- •Қолданылған әдебиет тізімі:
- •Қолданылған әдебиет тізімі:
- •Еңбек ұжымы - кіші топ ретіндегі түсінігі
- •Қолданылған әдебиет тізімі:
- •Қолданылған әдебиет тізімі:
- •Қолданылған әдебиет тізімі:
- •Аудиторияға және аудиториядан тыс жұмыстарға арналған материалдар
- •1.2. Білімді бақылауға арналған материалдар
- •1.3. Дәріс сабақтары бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •1.4. Семинар, сөож сабақтары бойынша және сөж тапсырмаларын орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулық
- •Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері қолданатын интерактивті үлгідегі және оқытудың әдістері
- •Әлеуметтік және психологиялық пәндер кафедрасында қолданылатын дәстүрлі әдістерге жалпы шолу
- •7.Белсенді үлестірме материалдар
- •Рефераттар мен баяндамалар тақырыбы
- •8.Студенттердің оқу жетістіктерін бағалау және бақылау материалдары
Қолданылған әдебиет тізімі:
Михеев В. «Социально-психологические аспекты управления» М: Руководитель, 2004.
Немов Р.С. «Психология» 1 том, М: Владос, 2003
Парыгин Б.Д. «Социальная психология», Спб,1999
Парыгин Б.Д. «Социально-психологический климат коллектива: пути и методы изучения». /под.ред.Ядова В.А. Спб: Наука,2002
Рогов Е.И. «Общая психология», М: Владос,1998
Шапарь В.Б. «Практическая психология. Психодиагностика групп и коллективов», Ростов–на-Дону: Феникс, 2006
Шакуров Р.Х. «Социально - психологические проблемы руководства педагогическим коллективом», М:1992
Шибутани Т «Социальная психология», Спб, 2000
4 – дәріс Кіші топтың әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы. 2 сағат
4.1.Кіші топтардың түрлері
4.2.Еңбек ұжымы - кіші топ ретіндегі түсінігі.
Мақсаты: студенттерде тұлға туралы елестерді қалыптастыру
Негізгі ұғымдар: жеке тұлға, адам, дүниетаным, сенім, мурат, бағдар, қажеттілік, қызығулар
Кіші топтар: көлемдері бойынша, ішіндегі адамдардың қатынастардың сипаттамалары мен құрылымы бойынша, индивидуалды құрылымы бойынша, құндылықтарының ерекшеліктері мен қарым-қатынасушылардың тұлға аралық қатынастары бойынша, әрекеттерінің мақсаттары мен мазмұны бойынша болуы мүмкін. Тұлға аралық қатынастың құрылымын немесе ақпараттармен алмасуды – коммуникация (қарым-қатынас) каналдары деп атайды. Тұлға аралық қатынастардың өнегелік (нравственно) – эмоционалды жағдайды – топтың психологиялық атмосферасы деп атайды. Осы айтылған параметрлер бойынша әлеуметтік психологияда кіші топтарды бөліп қарастырады [1,528-529].
Индивид тұлғасының қалыптасуы қоғамнан тыс қарастыра алынбайды. К.Маркстың айтқаны бойынша, қоғам «индивидтерден құралмайды, ал олардың бір-бірімен қандай қатынас пен байланыста болуының сомасынан құралады».
Тұлғаның белсенділігі оның өмірі барысында қандай да бір тұлға аралық қарым-қатынастың болуына әкеледі. Қандай да болмасын топ, қандай да болмасын ұжым адамның барлық өмірлік кезеңдерінде құралады.
«Топ – бұл адамдардың қоғамдасуының жасерекшелік, кәсіби, тұрмыстық, экономикалық, кәсіптік, әлеуметтік және т.б. көзқарастардың жиынтығы. Жалпы қоғамдық ғылымдарда «топ» термині екі жақты қарастырылуы мүмкін» [2,61].
Біріншіден, практикалық жағынан, мысалы демографиялық анализді қарасақ, әр түрлі статистикалық жолдамаларда тек шартты топтар қарастырылады: адамдардың белгілі бір жалпы қасиетімен еркінше қалыптасқан ұйымдасулар. Екіншіден, қоғамдық ғылымдардың саласынан топ болып шынайы қалыптасқан білім беру, алу мақсатында, не басқа бір жағдаймен жиналған топтарды айтуға болады.
Топтар үлкен және кіші болып, екі және одан да көп адмдардан құралған, шартты және шынайы болып бөлінеді. Шынайы топтарды үлкен және кіші, ресми және бейресми, тұрақты және жағдайлық, қалыптасқан және стихийді, байланысқан және байланыспаған. Стихийді топтарды Платонов К.К. «ұйымдаспаған топтар» деп айтқан [3,12].
Топ – адамнан, ал қоғам – топтардан құралады. Индивидтер, топтар және қоғам бір-бірімен тығыз байланыста. Барлық топтар мамандырылған болып келеді. Олардың мамандырылуы – адамдардың қажеттіліктерінен пайда болады. Мысалы, жанұя генетикалық және тәрбиелік функцияларды бірге атқарады. Басқа топтар басқа функцияларды атқарады.
Әлеуметтік топ – ортақ іс-әрекетпен біріккен адамдардың әлеуметтік қоғамдасуы. Бұл қоғамдасу мынадай қасиеттермен белгіленеді:
ішкі ұйымдастырумен; басқару, әлеуметтік бақылау мен санкциялары бар мүшелерінен құралады;
топтық құндылықтармен; қоғамдасудың негізінде әлеуметтік сезімнің қалыптасады, «біз» сөзімен айтылып, топтың ортақ ойы қалыптасады;
оңашалану (обособление) принципімен; басқа топтардан айырмашылығын көрсетеді;
топтық қысым көрсетумен; топ мүшелерінің әрекетіне әсер ету;
іс-әрекеттің ортақ мақсаттары мен міндеттерімен;
орнығуға (устойчивость) талпыныспен; топтық мәселелерді шешу барысында адамдар арасында пайда болған қарым-қатынас механизмдері арқылы;
ғұрыптардың, символиканың бекітілуімен (басқалардан шығарып алатын белгілер, киімдер, жалаулар) [4, 319].
Үлкен топтар мемлекеттермен, ұлттармен, партиялармен, және де басқа профессионалды, экономикалық, діни, мәдени, жасерекшелік, жыныстық және т.б. қасиеттері бойынша бөлінеді. Осы топтарға әсер ету арқылы қоғамның идеологиялық негізін адамдардың психологиясына жеткізіледі.
Қоғамның және үлкен топтардың индивидке әсер етуінің бір өткізгіші - ол кіші топ. Ол – адамдардың (2-3-тен 30-40 адамға дейін) бір кәсіппен айналысып және бір-бірімен тікелей қарым-қатынаста болатын үлкен емес бірлестігінен құралады. Кіші топ – қоғамның бір бөлшегін көрсетеді. Адам өзінің өмірінің көбін осы топта өткізеді. Барша танымал психология мен тұлғаның мінез-құлығының қоршаған ортадан деген тәуелділігін тезисин басқаша тұлғаның кіші топтағы қарым-қатынастардан тәуелділігі деп айтқан да келеді. Кіші топтардың мысалдары ретінде, жанұя, мектептегі сынып, еңбек ұжымы, жақын достар және т.б. жатады. Психологиялық қоғамдасудың көлемін топтың ұйымшылдығы оның әлеуметтік-психологиялық дамуының ең басты сипаттамасы болады.
Кіші топтар: көлемдері бойынша, ішіндегі адамдардың қатынастардың сипаттамалары мен құрылымы бойынша, индивидуалды құрылымы бойынша, құндылықтарының ерекшеліктері мен қарым-қатынасушылардың тұлға аралық қатынастары бойынша, әрекеттерінің мақсаттары мен мазмұны бойынша болуы мүмкін. Тұлға аралық қатынастың құрылымын немесе ақпараттармен алмасуды – коммуникация (қарым-қатынас) каналдары деп атайды. Тұлға аралық қатынастардың өнегелік (нравственно) – эмоционалды жағдайды – топтың психологиялық атмосферасы деп атайды. Осы айтылған параметрлер бойынша әлеуметтік психологияда кіші топтарды бөліп қарастырады [5, 528-529].
