- •Мазмұны
- •Анықтамалар, қысқартулар мен белгілеулер
- •1.1 Пробиотиктерге жалпы сипаттама.
- •1.1 Пробиотик препараттары
- •1.2 Пробиотиктерді дайындауға қойылатын талаптар.
- •2. Бифидумбактерин өндіру технологиясы
- •2.1 Қоректік ортаны әзірлеу
- •2.2 Себінді материалын өсіру кезеңі
- •2.3 Культивирлеу
- •2.4 Биомассаның сублимациялық кептірілуі
- •2.5 Дайын дәрілік форма жасау
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •1 Кесте – Пробиотиктердің салыстырмалы сипаттамасы
1.1 Пробиотиктерге жалпы сипаттама.
Пробиотиктер - бұл құрамында тірі микроорганизмдер - адам немесе жануарлардың симбионттары бар, организмнің бұзылған микроэкологиясын қалпына келтіру қабілеттілігін қамтитын биопрепараттар (А қосымшасы)
Пробиотиктер – дәрілік препарат және де тағамға қосылатын биологиялық активті қоспа, оның құрамында тірі микроорганизмдер бар, сол арқылы адамның микрофлорасы реттеледі.
Пробиотикті қолдану мақсаты – микроорганизмдердің бұзылған балансын қалпына келтіру, яғни олардың адамдағы сілекей қабаттарында тіршілік етуін қалпына келтіру. Адам организмінде микроорганизмдер көп болады. Мысалы: ішекте 1 см3-та 1012 микроорганизм кездеседі. Микроорганизмдер адамның сілекей қабаттарында орналасады және олар белгілі бір рецепторларға бекінеді: осындай рецепторлардың саны шектелген, сондықтан пробиотиктермен түсетін микроорганизмдер тек қана бос рецепторға орын алады [1].
Пробиотиктердің қалған микроорганизмдері ішектің эпителиіне бекімейді, ішекте қалып қояды да, белгілі бір уакыттан кейін организмен шығарылады. Сол себептен, пробиотикті қолдану кезінде препарат мөлшерден тыс жиналмайды. Ал оны көп уақытта қолдану кезінде “ауыстыру эффектісі“ және тағы басқа жағымсыз әсерлер пайда болмайды.
Суық тию мен тұмау сияқты қауіпті, вирусты аурулармен иммунитеті төмендеген адамдар көп ауырады. Иммунитеттің төмендеуінің әсерінен – дұрыс тамақтанбау, жүйке аурулары, рационалды қоректенудің бұзылуы, қалыптасқан аурулардың болуы, тағы сол сияқты аурулардың қозуы мүмкін. Көптеген клиникалық зерттеу жұмыстарында пробиотиктер иммунитеттің жоғарлауына көмектесетіні туралы дәлелденген. Пробиотиктер иммунитеттің көптеген жүйелерін бұрынғыдай (сілекей қабаттарын, горманалды және барлық иммунитетті) қалпына келтіреді . Сонымен қатар, бактерияларда вирусқа қарсы қару (бактериялар вирустарды өлтіреді) болады - ферменттер ДНҚ-полимераза және РНҚ-полимераза. Қазіргі кезде студентер гастрит ауруларына көптеп шалдығуда, гастрит ауруы – дұрыс тамақтанбаудан, майлы тамақтардан асқазанда жараның пайда болуы және де он екі ішектің жұқтырушы спецификтикалық микроорганизмнің хеликобактері болады (Helicobacter pilori). Бұл аурулармен емделу үшін антибактериялды активтілікті антибитиктерді қолданады. Он екі ішектегі хеликобактерді жою үшін өте күшті антибиотиктерді қолданғанда, адам ішектеріндегі микробиоценоз және ішек дисбиозын жойып, сілекей қабаттарын қалпына келтіреді. Хемикобактерлі аурулардан емделгенде (гастрит, қарын және он екі ішек аурулары) иммунитетке пробиотиктерді қабылдау үшін 2 түрлі себебі бар:
1 өте қауіпті жағдайдағы хеликобактер ауруларында пробиотиктерді қабылдау;
2 адамдағы сілекей қабаттарында дисбактериоздың пайда болуы мүмкін кезде пробиотиктерді қабылдау.
Жүкті әйелдер пробиотикті болашақ балаларының микробиоценозының дұрыс қалыптасуы үшін ішеді. Нәтижесінде әйел өз күшімен, табиғи жолмен босануына көмектеседі. Протей, стафилакокк сияқты потогенді микроорганизмдер арқылы анасынан баласына жұғуы мүмкін. Сонымен қатар , Оренбург медицина институтында профессор Литяевпен өткен клиникалық зерттеулерде жүкті әйел пробиотиктерді қабылдағанда, кеудесіндегі сүттің аппликациясын дамытады.
Пробиотикалық препараттар ретінде қолданылатын симбионтты микроорганизмдерге организмде туа болатын, қышқылға төзімді бифидобактериялар, лактобациллалар, стрептококктар, сондай-ақ басқа топтар болады [2].
Бұл Bifidobacterium bifidum, B. longum, B. breve, B. adolescentis, Lactobacillus acidophilus, Lactobacillus lactis, Lactobacillus plantarum, Lactobacillus fermentum, Lactobacillus сasei, Lactobacillus ramnosus, Streptococcus lactis, Streptococcus Cremoris, Bacillus subtilis және басқалар.
Ветеринарлық тәжірибеде пробиотиктерді жасау кезінде сондай-ақ Saccharomyces cerevisiae, Candida pintolonesi, Aspergillus niger, Aspergillus oryzae қолданады.
Сау адамда ішек, жыныс биотоптарын немесе ауыз қуысын мекендейтін микрофлора (бұл биотоптарда көбіне түрлі микроорганизмдер болады және ішек, тыныс және жоғарлаушы зәр жыныс инфекцияларына “қақпасы“ ) өз кезеніндегі симбионтты микроорганизмдермен беріледі – бұл эубиоз жағдайы.
Әр түрлі ауруларда (жұқпалы, соматикалық және әсіресе, симбиотты микрофлора мекендейтін мүшелердің патологиясы кезінде) жоғарыда көрсетілген биотоптардың микроэкологиясы бұзылады, кездейсоқ немесе транзиторлы, соның ішінде шартты –патогенді микроорганизмдер (протей, кандида, гемолитикалық стрептококк, алтын түсті страфилококк, лактоза теріс энтеробактериялар) мекендей бастайды, ал симбионттар саны азаяды – бұл дисбактериоз жағдайы. Дисбактериоз өз кезегінде асқынады, басқа аурулардың себепшісі болып табылады.
Эубиозды, бұзылған микроэкологияны қалпына келтіру үшін бірінші ретте симбионтты микрофлораның популяциялық деңгейін, онымен қоса олар мекендейтін шырышты қабаттың морфофункциональдық жағдайын қалыпқа келтіру керек. Пробиотиктер микроэкологияны түзеу мақсатымен жасалып, қолданылады [3].
Пробиотиктер келесі биологиялық пайдалы қасиеттерімен сипатталады:
шарты – патогенді микроорганизмдерге бактериоциндерді, асқынтотықты қосылыстарды өндірумен, органикалық қышқылдар есебінен орта pH төмендеуі, қоректік субстратқа бәсекелесумен антагонизм көрсетуі ;
биотопта симбиозды микрофлора өсуін күшейту, колонизациялық төзімділікті немесе бөтендердің, соның ішінде шартты патогенді микроорганизмдердің көбеюіне симбионтты микрофлорадан тұратын, эпителиоциттер беткейіндегі биоқабықша есебінен шырыш тұрақтылығын нығайту;
жергілікті иммунитетті ширату, секреторлық иммуноглобулиндерді өндіруді күшейту;
ішектік асқорыту үздістеріне қатысу, уытты метаболиттерді бейтараптау, сіңіру қабілеттілігі, холестеринді ыдырату қабілеттілігі, ісікке қарсы қасиеті, протео – және липолитикалық активтігі;
витаминдерді, амин қышқылдарын, органикалық қышқылдарды синтездеу, микроэлементтер мен минералды тұздардың көздері.
Пробиотик ретінде қолданылатын микроорганизмдер болу керек:
патогенді емес, уытты емес, мутагенділіктің болмауы;
технологиялық, яғни өндірістік жағдайда жеңіл дақылданып осы кезде өзінің биологиялық активтігін тұрақты сақтау, антибиотикке полирезистентті.
Пробиотикалық препараттарды бір штамм, бір түрдің консорциумы, сондай-ақ микроорганизм симбионттың сор – бентпен, ферментпен, иммуномодулятормен және тағы басқа бірігуі негізінде жасайды.
Организмнің әртүрлі биотоптарында нақты түрдің микроорганизмдері және белгілі бір мөлшерде болады. Осы микроорганизм симбионттардың бірігуі организмнің колонизациялық тұрақтылығын, эубиоз жағдайын қамтамасыз етеді. Сондықтан пробиотпктерді микроорганизмдер қауымдастығы негізінде жасау толығымен орынды [4].
Көбінесе пробиотиктер бифидобактериялар мен лактобациллалардың негізінде жасалады. Оларды дақылдау үшін көміртегі көзі ретінде көмірсулар, бикарбанат, көміртегі диоксиді, азот көзі ретінде цистеин қажет. Сондай-ақ дақылдау ортасына казеин құрамындағы дайын амин қышқылдары (аланин, лизин, аргинин), ашытқы автолизатының құрамында пурин және пиримидинді негіздер, рибофлавин және биотин, минералды тұздар (Mg, Mn және басқалар), глюкоза немесе лактоза енгізіледі.
Дақылдандыру орталарын дайындау үшін қолданылатын шикізаттар адамға қауіпсіз болуы керек. Негізгі субстрат – майсыздандырылған сүт, гидролизденген сүт.
Биореакторда ферментация ұзақтығы 10-15 сағатқа жуық, үрдіс микроорганизмдер дамуының логарифмдік фазасының соңында – стационарлық фазасының басында, олардың ең биологиялық активтігі кезінде тоқтатылады.
Микроорганизм – симбионттар биомассасы сепараторда концентраияланады, әрі қарай сақтау кезінде ортаны ұстап тұратын компоненттер (желатин, сахароза, майсыздандырылған сүт) енгізіледі, ампулалар мен флакондарға құйылады, лиофилизацияланады.
Дайын препарат бөтен микрофлораның болмауына, өмір сүруге қабілетті микроорганизм – симбионтта санына, тест – штамдарға олардың антагонистік белсенділігіне тексеріледі.
Тірі бифидобактериялар негізінде емдік алдын алу препараты алғаш 1956 жылы Германияда жасалды. Қазіргі уақытта препарат ретінде тамақтық және қоректік қосымшада көптеген әртүрлі пробиотиктер қолданылады:
бифидумбактериялар (моноштамм B. bifidum);
бифукол (B.longum, E .coli M17);
бифилиз (B. bifidum, + лизоцим);
бифидумбактерин – форте ( B. bifidum + сүйікті көмірлі сорбент),
лактобактерин (Lb .fermentum);
апилак ( lb. acidophilus 3 штамы);
Наринэ (Lb. acidophilus 1 штамы);
гастрофарм (Lb . delbrueckii);
симбифлор (Lb . acidophilus,Str. Thermophilus, B. longum. E. coli),
биофермин (Lb. rhamnosus), Lb. casei, B. subtilus, Str. faecalis, Lb. acidohhilus);
биоспорин ( B . subtilis) және тағы басқалар[5].
