- •Қолданылған әдебиет тізімі:
- •Қолданылған әдебиет тізімі:
- •Еңбек ұжымы - кіші топ ретіндегі түсінігі
- •Қолданылған әдебиет тізімі:
- •Қолданылған әдебиет тізімі:
- •Қолданылған әдебиет тізімі:
- •Аудиторияға және аудиториядан тыс жұмыстарға арналған материалдар
- •1.2. Білімді бақылауға арналған материалдар
- •1.3. Дәріс сабақтары бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •1.4. Семинар, сөож сабақтары бойынша және сөж тапсырмаларын орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулық
- •Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері қолданатын интерактивті үлгідегі және оқытудың әдістері
- •Әлеуметтік және психологиялық пәндер кафедрасында қолданылатын дәстүрлі әдістерге жалпы шолу
- •7.Белсенді үлестірме материалдар
- •Рефераттар мен баяндамалар тақырыбы
- •8.Студенттердің оқу жетістіктерін бағалау және бақылау материалдары
Қолданылған әдебиет тізімі:
Аникеева Н.П. «Учителю о психологическом климате в коллективе», М.: Просвещение, 1999
Бойко В.В., Ковалев А.Г., Панферов В.И. «Социально-психологический климат коллектива и личность» М: Мысль,2000
Вичев В.В. «Мораль и социальная психика», М: 2001
Коломинский Я.Л. «Психология взаимоотношений в малых группах: Учеб. Пособие» 2-е изд., доп.М: ТетраСистемс, 2000
Кон И.С. «Психология ранней юности», М: Просвещение, 1997
Корнилова Т.В. «Введение в психологический эксперимент», М: Владос, 1997
Королев Л.М. «Психология делового общения и управления», М: 2008
Крысько В.Г. «Социальная психология. Учебник для вузов» 2-ое издание, СПб: Питер, 2007
Кузьмин Е.С. «Основы социальной психологии», Л: 1997
Макаренко А.М. «Полное собрание сочинений 7 т», 2 т М: 1956 Михеев В. «Социально-психологические аспекты управления» М: Руководитель, 2004.
Немов Р.С. «Психология» 1 том, М: Владос, 2003
Парыгин Б.Д. «Социально-психологический климат коллектива: пути и методы изучения». /под.ред.Ядова В.А. Спб: Наука,2002
Рогов Е.И. «Общая психология», М: Владос,1998
Шапарь В.Б. «Практическая психология. Психодиагностика групп и коллективов», Ростов–на-Дону: Феникс, 2006
Шакуров Р.Х. «Социально - психологические проблемы руководства педагогическим коллективом», М:1992
Шибутани Т «Социальная психология», Спб: Наука,2000
7 – дәріс Топтағы конфликт психологиясы.2 сағат
7.1.Конфликт аңықтамасына түсінік.
7.2.Конфликт түрлері
7.3.Конфликті шешу жолдары
Мақсаты: студенттерде тұлға туралы елестерді қалыптастыру
Негізгі ұғымдар: жеке тұлға, адам, дүниетаным, сенім, мурат, бағдар, қажеттілік, қызығулар
Конфликттердің мәселесі - әлеуметтік психологиялық мәселе.
Адам мен қоғам конфликтінің байланысы ежелгі әлеуметтік философиядан бастау алады.
Конфуциймен бірге конфликт табиғатын ежелгі философ-диалектик Гераклитп ойластырған. Гераклит бойынша, элемнің ішіндегінің бәрі өшпенділіктен туындайды. Оның ойынша, конфликттер - бұл қоғам өмірінің маңызды шарты деп түсінеді
Австриялық ғалым Людвиг Гумплович (1838-1910) туыстық пен қанның түрлі болуы, психикада нақты бір көрінісі бар екендігін табады. Жағымды сезімдер мен эмоциялар топтық бірлікке, ал жағымсыз топаралық антогонизм тудырып, конфликтке әкеледі деген.
Бұл зерттеушілер өз еңбектерімен конфликт мәселесіне назар аударған. Оның кейбір формаларын бейнеледі. Көбісі нәсілдік және ұлтаралық конфликттерге баса назар аударып, басқаларын соларға жалғады.
Қақтығыстар, айырмашылықтар конфликттің тууына холық негіз бола алмайды. Олар нақты адамдар, топтар, әлеуметтік жіктер, саяси партиялар мен мемлекеттер, яғни қақтығыстарды иемденген күштер іске қосылғанда ғана жұмыс істей бастайды. Осыған байланысты жантануда конфликттің үш түрі қалыптасқан: әлеуметтік, психологиялық, әлеуметтік-психологиялық.
К.Левин конфликттің табиғатын терең зерттеген ғалым. Оның идеялары топтық динамиканы зерттеу барысында қалыптасады. Түлғаішілік конфликт:
Алаң теориясында бос күші бірдей-алаңдар бір-бірімен қақтығысқанда бір нүктелерде тоғысып, конфликт жағдайын көрсетеді. Индивидтің күшіне тең объектінің бағытталуы.
Демек тұлғааралық конфликтті К.Левин "өзінің жэне міндеттенген күштердің арасындағы конфликт" ретінде қарастырады. Адамның өз қажеттіліктері мен объективті күштің арасындағы қақтығыстар. Конфликтті жағдайлардың түрлері:
адам екі жағымды валенттіліктердің арасында жатқандағы түрі (валеттілікте объектінің адамды өзіне тартуы мен итермелеу қабілеті ретінде симатталады. Демек оның нәтижесі жағымды/жағымсыз болуы мүмкін);
адам екі негативті валеттіліктерінде жатыр. Бүл жағдайда негізінен таңдау мэселесі қозғалады;
адам объектпен қақтығысады. Онда бірден екі валенттілік болады.
Адам түрлі топтар мен тұлғааралық ықпалдардың шекарасында тұрып, белгілі бір міне-қүлықты таңдауы қажет болғандықтан, конфликт мәселесі әлеуметтік — психологиялық бағытта мотивациялық түрғыдан
қарастырылады. Әлеуметтік өзара әрекеттестік түрлі мотивтердің туындап қана қоймай, мотивтерді тудырып, ескілерді жояды. Қабылданған әрекеттерді түсіну мен талдау процесінде жаңа құндылықтар мен мотивтер қалыптасады.
Конфликтті шешу үшін шығармашылық ақыл - ой процесін қолдану керек. Мәселен тиімді шешу шығармашылық есептерді щешумен бара-бар.
мәселені тану;
фрустрация мен дискомфорт;
инсайт (мәселені жаңа қырынан тану)
Кооперативтік жэне бәсекелестік қатынас саясындағы М.Дойчтың зерттеулері тұлғааралық конфликттегі мотивациялық жақты қарастырады. Олардың негізнде тұлғааралық өзара әрекеттестегі адамдардың мінез-құлығын бағыттайтын мақсаттардың қақтығысы жатыр.
Отандық психологтар әлеуметтік-психологиялық конфликтті адамның элеуметтік тәні мен адамдардың әлеуметтік тэні мен адамдардың өзара-әрекеттестік табиғатын түсіну негізінде қарастырады.
Сонымен авторлар конфликттің динамикасын қарастырғанда, субъективті жэне объективті факторлардың арақатынасына көңіл бөледі. Ең бастысы-ол субъективті факторы, яғни конфликтті жағдайды бір жақтың сезінуі. Әлеуметтік құбылыстар мен процестер болжауға, алдын алуға, басқаруға келетін жәйіт. Еріксіз түрде конфликттің мүшесі болған тұлға оған өзінің үлесін қосуы мүмкін.
Конфликт - күрделі динамикалық құрылым. Оның өзіндік шегі, мазмұны, кезеңі мен формасы бар.
Динамиканың көп қырлы формаларын үш негізгі формаларға бөлуге болады:
кезеңдері оралымды (циклический). Кезеңдері біркелкі орала береді;
конфликт - бүл сатылық процес. Субъектілердің өзара әрекеттестігі әлеуметтік жағдайдың түрленуіне әкеледі. Әлеуметтік қатынастардың мазмұны мен мінезі, тұлға мінез-құлқының ережелері мен үстанымдары, әлеуметтік топтардың қүрлымы өзгеріп, түрленіп отырады.
Конфликт екі субъектінің өзара әрекеттестігі, бір жақтың әрекеті екінші жақтың әрекетіне реакция болып табылады. Бүл динамиканың формасын бихевиористік деуге болады. Мазмұны стимул —> реакция (8 —> К) формуласына келеді. Әр жақтың эрекеті қарсыластың жағын иемденуге бағытталған.
Оралымды конфликттің формасы жиі кездескендіктен, оған тоқталып кету шарт.
Р.Рамель конфликттің 5 даму кезеңін бөлген.
Латентті.
Қоздыру.
Кериттердің тецесе бастауы.
Тепе-теңдік.
Жарылыс..
Бұл - әлуметтік конфликттің үлгісі. Ол әлеуметтік қысымды үстап отырады.
А. Л. Анцупов пен А.И.Шипилов конфликттің динамикасында төменгідей кезеңдерді ұсынады.
Латентті кезең келесі сатыларды қамтиды: объективті жағдайдың туындауы; объективті жағдайды өзара әрекеттістіктің субъектілерімен сезіну; қалыптасқан жағдайды конфликтті емес тәсілдермен шешуге тырысу; конфликтке дейінгі жағдайдың қалыптасуы.
Ашық кезең немесе конфликттің өзі. Оған: инцидент, эсколация, күштердің теңдігі (конфронтация), конфликттің аяқталуы жатады.
Келіссөзден тартысқа көшу —■» тартыстың эмоционалды күшейтуі —► эмоциялардың цабылдауы бұзуы —» тартыстың интенсификацшсы және т.б.
Қазіргі кезде конфликттің 3 түрлі шекарасын бөліп қарастырады: кеңістік, уацыттьщ және жүйешілдік.
Бұл шекаралардың атқаратын қызметі аса маңызды. Оларға қарап процеске ықпал тигізуге болады.
жақтың қолдаушылары, бітімге келтірушілер, араңдатушылар арашашылар, ақыл-кеңес берушілер немесе тіпті кінәсіз құрбандар да болуы мүмкін. Конфликтің субъектілердің бұл аталғандардан айыра білген жен. Конфликтік жағдайда субъектілердің әлеуметтік және психологиялыц сипаттамалары басты рөл атқарады. Әлеуметтік сипаттамасы деп отырғанымыз, олардың әлеуметтік жағдайлары, қызмет жағдайлары, атқаратын кәсіптері, беделдері, т.б.
Ал, психологиялыц сипаттамасы дегеніміз, жекелеген адамдардың мінез-қүлықтарындағы ерекшеліктері. Мәселен, өмірде басқа адамдармен келісімге келе бермейтін, бар мәселелерді ұрыс-таласпен шешуді қалайтын "қиын" мінезді адамдардың болатыны белгілі. Мұңдай адамдар конфликтің басталуына, оның барысы мен нәтижесіне елеулі ықпал ететіндері сөзсіз.
Екі жақтың арасындағы қарама-қайшылық асқынып, субъектілер тікелей іс-әрекетке көшкен кезде шиеленетін қақтығысу кезеңі басталады. Яғни, екі жақ та бірдей іс-әрекетке көшеді. Әр жақ өзіне қарсы жақтың іс-әрекетіне тойтарыс беруге тырысып, барынша батыл қимыл жасайды, өз мақсатына жетуге тырысады. Конфликтің барысына элеуметтік орта да елеулі ықпал етеді. Қоғамның жалпы даму дәрежесі, нақты сол кездегі орын алып отырған экономикалық жағдай, қоғамдағы дэстүр, үлттық,
демографиялық айырмашылықтар конфликті жағдайда елеулі рөл атқарады. Бұл жағдайлар конфликтің нәтижесіне де эсерін тигізбей қоймайды.
8 – дәріс Топтағы іскер қарым-қатынастың психологиясы
8.1. Іс-әрекет психологиясының теориялары
8.2. Іс-әрекеттің түрлері
Мақсаты: студенттерде тұлға туралы елестерді қалыптастыру
Негізгі ұғымдар: жеке тұлға, адам, дүниетаным, сенім, мурат, бағдар, қажеттілік, қызығулар
Екінші томға психология ғылымындағы іс-әрекет теориясы, әйгілі кеңес психологтары С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, А.Б. Ананьев және т.б. еңбектерінен үзінділер аударылған.
Іс-әрекет психологиясының теориясы ХХ ғасырдағы кеңестік психология ғылымында басты орында болды. Ол психологияны индивидтердің іс-әрекеті барысында психикалық бейнелердің пайда болуы, қызмет етуі мен құрылымы туралы ғылым ретінде қарастырды. Осы томда А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн, К.А. Абульханова-Славская, А.Н. Ждан, В.В.Давыдов, А.А. Леонтьев, О.К. Тихомиров шәкірттерімен, В.И. Иванников, А.Б. Брушлинский, Б.С. Братусь, Т.В. Габай, Г.А. Суворова сияқты әйгілі психологтардың, сондай-ақ философтар И.Т. Касавин, Г.С. Батишев, В.Н. Сагатовскийдің осы теорияға байланысты идеялары көрініс тапқан.
Үшінші томға З.Фрейдтің психоаналитикалық тұжырымдамасынан үзінділер енген. Осы томға Фрейд ілімін ары қарай дамытқан неофрейдистер Э.Эриксон, Ф.Фромм, К.Хорни, т.б. еңбектері де енген. З.Фрейдтің “Психоанализге кіріспе түріндегі лекциялары”, “Психоанализ очерктері”, “Мен және ол”, “Түс көрулер”, т.б. еңбектері аударылған.
Төртінші томда ақыл-ой әрекетін кезеңдеп қалыптастырудың теориясын жасаған кеңестік ғалымдар П.Я. Гальперин, Н.Ф.Талызина, т.б. еңбектерінен үзінділер аударылған.
Ақыл-ой әрекетін кезеңдеп қалыптастыру теориясының негізін кеңес психологиясының көрнекті өкілдерінің бірі П.Я.Гальперин жасады. Ақыл-ой әрекетін қалыптастыру теориясы психикалық үдерістер жайлы түсініктерді, теориялық, эксперименттік және қолданбалы аспектілерді талдап саралайды.
П.Я.Гальперин өзінің “Бағдарлаушы іс-әрекет психологиясының пәні” деген еңбегінде психикалық бейнелеудің формаларын және олардың физиологиялық негізін кеңес физиологы И.П. Павловтың бағдарлаушы рефлекс идеясына сүйеніп, әр түрлі негіздегі тұжырымдарымен түсіндіреді.
Бесінші томда гуманистік психологияның ХХ ғасырдағы көрнекті өкілдері К.Роджерс, А.Маслоу, Г.Олпорт, Г.Айзенктің көзқарастары баяндалған. Бұл томда К.Роджерстің “Кеңес беру өнері мен терапия” деген еңбегінен жеке тұлғаны зерттеу тәжірибесінен үзінділер келтірілген.
Алтыншы том “Дамытып оқытудың мәселелері: теория және практика” деген атаумен беріліп отыр. Бұл томда жас және педагогикалық психологияның негізгі мәселелерінің бірі, бала психикасының дамуы, оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық байланыстары қарастырылады. Осы мәселе баланың тұлғалық және интеллектілік қабілеті дамуының білім жүйесіндегі негізгі мақсаттары және міндеттерімен байланысып жатады.
Томда В.В. Давыдовтың “Оқытудағы жалпылаудың түрлері” атты еңбегі мен А.М. Матюшкиннің “Ойлау мен оқытудағы ситуациялық жағдай ” атты кітабынан үзінділер алынған.
Жетінші том “Қазіргі кездегі когнитивті психология” деп аталады. Психологияның бұл саласында когнитивті психологияның зерттеу пәні болып табылатын танымдық үрдістерді зерттеу ерекше орын алады. “Когнитивті” ұғымы қазақ тіліне аударғанда “танымдық” деген мағынаны білдіреді.
Осы томға қазіргі кездегі батыстық когнитивті психологияның өкілдері Д.Брунер, У.Найссер, Ж.Пиаже, Р.Солсо, Дж.Р.Андерсон, Л.Фестингердің еңбектерінен жеке тараулар мен фрагменттер, сонымен қатар ресейлік авторлардың жұмыстарынан жекелеген еңбектер енгізілген.
Сегізінші том “Жеке тұлғаның қазіргі теориялары” деген атпен беріліп, онда А.Адлердің “Балаларды тәрбиелеу” және “Жеке-даралық психологияның тәжірибесі мен теориясы” – баланың жеке тұлғасы, оны тәрбиелеу мәселелері, балалар психикасындағы невроздар, оларды емдеу мәселелеріне арналған еңбектерінен үзінділер алынған. Сонымен қатар жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін анықтауға арналған сұрақнама мен өз тәжірибесінен мысалдар және бұған түсініктемелер беріліп отыр. Осы томға З.Фрейдтен кейін психоанализді әрмен қарай дамыта түскен, архетип, ұжымдық бейсана ұғымдарын ғылымға енгізген К.Г.Юнгтің “Санадан тысқарының мәселесі” деген еңбегінен де үзінділер аударылған.
Тоғызыншы томда ХХ ғасырдағы кеңес және шет ел психологтарының (С.Л.Рубинштейн, Л.Леви-Брюль, А.В. Брушлинский, О.К. Тихомиров, т.б.) ойлау психологиясы саласында классикалық болып табылатын еңбектерінен үзінділер берілген. Ойлау психологиясына қатысты еңбектерде, ойлау әрі үдеріс, әрі іс-әрекет ретінде, оның сатылары мен әр түрлі теориялары, ойлаудың генетикалық түп негізі, ойлау мен сөйлеудің ара қатынасы, ойлауды экспериментті тұрғыдан зерттеу мәселелері сөз болады.
Осы томдарға енген аударма материалдардың ішінде өзінің теориялық жаңалығы, практикалық маңызымен қазіргі қазақ халқының тыныс-тіршілігіне бір табан жақын тұрғаны З.Фрейдтің психоанализ ілімі мен америкалық гуманистік (ізгілік) психология өкілдерінің (К.Роджерс, Г.Олпорт, А.Маслоу т.б) түйін-тұжырымдары. Мәселен, гуманистік психологияның (мұның идеясын кезінде әл-Фараби, Өтейбойдақ, Асан қайғы, Абай, т.б. айтқан – Қ.Ж.) түсінігінде адам-табиғатынан қайталанбас белсенді тұлға, әркімде де алдына қойған мақсатына жетуге мүмкіндік бар, оның үнемі өзін-өзі жетілдіре түсуге мүмкіндігі мол, өйткені “үмітсіз – шайтан” дегендей, онда болашақтан үміт үзбейтін, ілгері қарай ұмтылушылықтың табиғи негізі бар дейтін оптимистік идеялар ұсынылған.
Бұл түйіндер полиэтностық Қазақстан үшін аса маңызды. Елімізді 130-дай этнос өкілдері мекендейді, олардың тұлғалық психологиясының қалыптасу жолы да бірдей емес. Осы мемлекетті құрайтын қазақтардың өзі де біркелкі емес. Олардың бірі – ада қазақ (мәңгүрт), екіншісі – шала қазақ, үшіншісі – жаңа қазақ (байлар), сондай-ақ, орта тап, кедей-кепшік болып кете береді. Бұлардың өмір жолы, мақсат-мүддесі, талап-тілегі әр түрлі. Формасы – қазақ, ішкі жан дүниесі қазақ емес жандардың да қалаған мақсатқа сай өзін-өзі жетілдіре түсуге, өзін айналасындағыларға таныта алуға ұмтылатыны сөзсіз. Осы айтылғанға орай, бізде гуманистік психология ұсынған проблемаларды зерттеу аса тиімді болмақ.
Ол үшін еліміздегі әр түрлі этнос өкілдерінің, әсіресе қазақ халқының психологиясын зерттейтін мемлекеттік бюджет негізіндегі ғылыми-зерттеу институтын ашуымыз қажет. Осы институт қазіргі қазақ қоғамында қандай тұлғалар өсіп, жетіліп келеді, олардың рухани құндылықтары қандай, ұлттық психология болмысының деңгейі, ұлт болашағына сенімділігі т.б. осы секілді мәселелерді зерттейтін болса, көп нәрсенің ақ-қарасы ашыла түсер еді.
Бірер сөз осы басылымда кездесетін әттеген-айлар жайында.
Мақаланың басында айтқанымыздай, психологиялық ой-пікірлердің даму тарихы ұлан-ғайыр кезеңді қамтып отырғаны хақ. 40-50 мың жыл тарихы бар адамзаттық өркениеттің қай дәуірінде болсын жан мен тән мәселесі елеулі орын алған. Бірақ тарих әлемінде бұлардан жөнді із қалмаған. Бізге жеткен екі жарым мың жыл бұрын жазылған Аристотель еңбектері басылымға кірмей қалған.
Осынау іргелі басылымға әлемдік психологияның “ең, ең ” деген ірі өкілдерінің таңдамалы еңбектерін енгізу керек еді. Мәселен, кеңес психологиясында теориялық тұжырымдамалар құрған А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн, П.Я.Гальпериндермен қатар есімдері ғылыми әлемге онша мәлім емес психологтардың (Ю.Д.Бабаева, Н.Б. Березанская, И.А. Васильев, Н.И. Сачко, Н.И. Салмина, В.П. Сохина, т.б.) орын алуы – он томдықтың бағасын төмендетіп жүрмей ме деген ой келеді. Мәселен, Салминаның (толық аты-жөні, ғылыми лауазымы беймәлім) “Бастауыш мектепте сандарды және олармен әрекет етуді оқыту” атты мақаласының ең болмаса қайда, қашан жарияланғаны туралы мағлұмат жоқ. Осындай жағдай В.П.Сохинаның “Алғашқы математикалық түсініктер қалыптасуының психологиялық негізі ” атты мақаласына да тән (ІV т, 427-471-беттер).
Аты-жөні аталған авторлардың материалдары кеңес психологиясында ХХ ғасырдың 40-60 жылдары жасалған ғылыми тұжырымдамаларды насихаттайтын, түсініктеме сипаттағы дүниелер. Бұлардан теориялық түйіндер мен ғылыми жаңалықтар табу қиын. Олай болса, осы авторларды әлемдік психологияның көрнекті өкілдерінің қатарына жатқызудың жөні жоқ сияқты.
Психология – интернационалистік ғылым. Бұл ғылымның қалыптасып, дамуына үлес қоспаған ұлт өкілдері кемде-кем. Осы тұрғыдан қарағанымызда 10 томдықта немістен – В.Вундт, Г.Гельмгольц, француз Р.Декарт, Рибо, ағылшын Т.Гоббс, Дж. Локк, швейцар Ж.Пиаже, т.б. орын алуы керек еді дейміз. Бұл есімдердің қай-қайсысы да психология ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан тұлғалар екені белгілі.
Төл тілімізде тұңғыш жарық көріп отырған осы басылымның үлкен бір кемшілігі – тіл жұтаңдығы. Мұнда ана тіліміздің аса бай лексикалық қорын молынан пайдалану мен ұлттық сөз саптау ерекшелігімізді қолдана алмаудан туындайтын кемшілік жәйттер баршылық. Аудармашылар көбінде мәтінді сөзбе-сөз аударамын деп, қазақ тілінің синтаксистік құрылымын да, психология ғылымының мән-мағынасын да бұзып алған. Бұл айтқанымызға төмендегідей тіркестер жақсы дерек бола алады. “Олар сүйеді және сүйікті болады, секс кезінде үстіңгі және астыңғы позицияларда (?!) болады, өздері қалжыңдайды және басқаларға қалжыңдауға мүмкіндік береді” (5-том, 323-бет). Келесі осындай бір дерек, 3-томнан алынып отыр. “Ол (яғни, түс көру – Қ.Ж.) біздің сергек өмірдегі белгілі рухани құбылыстармен бірге ортақ тізбек құруы ықтимал (71-бет), ол түсті шешуді жақындатады және сондықтан (?!) қарсыласуға ұшырайды (173-бет), … ұйқының ортасында оятатын түстер теориялық қызығушылықты көбірек туғызады” (190-бет). Бұл тіркестерді оқу да, түсіну де қиын.
Аударылған рухани дүниелер туралы қорыта келе айтарымыз: әлемдік психология туындыларының төл тілімізде тұңғыш рет жариялануы аса құптарлық жәйт. Аудармашылар қазақ оқырмандарын осы туындылармен жәй таныстырып қана қоймай, бұлардың еліміздегі психология ғылымының дамуына түрткі болатындай жағын, бізде өріс алуға тиісті кешенді, іргелі зерттеу жүргізуге ықпал ететіндерін (мәселен, гуманистік, психоаналитикалық психология) ойластырған. Осынау аудармалардың төл тіліміздегі психологиялық ұғымдар қорының молая түсуіне де себепкер болатыны сөзсіз. Бұл басылым әлемдік психология мен қазақ психологиясының сабақтастығы қандай деңгейде тұр дейтін проблеманың қойылуына да мұрындық болары хақ.
Әлемдік психологияның соңғы оныншы томына қазақ психологиясының тарихына байланысты материалдар белгілі бір жүйе бойынша енген. Бар-жоғы бір томдық болса да бұл — өте құптарлық жәйт. Қазақ халқының сан ғасыр бойына осы салаға қатысты жиған-терген інжу-маржандары әлемдік психологияның қатарынан орын алуы елдігіміздің басты белгісі екендігінің айғағы.
Халқымыздың психологиялық ой-пікір тарихының қалыптасып, даму жолын қазақ елінің азаматтық тарихымен орайластыра отыра, бұл үрдісті негізгі үш кезеңге бөліп қарастыруды ғылыми тұрғыдан дұрыс тұжырым деп есептейміз.
Мұның бірінші кезеңі – VІ-XІV ғ.ғ. басталатын қазіргі түркі тектес халықтардың бәріне ортақ психологиялық ой-пікірлердің ілкі бастау, түп-төркіні. Бұларға ежелгі түркі ескерткіштері “Күлтегін”, “Тоныкөк”, “Білге қаған”, Орхон-Енисей жазулары мен Қорқыт ата, Әбу Насыр әл-Фарабидің, Ж.Баласағұни, т.б. тағылымдарын жатқызу ләзім. Екінші кезең қазақ хандығының құрылу дәуірінен басталып (1456) Қазан төңкерісіне дейінгі психологиялық ой-пікірлердің дамуын қамтыса, үшінші кезең психология ғылымының кеңестік Қазақстанда маркстік идеялармен рухтанған, яғни коммунистік идеологияның дәурендеген кезеңіне тұстас келеді.
Осы томды құрастырушылар қазақ халқының ғасырлар бойы қордаланып, сұрыпталған әр түрлі сипаттағы психологиялық түйіндерін төл тілімізде белгілі жүйемен беруді мақсат тұтқан.
Әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың қазақ топырағында дүниеге келіп, артына тәлімі мол ұлан-ғайыр мұра қалдырып кеткені – бүгінгі біздер үшін зор мақтаныш.
Осыған орай томға “шығыс Аристотелінің” жеке психологиялық еңбектері, оның іргелі туындысы - “Өлең өнерінің қағида-лары туралы трактатынан” қазақ психологиясына ерекше қатысты мәліметтер беріліп отыр.
Психологиялық тұрғыдан оның “Музыканың үлкен кітабы” атты трактатының мәні де ерекше. Әбу Әли Ибн Синаның даңқы “Медицина ғылымының каноны ” арқылы бүкіл әлемге мәшһүр болса, Әбу Насыр әл-Фараби де аталмыш еңбегімен бүкіл әлем жағдайында ерекшелінеді. Бұл синтетикалық (жиынтық) шығарма. Мұнда музыка психологиясының мәселелері терең баяндалған.
XV ғасырдың бірінші жартысындағы психологиялық ойлар дала философы атанған Асан Қайғы толғауларымен, қара үзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баянынан” ерекше көрініс тапқан. Дала ғалымы аталған еңбегінде адамның жан құбылыстары (түйсік, ойлау, сөйлеу, қиял, дағды, мінез, қабілет, т.б.) туралы біраз мағлұматтар келтіреді. Ғұлама адам иіс түйсігін – мүңк (қазіргі иіс), татым (дәм), ойлауды “ойламалық”, сөйлеуді “сөйлемелік”, миды “мияқ” атауларымен өрнектейді. Ол өзінен бұрын өмір сүрген ұлы ғұламалардың (әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, т.б.) жан туралы түсініктеріне сүйене келіп, бүткіл жанды дүниедегі тіршіліктің басқарушысы, реттеушісі жүрек десе де, мидың атқаратын рөлін де жоққа шығармайды. Оның адам есіне, ойлауына байланысты ой түйіндері мен нақты мысалдары қазіргі ғылым тұрғысынан дәйекті де нанымды. Осындай психологиялық ой-пікірлерді екінші дала ғалымы Мұхаммед Хайдар Дулати да айтқан. Оның қазақ халқының өзіндік психологиясы, ел басқару, дін мен денсаулық, ұрыс жүргізу туралы айтқандары психологиялық тұрғыдан ерекше назар аудартады.
Қазақ халқының азуы алты қарыс философ жыраулары – Шалкиіз, Жиембет, Ақтамберді, Шал ақын, Бұқар Қалқаманұлының көшпенділер психологиясының сан қырларын суреттейтін толғаулары, дала дипломаттары атанған ұлы үш биіміз — Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке билердің психологиялық тұрғыдағы аса құнды ойларымен тоқайласып жатады.
Жинақталушы томға аталған ерен тұлғалардың туындыларынан үзінділер берілгені де көңілге ұялайды.
Томға ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтық ой-пікірлердің ірі өкілдері – Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Махамбет Өтемісұлдарының жырларынан психологиялық сипаттағы үзінділер де енгізілгенін атап өтуіміз жөн.
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы психологиялық ой-пікірлердің дамуы қазақтың үш ой алыптары – Ыбырай, Шоқан, Абай есімдерімен байланысты екендігі белгілі. Осы айтылғанға орай, бұл ғұламалардың шығармаларынан алынған үзінділер де томға молынан енген.
ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі психологиялық ой-пікірлердің дамуы Ш.Құдайбердіұлы, С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Мәшһүр-Жүсіп Көпеев еңбектерімен айрықша ерекшеленсе, ХХ ғасырдың екінші жартысы Қазақстанда психология ғылымының дамуына үлес қосқан академик Т.Тәжібаев пен профессор М.М.Мұқанов, т.б. қазақ ғалымдарының еңбектерін қамтиды.
Қазақ топырағында ХХ ғасырдың басында тәлімдік ой- пікірлерімен ұлттық колоритке (нақыш) толы психологиялық көзқарастарымен барша жұртты тәнті еткен, қазақ жантану ілімінің көшбасшысы ретінде танылған Ж. Аймауытовпен қатар, оқу-тәрбие ісіне тікелей қатысты педагогикалық психологияға ерекше ден қойған М.Жұмабаевтың таңдаулы еңбектері де осы томға енгізілген.
“Қазақтың психологиялық ой-пікірлері” атты соңғы Х том негізінен еліміздің тәуелсіздік алған кезеңіне дейінгі қазақ халқының он төрт ғасырлық психологиялық ой-пікірлерін баяндаумен аяқталады. Яғни, бұл сонау VІ-VІІІ ғасырлардан басталып, ХХ ғасырдың соңғы жылдарымен аяқталатын аса дүбірлі үлкен кезең. Ал үстіміздегі ХХІ ғасырдағы қазақ психологиясының тарихын жазу – бізден кейінгі ұрпақтың еншісі болмақ дейміз.
