- •Абайдың баласы Әкiмбайдың жоқтауы
- •Абайдың өзге ақындармен сөз жарыстыруы
- •Адасқанның алды — жөн, арты — соқпақ
- •Антпенен тарқайды
- •Асқа, тойға баратұғын
- •Ауру жүрек ақырын соғады жай
- •Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей
- •Байлар жүр жиған малын қорғалатып
- •Бір дәурен кемді күнге — бозбалалық
- •Болды да партия
- •Біреудің кісісі өлсе, қаралы — ол
- •Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында
- •Домбыраға қол соқпа
- •Жаздыкүн шілде болғанда
- •Жазғытұры (Жазғытұры қалмайды қыстың сызы)
- •Жалын мен оттан жаралып
- •Жастықтың оты жалындап
- •Жақсылық ұзақ тұрмайды
- •Желсіз түнде жарық ай
- •Жылуы жоқ бойының
- •Жігіт сөзі (Айттым сәлем, қаламқас)
- •Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат
- •Жүрегім, нені сезесің
- •Көлеңке басын ұзартып
- •Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да
- •Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа
- •Лай суға май бітпес қой өткенге
- •Малға достың мұңы жоқ малдан басқа
- •Менсінбеуші ем наданды
- •Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен
- •Ойға түстім,толғандым
- •Оспанға
- •Сағаттың шықылдағы емес ермек
- •Талай сөз бұдан бұрын көп айтқамын
- •Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ
- •Қажымас дос халықта жоқ
- •Қайғы шығар ілімнен
- •Қалың елім, қазағым, қайран жұртым
- •Қансонарда бүркітші шығады аңға
- •Қарашада өмір тұр
- •Қартайдық,қайғы ойладық,ұлғайды арман
- •Қатыны мен Масақбай
- •Қыздарға (Қойдан қоңыр, жылқыдан торы Бәкең)
- •Қыз сөзі (Қиыстырып мақтайсыз)
- •Құлақтан кіріп, бойды алар
- •Әбдiрахман өлгенде (Арғы атасы қажы едi)
- •Әбдірахманның әйелі Мағышқа Абайдың айтқан жұбатуы
- •Әбдірахманның әйелі Мағышқа Абай шығарып берген жоқтау
- •Әбдірахманға (Орынсызды айтпаған)
- •Әбдірахманға Кәкітай атынан хат (Көзімнің нұрысыз)
- •Әбдірахманға Кәкітай атынан хат (Тілім саған айтайын)
- •Әбдірахман өліміне (27 жасында)
- •Өкінішті көп өмір кеткен өтіп
- •Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы
- •Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?
- •Өлсе өлер табиғат, адам өлмес
- •Ала қойлар (и. А. Крыловтан)
- •Асау той, тентек жиын, опыр-топыр (м. Ю. Лермонтовтан)
- •Бородино
- •Босқа әуре боп келдің бе тағы мұнда? (м. Ю. Лермонтовтан)
- •Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы (я. Полонскийден)
- •Піл мен қанден (и. А. Крыловтан)
- •Теректің сыйы (м. Ю. Лермонтовтан)
- •Шайтан (м. Ю. Лермонтовтан)
- •Шегіртке мен құмырсқа (и. А. Крыловтан)
- •Қарға мен бүркіт (и. А. Крыловтан)
- •Қарға мен түлкі (и. А. Крыловтан)
- •Ескендiр
- •Алтыншы сөз
- •Тоғызыншы сөз
- •Оныншы сөз
- •Он тоғызыншы сөз
- •Жиырмасыншы сөз
- •Жиырма бірінші сөз
- •Жиырма екінші сөз
- •Жиырма үшінші сөз
- •Жиырма төртінші сөз
- •Жиырма бесінші сөз
- •Жиырма алтыншы сөз
- •Жиырма жетінші сөз
- •Жиырма сегізінші сөз
- •Жиырма тоғызыншы сөз
- •Отызыншы сөз
- •Кәрілік туралы
- •Жастарға
- •Шын сырым
- •Ашу мен ынсап
- •Шаруа мен ысырап
- •Анық пен танық
- •Ер қоспақ пен сөз сөйлемек
- •Махаббат пен құмарлық
- •Міндеу мен күндеу
- •Қазақ айнасы
- •Піскен мен шикі
- •Бай мен кедей
- •Партия адамдары
- •Абай марқұм өткен соң өзіме айтқан жырларым
- •Мал жимақ
- •Насихат
- •Хайуан мен ақымақтар
- •Сәнқойлар
- •Еріншек
- •Құмарлық
- •Жан менен дене һәм көңіл
- •Қалжыңшыл қылжақпас
- •Сөз сынап, өлең өлшемен
- •Ажалсыз әскер
- •Бояулы суыр
- •Қаншыр мен бөдене
- •Ақылшы торғай
- •Қасқыр, түлкі, бөдене
- •Талап пен ақыл
- •«Кәрілік— шал деген бір ат қылғандай...»
- •«Мен адамның таппаймын өнерлісін...»
- •Ақындарға
- •Ескі ақындық
- •Жасымнан жетік білдім түрік тілін
- •«Адамның ең жақсысы...»
- •«Қазақ» газеті мен «Айқап» журналына сөз жазушыларға
- •«Адамнан артық жәндік жаралмаған...»
- •«Бір ханның кеудесіне жара шыкқан...»
- •«Ана жыл әскер шығып оңнан-солдан...»
- •«Тумақ, өлмек — тағдырдың шын қазасы...»
- •«Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр...»
- •«Наушеруан аңда жүріп киік атқан...»
- •«Бір ханда екі ұл бопты бір туысқан...»
- •«Кәрілік— құтылмайтын бір қазған ор...»
- •«Ғайсадай жан беретін таңның желі...»
- •«Аңда жүріп шөлдеген Ашам патса...»
- •«Епті тышқан бидайды таси берген...»
- •Насихат
- •«Партия қуған өңкей қырт...»
- •Адам немене?
- •Серігім жалғыз Әупіш қасымдағы
- •Бостандық туы жарқырап
- •Бостандық таңы атты
- •«Анадан алғаш туғанымда...»
- •Бұл ән, бұрынғы әннен өзгерек
- •«Қай жолдассың, айтшы сен?...»
- •«Жылым— қой, жұлдызым — июль...»
- •«Жас алпыстан асқан соң...»
- •Тау басындағы ой
- •«Тура жолда қайғы тұрмас...»
- •Адамшылық
- •«Таң» журналына жаңа бір әнмен байғазы
- •Жарымды жаным сүйді, сүйе алмай тәнім күйді
- •«Мінін айтса, бұзылмас кімнің түсі...»
- •«Адамның еркі қайда» -деп ақылдан сұрағаным
- •Ақылдың жауабы
- •Қорқыт, Кожа Хафиз түсіме енді де...
- •Қорқыттың сарыны
- •Тіршілік, жан туралы
- •«Шошыма достым сөзімнен...»
- •«Әлемді түгел мен көріп...»
- •«Өртейін деп отқа көмдім...»
- •«Өмірдің ұнап ойыны...»
- •«Өмір сырын көздесең...»
- •«Жүректен аққан қанымнан...»
- •«Қобызым неге сарнайды?...»
- •«Сорлы бұлбұл жазға асық боп...»
- •«Қырық жылдан өтіп жасым...»
- •«Ақыл құсы адаспай аспандаса...»
- •«Шам жардан жарықпын деп күнәлі боп...»
- •«Тауық неге шақырар сағат сайын?...»
- •Арақ, мастық, жар, жан, шатақ иманның шешуі
- •Қош, жұртым
- •Жайлаудың баласымен айтысқан өлеңі
- •Жұмбақтардың шешуі
- •Ажал, маған арақ берсең
- •Жер жүзiне қарасам
- •Жиырма үш жасымда
- •Дубровский әңгімесі.
- •Нартайлақ пен Айсұлу
- •Қалқаман-Мамыр
- •Еңлік-Кебек
Адасқанның алды — жөн, арты — соқпақ
Адасқанның алды — жөн, арты — соқпақ,
Оларға жөн арамның сөзін ұқпақ.
Қас маңғаз малға бөккен кісімсініп,
Әсте жоқ кеселді істен биттей қорқпақ.
Бір аршопке шапаны сондай шап-шақ,
Мүшесінен буынып, басады алшақ.
Қарсы алдына жымырып келтірем деп,
Ақ тымақтың құлағы салтақ-салтақ.
Жаздыкүні ақ бөркі бүктелмейді-ақ,
Қолында бір сабау бар о-дағы аппақ,
Керегеге сабауды шаншып қойып,
Бөркін іліп, қарайды жалтақ-жалтақ.
Қу шалбар қулығына болған айғақ,
Тізесін созғылайды қалталанса-ақ.
Ұстаудағы кісідей мезгілі бар,
Күні бойы шешініп, бір т...-ақ.
Тірі жанға құрбы боп жап-жасында-ақ,
Қалжыңдамақ, қасынбақ, ыржаңдамақ,
Бет-аузын сөз сөйлерде жүз құбылтып,
Қас кермек, мойын бұрмақ, қоразданбақ.
Осындай сидаң жігіт елде мол-ақ,
Бәрі де шаруаға келеді олақ.
Сырын түзер біреу жоқ, сыртын түзеп,
Бар өнері — қу борбай, сымпыс шолақ.
Олардың жоқ ойында малын бақпақ,
Адал еңбек, мал таппақ, жұртқа жақпақ.
Жалғыз атын терлетіп, ел қыдырып,
Сәлемдеспей, алыстан ыржаң қақпақ.
Алла деген сөз жеңіл
Алла деген сөз жеңіл, Аллаға ауыз жол емес. Ынталы жүрек, шын көңіл Өзгесі хаққа қол емес.
Дененің, барша қуаты Өнерге салар бар күшін. Жүректің ақыл сауаты Махаббат қылса тәңірі үшін.
Ақылға сыймас ол алла, Тағрипқа тілім қысқа аћ! Барлығынша шүбәсіз, Неге мәужүт ол қуа.
Ақыл мен хауас барлығын Білмейді жүрек,сезедүр, Мұтәкәллимин мантикин Бекер босқа езедүр.
|
Алланың өзі де рас, сөзі де рас
Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз ешуақытта жалған болмас, Көп кітап келді алладан, оның төрті, Алланы танытуға сөзі айрылмас.
Әманту оқымаған кісі бар ма? Уәктубићи дегенмен ісі бар ма? Алла өзгермес, адамзат күнде өзгерер, Жарлықпен ол сіздерге, сіз де оларға...
Замана, шаруа, мінез күнде өзгерді, Оларға кез-кезімен нәби келді. Қағида шариғаты өзгерсе де, Тағриф алла еш жерде өзгермеді.
Күллі махлұқ өзгерер, алла өзгермес, Әћли кітап бұл сөзді бекер демес. Адам нәпсі, өзімшіл мінезбенен Бос сөзбенен қастаспай түзу келмес.
Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп Және хақ жолы осы деп әділетті.
Осы үш сүю болады иманы гүл, Иманның асылы үш деп сен тахқиқ біл. Ойлан-дағы, үшеуін таратып бақ, Басты байла жолына, малың түгіл.
Дін де осы шын ойласаң, тағат та осы, Екі дүние бұл тасдиқ— хақтың досы. Осыларды бұзатын және үш іс бар: Пайда, мақтан, әуесқой онан шошы.
Руза, намаз, зекет, хаж—талассыз іс, Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс. Бастапқы үшін бекітпей, соңғы төртті Қылмағанмен татымды бермес жеміс.
Бас жоғары жаралған, мойын төмен, Қарашы, дене біткен ретімен. Істің басы — ретін танымақтық. Иман білмес тағатты қабыл демен.
Имамдар ғибадаттан сөз қозғаған, Хұснизән мен иманды білді ойлаған. Иманның тазалығын жақсы ұқтырмай, Сыртын қанша жуса да, іші оңбаған.
Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ, Мү'мин болсаң, үйреніп сен де ұқсап бақ. Құран рас, алланың, сөзі дүр ол, Тә'уиліне жетерлік ғылымың шақ.
Алланың, пайғамбардың, жолындамыз, Ынтамызды бұзбастық иманымыз. Пайда, мақтан әуесқой — шайтан ісі, Кәні біздің нәпсіні тыйғанымыз?
Мү'мин болсаң, әуелі иманды бол, Бендеге иман өзі ашады жол, Шыр айнал да, таза ойла бір иманды, Мұнафиқ намаз қылмап па, мағлұм ғой ол.
Алла ішімді айтқызбай біледі ойла, Бендесіне қастықпен кінә қойма. Распенен таласпа мү'мин болсаң, Ойла, айттым, адамдық, атын жойма! |
