тарифтік реттеу жүргізіледі.

Кеден кодексі кеден аумағының, кеден баждарының және кеден алымдарының бірлігі негізінде кеден ісінің қағидаттарын белгілейді.

Кеден тарифі кеден баждары мөлшерлемелерінің жүйеленілген жиынтығы болып табылады.

Баж салығы: адвалорлық- салық салынатын тауарлардың құнына пайызбен.

айрықшалықты- белгіленген мөлшерлерде салық салынатын тауарлардың немесе заттардың өлшеміне. 

Құрамдастырылған мөлшерлемелер- салық салудың 2 түрінің ұштасуы жолымен есептелінетін мөлшерлемелер.

Тауардың кедендік құны – кеден шекарасын кесіп өткен мезеттегі нақты төленген баға.

Cэқ-ң бірнеше түрлері бар

  1. Экспорт

  2. Импорт

  3. реэкспорт

  4. қарсы сауда

Экспорт –шетелдерге елдердің шекарасынан асырып тауар шығару ақыл-ойдан шығатын туындыларды қолдану

Импорт-шетелдік тауар сатып алып елдердің шекарасына кіргізу

Реэкспорт- шетелден сатып алып шекарадан кіргізіп сол қалпында шетелдерге кайта сату

Қарсы келісім- сатушы сол кұнға немесе оның бөлігіне қарсы жактан немесе шетелден тауар алуға жасайтын келісім

3. Сыртқы сауда нысандарын атаңыз және оларға анықтама беріңіз

Сыртқы сауда– елдер арасындағы сауда. Тауарлар мен көрсетілген қызметтер әкетілімі (экспорты) мен әкелімінен (импортынан) тұрады. Келісімшартпен ресімделетін коммерциялық мәмілелер арқылы жүзеге асырылады.

Дүниежүзілік шаруашылық байланыстырудың күрделі жүйесінде халықаралық сауда ерекше орын алады. Осы уақытқа дейін тауарларды шетке шығару халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі формасы болып есептелген еді,ал қазіргі кезде шетелдік инвестициялау халықаралық экономикалық қатынастардың жетекші формасы боп табылады.Ол ХЭҚ-ң жалпы көлемінің 80% үлесін алып отыр. Халықаралық сауда әр түрлі елдердегі тауар өндірушілер арасындағы байланыс формасы боп табылады,яғни ол халықаралық еңбек бөлінісі негізінде қалыптасады және елдердің өзара тәуелділікпен көрсетеді.

Сыртқы сауда операцияларының 4түрі бар:

1.экспорттық операция-шетке шығару арқылы шет елдік контрагентке тауарды сату.

2.импорттық операция-шеттен әкелу арқылы шет елдік контрагенттен тауарды сатып алу.

3.реэкспорттық операция-бұрын импортталған және қайта өңдеуден өтпеген тауарларды шетке шығару арқылы сату.

4.реимпорттық операция-бұрын экспортталған және қайта өңдеуден өтпеген тауарларды шеттен әкелу арқылы сатып алу.

Халықаралық сауда – бұл халықаралық тауар-ақша қатынастарының сферасы, дүние жүзіндегі барлық елдердің сыртқы сауда жиынтығы. Оның формалары:

аукциондық сауда, биржалық сауда, халықаралық көрмелер және жәрмеңкелер, машиналар мен құрал-жабдықтар арендасы, қарама-қарсы сауда, шекаралық сауда

Аукцион дегеніміз – алдын-ала көруге қойылған тауарларды белгілі бір уақытта, белгіленген орында сату формасы.Ерекшелігі сатушының тауар сапасына жауапкершілігінің шектеулігі.

Аукциондық сауда – нарықтық сауданың түрі, мұнда сатушы барынша пайда табу мақсатында аукционға қатысқан бірнеше немесе көптеген сатып алушылардың тікелей бәсекесі пайдаланылады.

Биржалық сауда – биржалардың қатысуымен тауарлар мен бағалы қағаздардың сатылуы.

Мұнда тауарларды сатуға өздерін алып келмейді, онда тауарлардың бар екенінолардың саны мен сапасын көрсететін құжаттар куәландырады.

Халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер – тауар үлгілерін көрсету нарығы, бұл жерде іскерлік келісім сөздер жүргізіліп, контрактлерге қол қойылады.

Жәрмеңке – бір орында, белгілі бір мерзімде оқтын-оқтын өтіп тұратын нарықтң түрі.

Машиналар мен құрал-жабдықтардығ арендасы.

Аренда – бұл жалгерлік шаруашылықты жүргізудің формасы. Мұнда жалға беруші мен жалгер арасында шарт негізінде жалгерге жерді, табиғат қорларын, кәсіпорындарды, олардың бөлімшелерін уақытша пайдалануға, сондай-ақ дербес шаруашылықты жүргізуге қажетті басқа да мүліктерді белгілі мерзімге тиісті ақысын төлетіп,шешуге және пайдалануға бнрнді.

Жалгерлікке халық шаруашылығының барлық саласында рұқсат беріледі және мүлік жөнінде меншікті барлық формалары мен түрлерінде қолданылады.

Жалға берушілер – меншік иелері атынан мүлікті жалға беруге өкілетті орындар мен ұйымдар болуы мүмкін.

Қазіргі жағдайдағы сыртқы сауданың өзіндік белгілер :

1. Негізінен шағын өндірушілердің тауарларын өткізуді бақылайтын, ірі монополиялардың шешуші позициялары;

2. Монополиялық үстемдік, сыртқы экономикалық өктемдіктің күрт күшеюі;

3. Қазіргі жағдайдағы сыртқы сауда, негізінен, капиталды сыртқа шығару әсерімен дамиды.

Қазіргі кездегі жиынтық халықаралық айналымның 4/5- тен басым бөлігін индустриалды дамыған елдер (ИДЕ) құрайтын әлемдік сауданың үлесіне келеді. Мәселен, 11 капиталистік елдің (АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Жапония, Бельгия, Нидерландия, Швеция, Швецария, Канада) үлесіне, бүкіл әлем халқының 20% -на жуығын құрайтын, барлық халықаралық тауар айналымының 55%-дан астам келеді. Сонымен бір мезгілде, Қытай мен Индияның (жердегі халықтың 40%) үлесіне әлемдік тауар айналымының 5 %-ы үлес келеді.

4. ҚР-дағы СЭҚ басқару институттарын атаңыз

Қазақстанда кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметін рефор­ма­лау 1981 жылдан басталды. Дәл осы кезеңде олардың сырт­қы нарыққа өз беттерімен шығуы, сыртқы эко­но­ми­ка­лық қызметке экономикалық қызығушы­лық­та­ры­ның артуы бой­ынша министрліктердің, ведомстволар­дың, кәсіпорын­дар мен ұйымдардың құқықтарын ке­ңей­туде алғашқы қа­дам­дар жасалды.

Республиканың министрліктері мен ведомстволары және аса ірі бірлестіктер мен кәсіпорындар экспортты жоғары сапалы өнімдермен маңызды түрде қамтамасыз етуді жүзеге асыра бастады. Сыртқы экономикалық қызмет саласындағы өкілеттіктер мен құқықтар орталық органдардан алынып, жергілікті жерлерге көбірек қосымша өкілеттіктер беріле бастады.

1989 жылдың сәуір айынан бастап барлық кәсіп­орын­дар мен ұйымдарға сыртқы нарыққа өз бетімен шығу және коммерциялық қызметті жүргізу құқы берілуі нәтижесінде, кәсіпорындар, республикадағы сыртқы экономикалық ке­шен­нің басты буынына айналды. 1988-ші жылдан іс жүзінде кез келген мемлекеттік және кооперативтік кәсіп­орындар сыртқы нарыққа шыға алады. Дегенмен, экспорт-импорт операцияларын жүзеге асыру негізінде валюталық өз шығынын өзі өтеу қағидалары (принциптері) қаланды.

Республикада сыртқы экономикалық қызметті дамы­ту­дың алғашқы сәтінен бастап СЭҚ-ті мемлекеттік реттеу жүйесі белгіленген болатын, нақтысында:

  • сыртқы экономикалық байланысқа қатысушы­лар­дың тіркелуі;

  • мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін тауарлар мен басқа да мүліктер туралы мәлімдеу;

  • лицензиялауды қоса отырып, жалпы мемлекеттік маңызы бар жекелеген тауарлардың экспорт және импорт тәртібі және т.б.

Дегенмен, барлық қолданылған шаралар кәсіпорын­дар­дың, кооперативтер мен ұйымдардың өз бетімен сырт­қы нарыққа шығудағы мүмкіндіктерін төмендетуге әкелді. Сыртқы экономикалық байланыстарды (СЭБ) алғашқы кезден әкімшілік әдістермен басқару, әсіресе экспорт бой­ынша іс-қимыл жасау, тікелей өнім өндірушілер мен қызмет көрсетушілердің экспорт-импорт операцияларын маңызды түрде шектеді, сондай-ақ оларды орталық­тан­ды­рыл­ған басқару органдарына тәуелді етіп қойды.

Қазақстанның егемендік алуымен республикадағы сырт­қы экономикалық қызметті түбегейлі демократия­лан­дыру, осы саладағы барлық меншік нысандарындағы, оның ішінде тұтыну кооперацияларындағы кәсіпорындардың дербестігін маңызды түрде кеңейту бойынша шаралар іске асырылды.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Конститу­ци­я­­сының ережелері негізінде Қазақстандағы сыртқы эконо­ми­калық қызметті басқару жүйесін одан әрі дамыту жал­ғас­тырылуда. Қазақстан Республикасының Үкіметі анық­тай­тын тізім бойынша экспортқа мемлекеттік монополия өнім­­дердің жекелеген түрлеріне ғана белгіленеді.

ҚР Конституциясымен қаралған, мемлекеттік билік ор­ган­дарының жүйесіне, биліктің үш тармағы: заң шыға­ру­шы, атқарушы және сот билігі кіреді.

Ұйымдар мен кәсіпорындар сыртқы нарықта жұмыс іс­теу кезінде өздерін кең түрде көрсете алуына мүм­кін­дік­тері бар. Дегенмен, олардың дербестігі шексіз емес, олар үш билік тармағы мен жер-жердегі басқару органдарының ықпалды әсерінде болады. Қазақстан Республикасындағы заң билігі, екі палатадан тұратын ҚР парламенті атынан жү­зеге асырылады.

5. ҚР-дағы СЭҚ субъектілерін атаңыз

Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметінің субъектілеріне келесілер жатады:

- жеке тұлғалар – Қазақстан азаматтары, Одақ республикаларының азаматтары, Қазақстан заңдарына сәйкес азаматтық құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілікке ие шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар және Қазақстан аумағында тұрақты тұрып жатқан тұлғалар;

- Қазақстан аумағында тіркелген және Қазақстан аумағында тұрақты мекенжайы бар заңды тұлғалар (барлық түрдегі кәсіпорындар, ұйымдар және қауымдастықтар, акционерлік және басқа да шаруашылық қоғам, ассоциациялар, одақтар, концерндер, консорциумдар, сауда үйлері, мердігерлік және кеңес беру фирмалары, кооперативтер, несие-қаржы мекемелері, халықаралық қауымдастықтар, ұйымдар және т.б.), соның ішінде мүлкі және/немесе капиталы толығымен шетелдік шаруашылық қызметі субъектілерінің меншігіндегі заңды тұлғалар;

- Қазақстан заңдарына сәйкес заңды тұлға болып табылмайтын, алайда Украина аумағында тұрақты мекенжайы бар және Қазақстан азаматтық-құқықтық заңдары бойынша шаруашылық қызмет жасауға тыйым салынбаған жеке, заңды, жеке және заңды тұлғалардың қауымдастықтары;

- Одақ республикаларының шаруашылық қызметінің, Қазақстан заңнамасына сәйкес заңды тұлға болып табылмайтын, бірақ Украина аумағында тұрақты мекенжайы бар шетелдік шаруашылық субъектілерінің құрылымдық бірліктері (филиалдар, бөлімдер және т.б.);

- Қазақстан шаруашылық қызметінің субъектілері және Қазақстанда тіркелген, Қазақстан аумағында тұрақты мекенжайы бар шетелдік шаруашылық қызмет субъектілері қатысатын ортақ кәсіпорындар;

- Қазақстан заңдарымен қарастырылған өзге де шаруашылық қызмет субъектілері.

Органдары, жергілікті билік органдары түріндегі Қазақстан мен олар құрған сыртқы экономикалық қызметке қатысушы сыртқы экономикалық ұйымдар түріндегі басқармалар, және де Қазақстан аумағындағы шаруашылық қызметке қатысушы басқа да мемлекеттер Осы Заңның 9 бабының төртінші бөлігі мен басқа да Қазақстан заңдарына сәйкес заңды тұлғалар ретінде әрекет етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]