Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Теория реза 1-15 лекция.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

6 Сурет. Координаталық жазықтықтар жүйесі

Құралды жасауда және параметрлерін тексеруде құралдық координаталар жүйесін қолданамыз.

Құралдық координаталар жүйесі - басы жүздің төбесінде, база ретінде алынған кесу құралының геометриялық элементтеріне қатысты бағытталғын тікбұрышты координаталар жүйесі.

Статикалық координаталар жүйесі - басы кесу жиегінің қарастырып отырған нүктесінде, негізгі кесу қозғалысының жылдамдығының бағытына қатысты бағытталған тікбұрышты координаталар жүйесі. Статикалық координаталар жүйесі кесу процесіндегі жүздің бұрышын жуықтап есептеу үшін және осы бұрыштардың құралды білдекке орнықтырған соң болатын өзгерістерін есепке алу үшін қолданылады.

Кинематикалық координаталар жүйесі - басы кесу жиегінің қарастырып отырған нүктесінде, кесудің нәтижелегіш қозғалысының жылдамдығының бағытына қатысты бағытталған тікбұрышты координаталар жүйесі.

Негізгі жазықтық (P ) - кесу жиегінің қарастырып отырған нүктесі арқылы, осы нүктедегі негізгі немесе нәтижелегіш кесу қозғалысының жылдамдығы бағытына перпендикуляр координаталық жазықтық. Құралдық координаталар жүйесінде кесудің негізгі қозғалысының бағыты: қимасы тікбұрышты жону және сүргілеу кескіштерде конструкторлық орнықтыру базасына перпендикуляр; қашау кескіштерде - базаға параллель; ості құралдар мен жонғыштарда - құралдың айналма қозғалысы траекториясына жанама; тартажонғыш пен тісқашауыш - оське параллель алынады. Негізгі жазықтықтарды құралдық (P ), статикалық (P ), кинематикалық (P ) деп ажыратамыз. Бұл негізгі жазықтықтар - сәйкес координаталар жүйелерінің негізгі жазықтықтары.

Кесу жазықтығы (P ) - қарастырылып отырған нүктеде кесу жиегіне жанама және негізгі жазықтыққа перпендикуляр координаталық жазықтық. Әрбір координата жүйесінде сәйкес негізгі қиюшы жазықтықтыр болады, атап айтқанда P , P , P .

Негізгі қиюшы жазықтық (P ) - негізгі жазықтық пен кесу жазықтығының қиылысу сызығына перпендикуляр координаталық жазықтық. Әрбір координата жүйесінде сәйкес негізгі қиюшы жазықтықтыр болады, атап айтқанда P ,P , P .

Нормальды қиюшы жазықтық (P ) - қарастырылып отырған нүктеде кесу жиегіне перпендикуляр жазықтық.

Жүздің элементтері. Барлық кесу құралдарының, өңдеуге қалдырылған әдіпті кесу процесін жүзеге асыру үшін, қосылатын бөліктері (жүз) болады. Кесу құралы дайындамадан металл қабатын кесіп алып тастау үшін, оның жүзі анықталған жазықтықтармен кескінделуі керек. Осы жазықтықтар мен геометриялық параметрлерді ең көп тараған құрал - токарлық өтім кескішті мысал ретінде қарастырайық, 7 сурет.

Жүздің алдыңғы беті (1) - кесу процесінде кесілетін қабат пен жоңқамен түйісетін құрал жүзінің беті. Жүздің артқы беті (3,5) - кесу процесінде дайындама бетімен түйісетін құрал жүзінің беті. Кесу жиегі (2,6) - жүздің алдыңғы және артқы беттерінің қиылысуымен жасалған құрал жүзінің жиегі. Негізгі кесу жиегі (6) - кесілетін қабаттың үлкен жағын құратын кесу жиегінің бөлігі. Көмекші кесу жиегі (2) - - кесілетін қабаттың кіші жағын құратын кесу жиегінің бөлігі. Негізгі артқы бет (5) - негізгі кесу жиегіне жабысатын құрал жүзінің артқы беті. Көмекші артқы бет (3) - көмекші кесу жиегіне жабысатын құрал жүзінің артқы беті. Жүздің төбесі (4) - негізгі және көмекші кесу жиектерінің қиылысқан жеріндегі кесу жиегінің бөлігі. Кесу жиегінің дөңгелектену радиусы (ρ) - нормальды қиюшы жазықтықпен қиылған, кесу жиегінің қисықтық радиусы.

а) кескіш элементтері б) кесілетін қабаттың бұрыштары мен параметрлері