Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пробиотик өндіру технологиясы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
261 Кб
Скачать
☆

2.4 Биомассаның сублимациялық кептірілуі

Биомассаны ампулаларға құюда олар үнемі араластырылып тұруы қажет. Құю барысында, яғни, бас кезінен аяқталғанға дейін бірнеше сынама алынып, оларды бөгде микрофлораға бар-жоқтығын анықтауға және бифидумбактериялардын өміршеңдігін тексеріп бақылау үшін алынады.

Сонымен қатар, құйылым дәл және біркелкі болуы тиіс. Толтырылған ампулалар оналасқан кассеталарды бірнеше қабат стерильді дәкемен және металл қақпақпен жауып, ары қарай төмен температурада қатыруға жіберіледі. Бұл жерде препаратты 40±2ºС -та 48-50 сағат бойы ұстайды.

Лиофильді кептіру – кеңінен қолданылатын әдіс. Бұл микробтық клеткаларды мұздатылған күйден вакуум астында сұйық фазаны айналып өте кептіру арқылы жүзеге асады.

Сублимациялық кептіру (лиофилизация) технологиясы келесі кезеңдерден тұрады:

- Тазартылған және бөлініп алынған мақсатты өнім кептіруге дайындалады және таңдап алынған қорғаныс ортамен араластырылады;

- Ампуладағы немесе флакондағы биоөнімді, микробтық массаны -30-500С (эвтетикалық нүктеге дейін) дейін белгілі мұздату жылдамдылығымен салқындатылады;

- Вакуум жағдайында кептіру. Ең алдымен бос судан арылтады. Булану кезінде температура 00С дейін жеткізеді, қалған ылғалдылық 5-10% болады. Одан кейін вакуум астынан +30-400С температурада байланысқан су жойылады, ал ылғалдылығы 1-3% дейін төмендейді;

- Ампулалар немесе флакондар вакуум жағдайында жабылады немесе инертті газбен толтырылады. Флакондар бір жыл ампулалар бірнеше жыл тоңазытқышта сақталады.

Кептірілу 13,3 ± 0,13 Па қысымда, -30 ± 4ºС -та 24-26 сағатта жүргізіледі. Сосын температураны + 28 ± 2ºС-қа дейін көтереді, бұл температурада 16 ± 2 сағат ұстайды. Кептіру процесі аяқталған соң, ампулалардын дәнекерлеу процесі жүреді.

Ампулалардың герметизациясын лиофилизацияның аяқталуынан кейін кешіктірмей 72 сағат ішінде арнайы ампулаларды дәнекерлеуге арналған автоматта азотты атмосферада жүзеге асырады.

2.5 Дайын дәрілік форма жасау

Бифидумбактерин өндіруде соңғы кезең – таңбалау және буып-түю болып келеді. Бақылау бөлмесінде ампулалардың герметикалығын және визуалды бақылаудан өткізеді.

Бақылаудан өткен ампулаларды таңбалау машинасына жіберіледі. Келесі кезекте 10 данадан картон қораптарға орналастырады (Б қосымшасы).

Әр қорапта препараттың қолдануы бойынша арнайы нұсқаулар салынады.

Дайын препарат бақылауы келесі көрсеткіштер арқылы жүреді:

-физикалық қасиеттер

-сырт келбеті

-бөгде микрофлораның болмауы

-тірі бифидумбактериялардың бір доза препараттағы мөлшері

-қышқылдық белсенділігі

- қалған ылғалдылығы

-рН

-герметикалылығы.

3-сурет. Бифидумбактерин өндіру технологиясының схемасы

Қорытынды

Организмнің әртүрлі биотоптарында нақты түрдің микроорганизмдері және белгілі бір мөлшерде болады. Осы микроорганизм симбионттардың бірігуі организмнің колонизациялық тұрақтылығын, эубиоз жағдайын қамтамасыз етеді. Сондықтан пробиотпктерді микроорганизмдер қауымдастығы негізінде жасау толығымен орынды.

Көбінесе пробиотиктер бифидобактериялар мен лактобациллалардың негізінде жасалады. Оларды дақылдау үшін көміртегі көзі ретінде көмірсулар, бикарбанат, көміртегі диоксиді, азот көзі ретінде цистеин қажет. Сондай-ақ дақылдау ортасына казеин құрамындағы дайын амин қышқылдары, ашытқы автолизатының құрамында пурин және пиримидинді негіздер, рибофлавин және биотин, минералды тұздар, глюкоза немесе лактоза енгізіледі.

Пробиотикалық препараттарды бір штамм, бір түрдің консорциумы, сондай-ақ микроорганизм симбионттың сорбентпен, ферментпен, иммуномодулятормен және тағы басқа бірігуі негізінде жасайды. Пробиотик – қазіргі кезде көп сұранысқа ие биопрепарат. Жыл сайын пробиотик жасау технологиялары жетілдіруде және жаңа технолгиялар ашылуда. Сондықтан да пробиотикалық биопрепараттарды дайындау технологиясын ұғу курстық жұмыстың негізгі міндеті болып табылғандығы белгілі.

Сонымен курстық жұмыста мыналар толық қамтылды:

  • пробиотикке толық анықтама берілді;

  • пробиотикалық препараттардың негізгі ерекшеліктері сараланды;

  • Бифидумбактерин пробиотигін алу технологиясымен таныстық;

  • Пробиотик алу технологиясының негізгі ерекшеліктері, кезеңдері жобаланды;

Жалпы курстық жұмысты қорыта келгенде айтарымыз, біз алдымызға қойған мақсаттар мен міндеттерді толық қамтыдық.