Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Абай мен Шкрім.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
721 Кб
Скачать
☆

Жұмбақтардың шешуі

Жұмбақ ойды кеңітер, бермейді сөз, Таза суы - шешендік, дариясы - сөз. Әншейін ауызбенен айтылғанда, Сөзді құлақ естиді, көрмейді көз. Ыдыс - қаріп, көз көріп тізбелейміз. Оның айтқан дыбысын естімейміз, Дария көрген - хат білген жалпы адамдар. Ылай, тұнықты айырған есті дейміз. I-Қарындаш, II-жел. IV Ине керек, қылмайды, киім тамақ, Ұйықтаймын деп ешқашан жаппас қабақ. Жылпылдатып бұйымды тігесіз ғой Тұлымдары - өткізген жіптен сабақ. V Тоғыз қатын, тоғыз сан, тоғыз бөлек, Тоғыз цифр киеді түсі өзгерек. Бірінен-бірі жуан бола беріп, Ойласаң тоғыздан «он» туса керек. Киімі оның бір цифр, бір ноль болар, Ноль деген цифрдан жат бір дөңгелек. Қанша санды жазса да осы он цифр, Жететінін байқарсыз, болсаң зерек. VI Деп ойларсың таба алмай бұл немене? Таба алмасаң, айтайын, ол таз-кене! Түйе кене атанып қанға тойса, Көксұр болып кетеді күрең дене. VII Бір қағазды қи-дағы үш бұрыштап, Бір бұрышын ортасынан кес дұрыстап. Қалған қағаз болады төрт бұрышты, Үш бұрышты қиығын тұрсаң ұстап. VIII Жұмбақ айтып не керек әуре қылмақ, Керегі сол: ойланып ой ашылмақ. Әлемде әр нәрсенің қарсысы бар, Бар қарсысы «жоқ» еді осы жұмбақ.

Ажал, маған арақ берсең

Ажал, маған арақ берсең, Кейімей мас болып өлсем, Қияметте түрегелсем, Айықпай қуанып жүрсем. Сұрау мастан алынбаса, Күнәм кірге салынбаса, Дозақ оты жалындаса, Оны Жар нұры деп білсем. Арақпен өртелген тәнім, Азапты сезбесе жаным, Күл отқа жанбауы мәлім, Отымен ойнасам, күлсем. Жалындап жанса мың есе, Маған жалын білінбесе, Екі жану арам десе, Бейіске мас болып кірсем. Қиял емес, тілегім шын, Бұл иманнан табылмас мін, Көрер едің талай сырын, Жүрегімді жарып тілсем. Сопының иманын, ойын, Әлемнің қызығын, тойын, Бағын, тағын, пұлын, қойын Талақ болсын - көзіме ілсем. Бейісте хор қызы деген, Таза сусын, жеміс жеген, Солай деп нануым неген, Жамандатсын пырақ мінсем Зауалсыз бір рахат барын, Мысалдаған бұ бір сарын, Жатынға мұнда не барын, Барып айт, ұқтыра білсең.

Жер жүзiне қарасам

Жер жүзiне қарасам, Неше түрлi халық бар. Дiн, иманын, санасам, Мыңнан артық анық бар. «Бұл қалай?» деп ойласам, Мұның да бiр сыры бар. Терең ойға бойласам‚ Дәл мынадай түрi бар: Жардың шашы сансыз көп‚ Ол санауға келмей тұр. Анық нұры осы деп, Әркiм бiр тал ұстап жүр. Бiреу отқа жағынды: «Нұрдың түбi - Құдай»,- деп. Не суретке табынды: «Олай емес‚ былай»,- деп. Бiрi: «Құдай - бiр»,- десе‚ Бiрi айтады: «Көп Құдай». Бiрi: «Тәңiрi - күн»,- десе‚ Бiрi дейдi: «Жоқ Құдай». Мiне‚ осыдан байқалды - Бәрi iздеп жүр иесiн. Табамыз деп ойға алды‚ Жаратқанның киесiн. Жас қозыдай болып тұр‚ Бiлсек мұның мысалы. Қолтық, шабын түртiп жүр‚ Анық соған ұқсады. Ойды кiмнен алғанын Адам өзi сезбейдi. Жанның айдап салғанын Сезбесе де iздейдi. Хақиқаттың тарауы Түгел жетпей қалмайды. Әртүрлi боп қарауы Көбi анықтай алмайды. Жердiң жүзiн дәл тауып‚ Ешбiр дiн жоқ орныққан. Бәрiнде де бар қауiп‚ Дiн көбейдi сондықтан. Сол көп дiнде шешу бар‚ Ол шешудiң арты бар. Адасқанға кешу бар‚ Кешудiң де шарты бар. Ақ жүрекпен табынып, Шын iздесе тәңiрiсiн. Қиянатты жау бiлсiн‚ Онан тиып нәпсiсiн. Тәңiрi жолы - ақ жүрек‚ Сайтан деген - қиянат. Ақ жүректi ертерек‚ Ескер-дағы қыл әдет! Үш нәрсеге хақиқат, Нансаң, иман, тіпті, оңай. Күнә деген - қиянат, Жан жоғалмас, бар Құдай. Осы үшеуін ақылмен, Әбден сынап нана алсаң, Ақ жолына қойдың ден, Анық ұғып қана алсаң.