- •Қолданылған әдебиет тізімі:
- •Қолданылған әдебиет тізімі:
- •Еңбек ұжымы - кіші топ ретіндегі түсінігі
- •Қолданылған әдебиет тізімі:
- •Қолданылған әдебиет тізімі:
- •Қолданылған әдебиет тізімі:
- •Аудиторияға және аудиториядан тыс жұмыстарға арналған материалдар
- •1.2. Білімді бақылауға арналған материалдар
- •1.3. Дәріс сабақтары бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •1.4. Семинар, сөож сабақтары бойынша және сөж тапсырмаларын орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулық
- •Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері қолданатын интерактивті үлгідегі және оқытудың әдістері
- •Әлеуметтік және психологиялық пәндер кафедрасында қолданылатын дәстүрлі әдістерге жалпы шолу
- •7.Белсенді үлестірме материалдар
- •Рефераттар мен баяндамалар тақырыбы
- •8.Студенттердің оқу жетістіктерін бағалау және бақылау материалдары
Қолданылған әдебиет тізімі:
Гальперин Г.Я. Введение в психологию М., 2000
Гипенрейтер. Ю.Б. Введение в психологию М., 2000
Общая психология / Под ред. А.Маклакова, М. 2002
Ильин Е.П. Мотивация и мотивы.-СПб.: Питер, 2004Психология личности в трудах отечественных психологов. СПб., 2000.
Л.Хьелл, Д.Зиглер Теории личности. СПб, 1997.
Льеонтев А.Н. Проблема развитий психики
Психология памяти. Под ред. Б.Б. Гиппенрейтера. М.,2000.
11 тақырып: Топ психологиясын зерттеу әдістері.
Мақсаты: Топтағы адамдарды психологиялық зерттеу әдістерімен студенттерді таныстыру мақсатында жүргізіледі.
Қарастырылатын сұрақтар:
Психологиялық зерттеушілердің әдіснамалық негіздері.
Топ психологиясының әдістерін сипаттау. Оларға қойылатын талаптар.
Топ психологиясындағы сараптау, (эксперимент) оның түрлері.
Психологиялық эксперименттің құрылымы.
Әдіс - психологиялық зерттеушілердің әдіснамалық негіздері. Топ психологиясының әдістерін сипаттау. Оларға қойылатын талаптар. Топ психологиясындағы сараптау, (эксперимент) оның түрлері. Психологиялық эксперименттің құрылымы.
Ұйымдастыру әдісі
Салыстыру әдісі: әртүрлі құбылыстар мен объектілерді салыстыруға мүмкіндік береді.
Лонгитюдты әдіс - белгілі бір уақыт аралығындағы құбылыстар мен объектілерді неше қайтара зерттеуге мүмкіндік береді.
Комплексті (кешенді) әдіс - әр ғылым салаларының әдістер жиынтығын қолдану.
Эмпирикалық әдіс - бақылау; әңгімелесу; эксперимент; тестілеу жатады.
Бақылау – срез (аралық) оның мерзімі; таңдаулылығы; тұтастылығын қарастырады.
Әңгімелесу – анкеттеу; интервью; сұрақнама; сұхбат.
Эксперимент - лабораториялық және табиғи болып екіге бөлінеді.
Әлеуметтік және психологиялық бағытындағы пәндерді өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулық
Аудиторияға және аудиториядан тыс жұмыстарға арналған материалдар
Әлеуметтік және психологиялық пәндері кафедрасының пәндері бойынша аудиторияға арналған материалдық жұмыстар барлық сабақтар кредиттік жүйеге сәйкес оқытудың дәстүрлі және интерактивті үлгісін ескере отырып дайындалған. Пәндер бойынша әртүрлі сабақ түрін өткізу және рейтинг тапсырмаларын орындау сабақтары уақытпен белгіленуі тиіс.
Дәрістердің қысқаша курсы (тезистер) оқу бағдарламасының материалдарынан (силлабусс), яғни мазмұны жағынан тиімді көлеммен және керекті ақпараттардан құралған, жалпы алғанда жүргізіліп отырған пән бойынша барлық мәліметті қамтамасыз етеді. Дәріс курсының мазмұнында қазіргі заман ғылымының жетістіктері мен ғылымның даму болашағы жөнінде қарастырылуы міндетті.
Семинар (практикалық) сабақтарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтарды орындау барысында, кафедраның пәндері бойынша зертханалық және әртүрлі үлестіріліп берілетін материалдар қосымша дайындау қарастырылған, практикалық және семинар сабақтарына арналған материалдар дәріс курсының материалдарын бекітіп және қайталауға арналған, сонымен қатар пәннің кейбір бөлімдері бойынша дәріс курсында қарастырылмаған тақырып бойынша білімін толықтыруға арналған.
Кредиттік жүйе бойынша студенттің өзіндік жұмысы екі түрге бөлінеді: (СӨОЖ) – оқытушының басшылығымен оқытылатын аудиториялық жұмыс, аталған сабақ оқытушының сабақ кестесінде белгіленген және педагогикалық жүктемесінде енгізілген, СӨЖ – студенттің өзіндік жұмысы, яғни аудиториядан тыс студенттің кітапханадағы және ғаламтор торабындағы тәжірибелік жұмысы. Өзіндік жұмыс – студенттің терең және сапалы білім алуына және білім сапасын арттырудағы маңызды фактор болып табылады.
Студенттердің өзіндік жұмысына арналған материалдарының мазмұны мемлекеттік типтік оқу жоспарынан құралған. Өзіндік жұмысқа (СӨОЖ), (СӨЖ) арналған сұрақтар оқытылатын курстың мақмұнын толықтырып, тереңдетіп отыруы қажет. Тапсырмалар тақырыптардың негізгі сұрақтарынан құралуы тиіс.
Тапсырмалардың түрі мен мазмұны пәндердің ерекшелігін және күрделілігін ескере отырып, сонымен қатар ОӘК дайындаушы-оқытушының жеке авторлық көзқарасымен дайындалады. Өзіндік жұмысқа арналған материалдар кафедраның шешімімен талқыланып, бекітіледі.
Тапсырмалардың сандық есебі кредиттік технология бойынша ПОҚ педагогикалық жүктемесіндегі сағат санымен сәйкестендіріліп ЖОО Ғылыми кеңесімен, сонымен қатар пәндерді оқытуға бөлінген кредит санын ескере отырып әзірленген.
