- •Мазмұны
- •Анықтамалар, қысқартулар мен белгілеулер
- •1.1 Пробиотиктерге жалпы сипаттама.
- •1.1 Пробиотик препараттары
- •1.2 Пробиотиктерді дайындауға қойылатын талаптар.
- •2. Бифидумбактерин өндіру технологиясы
- •2.1 Қоректік ортаны әзірлеу
- •2.2 Себінді материалын өсіру кезеңі
- •2.3 Культивирлеу
- •2.4 Биомассаның сублимациялық кептірілуі
- •2.5 Дайын дәрілік форма жасау
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •1 Кесте – Пробиотиктердің салыстырмалы сипаттамасы
2. Бифидумбактерин өндіру технологиясы
Бифидумбактерин тірі бифидобактериялардың лиофилденген микробтық массасынан тұрады. Бифидобактериум адамдар мен жануарлар ағзасындағы ішек-қарын жолының ауруларын емдеуде немесе алдын алу үшін қолданылады.
Сырт көрінісі бойынша препарат – түсі ақшыл не ақшыл-сұр кристалды немесе борпылдақ масса.
Препарат құрамына сахароза және желатин кіреді. Препаратты құрғақ биомасса түрінде шығарады. Құрғақ препарат ылғалдылығының салмақтық үлесі 3,5 % артық болмауы тиіс. Бифидобактериумның қайта себінді жасалуымен, өсірілумен, және физико-химиялық қасиетін анықтаумен байланысты жұмыстардың барлығы қатаң залалсыздықты талап етеді. Сонымен қатар жұмыстар сорғыш шкафтарда немесе бекініс үстінде орналасқан ішінде 10%-ды сутек тотығымен ылғандырылған кілемшелері бар зертханалық үстелдерде жүргізілуі тиіс [7].
Бифидумбактериннің өндіріс технологиясы келесі кезеңдерден тұрады:
Қоректік ортаны дайындау
Себінді материалын өсіру
Культивирлеу
Сублимациялық кептіру
Дәрілік формаларды дайындау
Дайын препаратты бақылаудан өткізу.
2.1 Қоректік ортаны әзірлеу
Бифидобактерияларды культивирлеу үшін Блаурокко ортасын немесе казеин гидролизаты бар ортаны қолданады. Блаурокко ортасы құрамына микробиологиялық агар, құрғақ пептон, лактоза, бауырдан жасалған сорпа, цистин және хлорлы натрий кіреді.
Қоректік ортаның сақтау мерзімі 20-250С-та 7 күннен аспауы тиіс.
Ал казеин гидролизаты қосылған ортаның сақтау мерзімі 200С-та 72 сағаттан аспауы тиіс.
2.2 Себінді материалын өсіру кезеңі
Өсіруге арналған бифидумбактериаларды - Bifidobacterium bifidum (Ә қосымшасы) 380 С-та, 60-72 сағатта инкубация кезеңінен өткізеді. Бақылауға арналған өсіндіні 220С-та 8 күн ішінде инкубациялайды. Нәтижесінде, 1-ші генерацияның бифидумбактериясы алынады.
Келесі кезең – 2-ші генерация бифидумбактериясын алу. Өсіндінің себілуі орта есеппен 10%-дық көлемде жүргізіледі. Бифидумбактерия өсіндісін және бақылау өсіндісін инкубациялау 1-ші генерация өсіндісін алу барысы арқылы сол температурада және сол матрастарда жүргізіледі.
1-лабораторияда себінді материалды өсіру; 2-көлемі 2м3 инокуляторларда өсіру; 3- көлемі 5м3 инокуляторларда өсіру; 4- көлемі 50м3 биореакторларда өсіру 2-сурет. Себінді материалды дайындаудың технологиялық схемасы
Себіндіге арналған культураның бақылануы – глюкоза қосылған пробиркаға 2-лік генерация бифидумбактериясын отырғызып, Сабур ортасынан Грам тәсілімен жағынды алынған соң жүргізіледі.
Бақылау пробиркаларында бифидумбактериялардын типтік өсу белгісі байқалған кезде, қопсыған дәнді тұнба байқалмаса, культура ары қарай биореакторға өсіру үшін жіберіледі.
2.3 Культивирлеу
Бифидумбактерияларды культивирлеу БИОР маркасы биореакторында жүргізіледі. Биореактор сүзгілерін тексеруден өткізіп, ауа кірмейтіндігіне көз жеткізгеннен кейін 1300С-та 90 минут бойы залалсыздандырады. Келесі кезекте, гидролизат-сүт немесе казеин ашытқысы ортасын енгізеді. Қоректік орта себіндісін 2-3-лік генерация бифидумбактерияларымен жүргізеді.
1 — турбиналық 3 қалақшалы араластырғыш, 2 — салқындатқыш иректүтік, 3 — секциялық сыртқы қабық, 4 — қалқа 5 - барботер; I—XI — материалды және қосымша түтік жолдары, арнайы қондырғылармен (I — себінді линиясы, I — сығылған стерильді ауаны жіберу, III — бу жіберу, IV — өңделген ауаны алып тастау, V — тиеуші линия, VI — қоспаларды енгізу линиясы, VII – көбік басқышты енгізу, VIII — жуғыш ерітіндіні енгізу, IX — сынама алатын орын, X –өнімді шығару, XI — қажетсіз өнімді шығару түтігі) [8].
3-сурет. Периодты әсер ететін биореактор
Культивирленген соң биомасса бақылауы жүргізіледі. Бифидумбактерия билогиялық концентрациясы 108 жасуша/мл кем болмауы шарт, құрамында бөгде микрофлора болмауы керек, қышқылдық ортасы рН=7,1 ± 0,1. Келесі кептіру ортасы әзірленіп, биореакторға құйылады. Кептіру ортасымен биомассаны 3-3,5 минут механикалық араластырғышпен араластырып, «Магнолия» аппаратының залалсыз арнайы ыдыстарына құяды және ампулаға құю бөлімшелеріне жібереді.
