Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор по ВЭДП.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
201 Кб
Скачать
☆

14. Халықаралық ыңғайласпа мәміле түрлерін атаңыз және анықтама беріңіз.

Ыңғайласпа мәмілелерді жүргізу барысында экспортер сатып алушының барлық н/е жартылай импорттық тауар құнын төлемге қабылдауы тиіс. Ыңғайласпа мәмілелердің мысалы ретінде кәсіпорынның көптеген бұзышулықтарынан қазір сирек кездесетін баспа-бас айырбас мәмілелерді айтсақ болады.

Мұндай мәмілеге қол қою үшін 2 бөлек контракт жасалынады:

-Экспорт контракты, бұл жерде сатушы сатып алушыдан белгілі бір ақшалай түсім б/ша тауар сатып алуы тиіс

-Импорт контракты. Сатушы тауарды сатып алуды ынталандыру үшін 3 жақтың көмегімен қолдана алады.

БҰҰ эксперттері Ыңғайласпа мәмілелердің негізгі 3 атайды:

1.    Баспа-бас айырбас мәмілелер

2.    Сауда өтемақылық мәмілелері

3.    Өндірістік өтемақылық мәмілелері

Сауда өтемақылық мәмілелер – бұл бір-бірімен органикалық түрде байланыспайтын әр түрлі тауарлармен шағын мөлшердегі сомаға жасалатын қысқа операция.

Өндірістік өтемақылық мәмілелер – бұл жерде мәмілелер үлкен сомада жасалынады. Мәселен, өндірістік жабдықтау н/е фабрикаларды сату.

Ұйымдық-құқықтық жағынан ыңғайласпа мәмілелердің мынадай түрлерін атасақ болады:

1.    Валютасыз төлем негізіндегі тауар айырбастау н/е өтемақы мәмілесі

2.    Коммерциялық негіздегі өтемақылық мәмілелер

3.    Өндірістік серіктестік келісімі негізіндегі өтемақылық мәмілелер.

Баспа-бас айырбас мәмілелер – келісімшартпен бекітілген экспорттық-импорттық валютасыз, бірақ құны теңдестірілген ж/е бағаланған тауар айырбас операциялары. Баспа-бас айырбас мәмілелер екіжақты ж/е көпжақты түрде жасала береді. Тауар құнын бағалау әлемдік н/е шарттық бағалар арқылы жасалады. Бұл кедендік статистиканы есептеуге, айырбас мөлшерін анықтауға, сақтандыру сомаларын ж/е келісімшартты орындамаған кездегі санкция мөлшерін анықт ауға көмектеседі.

Баспа-бас айырбас мәмілелер қарапайым жазбаша түрде жасалады:

1)   Келісімшарттың мезгілі мен нөмері болу керек

2)   Келісімшарт 1 құжат негізінде жасалады. Бірақ халықаралық деңгейдегі баспа-бас айырбас мәмілелер бірнеше құжатта жасалады

3)   Келісімшартта мөлшері, сапасы, тауардың бағасы, экспорттың мезгілі мен шарты, жұмыстығ жасалу мерзімі ж/е құжаттар тізімі көрсетілу керек.

15.Валюта бағамдарының түсінігі және түрлері. Валюталық бағамдарды басқару құралдары

Валюта бағамы - екі валюта арасындағы арақатынас яғни белгілі бір валютаның басқа елдің ақша бірліктеріі арқылы көрсетілген өзгеше “баға”. Екі валюта арасындағы арақатынас заңды түрде орнатылады немесе нарықтағы сұраныс пен ұсыныыстың негізінде қалыптасады. Ұлттық валютаның бағамы елдің макроэкономикалық көрсеткіштермен тығыз байланысты. Сонымен қатар халықаралық экономикалық қатынастардың барлығына өте үлкен ықпалын тигізеді:

- валюта айырбастау операцияларына ;

- халықаралық саудаға;

- инвестицияның халықаралық қозғалысына және т.б.

МВФ жіктеуі бойынша 1982ж барлық мемлекеттердің валюталары бағамның еркін өзгеру сатысна байланысты келесі түрлерге бөлінеді:

- бекітілген валюта бағам; - валютанның шектелген икемді бағамы; - қалқымалы валюта бағам.

Қалқымалы валюта бағамы – валюта бағамы тек қана нарықтық күштің әсерінен қалыптасады.

Бекітілген валюта бағамы – белгіленген шекте ғана валюта бағамының қалқымалы болуы қажет. Егер де осы шектен асатындай жағдай болса онда Орталық банк интервенция жүргізеді және валюта нарығындағы тенденцияны өзгертуге тырысады.

Валюталық бағамның басқа да түрлері

Валютаны жеткізу мерзімі бойынша сыныпталуы:

а) спот-бағам – бағам туралы келіскеннен кейін екі күннен көп емес мерзім ішінде валюта айырбасы;

б) форвардтық бағам – бағам туралы келіскеннен кейін үш күннен көп мерзімдегі валюта айырбасы.

Икемділік деңгейі бойынша сыныпталу:

1. тиянақталған валюталық бағам – 2.25% уақытша ауытқуға мүмкіндік беретін ұлттық валюталар арасындағы ресми орнатылған арақатынас.

2. шектелген икемді – орнатылған ережелерге сәйкес 7.25% уақытша ауытқуға мүмкіндік беретін ұлттық валюталар арасындағы ресми орнатылған арақатынас.

3. құбылмалы валюта бағамы – бұл мемлекет белгілі бір жағдайларда валюталық интервенция жолымен әсер ете алатын сұраныс пен ұсыныс әсерінен еркін өзгеретін бағам

Валюта бағамын басқарудың негізгі әдістері:

1) Валюталық интервенция - шетел валютасын ұлттық валютаға сату-сатып алу;

2) Ашық нарықта орталық банктің операциялары - бағалы қағаздарда сату және сатып алу;

3) Орталық банктің пайыздық мөлшерлемесінің деңгейін өзгертуі немесе қордың міндетті нормаларын өзгертуі;

16. СЭҚ-де тәуекелдердің түсінігі және түрлері

тәуекел – СЭҚ-қа қатысушылардың оның салдарынан ауыр деңгейде мемлекетке залал келтіруі және (немесе) келтірілуі мүмкін екендігін ескере отырып, кедендік заңнамаларын сақтамау мүмкіндігі.

Тәуекел – кәсіпорын қызметінің ажырамас ерекшелігі. Бұл қызметте белгісіздік дәрежесі жоғары. Басқа сөзбен, шешім қабылдай отырып кәсіпкер жобаны іске асыруға шығын көлемі жөнінде немесе жобадан түсетін пайда жайында нақты және анық ақпараты болмайды. Кәсіпкер тауар қоры көлемі жөнінен де ақпараты жеткіліксіз болады және т.б.

Кәсіпорын қызметінде тәуекел тауар сату және сатып алу бағасының айқынсыздығынан, пайыздық қойылымнан,сатуда шығарылатын өнім көлемі және т,б, болып табылады. Пайда көлемі тәуекелі кәсіпорынның қаржы жоспарында ұшырайды. Тәуекел өзін «жол болады – болмайды» деген қағида бойынша қорытынды есепте көрсетеді. Тәуекел өз болмысында болашақта анық пайда алу мүмкіндігінің құны, кәсіпорынның экономикалық еркіндігі б.т. Тәуекелде болжаған нұсқамен салыстырғанда шығынның көпке түсуі мүмкіндігі де болады.

Сыртқы сауда мәмілелері өте қиын және күрделі боып келеді, себебі ол әртүрлі тәуекелдердің үлкен көлемімен байланысты.

Тәуекел түрлері:

1.Саяси. Саяси тәуекел елдегі саяси тұрақсыздықпен байланысты.Ондай жағдай өркениетті инвесторларды саяси ахуалы нашар елге капитал салуын қорқытады.

3.коммерциялық. Ол байланысты: мәміле бекітілгеннен кейінгі тауар бағасының өзгеруі, импортердің тауарды қабылдаудан бас тартуы, тауар төлемінен кейінгі құжаттағы қателер, валюталық құралдарды теріс пайдалану мен ұрлау, жалған банкнотпен не чекпен төлем және т.с.с. жүкті тасымалдау кезінде.

4.инфляциялық тәуекел. – ол инфляциялық процеске байланысты қор құнының түсуі.

5.өтімді (ликвидный) тәуекел – керек көлемде қорды тез сату және сатып алу дәрменсіздігі.

6.несиелік тәуекел – қарыз алушының қарыз төлемеуі, сонымен қатар қарыз қызметінің тұрақсыздығы.

7.инвестициялық тәуекел – жұмыстан капиталды шығару мүмкін емес кезде салынған капиталды құнсыз ету

8.резервтік тәуекел – баға өзгерісі мен моральді тозумен қатысты запастарды құнсыз ету.

9.пайыздық тәуекел – банк пайыздық мөлшерлемесінің күтпеген жерден өзгеруі.

10.валюталық тәуекел – шетел валютасының күтпеген жерден өзгеруі. Коммерциялық тәуекел арасында валюталық тәуекел ерекше орынға ие.

17)төлем балансының түсінігі, ережесі және қағидалары

      Капиталмен  және қаржылармен жасалынатын операциялардың шоттары тура шетелдік инвестицияларды  тартуды немесе капиталдың шетелге  қайтуын қоржынды инвестицияларды, мигранттардың, трансферттерін, коммерциялық кредиттерді, қарыздарды, басқа да инвестицияларды бейнелеп көрсетеді.

      Ағымдағы  операциялар шоты және капиталмен жасалатын  шот өзара байланысты: біріншінің тапшылығы сырттан капиталдың құйылымы есебінен жабылады: ағымдағы операциялардың актив шоты жағдайы кезінде капитал мен кредиттер жылыстайды.

      Резервтік активтердің жайғасымы монетарлық алтынды, қарыз алудың арнаулы құқықтарын, шетелдік валютадағы талаптарды қамтиды: басқа елдерге қатысты міндеттемелерді шегергеннен кейін таза алтын резервтері жасалады. Бұл жайғасым екі шоты-ағымдағы операциялардың және капиталмен жасалатын операциялардың шоттарын теңдестіреді.

      Қателер мен рұқсатнамалар көлеңкелі  бизнесті қоса алғанда бейрезиденттермен  жасалынатын ресми есепке алынбаған операцияларды сипаттайды.

      Төлем балансының ерекшелігі сол, онда босалқы  қорлар мен қорланымдар емес, қаржылардың  ағыны, олардың кезең ішіндегі өзгерісі қамтып көрсетіледі. Түрлі валюталарға  атауланылған операцияларды, соманы аударуды құндық бағалау бірыңғай валютаға келтіріледі. Экономикалық құндылықтармен жасалатын операцияларды тіркеу, оларды жасау, трансформациялау, айырбастау немесе өтеу, меншік иесінің ауысуы мезетінде жүргізіледі.

     Төлем балансының жағдайына ықпал етудің бірнеше негізгі әдістері бар. Бірінші-тікелей бақылау, регламенттік импортты қосқанда және кедендік  жинақтар, шетелдік инвестициялар арқылы және ақшалай трансферттер арқылы жеке адамдардың пайда келтіруіне тыйым салу және шектеу, осындай көмектің күрт қысқартылуы, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді капиталдың шығарылуы және тағы басқалар.

     Елдің төлем балансын мемлекет реттейді. Бұл ертеден келе жатқан теория. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басында Д. Юманың стандарт шартында автоматты түрде теңестірілудің классикалық теориясы өте жоғары дамыған.

      Төлем балансы оның құлдырауына байланысты төмендейді, жақсаруына байланысты жоғарылайды. Бұдан кейін неоклассикалық эластикалық  әдіс қалыптасты. Оны Дж. Робинсон мен  Лернер ойлап шығарды.

      Сауда балансының сальдосы =Рэ/Ри*К болып табылады.

      Мұнда: Рэ- экспорттық тауарлар баағсының деңгейі

      Ри-импорттық тауарлар бағасының деңгейі

      К-валюта курсы

      Төлем балансының тепе-теңдік жеткізу құралы - валюталық курс өзгерімділігі болып табылады.

      Демек, осындай жағдайда келесі көрсеткішті  пайдалану қажет. Ол экспорт пен импорт сұранымының эластикалық коэффициенті болып табылады. С. Александрдың еңбегі Дж. Мид және Я. Тинбергеннің идеясына сүйене отырып, абсорбциондық тұрғыдан келіп, жалпы алғанда кейнсиандық теорияға сүйенеді.

      Абсорбциондық тәсіл төлем балансы жағдайының жақсарғанын елдің  табысының, оның ішінде абсорбцияның жалпы көтерілгенін көрсетеді. Бұл теориялардан басқа да көп тәсіл қарастырылады. Соның ішінде монетаристік тәсіл. Монетаристердің көзқарасы бойынша, елдің ақша рыногындағы тепе-теңдіктің болмауы төлем балансындағы тепе-теңдіктің болмауын анықтайды.

      Төлем балансының дефицитін болдырмау  үшін ақша массасын қатаң қадағалау  қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]