- •1.Сыртқыэкономикалық қызмет (сэқ) түсінігі және сэб-дан айырмашылығы
- •2) Сэқ нысандары мен түрлерін атап шығыңыз
- •3. Сыртқы сауда нысандарын атаңыз және оларға анықтама беріңіз
- •6 Қр сыртқыэкономикалық саясатының құралдарын атаңыз және анықтама беріңіз
- •7. Валюталық бағамды басқару дегеніміз не, ол қандай нысанда жүзеге асырылады?
- •Сыртқы қарыздарды басқару құралдары, олардың түрлері
- •Халықаралық инвестициондық ынтымақтастық нысандарын атаңыз және оларға анықтама беріңіз
- •10. Халықаралық өндірістік кооперациялардың нысандарын атаңыз және оларға анықтама беріңіз.
- •12. Елдің сэқ және сэб қандай көрсеткіштер сипаттайды?
- •Сэб көлемі көрсеткіштері:
- •2. Елдің (кәсіпорынның) әлемдік шаруашылық жүйесіндегі интерграциялану көрсеткіші:
- •Сэб динамикасы көрсеткіштері:
- •11. Халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастық нысандарын атаңыз
- •4.Сэб құрылымы көрсеткіші:
- •5. Сэқ нәтижелілігінің көрсеткіші:
- •Елдің сэқ-на қандай факторлар ықпал етеді?
- •14. Халықаралық ыңғайласпа мәміле түрлерін атаңыз және анықтама беріңіз.
- •15.Валюта бағамдарының түсінігі және түрлері. Валюталық бағамдарды басқару құралдары
- •18. Резиденттер және бейрезиденттер дегеніміз не?
- •(Қарыздар)
- •(Кредитор)
- •20. Төлем балансының ағымдағы операциялар шотына не кіреді?
- •21 Елдің төлем балансының қағидалары және құрылымы
- •22. Кәсіпорынның активтері мен пассивтері дегеніміз не?
- •23.Халықаралық сауда келісімдерін дайындау кезеңдерін атаңыз
- •Ыңғайласпа мәмілелер (встречные сделки) және баспа-бас айырбас мәмілелер (бартерные сделки) дегеніміз не?
- •25. Ыңғайласпа сауда (встречная торговля) және сауда өтемақысы (торговая компенсация) дегеніміз не?
- •26. Ыңғайласпа сауда және өнеркәсіптік өтемақысы дегеніміз не?
- •27. Валютасыз төлем негізінде тауар айырбастау мен өтемақылы мәмілелер
- •Коммерциялық негізінде өтемақылы мәмілелердің түрлері
- •29.Өндірістік ынтымақтастық туралы келісімдер негізінде өтемақылы мәмілелердің түрлері.
- •Технологиялармен халықаралық айырбастау нысандары және технологияларды қорғаудың құқықтық нысандары
- •31. Сыртқысаудалық келісімшарттың мазмұны мен құрылымы
- •32. Сыртқы саудалық келісімшартты жасау ережесі, қағидалары мен ерекшеліктері
- •35. Сауда-делдалдық фирмалардың түрлері мен қызметтері.
- •36 Кәсіпорындардың сэқ-не қр-ның Кедендік одаққа кіруінің ықпалы
- •37. Кәсіпорындардың сэқ-не қр-ның дсұ-на кіруінің ықпалы
- •38. Сатып алу-сату қызметтері бойынша сыртқысаудалық мәмілелердің түрлерін атаңыз
- •Өндірістік-техникалық қызметтер дегеніміз не және олардың түрлері?
- •40. Жалгерлік мәмілелердің түсінігі және түрлері
- •41. Лизинг түсінігі және түрлері
- •Лизингтің негізгі түрлері
- •42. Әлемдік нарықта контрагенттің түсінігі және түрлері.
- •Сыртқысаудалық келісімшарттың талаптары және жасалу тәсілдері
- •Сыртқы саудалық келісімшарттың құрылымы
- •Инкотермс дегеніміз не және олардың сэқ-дегі рөлі?
- •46. Инкотермс ерекшеліктері мен түрлерін атаңыз
- •48. Ыңғайласпа саудадағы жаһандық келісімдер және олардың түрлері
- •49. Коммерциялық негізінде өтемақылы келісімдер дегеніміз не және олардың түрлері
- •50. Өндірістік (өнеркәсіптік) ынтымақтастық туралы келісім негізінде өтемақылы мәмілелер және олардың түрлері
- •51 Халықаралық инвестициондық ынтымақтастықтағы тұк рөлі
- •52.Технологиялармен халықаралық айырбастау денегіміз не және олардың түрлері?
- •53. Инженерлік-техникалық қызметтердің түрлері және инжиниринг түсінігі
- •Халықаралық есеп айырысу нысандары дегеніміз не және олардың түрлері?
- •55. Алдын ала төлем, Ашық шот, Аккредитив және Инкассо айырмашылықтары мен ерекшеліктерін атаңыз
- •56. Сыртқысаудалық мәмілелер кезінде коммерциялық және үкіметтік құжаттамаға не кіреді?
- •57. Сыртқысауда мәмілелер кезінде қаржылық және жөнелтім құжаттамасына не кіреді?
- •58. Технологияны табыстаудың негізгі нысандары
- •59. Биржалық сауданың ерекшеліктері
- •Аукциондық сауданың ерекшеліктері
7. Валюталық бағамды басқару дегеніміз не, ол қандай нысанда жүзеге асырылады?
Әр елдің басты элементі оның ұлттық валютасы б.т. Көптеген халықаралық экономикалық операциялар елдердің ұлттық валюталарының айырбасын қамтиды.
Валюта бағамы дегеніміз - бір елдің ақша бірлігінің бағасы басқа елдердің ақша бірлігінде көрсетілуі. Валюта бағамы валюталардың өзара котировкасын білдіреді.
Валюталық котировка валюта бағамын анықтайтын процесс болып табылады.
Валюталық котировканың 2 әдісі бар: тікелей және жанама.
Мысалы: 1тенге=0,0067$, бұл жерде тенге үшін тікелей котировка болады да, ал доллар үшін жанама котировка. Жанама котировка кезінде бір елдің ұлттық валютасының белгілі бір көлемі валюталық бағым бойынша шетел валютасының бір бірлігі бойынша көрсетіледі. Валюта бағамын басқару девальвацияға және ревальвацияға бағытталуы мүмкін. Девальвация - валюта бағамын төмендету, ал ревальвация - валюта бағамын көтеру.
Валюта бағамын басқаруда мемлекеттің іс әрекеті валюталық интервенция арқылы жүзеге асады, яғни шетел валютасын ұлттық валютаға сату-сатып алу. Шетел валютасын ұлттық банктің сатып алуы шетел валютасына сұранысты ұлғайтуды, ал ұлттық валютаның бағамын төмендетуді білдіреді. Валюта бағамының өзгерісіне сондай-ақ ұлттық банктің ақша-несие саясаты да әсерін тигізеді.
Валюта бағамын басқарудың негізгі әдістері:
1) Валюталық интервенция - шетел валютасын ұлттық валютаға сату-сатып алу;
2) Ашық нарықта орталық банктің операциялары - бағалы қағаздарда сату және сатып алу;
3) Орталық банктің пайыздық мөлшерлемесінің деңгейін өзгертуі немесе қордың міндетті нормаларын өзгертуі;
Сыртқы қарыздарды басқару құралдары, олардың түрлері
Сыртқы қарыз- жалпы мемлекеттің ақшалай міндеттемесі,яғни мемлекеттің жалпы сыртқы қарыздарға қарыз болуы және солар бойынша төленбеген пайыздық мөлшерлемелер.
Алынуы мүмкін:
Мемлекеттің үкіметі
Қаржы-несие ұйымдары
Тікелей мемлекеттің ірі кәсіпорындары
Басқа мемлекеттердің қаржы-несие ұйымдарынан
Сыртқы қарыздың құралдары:
Әлемнің қаржы-несиелік ұйымдарынан тікелей қарыз алу (Париждік клуб,Әлемдік Банк,ХВФ)
Облегацияларды шығару
Əлемде өмір сүріп отырған мемлекеттердің ішінде сыртқа ешкімге қарызы жоқ елді табу қиын, өйткені, қарызы жоқ мемлекет болмайды. Дегенмен, сыртқы қарыздың толассыз өсе беруі күндердің күнінде ел экономикасын дефолтқа əкеліп соқтыратыны — тарихта сан рет дəлелденген ақиқат. Мəселеге осы тұрғыдан қарасақ, Қазақстанның сыртқы қарызының аса қомақты екені көңілге күдік ұялатары анық. Кез келген мемлекеттің қарызды ішкі капиталының көлемін арттырып, ел экономикасын нығайту мақсатында алатыны рас. Бірақ, сырттан алған қарыз мақсатты түрде жұмсалмаса, бұл елді екі түрлі қиындыққа тап келтіреді: біріншіден, қаржы өз мақсатында жұмсалмай, дер кезінде кері қайтарылмайды да, есесіне оның өсімақысы арта береді. Екіншіден, әлгі қаржыны ал-ғандағы басты мақсат жүзеге аспай қалады Сыртқы қарыз көлемі өсе берсе, бұл ақыр соңында ел экономикасын тақырға отырғызып, оны дефолтқа ұшыратады. Бүгінгі күні Қазақстанның сыртқы қарызы көлемінің артқаны соншалықты, ол ел экономикасына қатер төндіретіндей халге жетті. Мұны ел бюджетінің орындалуын бақылау мен қадағалау үшін құрылған Есеп комитетінің өзі жоққа шығармайды. Аталған құрылымның ақпары рас болса, Қазақстанның сыртқы қарызы бү-гінгі күні 111 миллиард долларға жетіпті. Бұл — қазіргі таңда елдегі ІЖӨ көлемінен 100,8 пайызға артық көрсеткіш. Сыртқы қарыз — қайтарылуға тиіс қаражат, оның белгілі бір мерзім өткен сайын үстіне қосылып отыратын өсімақысы бар. Түптеп келгенде, өсімақы қарыз алушы емес, қарыз беруші елдің экономикасының бүйірін шығарып, байытуға қызмет етеді. Осыны түйсінген елдер сырттан дорбалап емес, вагондап қарыз ала бергеннен гөрі ел ішіндегі ауыс-түйісті, базбір мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға көңіл бөлуді жөн санай-ды. Ал, біздің елдің сыртқы қарызы мемлекет үшін белгілі бір деңгейде қауіпсіздік тудыратындай шектен асып кеткенімен, оны қайтаруымыз көңіл көншітерліктей емес. Мұндай жағдай-да, елдің ІЖӨ пәленбай пайызға өсті деп күллі әлемге жар салуымыз — берісі — әбестік, әрісі — сырт көзді алдау. Осыдан 10 жыл бұрын 8 миллиардтан басталған сыртқы қарызымыз қазір 111 миллиардқа жетіп, мойынға ауыр салмағын салып, еңсені басып тұр. Осы қаржыны елдегі әр жан басына шақсаңыз, әрбір қазақстандыққа 7 мың доллардан келеді екен. Доллар түсіне де кірмейтін, күнін тиын санап әзер көріп отырған қаймана халықтың теңге түріндегі қарызының өзі жетерлік. Той-томалақ пен топырақты өлімде қарызданып-қауғаланып несие алатын жұрт жұмыс жоқтықтан әлгі алған несиелерін қайтара алмай қиналып, әуре-сарсаңға түсуде. Мұның сыр-тында мектеп пен балабақшаға, жоғары оқу орнына, пәтерақыға төлейтін ақша тағы бар. Осының бәрін дер кезінде төлей алмай, қарызға әбден милықтаған жұрттың ашынысында шек жоқ. Соған қарағанда, Үкімет пен мемлекеттік органдар сыртқы қарызға бақылау жасауды қолдарынан шығарып алғандай әсер қалдырады. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін құрылған Есеп комитеті аса қомақты қарыздардың басым бөлігінің мемлекетке қатысы бар құрылымдарға (түрлі ұлттық компаниялар, мемле-кеттік даму институттары, екінші деңгейдегі банктер) тиесілі екенін алға тартады. Бұлар өз рейтингтерін пайдаланып, үнемі жеңілдетілген несиеге қол жеткізеді. Аталған құ-рылымдарда мемлекеттің де үлесі бар, сондықтан қарыздардың белгілі бір бөлігі мемлекеттік бюджеттен қайтарылатыны өз-өзінен түсінікті болса керек. Аталған комитет елге келген сыртқы қарызды есептеудің тетігін тапқанмен, оның қайда жұм-салып жатқанынан бейхабар сияқты. Содан да болар, осы мекеменің ресми өкілдері қарыздардың қай салаға жұмсалғандығы туралы қойылған сұрақтарға сырғақси жауап беріп: «Барша талдау мен ақпараттар қоры-тындысы Елбасы атына жолданған, тиісті ақпардың бәрі сонда анық көрсетілген»,— деп, мәселенің ар-тын сиырқұйымшақтатып жібереді. Шын мәнінде сырттан алынған қы-руар мол қарыздардың қай салаға жұмсалғандығы елден жасырылмай, баршаға ашық болуы керек еді. Өйткені, билік елдің сырттан алған қарызын қарапайым салық төлеуші халықтың табан ет, маңдай терімен тапқан еңбекақысынан ұсталып, бюджетке түскен ақшадан, яғни сіз бен біздің есебімізден төлейді ғой. Ал, бізде елге сырттан келген қыруар мол қаржының кірген ізі бар да, шыққан ізі жоқ, зым-зия. Биылғы жылы ғана бұрынғы қарыздардың үстіне тағы да 25 миллиард доллар қаражат қосылды. ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Бисенғали Тәжияқов Үкімет оты-рысында: «Екінші деңгейдегі банк-тердің сыртқы қарызы алдын ала деректерге сәйкес, 20,5 миллиард долларды құрап отыр. Үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында банктердің сыртқы қарыздарының көлемі 5 миллиард долларға кеміп, оның бүгінгі таңдағы көрсеткіші 20,5 миллиард доллар шамасында тұр»,— деген мәлімдеме жасаған еді. Осы ресми тұлғаның берген ақпаратына қарамастан, Үкімет барша мәліметтерге көзді жұма қарап, бүгінгі күні өз мойнында ірі көлемдегі қарыз жоқ екенін айтып, қалың бұқараны кәмпит берген ба-ладай алдарқатқысы келеді. Қарап отырсақ, Үкімет нұсқап отырған қарыздың басым бөлігі — компаниялар мен жеке субъекті-лер арасындағы өзара есеп-қисапқа негізделген қарыз-мыс. Осы ақпарға ден қойсақ, әлгі 111 миллиард доллар сыртқы қарыздың ішінде мемлекеттік кепілдіксіз жеке сектордың үлесіне тиетін қарыз мөлшері 108,5 миллиард доллар, ал, мемлекет кепілдік берген сыртқы қарыз көлемі бар болғаны 2,7 миллиард доллар ғана екен.
