- •1 Сурет. Өңдеудің технологиялық әдістерінің жіктелуі
- •2 Сурет. Кесу жүйесіндегі геометриялық параметрлер
- •6 Сурет. Координаталық жазықтықтар жүйесі
- •7 Сурет. Кескіш пен кесілетін қабаттың беттері мен геометриялық параметрлері
- •9 Сурет. Принципті кинематикалық сұлбалар
- •10 Сурет. Сүргілеуші кескіштің көп қайталанатын қайтару-үдемелі қозғалыспен өңдеу сұлбасы
- •11 Сурет. Бірдей әрекет етуші екі түзу сызықты қозғалысты қарастыратын, көлбеу жазықтықты өңдеу сұлбасы
- •14 Сурет. Жоңқа элементіндегі бөлгіш тордың өзгеруі
- •12 Сурет. Цилиндрлік беттерді бұрама траектория бойынша өңдеу сұлбасы
- •23 Сурет. Деформацияланудан кейінгі үш негізгі түр
- •15 Сурет. Ығысу деформациясы, таза және қарапайым ығысу (а-ығысу деформациясы, б-таза ығысу, в-қарапайым ығысу)
- •16 Сурет. Кесілетін қабаттың жоңқаға айналу кезіндегі бірінші және екінші деформациялардың зоналары
- •17 Сурет. Материалды өңдеу кезіндегі жоңқа түрлері
- •18 Сурет. Жоңқаның шөгуі
- •19 Сурет. Кесу жылдамдығының жоңқаның шөгу коэффициентіне Кл
- •20 Сурет. Иірмелі жоңқаның пайда болуы
- •21 Сурет. Қатынасты ығысуды анықтау сұлбасы
- •22 Сурет. Шартты ығысу жазықтығындағы кернеулі жағдай сұлбасы
- •24 Сурет. Қатынасты ығысу мен жоңқаның шөгу коэффициентінің әртүрлі алдыңғы бұрыш мәніндегі өзара байланысы
- •25 Сурет. Материалдарды кесу кезіндегі жылдамдықтар сұлбасы
- •26 Сурет. Шордың құрылу сұлбасы
- •27 Сурет. Кесу жылдамдығының шор параметрі мен коэффициентіне әсер ету сұлбасы
- •28 Сурет. Кесу жылдамдығының кесу температурасына, шордың биіктігіне және алдыңғы бұрыш мәндеріне әсер ету сұлбасы
- •29 Сурет. Кесу жылдамдығының шор биіктігіне γ° мен а әртүрлі мәндерінде әсер ету сұлбасы
- •30 Сурет. Кесу жылдамдығының шор биіктігіне әсері сұлбасы
- •31 Сурет. Кесу кезіндегі құралға әрекет етуші күштердің сұлбасы
- •32 Сурет. Кесу күштері құраушыларының кесілетін қабат қалыңдығының нөлдік нүктесіне экстраполяциясы
- •37 Сурет. Кесу жылдамдығының жылу бөлінуіне тигізетін әсері
- •38 Сурет. Кесу жылдамдығының кесу мен жоңқаның орташа температурасына әсері
- •40 Сурет. Құралдың тозу түрлері
- •42 Сурет. Құрал жұмыс істеуіне байланысты шұңқырша размерінің өзгеруі
- •45 Сурет. Жүзді құралдардың тозу қисық сызықтары
- •48 Сурет. Құралдың шыдамдылық т кезеңі мен кесу жылдамдығы V арасындағы байланыс, өңделетін материал мен құрал материалының түріне қарай тәуелділігі
- •49 Сурет. Кесу жылдамдығының қатынасты сызықтық тозу мен
- •49 Сурет. Кесу жылдамдығы мен құралдың төзімділігі кезеңінің аспаптық және өңделетін материал түріне байланысты тәуелділігі
- •51 Сурет. Қажақты құралдардың құрылымы
- •52 Сурет. Жалпақ беттерді ажарлау
- •53 Сурет. Жоңқаның жалғыз түйіршікпен пайда болу сұлбасы
- •54 Сурет. Ішкі бетті ажарлау
- •55 Сурет. Ажарлау түрлері
- •56 Сурет. Сыртқы беттерді центрлерде ажарлау
12 Сурет. Цилиндрлік беттерді бұрама траектория бойынша өңдеу сұлбасы
4 дәріс. Жоңқалану процесі мен жоңқа түрлері. Жоңқалану процесі мен деформация зоналарын зерделеудің эксперименттік әдістері. Жоңқалану процесін, өлшемдерін және деформация зонасының пішімін зерделеу кезінде әр түрлі эксперименттік әдістерді қолданамыз.
Көзбен шолып бақылау әдісі. Еркін кесуге түсетін үлгінің бүйір бетін жылтыратады және бетіне үлкен тор салынады. Аз жылдамдықпен кесу кезінде, үлгінің жылтыратылған бетіндегі тордың бұрмалануынан, көмескіленуінен және шытынуынандеформация зонасының өлшемі мен пішімі туралы жорамалдауға және кесіп алатын қабаттың біртіндеп жоңқаға айналғаны туралы сырттай түсінік құруға болады. Бұл әдіс өте кішкентай 0,2...0,6 м/мин аспайтын жылдамдықпен кесу кезінде қолдануға жарамды және жоңқалану процесіне сапалық түсініктеме береді.
Жылдамдықты кино түсіру әдісі. Егер үлгінің бүйір бетін және кесілген жоңқаны, жиілігі секундына 10000 кадр түсіретін жоғарыжиілікті кинокамерамен суретке түсірсе, қарстырылып отырған әдістің мүмкіндігі кеңейеді. Жоғары түсіру жылдамдығы, тәжірибеде қолданылатын кесу жылдамдықтарындағы жоңқалану процесінің ерекшеліктерін айқындайды.
Бөлгіш тор әдісі. Үлгінің бүйір бетіне квадрат тор немесе а х а = 0,05 х 0,15 мм өлшемді дәл шеңберлер жүйесін түсіреміз. Бөлгіш тор әр түрлі тәсілмен түсіріледі. Ең қарапайым және дәл тәсіл ПТМ -3 аспабында немесе әмбебап микроскопта алмасты индикатормен тырнау. Жоңқаның түбіндегі бөлгіш тордың өзгерген қуыстарының өлшемін құралды микроскоппен өлшейміз. Илемділіктің математикалық теориясын қолданып, бөлгіш тордың өзгерген өлшемдері бойынша, жоңқалану процесін сандық сипаттайтын параметрлерін, деформация зонасының пішімі мен өлшемін, деформация зонасының әр түрлі нүктелеріндегі деформация қарқындылығын анықтауға болады.
23 Сурет. Деформацияланудан кейінгі үш негізгі түр
Металлографикалық әдіс. Кесуді «лезде» тоқтату айлабұйымымен алынған жоңқа түбірін кесіп алып, оның бүйір беттерін мұқият жалтыратып, сонан соң сәйкес реактивпен (ерітіндімен) химсыдырулайды. Алынған жоңқа түбірінің микрошлифін 25...200 рет үлкейтіп көрсететін микроскоппен қарап, микрофотосын жасайды. Жоңқа құрылымының және деформация зонасының өзгеруі, деформацияға түспеген материалдың құрылымымен салыстырғанда, деформация текстурасының бағыты деформация зонасының шекарасын белгілеуге және онда болып жатқан деформациялық процестер жайында жорамалдауға мүмкіндік береді.
14 Сурет. Жоңқа элементіндегі бөлгіш тордың өзгеруі
Механикалық және рентгенографикалық әдістері. Бұл әдістер өңделген беттің астында жатқан, беткі қабаттың жағдайын зерделеуге қолданылады. Давиденко Н.Н. жасаған механикалық әдіс, кристалдық түйіршік размерінен үлкен дене жағында теңесетін, бірінші тұрғыдағы кернеуді анықтау үшін қолданылады. Рентгенографикалық әдіс көмегімен, кристал түйіршігінің ішіндегі екінші тұрғыдағы кернеуді, илемділік деформациясы салдарынан болған түйіршіктің майдалану дәрежесі мен текстура құрылуын зерделейді. Қалдық кернеу шамасы туралы рентгенограмманың интерференциялық сақиналарының жуылуы мен жылжуы бойынша, түйіршіктердің майдалану дәрежесі туралы - интерференциялық сақиналарды құрайтын нүктелердің үлкейуі бойынша, ал деформация текстурасының сипаты туралы -интерференциялық сақиналардың қалыңдауы бойынша жорамалдайды.
Кесу кезіндегі жоңқалану. Кесу кезіндегі алынатын қабаттың жоңқаға айналуы материалдың илемділік деформациясы процесінің бір түріне жатады. Илемділік деформациясының негізгі белгісі болып дененің сырт күштері әрекеттерінен тұтастығы бұзылмай, пішімінің қайтымсыз болып өзгеруі саналады. Дене көлемінің өзгерген жағдайын үш негізгі түрге бөледі: керілу, қысу және ығысу. Алынатын қабаттың жоңқаға айналу процесіне ығысу деформациясы жақын. Ығысу деформациясы - негізгі үш өстің біреуінің бойында деформация жоқ, екінші өстің бойында қысқару, үшінші өстің бойында соған тең ұзару деформациясы. Ығысу деформациясы таза ығысу және қарапайым ығысу болып бөлінеді. Таза ығысу кезінде бір өс бойымен бірқалыпты қысқару және оған перпендикуляр басқа өс бойымен бірқалыпты ұзару болады. АВСД квадраты дене көлемі өзгеріссіз, бірқалыпты күйінде конгруэнтті А, В, С, Д ромбқа айналады. Қарапайым ығысуда деформация дененің барлық нүктелерінің бір өске, денедегі нүктенің осы өспен арақашықтығына пропорционалды қашықтықта параллель бағытпен, екінші өс бағытында ығысуда. Қарапайым ығысу нәтижесінде АВСД квадраты, табаны мен биіктігі бастапқы квадраттың өлшеміндей тең шамалы параллелограммға айналады (15сур.).
а) б) в)
