- •Абайдың баласы Әкiмбайдың жоқтауы
- •Абайдың өзге ақындармен сөз жарыстыруы
- •Адасқанның алды — жөн, арты — соқпақ
- •Антпенен тарқайды
- •Асқа, тойға баратұғын
- •Ауру жүрек ақырын соғады жай
- •Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей
- •Байлар жүр жиған малын қорғалатып
- •Бір дәурен кемді күнге — бозбалалық
- •Болды да партия
- •Біреудің кісісі өлсе, қаралы — ол
- •Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында
- •Домбыраға қол соқпа
- •Жаздыкүн шілде болғанда
- •Жазғытұры (Жазғытұры қалмайды қыстың сызы)
- •Жалын мен оттан жаралып
- •Жастықтың оты жалындап
- •Жақсылық ұзақ тұрмайды
- •Желсіз түнде жарық ай
- •Жылуы жоқ бойының
- •Жігіт сөзі (Айттым сәлем, қаламқас)
- •Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат
- •Жүрегім, нені сезесің
- •Көлеңке басын ұзартып
- •Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да
- •Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа
- •Лай суға май бітпес қой өткенге
- •Малға достың мұңы жоқ малдан басқа
- •Менсінбеуші ем наданды
- •Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен
- •Ойға түстім,толғандым
- •Оспанға
- •Сағаттың шықылдағы емес ермек
- •Талай сөз бұдан бұрын көп айтқамын
- •Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ
- •Қажымас дос халықта жоқ
- •Қайғы шығар ілімнен
- •Қалың елім, қазағым, қайран жұртым
- •Қансонарда бүркітші шығады аңға
- •Қарашада өмір тұр
- •Қартайдық,қайғы ойладық,ұлғайды арман
- •Қатыны мен Масақбай
- •Қыздарға (Қойдан қоңыр, жылқыдан торы Бәкең)
- •Қыз сөзі (Қиыстырып мақтайсыз)
- •Құлақтан кіріп, бойды алар
- •Әбдiрахман өлгенде (Арғы атасы қажы едi)
- •Әбдірахманның әйелі Мағышқа Абайдың айтқан жұбатуы
- •Әбдірахманның әйелі Мағышқа Абай шығарып берген жоқтау
- •Әбдірахманға (Орынсызды айтпаған)
- •Әбдірахманға Кәкітай атынан хат (Көзімнің нұрысыз)
- •Әбдірахманға Кәкітай атынан хат (Тілім саған айтайын)
- •Әбдірахман өліміне (27 жасында)
- •Өкінішті көп өмір кеткен өтіп
- •Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы
- •Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?
- •Өлсе өлер табиғат, адам өлмес
- •Ала қойлар (и. А. Крыловтан)
- •Асау той, тентек жиын, опыр-топыр (м. Ю. Лермонтовтан)
- •Бородино
- •Босқа әуре боп келдің бе тағы мұнда? (м. Ю. Лермонтовтан)
- •Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы (я. Полонскийден)
- •Піл мен қанден (и. А. Крыловтан)
- •Теректің сыйы (м. Ю. Лермонтовтан)
- •Шайтан (м. Ю. Лермонтовтан)
- •Шегіртке мен құмырсқа (и. А. Крыловтан)
- •Қарға мен бүркіт (и. А. Крыловтан)
- •Қарға мен түлкі (и. А. Крыловтан)
- •Ескендiр
- •Алтыншы сөз
- •Тоғызыншы сөз
- •Оныншы сөз
- •Он тоғызыншы сөз
- •Жиырмасыншы сөз
- •Жиырма бірінші сөз
- •Жиырма екінші сөз
- •Жиырма үшінші сөз
- •Жиырма төртінші сөз
- •Жиырма бесінші сөз
- •Жиырма алтыншы сөз
- •Жиырма жетінші сөз
- •Жиырма сегізінші сөз
- •Жиырма тоғызыншы сөз
- •Отызыншы сөз
- •Кәрілік туралы
- •Жастарға
- •Шын сырым
- •Ашу мен ынсап
- •Шаруа мен ысырап
- •Анық пен танық
- •Ер қоспақ пен сөз сөйлемек
- •Махаббат пен құмарлық
- •Міндеу мен күндеу
- •Қазақ айнасы
- •Піскен мен шикі
- •Бай мен кедей
- •Партия адамдары
- •Абай марқұм өткен соң өзіме айтқан жырларым
- •Мал жимақ
- •Насихат
- •Хайуан мен ақымақтар
- •Сәнқойлар
- •Еріншек
- •Құмарлық
- •Жан менен дене һәм көңіл
- •Қалжыңшыл қылжақпас
- •Сөз сынап, өлең өлшемен
- •Ажалсыз әскер
- •Бояулы суыр
- •Қаншыр мен бөдене
- •Ақылшы торғай
- •Қасқыр, түлкі, бөдене
- •Талап пен ақыл
- •«Кәрілік— шал деген бір ат қылғандай...»
- •«Мен адамның таппаймын өнерлісін...»
- •Ақындарға
- •Ескі ақындық
- •Жасымнан жетік білдім түрік тілін
- •«Адамның ең жақсысы...»
- •«Қазақ» газеті мен «Айқап» журналына сөз жазушыларға
- •«Адамнан артық жәндік жаралмаған...»
- •«Бір ханның кеудесіне жара шыкқан...»
- •«Ана жыл әскер шығып оңнан-солдан...»
- •«Тумақ, өлмек — тағдырдың шын қазасы...»
- •«Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр...»
- •«Наушеруан аңда жүріп киік атқан...»
- •«Бір ханда екі ұл бопты бір туысқан...»
- •«Кәрілік— құтылмайтын бір қазған ор...»
- •«Ғайсадай жан беретін таңның желі...»
- •«Аңда жүріп шөлдеген Ашам патса...»
- •«Епті тышқан бидайды таси берген...»
- •Насихат
- •«Партия қуған өңкей қырт...»
- •Адам немене?
- •Серігім жалғыз Әупіш қасымдағы
- •Бостандық туы жарқырап
- •Бостандық таңы атты
- •«Анадан алғаш туғанымда...»
- •Бұл ән, бұрынғы әннен өзгерек
- •«Қай жолдассың, айтшы сен?...»
- •«Жылым— қой, жұлдызым — июль...»
- •«Жас алпыстан асқан соң...»
- •Тау басындағы ой
- •«Тура жолда қайғы тұрмас...»
- •Адамшылық
- •«Таң» журналына жаңа бір әнмен байғазы
- •Жарымды жаным сүйді, сүйе алмай тәнім күйді
- •«Мінін айтса, бұзылмас кімнің түсі...»
- •«Адамның еркі қайда» -деп ақылдан сұрағаным
- •Ақылдың жауабы
- •Қорқыт, Кожа Хафиз түсіме енді де...
- •Қорқыттың сарыны
- •Тіршілік, жан туралы
- •«Шошыма достым сөзімнен...»
- •«Әлемді түгел мен көріп...»
- •«Өртейін деп отқа көмдім...»
- •«Өмірдің ұнап ойыны...»
- •«Өмір сырын көздесең...»
- •«Жүректен аққан қанымнан...»
- •«Қобызым неге сарнайды?...»
- •«Сорлы бұлбұл жазға асық боп...»
- •«Қырық жылдан өтіп жасым...»
- •«Ақыл құсы адаспай аспандаса...»
- •«Шам жардан жарықпын деп күнәлі боп...»
- •«Тауық неге шақырар сағат сайын?...»
- •Арақ, мастық, жар, жан, шатақ иманның шешуі
- •Қош, жұртым
- •Жайлаудың баласымен айтысқан өлеңі
- •Жұмбақтардың шешуі
- •Ажал, маған арақ берсең
- •Жер жүзiне қарасам
- •Жиырма үш жасымда
- •Дубровский әңгімесі.
- •Нартайлақ пен Айсұлу
- •Қалқаман-Мамыр
- •Еңлік-Кебек
Піскен мен шикі
Бай мен жарлы баласы аңға шықты, Жалаң қағып жарап тұр аты мықты. Жортып жүрген түлкіні көрді-дағы, Қуып барып еріксіз інге тықты Екеуі келді шауып атты қыстап, Түлкіні аламыз деп отпен ыстап. «Шылбырынан арқандап атты отқа қой, Тойып қалсын болғанша біз жұмыстап». Жазым болар десе де болмайды бір, Жарлы байғұс, қайтсын-ай, ұнамай жүр. Байы айтқан соң амалсыз арқандады, Анда-санда бір үзіп елеңдеп тұр. От жағып, ыстап еді түтін салып, Екі ат үркіп жөнелді үзіп алып. Түлкі құрсын, айрылып көлінен, Сандалды екі бала жаяу қалып. Бәйбатшасы жүгірді тұра сала, «Тоқта - деді мырзаға атшы бала,- Аттан да, түлкіден де айрылмалық, Мен ұстайын, сен түлкіні ыстап қара». Ақырын келіп еді лықылықтап, Құйрығын тігіп алды шиыршықтап. Желіккен ат желге ермей тоқтасын ба, Ойын салып ұстатпай кетті зынтап. Қайта келсе, бай отты жаға алмай тұр, Отыны жоқ бір шоқты үреді құр. Отын салып, жарлы ыстап түлкіні алды: «Енді не бар аяңдап, ауылға жүр». Екеуі елге қарай жүрді ентелеп, Мырзасы жүре алмайды уайым жеп. Қыл шылбырдың үзігін алды жарлы, Бір нәрсеге керегі болар-ау деп. Бәйбатшаға жаяулық жаман батты, Аяғы ісіп, жүре алмай сұлап жатты. Мұндай істің талайын көрген жарлы, Тастасын ба мырзасын, арқалапты. «Мен бұрын жаяулықты көрмедім - деп, Бүйтіп жан қинағанша өлмедім - деп. Бәйбатша арыздасты жолдасына - Әлім кетіп, тым қатты шөлдедім деп». Жолдасы су іздейді сыр жүгіріп, Беліне екі етегін алды түріп. Құдық шығар деді де жетіп келді, Үйілген бір арада топырақ көріп. Су шыққан құдық екен шыңыраудан, Кіші емес топырағы төмпеш таудан. Етікке белбеуменен шылбыр жалғап, Су алды айламенен әлдеқайдан. Ішкізді етікпен су мырзасына, Мырзасы риза болды сырласына. Көрдіц бе, піскен адам не қылып жүр, Шикінің не күн туды бір басына. Суға қанып алға соң желдей есіп, Екеуі тағы жүрді құдай десіп. Ентігіп екіндіде жетіп келсе, Кетіпті көрген жерден ауыл көшіп. Бай жылады көре алмай елдің шаңын, Кедей тінтіп қарап жүр жұрттың маңын. Сонша қарап тапқаны сынық іше, Және біраз таспаның сыдырғанын. Тастамай алды бала, о да керек, Қарады көш сүрлеуін енді ертерек. Соқпақтан көштің ізін тауып алып, Жүгіріп күн батқанша қақты дедек. Ымырт боп, қас қарайып, күн де батты, Бір жерге шаршаған соң келіп жатты. Қарным ашты деп жылап мырза жатыр, Азар-мазар дегенде таң-дағы атты. Екеуі және жүрді зыр жүгіріп, Кез болды бір өзенге талай жүріп. Жарлы бала өзеннен балық алды, Таспаны бау, инені қармақ қылып. От жақты, Балық пісті. Тойып алды. Бәйбатша қуанганнан әнге салды. «Сынық ине, сыдырым таспа» деген, Мирас боп кейінгіге сонан қалды. Ел тапты ертең түсте сүрлеуменен, Еріншектік бітеді жүрмеуменен. Дүниенің ащы-тұщы дәмін татпай, Не болдың еш нәрсені білмеуменен? Не қылды, байқадың ба, піскен адам? Қор болар үйде отырып өскен адам. Қиялап қиын жерде сол озады, Көн жол көріп, басына іс түскен адам.
Бай мен кедей
Бай болдың, батыр болдың, шешен болдың, Ел билеп, топ бастаған көсем болдың. Сен қылмаған өнер жоқ бола қойсын, Бір адам қандай болсын десең, болдың. Немене, қор да болдың, кем де болдың, Малсыз кедей кімменен тең де болдың? Екеуінің бірін ал өзің таңдап, Түбінде мен не болдым, сен не болдың? Байлықты алып, мұратқа өзің жеттің, Кемдікті маған беріп тентіреттің. Қымыз ішсең, көже ішіп мен де жүрмін, Бәрі бір, бай болғанмен қайтып өттің? Сүйткенмен мен де өлемін, сен де өлесің, Қаза келсе — қалмайсың, жөнелесің. Тәңірі алдында, білмеймін, кім озады, Өлгеңде малың жалдап не көресің? Енді маған дейсің ғой көрдің бейнет, Сен-ақ тіпті кейімей сөзіңе жет. Өз көзіңнен басқаның бәрі жауың, Қане, сонан қайғысыз құтылып кет! Біреу зорлап алады, біреу алдап, Ұры-залым... бәрі тұр жыланша арбап. Жаның толған жалмауыз жалаңдаған, Тілі шыққан бала да сені қармап. Мал бағусыз, малшыға сөзің батпай, Қысы-жазы тынымсыз үйде жатпай, «Қарағым, ана малды қайыршы?» деп, Қане, сен де жүрмісің көзің сатпай. Мен бақпаймын малыңды ақы бермей, Және өзіме ақырма қарсы келмей. Көңілім сүйсе ұйқтаймын, не жатамын, Енді өзгеге бақтыршы маған сенбей. Мен сықылды әкелсең тағы біреу, Өз көзіңе қоймайды о да тіреу. Аяғында өзіңе келген жоқ па Мал бағып, күл шығарып, боқтық күреу. Байлық жақсы екені елге мәлім, Өзің істеп әдет қыл, келсе халің. Қолың білсе, біреуге жалынбайсың, Шыдамды бол, еріншек болма, жаным. Анық байлық — денеге біткен өнер, Білімдінің бәрі де соған төнер. Арам жиып мақтанған дәулет емес, Алдымызда бір күн бар есеп берер.
Қулар
Жігіттер, қор да емеспін, кедей де емен, Кемдік көрген жерім жоқ ештемеден. Құдай жолын біле алмай, қу билеген Елден басқа қайғым жоқ, мұныма сен. Байқаңыз, бұл сөзімнің міні бар ма, Күнде анттасқан бұл елдің діні бар ма? Аузымен құс тістеген жақсыңыздың Қу мен сұмға жалынбай күні бар ма? Қайсыңызға келсе де, орны төрде, Бір семіз ат дайын қыл, тамақ бер де. Құладындай қу болып жалтылдап бақ, Сылтау қылып кетпесін қиын жерде. Өңкей қулар, мықтының бәрін жайрат, Тақымына бұрау сал, сырын сайрат. Бар жақсымыз қулардың құлы болды, Тепсе темір үзерлік, қайран, қайрат!.. Байлардың қу білмеген сыры қалмас, Тамам қудың бірімен-бірі жалғас. Араз болып жүрсе де пайдасы бір, Орны дайын ол иттің, құры қалмас. Талғамай жақынды ұрар, алысты ұрар, Өңкей байды еліртіп жарыстырар. Жолдасынан бұзылып бір қу шықса, Оны бір қу жетелеп таныстырар. Жауыңның жан жолдасы осы дейді, Мұнан таса сыры жоқ досы дейді. He қылсаң да көңілін орнықтырып, Осыменен шын жақын болшы дейді. Пірге қолын бергендей, мықты байғұс, Ұмтыла көр, табылды жақсы жұмыс. Жанын беріп жылпылдап, малын беріп, Көңлі сеніп алған соң ол - бір тыныс. Күнде байқап жүреді қылғаныңды, Аңдиды жатқаныңды, тұрғаныңды. Әбден тойып алған соң бұлт береді, «Көрдің бе енді - дейді де - ұрғанымды». Ұрдым деп барар ескі жолдасына, Алдап келді кәдірлі болмасын ба. Жалмауызды дос қылған жақсылардың, Қошыңды әпкел, түбіңде оңбасына. Алдамаса, әйтеуір, жеп жүреді, Жемей қашан ондай қу тек жүреді. Аты арықтау, тамағы олқы болса, Мен жауыма кетемін деп жүреді. Мұны естісе қылпылдар байдың к... «Жаман еді-ау кәпірдің - деп - ниеті,- Семіз атын дайын қыл, ақшасын бер, Тәуір, толық жасалсын шай мен еті». Жайың осы. Өңкей сұм жалынғаның, Лайық па соларға табынғаның? Құдай берген малыңды қуға шашып, Осынша есер болғаның не қылғаның? Онан-дағы біріне бірің билет, Билегенің түзу айт, адалға жет. Мұны ұқпасаң, оңалма, онан да әрмен, Қулар түгіл ит жесін, түу, бәлекет!
