- •1. Халықаралық жеке құқықтың түсінігі мен құқықтық табиғаты. Халықаралық жеке құқықтың басқа құқық салаларымен арақатынасы.
- •2. Халықаралық жеке құқықтың реттеу әдістері.
- •3. Халықаралық жеке құқықтың қайнар көздері. Халықаралық жеке құқық нормаларын унификациялау.
- •5. Коллизиялық норманың заңи түсінігінің дәрежеленуі. Алдын ала коллизиялық мәселе.
- •6. Халықаралық жеке құқықтағы шетелдік құқық мазмұнын анықтау.
- •7. Үшінші елдің құқығына кері сілтеме және сілтеме.
- •8. Жария тәртіп туралы ескертпе, халықаралық жеке құқықтағы императивтік нормаларды қолдану және заңды айналып өту.
- •9. Халықаралық жеке құқықтағы өзаралық және реторсиялар (материалдық, процессуалдық, коллизиялық қырлары).
- •10. Халықаралық жеке құқықтағы жеке тұлғалардың құқықтық жағдайы.
- •11. Халықаралық жеке құқықтағы заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы.
- •12. Халықаралық жеке құқықтағы мемлекеттердің құқықтық жағдайы.
- •19. Халықаралық жеке құқықтағы шарттан тыс міндеттемелер
- •20. Некеге тұрудың коллизиялық мәселелері.
- •22.Отбасы мүшелері арасындағы мүліктік, мүліктік емес, сондай ақ алименттік қатынастардың коллизиялық мәселелері.
- •23.Халықаралық бала асырап алуды құқықтық реттеу.
- •24.Мұрагерлік құқықтың коллизиялық мәселелері.
- •25.Халықаралық жеке құқықтағы зияткерлік меншік.
- •27. Шетелдіктер қатысатын істер бойынша соттылықты германдық, француздық және ағылшындық жүйемен анықтау. Қазақстандық аіжк қарастырылатын ережелер.
- •28.Юрисдикциялар қақтығысы. Шектеулі және баламалы құзірет.
- •30.Шетелдік сот шешімдерін тану және орындау.
- •31.Халықаралық коммерциялық арбитраждың заңи табиғаты. Арбитраждық келісім түсінігі мен түрлері.
- •32.Арбитраждық өндірістің алдын ала мәселелері (арбитраждың орнын, тілін, құрамын, құзіретін, регламентін анықтау).
- •33.Арбитраждық өндірістің негізгі сатылары (талап арызды беру және талап бойынша қарсылық білдіру, дауды мәні бойынша қарау, арбитраж шешіміне қосымшалар және түзетілер, арбитраждық шығыстарды жабу).
- •34.Шетелдік сот тапсырысын орындау.
- •35.Шетелдік арбираж шешімдерін тану және орындау.
- •36.«Қазақстан-2050» Стратегиясына сәйкес Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек бөлінісіндегі рөлі.
12. Халықаралық жеке құқықтағы мемлекеттердің құқықтық жағдайы.
ХЖҚ-тағы мемлекеттік иммунитет түсінігі және элементтері. Кез келген мемлекеттің құқықтық жағдайы саяси билігі мен мемлекеттк иммунитетінің бар болуымен анықталады. Бұл халықаралық құқықта қалыптасқан par in parem imperium (urisdictionem) non habet түсінігінде айтылған. Мемлекет азаматтық қатынастарға қатыса отырып шет ел мемлекетінің заңнамасына бағынбайды: шет ел мемлекеті сотта жауапкер етінде бола алмайды, оған қатысты мәжбүрлеу шаралары қолданылмайды. Сондықтан шет ел элементімен шиеленіскен құқықтық қатынастарда мемлекеттің жағдайының ерекшелігі оның иммунитетіне байланысты болып табылады. Иммунитетке екі жақтан анықтама беруге болады. Иммунитет-мемлекеттің өзге мемлекеттің заңнамасына бағынбау құқығы, өзге мемлекетпен оған қатысты соттық, әкімшілік және т.б. органдарымен мәжбүрлеу шараларын қолданбау құқығы. Иммунитет-мемлекеттің басқа мемлекеттің мүлкіне, әрекеттеріне қатысты мәжбүрлеу шараларын шараларын қолданбау арқылы өз заңнамасын оған қатысты шектеуі, яғни шет ел мемлекетіне қатысты әкімшілік, соттық мәжбүрлеу шараларын қолданбауы. Шетел мемлекетінің заңнамасынан мемлекеттің иммунитеті біренеше элементтен тұрады:
Соттық иммунитет-мемлекеттің өзге шет ел мемлекетінің сотына бағынбауы.
Талапты алдын-ала қамтамасыз ету шараларына немесе жолын кесу шараларынан иммунитет.
Шет ел сот шешімін мәжбүрлеп орындатудан иммунитет.
Мемлекеттік меншік иммунитеті-шет ел мемлекетінде орналасқан мемлекеттік мүлікке қол сұқпаушылық режимі.
Мемлекет қатысаты мәмілелерге шетел құқығын қолданбаудан иммунитет
Мемлекеттің функциялық иммунитеті теориясы. De jure imperii және de jure gestionis мәмілелерін саралау мәселесі. Бұл иммунитеттің түрі жария құқықтық және жеке құқықтық деп бөлуге негізделген. Егер мемлекет егеменді биліктің иесі ретінде қатысса (de jure imperii), ол жеке құқықтық сферада да иммунитет пайдаланады. Егер мемлекет жеке тұлға ретінде қатысса(acta gestionis), коммерциялық қызметпен айналысса (de jure gestionis), онда ол иммунитетке ие емес. Ең алғаш рет бұл иммунитет толық түрде Бельгия(1857)мен Италияның (1883)сот шешімдерінде толығымен қарастырылған. Дегенмен көптеген мемлекеттер, англо американдық соттар, АҚШ (1976ж «Шет ел мемлекетінің иммунитеті туралы») пен Ұлыбританияда иммунитет туралы заң қабылданғанға дейін абсолютті иммунитетті қолданып келді. Сондай-ақ канадалық соттарда мемлекетке иммунитет беретін 1982ж акт; «шет мемлекеттің иммунитеті туралы Австралияда» 1984ж қабылданған Акт т.б. дегенмен Функционалды иммуниеттің бірқатар кемшіліктері де бар: ең алдымен доктрина да, сот тәжірибесімен де, заңмен де мемлекеттің егеменді ретіндегі немесе жеке тұлға ретіндегі қызметін бір-бірінен ажырататын белгілерін анық қалыптастырған жоқ. Әдетте операцияның сипаты (табиғаты) немесе мақсаты ғана айтылады. Егер қатынастың сипатына көңіл бөлетін болсақ, кез-келген халықаралық жеке құқықпен реттелінетін мәміле жеке құықтық болып табылады, яғни коомерциялық операция б.т. және жеке тұлғалармен жасалынатын операциялардан еш айырмашылығы жоқ. Бұл жөнінен, м, егер мемлекет ғимаратты жалға алса, ол елшілік орналастыра ма, жоқ өз азаматтары үшін қонақжай жасай ма, бәрібір ол табиғаты бойынша жеке құқықтық қатынас болып табылатындықтан, иммунитет қолдана алмайды дегенге алып келеді. Сондай-ақ қызметтің мақсатын ескеру критериі де қорытындыға алып келмеді: мемлекет егер оның әрекеттері коммерциялық емес мақсатта болса иммунитетке ие емес, ал керісінше болса ие. Мемлекет қандай мәміле жасаса да жке тұлғалардың мақсаты үшін емес, ол мемлекеттің мақсаты үшін, қоғам мен мемлекеттің қамы үшін жасайды. Мысалы, елшілік ғимаратын, әскери кемені салу үшін материал сатып алуы, т.б. сондықтан мақсатты жария құқықтық немесе жеке құқықтық қатынастарды анықтау үшін қолдану обьективті болып табылмайды. Сондықтан, тіптен бір мемлекеттің соттарымен бірдей фактілердің жиынтығы әр түрлі талқылануы мүмкін. ХЖҚ-тағы мемлекеттердің шектеулі иммунитеті теориясы. Аты айтып тұрғандай иммунитеттің бұл түрі иммунитетті шектеуге байланысты туындайды. Функционалдық иммунитетке – мемлекеттің қызметін бөлу қағидасына сәйкес: егеменді-биліктік және жеке қызметтік деп бөледі, ал шектеулі иммунитет осындай қағидалар мен критерилерді ұстанбай, тек қана мемлекет иммунитетінен бас тартатын нақты жағдайларды көрсетеді. Бұл жағдайлар мемлекеттер арасында екіжақты немесе көпжақты шарттар негізінде айқындалуы мүмкін. Шектеулі иммунитет халықаралық шаруашылық қатынастардың негізгі акторларымен - мемлекеттермен ғана құрыла алады. Доктрина мен сот тәжірибесі мұнда тек қана көмекші рөл атқара алады.
Егер мемлекет сауда қатынастары мен өзге де экономикалық қатынастарға қызығушылық танытса, оған сауда шартын жасаған кезде иммунитеттен бас тартатын жағдайларды шартта нақты көрсетіп кетуі керек. Шектеулі иммунитеттің көпжақты негізде жасалған заңды қайнар көзінің ең сәттісіне 1972 жылға Еуропа конвенциясын жатқызуға болады. Конвенция шетел юрисдикциясынан мемлекет иммунитеті туралы қағиданы бекітеді (15 бап), содан кейін бұл қағидадан тыс қалған жағдайларды нақтылайды (1-14 баптар). Кейбіреуіне тоқталып өтсек: кейбір баптар (1-3 және 12) мемлекеттің шетел сотында иммунитетінен бас тартудың түрлері мен шарттарын анықтайды: 1) егер мемлекет шетел сотында талапкер немесе үшінші тұлға ретінде қатысса, онда ол соттың юрисдикциясын мойындайды, сонымен қатар қарсы талап арыз болған жағдайда да; және керісінше мемлекет қарсы талап арыз бергенде де; 2) істің мәні бойынша шешім шығарылғаннан кейін мемлекет иммунитетке сүйене алмайды; 3) егер мемлекет іске өз иммунитетті мәлімдеу үшін қатысса, онда ол өз иммунитетінен бас тартқан болып саналмайды; 4) мемлекет иммунитетті қолданбайды, егер келесідей түрде шетел сотынын юрисдикциясын мойындауға міндеттенсе: халықаралық шартта, келісімнің ережесінде айқын көрсетілсе; дау басталғаннан кейін мемлекет жазбаша өзінің келісімін берсе; 5) егер мемлекет дауды арбитражда қарауға жазбаша келісім берсе, онда мемлекет арбитраж орналасқан елде иммунитетке ие болмайды.
Мемлекеттер келесідей жағдайларда иммунитетке ие бола алмайды: 1) шарттық міндеттемелік істерде, егер шартқа сәйкес ол сот ісі болып жатқан мемлекетте орындалса немесе орындалуы тиіс болса; 2) еңбек шартына байланысты істерде, егер орындалатын жұмыс немесе орындалуға тиіс жұмыс сот ісі болып жатқан ел аумағында болса; 3) заңды тұлғаларға байланысты істерде, егер мұндай тұлғаның сот ісі болып жатқан ел аумағында басты кеңсесі болса; 4) мемлекеттің өндірістік, коммерциялық немесе қаржылық қызметін жүзеге асыратын бюро, агенттік немесе өзге де құрылымның жұмысына байланысты істерде, егер бұл құрылымдар сот ісі болып жатқан ел аумағында орналасса; 5) жылжымайтын мүлікке байланысты істерде, егер жылжымайтын мүлік сот ісі болып жатқан ел аумағында орналасқан болса; 6) келтірілген зиянды өтеуге байланысты, егер келтірілген зиян сот болып жатқан елдің аумағында орын алған болса
13. Шетелдіктерге қолданылатын режимдер. ҚР заңнамасындағы шетелдік жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын арнайы шектеу. Шетелдіктерге қойылатын режимдер:
Ұлттық
Аса қолайлы жағдай режимі;
Преференциялық (артықшылықты) режим. Тек ҚР-да болған, оған сәйкес, шетел азаматтарына өз азаматтарынан артықшылықты режим беру.
Кемсітпеу режимі.
Өзара түсіністік режимі 2түрде болады: формальды түрде, яғни екі мемлекет бір-бірінің азаматтарына тең режим беруі, материалдық: екі мемлекет бір-бірінің азаматтарына тең құқықтар береді.
ҚР заңнамасындағы шетелдік жеке тұлғалардың шектелген құқықтары:
Шетелдіктер ҚР-ғы ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншік құқығымен иемдене алмайды;
Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Беларусь азаматтарынан басқа шетелдіктер заңды тұлға құрмай, жеке кәсіпкерлікпен айналыса алмайды.
Қару ұстауға құқығы: күзеттік қызметпен айналыса алмайды;
ҚР-ның мем-к реестріне енгізілген әуе, теңіз кемелерінің экипаждарының құрамына тек көлік және коммуникация министрінің арнайы рұқсатымен ғана кіре алады.
ҚР заңнамасында шетелдік Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігінің кейбір шектелулері:
Ұлттық қауіпсіздік туралы ҚР 26.06.1998ж. заңнамасының 22-бабының 4-тармағына сәйкес, шетелдiк жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасындағы заңды тұлға - бұқаралық ақпарат құралдары өкiлiнiң немесе осы салада қызметiн жүзеге асырушының акциялар пакетiнiң (үлесiнiң, пайлардың) 20 процентiнен астамын тiкелей және (немесе) жанама түрде иеленуiне, пайдалануына, билiк етуiне және (немесе) басқаруына тыйым салынады.
ҚР аудиторлық қызмет туралы заңының 9-бабы 3-тармағына сәйкес, шетелдiк аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметтi тиiстi аудиторлық ұйымдарды - Қазақстан Республикасының резиденттерiн құрған жағдайда ғана жүзеге асыра алады.
ҚР сақтандыру қызметі туралы заңының 21-бабы 4-тармағына сәйкес, тізбесін уəкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалар немесе оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалардың қатысушылары (құрылтайшылары, акционерлері) болып табылатын жеке тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының - Қазақстан Республикасының резидентінің тікелей немесе жанама құрылтайшылары немесе акционерлері бола алмайды.
ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету туралы 20.06.1997ж.заңының 36.1-бабына сәйкес, бiрде-бiр тұлға уәкiлеттi органның жазбаша келiсiмiнсiз дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бiрлесiп, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы бола алмайды.Қазақстан Республикасының резидентi емес заңды тұлғалар негiзгi рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң ең төменгi талап етiлетiн рейтингi болғанда ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы мәртебесiн алуға уәкiлеттi органның келiсiмiн ала алады. Ең төменгi рейтинг және рейтингтiк агенттiктердiң тiзбесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының он немесе одан да көп процентiн тiкелей иеленетiн немесе ең аз талап етiлетiн рейтингi бар ашық жинақтаушы зейнетақы қорының он немесе одан да көп процентпен дауыс беру мүмкiндiгi бар ашық жинақтаушы зейнетақы қоры iрi қатысушысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резидентi емес заңды тұлғаның акцияларын (қатысу үлестерiн) иелену (олармен дауыс беру) арқылы ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретiн акцияларының он немесе одан да көп процентiн жанама иеленудi немесе ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретiн акцияларының он немесе одан да көп процентiмен жанама дауыс берудi көздейтiн Қазақстан Республикасының резидентi емес заңды тұлға үшiн аталған рейтингтiң болуы талап етiлмейдi.Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушылары - жеке тұлғалар ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын өздерiне меншiк құқығымен тиесiлi мүлiк құнынан аспайтын мөлшерде төлейдi.
ҚР банктер және банк қызметі туралы 31.10.1995ж. заңнамасына сәйкес, банктiң құрылтайшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резидентi емес-жеке немесе заңды тұлға осы Заңның 19-бабында аталған құжаттардан басқа, банк ашуға рұқсат беру туралы өтiнiшке тиiстi мемлекеттiң уәкiлеттi органының (Қазақстан Республикасының резидентi емес банктер үшiн - банктiк қадағалау органының) осы тұлғаға Қазақстан Республикасының резидент банкiнiң акцияларын иеленуге рұқсат берiлетiнi жөнiндегi жазбаша хабарламасын не тиiстi мемлекеттiң уәкiлеттi органының (Қазақстан Республикасының резидентi емес банктер үшiн - банктiк қадағалау органының) аталған құрылтайшы мемлекетiнiң заңнамасы бойынша мұндай шешiм талап етiлмейтiнi жөнiндегi мәлiмдемесiн қоса тiркеуге мiндеттi.
Күзет қызметі туралы ҚР заңнамасы.
14. ХЖҚ-тағы заттық құқықтар. х\қ жеке қ\ғы заттық қ\ң коллизиялық мәселелері. Заттық қ\р мазмұны бойынша адамның белгілі бір затқа байланысты пайдалануы, иеленуі, тағдырын анықтауы (созылмалы).
Міндеттемелік қ\р – кредиторға байланысты өзінің міндеттемесін орындау (ad hoc). Оның жекелеген түлері Тауардың кездейсоқ жойылу қаупiнiң ауысуы, Тұрақты рента төлемi ретiнде берiлген мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупi, материалдардың кездейсоқ жойылу қаупi.
заттық қ\ң коллизиялық мәселелері:
1 коллизия әр түрлі мемл\гі заттық құқықтың түріне байланысты пайда болады;
2 заттық құқықтың обьектілеріне байланысты: ҚРда нақты зат есептеледі;
3 нақты заттық құқықтың мазмұнына байланысты;
4 белгілі заттың азаматық айналымға түсу мүмкіндігіне байланысты;
5 сатылған тауарға меншік құқығының өту сәтіне байланысты;
6 заттардың қозғалатын және қозғалмайтын мүлікке жатуына байланысты;
7 белгілі бір институттың заттық немесе міндеттемелік құқықыа жатуына байланысты;
8 иемденудің ескіру табиғаты және мерзімдеріне байланысты;
9 заттық құқықтарды қорғау мүмкіндігіне байланысты: негаторлық талап, вендекациялық талап.
Lex rei sitae (заттың орналасқан жерінің заңы) х\қ жеке қ\қ тәжірибесіндегі бекіту формасының бірі. Ол х\қ жеке құқық обьектісі болып табылатын зат қай мемл территориясында орналасса сол мемл\ң құқығы қолданатындығын белгілейді. Бір кездері заттың орналасқан жерінің заңы қозмалмайтын мүлікке байланысты қолданылса, қазір ол қозғалатын мүлікке байланыстыда қолданылады. Осы заңға сай тәжірибе жүзінде мүліктің қозғалатыны сияқты оның қозғалмайтындығыда барлық елде олардың құқықтық жағдайы анықталуда. Негізінде ол келесі мәселелерді шешеді: зат меншіктік құқық обьектісі болама, заңи квалификация(қозғалатын немесе қозғалмайтындығы, бөлінетін не бөлінбейтіндігі т.б.), меншіктік құқықтың туындау реті, өзгеруі не тоқтатылуы және басқада заттық құқықтар. Заттың орналасқан жері заңының конструкциясында « заттың орналасқан жері» зат орналасқан мемл территориясындағы нақты, шынайы заң категориясы ретінде танылады. Үш исключение бар: 1егерде заттық құқыққа байланысты қандайда бір нақты барлық әрекеттер бір мемл аумағында туындап кейін ол зат басқа мемл территориясына көшірілсе онда ол әрекет туындаған мемл\ң заңымен реттеледі; 2 мемл\к реестрден шығарылған заттың құқықтық жағдайы орналасқан жеріне қарамастан ол реестрге енгізілген мемл заңмен анықталады; 3 заттың орналасқан жері үнемі өзгеріп немесе зат жолда болса (res in transitu) оның құқықтық режимін анықтау үшін жасанды байлам қолданылады: заттың жіберілген жердің заңы немесе заттың қабылданған елдің заңымен. Сонымен қатар басқа да коллизиялық нормалар: жеке заң (lex personalis) оның екі түрі бар: ұлттық заң (lex nationalis) және азаматығы бойынша заңы ( lex patriae) жеке құқықтық қатынасқа қатысушы қай мемл азаматы болса сол мемл заңы қолданылады және тұрғылықты жерінің заңы ( lex domicilii) жеке құқықтық қатынасқа қатысушы қай мемл аумағында тұрғылықты тұрса сол мемл заңы қолданылады. Заңды тұлғаның заңы ( lex societatis) ол ЗТ қай мемл\ке тиесілі болса сол мемл заңы қолданылады. Азаматтық іске қатысушы тараптардың таңдауы бойынша заңы (lex voluntatis) жеке құқықтық қатынасқа қатысушы тараптар қай мемл заңы қолдану керектігін өздері таңдайды. Акт жасалған жердің заңы (lex loci actus) қай мемл аумағында жеке құқықтық акт орын алса сол мемл заңы қолданылады мысалы некеге отыру. Шарт жасалған жердің заңы (lex loci contractus) шартқа қай мемл\де қол қойса сол мемл заңы қолданылады. Шарт орындалған жердің заңы ( lex losi solutionis) орындауға жататын шарттан туындаған міндеттемелік қайда орын алса сол мемл заңы қолданылады. Сатушы елінің заңы ( lex venditoris) сатушы қай мемл\кі болса сол мемл заңы қолд. Тығыз байланысты елдің заңы (proper law) құқықтық қатынас тығыз байланысты елдің заңы қолданылады. Сот елінің заңы ( lex fori) дау қай мемл\де қарастырылса онда сол мемл\ң заңы қолданылады. Жұмыс орнының заңы ( lex loci laboris) шетелдік элементпен шиеленіскен барлық еңбектік құқықтық қатынастар комплексі еңбектік қызмет қайда туындаса сол мемл заңы қолданылады. Ту елінің қаңы ( lex flagi) кеме қай мемл\ң туын тағып жүрсе сол мемл заңы қолданылады.
15. ХЖҚ-ғы мәміленің (шарттың) формальдық статуты. Сыртқы экономикалық мәмілелер түсінігі және дәрежелейтін белгілері.
ХЖҚ-тағы мәміле (шарт) нысанының коллизиялық мәселелері.
Халықаралық жеке құқықта ертеден мәміле нысаны мәміле жасалған жердің заңына (locus regit formam actus) бағынады деген ереже қалыптасқан. Мәміле жасау жерінің кездейсоқ сипатының болу мүмкіндігіне орай ХІХ ғасырда мәміле нысанын lex causae – мәміледен туындайтын міндеттемелерді реттейтін мемлекет құқығына бағындыратын ереже қалыптасты. Себебі, мәміле нысаны мәміле мазмұнымен тікелей байланысты. Мысалы, жеңіл сатып алу-сату шарты ауызша нысанда жиі жасалады, ал өндірістік объектінің құрылысына байланысты жалдау шартын ауызша жасау мүмкін емес. Қазіргі кезде мәміле нысанына lex causae-ны қолдану кеңінен таралуда. Бірақ бастапқы мәміле жасалу орнының заңы формуласы альтернативті немесе субсидиарлы байлам ретінде сақталып қалды. Мысалы, Швейцарияның халықаралық жеке құқық туралы 1987 жылғы заңында бұл екі ереже ықшам құрылған: «Шартқа қолданбалы құқыққа сәйкес немесе шарт жасалған орын құқығына сәйкес жасалған шарт дұрыс нысанда жасалған болып есептеледі» (124-бап, п.1). Көріп отырғанымыздай, екі коллизиялық байлам альтернативті: шарт нысанында ержелердің біреуін ғана сақтау жеткілікті. Кейде сот заңына, яғни меншік құқығына сілтеме жасайтын үшінші коллизиялық байлам да қолданылады. (М, 1979 жылғы халықаралық жеке құқық туралы Венгрия Заңы). Екі мағыналы коллизиялық формуланы (міндеттеме мәнінің құқығы және мәміле жасалған орын заңы) қолдану 1986 жылғы Халықаралық сатып алу-сату шартына қолданылатын құқық туралы Вена конвенциясының 11-бабында бекітілген.
Ал, ҚР құқығында мәмiленiң нысанының коллизиялық мәселері АК 1104-бабының 1-тармағында шешілген. Оған сәйкес: «Мәмiленiң нысаны ол жасалған жердiң құқығына бағынады. Алайда шетелде жасалған мәмiленi, егер Қазақстан Республикасы құқығының талаптары сақталса, нысанның сақталмауы салдарынан жарамсыз деп тануға болмайды». Көріп отырғанымыздай ҚР АК әдеттегі коллизиялық ережені, мәміле нысаны ол жасалған елдің құқығына сәйкес анықталатынын бекітеді. Яғни, егер мәміле шетелде жасалса, оның нысаны шетел құқығының талаптарына сәйкес болуы тиіс; ал Қазақстанда жасалған мәміле нысаны отандық құқыққа сай болуы керек. Сонымен қатар, субсидиарлы байлам бекітілген: шетелде жасалған мәміле нысанының ҚР құқығына сай жасалуы жеткілікті.
Аталмыш баптың екінші тармақшасы тараптарының бірі ҚР азаматы не заңды тұлғасы болып табылатын сыртқы экономикалық мәмілелерге қолданылады: «Қатысушыларының кем дегенде бiреуi Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы немесе Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын сыртқы экономикалық мәміле мәміленің жасалған жеріне қарамастан, жазбаша нысанда жасалады». Бұл тармақшадан негізгі коллизиялық байламнан алынуды (ерекшелікті) көре аламыз: сыртқы экономикалық мәміленің нысаны, оның қай жерде жасалғандығына қарамастан ҚР құқығына бағынады. Бұл ереже қолданылуы үшін сыртқы экономикалық мәміле субъектілік құрам талабына сай болуы тиіс. Қарастырылып отырған коллизиялық нормада екі нұсқа көзделген: тараптардың бірі ҚР заңды тұлғасы болуы керек немесе ҚР жеке тұлғасы болуы тиіс.
Негізгі коллизиялық байламнан екінші алыну қозғалмайтын мүлікке байланысты. Ол ҚР АК 1104-бабының үшінші тармақшасында бекітілген: «Қозғалмайтын мүлiкке қатысты мәмiленiң нысаны - осы мүлік орналасқан жердегі елдің құқығына, ал Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiзілімге енгiзiлген қозғалмайтын мүлiкке қатысты болса, Қазақстан Республикасының құқығына бағынады». Мәміле нысанын оның жасалған орнына бағындыратын әдеттегі байлам бұл жерде заттық құқықпен алмастырылып тұр, яғни зат орналасқан елдің құқығына сілтеме жасалған. Мұндағы тағы бір коллизиялық ереже ол: ҚР мемлекеттік тізілімге енгізілген қозғалмайтын мүлікке қатысты мәміле нысаны ҚР құқығына бағынады.
Сыртқы экономикалық мәміленің түсінігі мен құқықтық табиғаты.
Көптеген мемлекеттердің халықаралық жеке құқықпен реттелетін азаматтық-құқықтық(жеке құқықтық) қатынастарында сыртқы сауда немесе сыртқы экономикалық мәмілелер категориясы маңызды орынға ие. әр мемлекетте “мәміле” түсінігі мен мазмұны әр түрлі анықталады. Қазақстан Республикасы бойынша қазіргі күнге дейін сыртқы экономикалық мәміленің түсінігі және мазмұнына байланысты көптеген сұрақтар туындайды.Оның бір себебі болып заң жүзінде “сыртқы экономикалық ”мәміле түсінігінің нақты түрде мазмұнының ашылмауы болып табылады.
мәмілелерді екіге бөліп қарастыру арқылы “сыртқы экономикалық қызмет”, “сыртқы экономикалық мәміле”категорияларын қолдану мәміленің жалпы мазмұнын анықтауға мүмкіндік берді. Қазіргі уақыт жағдайларына сәйкес “сыртқы сауда”, “сыртқы экономикалық мәміле” ұғымының мағынасының кеңеюінің орын алғаны даусыз болып табылады. Әдебиеттер және тәжірибе бойынша, дәстүрлі түрде сыртқы сауда мәмілелері болып субъектілік-объектілік құрамын айқындайтын екі негізгі ерекшеліктерге ие мәмілелер табылды:
1.Шетел субъектісінің болуы;
2.мәміле негізінде көрініс табатын операциялар,яғни экспорттық-импорттық (кең мағынада) сипаты болуы қажет;
ҚР-ның Азаматтық кодексінде сыртқы экономикалық мәміле түсінігі оның нысанына байланысты қолданған. Онда былай көрсетілген: қатысушыларының кем дегенде біреуі Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы немесе Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын сыртқы экономикалық мәміле мәміленің жасалған жеріне қарамастан, жазбаша нысанда жасалады. Ресейде де жазбаша нысан туралы ереже көрініс тапқан. Тәжірибе бойынша бұл ережеге қатысты дау көп орын алмаған деп айтуға болады. Бірақ, Ресейде мәміле нысанының жазбаша түріне қатысты мынадай дау орын алған. Ресейлік сауда өкілдігі мен (сатып алушымен) 1996жылы шілде айында шетел мемлекетінде тіркелген фирма (сатушы) арасында тауар жеткізу туралы сыртқы сауда келісімі жасалды. Тараптар мәмілені жазбаша нысанда жасасу кезінде тауар жеткізілімі ИНКОТЕРМС-90 редакциясында көрсетілген СИФ (теңіз тасымалы) талаптары бойынша жүзеге асырылатыны туралы келісті. Осы ретте жеткізу пунктіне дейінгі фрахт және мәмілені сақтандыру бойынша төлем міндеттемелерін сатушыға – шетел фирмасына жүктелген. Бірақ факт бойынша тасымал ФОБ талаптарымен жүзеге асырылды. Себебі сатушы тасымалды сақтандырған жоқ. Жолда тауарға шторм әсерінен теңіз суы тигендіктен,ол бүлінді. Сатып алушы тауарды жарамсыз күйде алғаннан кейін бұл сатушының кінәсі деп білді. Яғни сатушы СИФ-тан ФОБ-қа жеткізілімнің негізгі талаптарын біржақты өзгертті, осының салдарынан, мәміле бойынша міндеттемелер толық жүзеге асырылған жоқ.
Шетел фирмасы шартта екіжақты өзгеріс орын алғанын мәлімдеді. Дәлелдеме ретінде сатушының факс арқылы келісімнің бағасын түсіру туралы офертасын жіберу ұсынылды. Сатып алушы телефон арқылы келіссөздер нәтижесінде бұған өз келісімін білдірді. Телефондық келіссөздер нәтижесінде сатушы ФОБ талаптары негізінде кемені фрахтілеу және мәмілені сақтандырмау мүмкін деп шешті. Ресейлік кәсіпорын мәміленің талаптарын өзгертуге ауызша келісім бермегенін айтты. Сотқа келісімнің талаптарының өзгертілгендігі туралы тараптардың еркін білдіретін, дауды шешетін жазбаша дәлелдемелер ұсынылмады. Осы дауды шешу барысында сот бұл мәмілені сыртқы экономикалық мәмілелер категориясына жатқызды, себебі мәміле қатысушыларының кәсіпорындары әр түрлі мемлекеттерде орналасты.
Ресей Федерациясы Азаматтық кодексі 162-бап, 3 тармақ бойынша, сыртқы экономикалық мәміле жай жазбаша нысанда жасалады. Осыдан тараптардың қатынастарына Ресей Федерациясы үшін 1991 жылы 1 қыркүйекте күшіне енген 1980 жылғы тауарларды халықаралық сатып алу-сату туралы Конвенция қолданылады. Конвенцияда мәміленің нысаны туралы императивті норма бар (12-бап). Осы ереже халықаралық сатып алу-сату шартына да, оның өзгеруіне де таралады (29-бап). Конвенцияның 13-бабына сәйкес жазбаша нысанға электрондық байланыс түрлерінен телеграф және телетайп арқылы хабарламаларды ғана жатқызады. Сонымен, Ресей мемлекетінің фирмасы қатысқан халықаралық сатып алу-сату шарты және оның өзгеруі жазбаша түрде болуы тиіс, ал телефондық байланыс бұған жатқызылмайды. Дауласушы тараптар арасындағы шарт жазбаша нысанда СИФ (ИНКОТЕРМС-90) талаптары негізінде жасалды. Яғни сатушы тауарды СИФ талаптары негізінде жіберуі керек еді. Сатушы факс арқылы сатып алушыға тауарлар тасымалын ФОБ талаптары бойынша жеткізуді ұсынды. Сатып алушы шартты өзгертуге, атап айтқанда, СИФ талаптарынан ФОБ талаптарына өтуге қатысты жазбаша нысанда ешқандай келісім берген жоқ. Яғни, сатушы келісімді өзгертуге ұсыныс жасады, ал сатып алушы бұған жауап бермеді. Нәтижесінде, жеткізілім базисіне қатысты келісімдегі өзгертулер (СИФ-тан ФОБ-қа) жазбаша түрде жүзеге асырылған жоқ. Арбитраж соты халықаралық саудадағы жеткізілім базисіне қатысты іскерлік айналымның дәстүріне негізделген шешімдерді қабылдауға құқылы. Бұл тараптардың іскерлік айналым дәстүрін қолдану немесе сыртқы сауда тасымалының базистік талаптары жөніндегі келісімді өзгерту туралы келіскен жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Украина мемлекетінде сыртқы экономикалық мәміленің жазбаша нысанына императивті норма болуымен қатар жеке тұлғалар мен басқа құқық субъектілері арасында жасалатын мәмілелерге қатысты тараптардың қол қою қажеттілігі қадағаланады.
Сыртқы экономикалық мәмілеге қатысты коллизиялық нормалар негізінен сыртқы саудаға қатысты зерттелді. Сыртқы сауда ретінде ғылыми доктриналарда кем дегенде бір тарабы шетел азаматы немесе шетел заңды тұлғасы болып табылатын және тауарларды шекарадан алып өтуге немесе әкелуге байланысты мәмілелер танылады. Аталған анықтамадан біз сыртқы саудаға тән белгілерді көруімізге болады.
Олар:
-тараптардың бірі шетел тұлғасы болып табылуы;
-басқа мемлекетте орналасуы керек.
Мәміленің пәні сыртқы саудаға байланысты операциялар болып табылады.Мысалы: тауар жеткізу, мүлік жалдау, жүк тасымалдау т.б.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1113-бабының мазмұнынан біз сыртқы экономикалық мәміленің түрлерін көре аламыз.Олар:сатып алу-сату шарты, сыйға тарту шарты, мүлікті жалға беру шарты, мүлікті тегін пайдалану шарты, мердігерлік шарты, тасымалдау шарты, көлік экспедициясы шарты, қарыз немесе өзге де кредит шарты, тапсырма шарты, комиссия шарты, сақтау шарты, сақтандыру шарты, кепілге алу шарты, айрықша құқықтарды пайдалану туралы лицензиялық шарттар. Бұл шарттар сыртқы экономиялық мәмілелерді білдіре алады, егер мәміле жасаушы тараптар екі мемлекетте орналасса. Сыртқы экономикалық мәміленің жоғарыда көрсетілген түрлері нақты деп айтуға болмайды,олардың қатары өзгеруі мүмкін.
Сыртқы экономикалық мәмілелерді коллизиялық ережелеріне келетін болсақ, халықаралық жеке құқықтың субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайтын және тікелей реттейтін материалдық –құқықтық нормалардан ерекшелігі коллизиялық норма осы қатынасқа байланысты қай мемлекеттің құқығын қолдану керек екендігін көрсетеді.
ҚР АК-нің 1112-бабы тараптардың сыртқы экономикалық мәміледегі құқықтары мен міндеттерін тараптардың келісімімен таңдалған елдің құқығына бағынады деп көрсетеді.
Сыртқы экономикалық мәмілеге байланысты тараптардың құқықтары мен міндеттері бағынатын құқықты анықтау ҚР-ның заңнамасында тараптардың еркіндігі қағидасына негізделеді(lex voluntatis). Бірақ ҚР заңы бойынша шарттардың кейбір түрлеріне қолданатын құқықты тараптардың таңдап алуына жол берілмейді,яғни императивті нормалар бекітілген.Ол ҚР АК-нің
1113-бабының 2 және 3-ші тармақтарында көзделген:
1.Нысанасы қозғалмайтын зат болып табылатын шарт бойынша,сондай-ақ мүлікті сенімгерлікпен басқару туралы шарт бойынша құқықтар мен міндеттемелерге сол мүлік тұрған елдің құқығы,ал Қазақстан Республикасында мемлекеттік тізімге енгізілген мүлікке қатысты Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.
2.Бірлескен қызмет және құрылыс мердігерлігі туралы шартқа мұндай қызмет жүзеге асырылатын немесе шартта көзделген нәтижелер жасалатын елдің құқығы құқығы қолданылады.
3.Конкурстық сауда-саттықтың (тендердің,аукционның) орытындылары бойынша немесе биржа орналасқан елдің құқығы қолданылады.
Егер тараптар жасасқан мәлімдеме олардың қай мемлекеттің құқығын қолданатындығы туралы келісімі болмаған кезде ол шартқа ҚР АК-нің 1113-бабының ережелері қолданылады.Олар:
1)сатып алу-сату шартында-сатушы; 2)сыйға тарту шартында-сыйға тартушы; 3) мүлікті жалға(арендаға)беру шартында жалға беруші; 4)мүлікті тегін пайдалану шартында несие беруші; 5)мердігерлік шартында-мердігер; 6)тасымалдау шартында-тасымалдаушы; 7)көлік экспедициясы шартында-экспедитор; 8)қарыз немесе өзге де кредит шартында-кредит беруші; 9)тапсырма шартында-сенім білдірілген адам; 10)комиссия шартында-комиссионер; 11)сақтау шартында-сақтаушы; 12)сақтандыру шартында-сақтандырушы; 13)тапсырма беру шартында-тапсырма беруші; 14)кепілге салу шартында-кепілге салушы; 15)айрықша құқықтарды пайдалану туралы лицензиялық шартта лицензиар болып табылатын тараптар құрылған,тұратын жері болады.
Азаматтық кодекстің 1113-бабында көрсетілген шарттың 15 түріне байланысты 15түрлі байламдармен қатар азаматтық заңнамада өндірістік әріптестік,құрылыс және басқа да күрделі құрылыстарды жүргізуге байланысты ережелер көрсетілген.Оған сәйкес тараптардың келісімінде өзгеше көрсетілмесе,ондай жағдайда осындай қызметтің жүзеге асырған жер құқығы немесе шарт бойынша нәтиже жасалған жердің құқығы қолданылады. Егер тараптардың қолданылуға тиісті құқық туралы келісімі болмаған кезде,мұндай шарттың мазмұны үшін шешуші маңызы бар,орындалуды жүзеге асыратын тараптар құрылған,тұрғылықты жері немесе қызмет орны болған елдің құқығы қолданылады. Батыс елдерінің, әсіресе, ағылшын-американдық тәжірибеде мәміленің нысанына байланысты шетелдік заңның ережелерінің сипатына байланысты сұрақтар кездеседі. Ол: мәміленің нысаны процессуалдық па, әлде материалдық құқықтық сипатта ма деген сауалдар. Егер құзыретті шетелдік заң шарттың жазбаша жасалып, гербтік салыммен жасалуын талап етсе, онда бұл талаптың сақталмауы ертеңгі күні шарттың дәлелдеме ретінде қолданбай, сот қорғауынан айырылатындығын білдіреді. Бұл жағдайларда Англия мен АҚШ соттары мұны қолданылуға жатпайтын процессуалдық норма деп таниды. Егер де осы талаптарды сақтамау белгілі бір шетел заңнамасы бойынша шарттың жарамсыздығына алып келсе,бұл жағдайда соттар оны эксаумақтық қызмет етуші материалды норма деп түсінік берген. Мұндай түсініктің дұрыс еместігі айқын, егер коллизиялық сауал шетел заңнамасының пайдасына шешілсе, онда қалған барлық заңның құқықтық институттары шетел заңнамасы негізінде ғана қолданылуы мүмкін. Мәмілелердің мәні бойынша жарамдылығына байланысты коллизиялық сұрақтарды шешуде үлкен қиындықтар туындайды. Бұлардың қатарына ерік білдіруді бұзу,заңдылықты және шарттың сол немесе басқа бір шарттарын орындамауды жатқызуға болады.
16. ХЖҚ-ғы шарттардың міндеттемелік статуты
ХЖҚ-тағы шарттық міндеттемелердің коллизиялық мәселері. Шартқа қолданбалы құқық. Шарттық міндеттемелерді реттейтін нормалар азаматтық құқықта да, халықаралық жеке құқықта да өте маңызды болып табылады. Бұл нормалардың көмегімен шетел элементімен күрделенген азаматтық-құқықтық қатынастар реттеледі: халықаралық сатып алу-сату, мүлікті жаға беру, шетелде өндірістік және өзге де объектілерді құру, халықаралық жүк, жолаушы, теңдеме жүк тасымалы, халықаралық есеп айырысу және несиелеу, шетелдік ғылыми, әдеби шығармаларды пайдалану және т.б.
Халықаралық жеке құқық доктринасы мен нормаларында шарттық міндеттемені білдіретін екі термин қолданылады: мәміле және шарт. «Мәміле» және «шарт» мағынасы әр түрлі, бірақ өте тығыз байланысты терминдер, себебі шарт мәміленің бір түрі болып табылады. Мәміле біржақты, екіжақты және көпжақты болуы мүмкін екені белгілі, соңғы екі жағдайда (екіжақты, көпжақты) мәміле шарт деп аталады.
ҚР АК 1112-бабында шарт тараптарының келiсiмiмен қолданбалы құқықты таңдау көзделген. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, шарт тараптардың келiсiмiмен таңдалған елдiң құқығымен реттеледi (lex voluntatis). Тараптардың қолданылуға тиiстi құқықты таңдау туралы келiсiмi айқын көрсетiлуге немесе шарттың және оларды жинақтап қарайтын iстiң мән-жайларының ережелерiнен тiкелей туындауға тиiс (ойдағы таңдау құқығы). Шарттың тараптары тұтас алғанда шарт үшiн де, оның жекелеген бөлiктерi үшiн де қолданылатын құқықты таңдай алады (Depeçage). Шарттың тараптары қолданылатын құқықты кез келген уақытта, шарт жасасу кезiнде де, одан кейiн де таңдап алуы мүмкiн. Тараптар шартқа қолданылатын құқықты өзгерту туралы да кез келген уақытта уағдаласа алады (өзгерту мүмкіндігі).
Шарт тараптарының қолдануға тиiстi құқық туралы келiсiмi болмаған кезде ол шартқа:
1) сатып алу-сату шартында - сатушы;
2) сыйға тарту шартында - сыйға тартушы;
3) мүлiктi жалға (арендаға) беру шартында - арендаға берушi немесе жалға берушi;
4) мүлiктi тегiн пайдалану шартында - несие берушi;
5) мердiгерлiк шартында - мердiгер;
6) тасымалдау шартында - тасымалдаушы;
7) көлiк экспедициясы шартында - экспедитор;
8) қарыз немесе өзге де кредит шартында - кредит берушi;
9) тапсырма шартында - сенiм бiлдiрiлген адам;
10) комиссияның шартында - комиссионер;
11) сақтау шартында - сақтаушы;
12) сақтандыру шартында - сақтандырушы;
13) тапсырма беру шартында - тапсырма берушi;
14) кепiлге салу шартында - кепiлге салушы;
15) айрықша құқықтарды пайдалану туралы лицензиялық шартта лицензиар болып табылатын тараптар құрылған, тұратын жерi немесе негiзгi қызмет орны бар елдiң құқығы қолданылады.
Бiрлескен қызмет және құрылыс мердiгерлiгi туралы шартқа мұндай қызмет жүзеге асырылатын немесе шартта көзделген нәтижелер жасалатын елдiң құқығы; конкурстық сауда-саттықтың (тендердiң, аукционның) қорытындылары бойынша немесе биржада жасалған шартқа конкурстық сауда-саттық өткiзiлген немесе биржа орналасқан елдiң құқығы қолданылады.
Нысанасы қозғалмайтын зат болып табылатын шарт бойынша, сондай-ақ мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару туралы шарт бойынша құқықтар мен мiндеттемелерге сол мүлiк тұрған елдiң құқығы, ал Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген мүлiкке қатысты Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.
Тараптардың қолданылуға тиiстi құқық туралы келiсiмi болмаған кезде шарттың мазмұны үшiн шешушi маңызы бар, орындауды жүзеге асыратын тараптар құрылған, тұрғылықты жерi немесе негiзгi қызмет орны болған елдiң құқығы қолданылады. Шарттың мазмұны үшiн шешушi маңызы бар орындауды анықтау мүмкiн болмаған жағдайда шарт мейлiнше тығыз байланысты елдiң құқығы қолданылады.
17. Сыртқы экономикалық мәмілелер бойынша есеп айырысу нысандары (чек, вексель, инкассо, аккредитив).
Банктердiң қолма-қолсыз есеп айырысу операцияларың түрлеріне : инкассо, аудару және акредитив болып табылады.
а) Инкассалық есеп айырысу.
Инкассо - әр түрлi құжаттарды пайдаланып, клиенттердің тапсырысы бойынша және олардың шотына банк¬тердiң ақша түcipy операциясы. Инкассоға чектер, вексельдер, бағалы қағаздар және т.б. құжаттар қабылданады.
1996 жылдан Халықаралық сауда палатасы шығарған инкассо бойынша Үйлестірілген бiріңғай Ерже қолданылады. Онда инкассоның мәні және түрлері анықталған; вексельдерді, чектерді, инкассолық тапсырыстарды инкассалау тәртібі; шарт бойынша халықаралық төлемде инкассо түріндегі есеп айырысу тәртібі қарастырылған.
Инкассалық операцияның екі түрі бар .
Жай инкассо – клиенттің банк арқылы коммерциялық құжатсыз қойған төлем талабы негізінде банктің үшінші жақтан ақша алуға міндеттенген операциясы. Жай инкассо тауарсыз есеп айырысуды қолданылады.
Құжатты инкассо – үшінші жаққа клиенттен алған құжатты (негізінен тауарды реттеуші ) көрсету және оны тек төлемді қолма-қол алғанда немесе акцепт алғанда ғана беру нәтижесінде банктің жүргізетін операциясы.
Аудару операцияларында клиент банкіне өз шотынан белгілі бір соманы көрсетілген жаққа аудару жөнінде тапсырма береді. Бұндай операцияны жүргізгені үшін банк коммиссиялық ақы алады.
в) Аккредитивтік есеп айырысу.
Аккредитив (латын сөзi- "ceнeмiн") - бiр банктiң екiншi банкке аккредитивте көрсетiлген шарттарды орын¬дағанда белгiлi бiр соманы жеке немесе занды тұлғаға төлеу жөнiнде берген жазбаша тапсырмасы.
Аккредитивтердің келесі түрлері бар:
1. орны толтырылған аккредитивтер банк эмитент төлеушінің өз құралдарын немесе оған берілетін несиені банк жеткізушіге аударады;
2. орны толтырылмаған аккредитивтер- екі банк бір-біріне корреспонденттік шот ашқан кезде қолданылады. Осы кезде аккредитив атқарушы банкте осы банкке банк эмитенттің шотынан аккредитив сомасын есептеген шығару құқығын беру жолымен ашылады.
3. кері шақырып алу аккретитив-банк эмитентінің шақырып алуға құқығы бар аккредитиві;
4. жауапсыз аккредитив-келісімнің барлық шарттарын орындағанмен банк¬-әлимент қайтарып алу құқұғына не бола алмайтын аккредитив.
Есептеу қарым қатынастарында құжатталған аккредитив деген түсінігі де бар.
Құжатталған аккредитив – сатып алушының нұсқауы бойынша банк құжаттар көрсетілген бойда сатушыға белгілі бір соманы төлеуге міндеттелетін коммерцилық аккредиттің пішімі.
Осындай есептеу пішімдерінің артықшылығы құралдарды алушы (тауар беруші) өз ақшасын тауар жіберілген күні де алатынынасенім білдіреді.
Аккредитивтiң негiзгi түрлерi: ақшалы және құжатты. Ақшалы аккредитив - атаулы ақшалы құжат. Онда бел¬гiленген мерзiм iшiнде аккредитивте көрсетiлген соманы түгел немесе бөлiп-бөлiп оны иемденушiге төлеу жөнiнде корреспондент банкке берген тапсырма жазылған. Құжатты аккредитив – көлемі, ол бойынша эмитент-банк клиенттiң нұсқауымен және оның өтiнiшi бойынша үшiншi жаққа төлемдi жүргiзу немесе оның үкімі бойынша төлеуi немесе ол берген аударым вексельдi акцептеуi, құжаттарды есептеуi немесе сатып алуы керек. Эмитент-банк көрсетiлген опера-циялардың кез-келгенiн жүргiзу өкiлдiгiн басқа банкке (орындайтын) беруiне болады.
«Қазақстан Республикасы аумағында төлем құжаттарын пайдалану және қолма-қолсыз төлемдер мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру ережесі» туралы ҚР Ұлттық банк Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірде бекіткен № 179 қаулысына сәйкес, қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылатын төлем құжаттарының түрлеріне мыналар жатады:
- төлем тапсырмасы;
- төлем талабы-тапсырмасы;
- инкассалық үкім;
- чекпен есеп айырысу;
- вексельмен есеп айырысу.
Чекті есеп айырысу барысында төлем құралы ретінде заңды және жеке тұлғалар пайдалана алады. Чек арқылы есеп айырысудың қолайлылығы мынада:
- егер де төлеуші тауарды алғанға дейін төлегісі келмей, ал жабдықтаушы төлеуге кепіл бергенше тауарын жібергісі келмеген жағдайда;
- сатушы белгісіз болған жағдайда.
Еліміздегі чекті пайдалану барысы 1998 жылғы 5 желтоқсандағы ҚР Ұлттың банкі Басқармасы бекіткен № 266 қаулыға сәйкес жүзеге асады.
Аталған ережеге сәйкес чектер мынадай түрлерге бөлінеді:
- Кепілденген чек - чек берушінің банкіндегі шотындағы қаражаттың көлеміне байланыссыз чекте көрсетілген соманы төлеуге қызмет көрсетуші банктің беретін кепілін көрсететін чек.
- Кепілдендірілмеген чек - чек беруші банктің кепілдігі көрсетілмеген чек;
- Қамтамасыз етілген чек - банкке алдын ала салған депозитпен қамтамасыз етілген чек;
- Қамтамасыз етілмеген чек - депозитпен қамтамасыз етілмеген чек.
Ережеге сәйкес, чек - бұл чек берушінің чекті қабылдаушы банкке, өзара жасалған келісімшарт негізінде чекте көрсетілген соманы чекті ұстаушыға төлеу туралы бұйрығы.
Вексель – дегеніміз белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың жазбаша қарыздық міндеттемесін білдіреді. Вексельдің екі түрі бар: жай және аудармалы вексель. Вексельдің түрлері «ҚР-дағы вексель айналысы туралы» ҚР заңында мынадай түсініктемелер берілген: Жай вексель (соло) – вексельдің ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель. Аудармалы вексель (тратта) – вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға (ремитентке) төлеу туралы үшінші бір тұлғаға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш нәрсемен негізделмеген ұсынысын (бұйрығы)сипаттайтын вексель.
18. ИНКОТЕРМС сауда терминдеріне түсінік беру ережелерінің жалпы мазмұны.
ИНКОТЕРМС ағылшын сөзінің International commerce terms деген қысқарған сөзінен шыққан. Яғни сауданың «халықаралық шарты» мағынасын береді. ИНКОТЕРМС ережелері күнделікті сауданың тілі деп те атайды. Оларды әлемнің барлық мемлекеттері тауарды сатып алу-сату шарттарына қосты және оны басшылыққа алады. ИНКОТЕРМС-тың мақсаты - сыртқы сауда-саттықтағы жиі кездесетін халықаралық ережелерді біріктіріп талқылау болып табылады. Бұл бейресми кодификацияланған құжаттың бір түрі болып есептеледі. ИНКОТЕРМС-те көрсетілген терминдер сауда қатынасындағы тараптардың арасында сатып алу-сату шартына, яғни қатысушылардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты негізделеді. Осы шартта көрсетілген тараптардың нақты қандай құқықтары мен міндеттері бар екендегіне қатысты үш топқа бөлуге болады:
Тауарды тасымалдауға байланысты, сонымен қатар тасымалдау кезінде қосымша шығындарды өтеуді есептегенде тараптардың құқықтары мен міндеттері;
Тауарды бір мемлекет территориясынан шығару (экспорт), бір мемлекет территориясына кіргізу (импорт), үшінші мемлекет территориясы арқылы өтуге қатысты барлық кедендік алымдар және басқа да міндетті төлемдерді төлеуді қоса алғанда, тараптардың кедендік рәсімдерді жасау кезіндегі құқықтары мен міндеттері;
Қайтыс болу (жоғалу) немесе бүлдіріп алу жағдайында сатушының сатып алушыға тәуекелдің ауысу кезеңі;
1919 (кейбір әдебиеттерде 1920 жылы құрылған деп беріледі) жылы Парижде (штаб-пәтері) құрылған үкіметаралық емес ұйым Халықаралық сауда палатасы ИНКОТЕРМС 1936 атты сауда терминдерін талқылау мақсатында халықаралық ережені 1936 жылы басып шығарды. Халықаралық сауда тәжірибесіне сәйкес 1953, 1967, 1976, 1980, 1990, 2000 және соңғысы 2010 жылдары (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданыла бастайды) бұл халықаралық ережелерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 1990 жылы өзгерістердің енгізілген себебі компьютерлік құрал-жабдықтарды пайдалану (ЕDI) арқылы ИНКОТЕРМС қолдану. ИНКОТЕРМС-тің талаптарын қарастыратын болсақ, барлық терминдер төрт сыныпқа бөлінді. Сатушы сатып алушыға тауарды өзінің қоймасында тұрған кезінен бастап немесе «Е» тобы деп аталады (терминдері - "Е" - Е term - ЕХ works), екінші сыныпта сатушы сатып алушыға тиесілі тауарды жеткізу үшін міндетті тасымалдаушыға беру сәті немесе «F» тобы (терминдері - F - FСА, FАS and FОВ), үшінші сыныпқа сатушы тасымалдау шартын жасасу міндеті алайда бұл міндеттемеде сатушы жоғалу және бүліну және қосымша шығындар тәуекелін жауап бермейді немесе «C» тобы деп аталады (терминдері - С - CFR, CIF & CIP), төртінші сынып сатушы сатып алушы тауарды қабылдап алғанға дейін барлық тәуекелдерді және шығындарды өз міндетіне алады немесе «D» тобы деп аталады (терминдері - DАF, DES, DEQ, DDU & DDP). Одан кейін осы ережелердің түрлерін жеке жеке көрсетіліп кетеді. Терминдерге қатысты сатушының міндеттері ашып көрсетілген. Бар жоғы 13 термин болды, бірақ әр бір жаңа редакцияларда олар көбейіп және азайып отырады. Осы ережелердің бәрі ИНКОТЕРМС 2000-да көрініс тапқан. ИНКОТЕРМС 2010-да өзгерістер енгізілген. ИНКОТЕРМС 2000 пайдаланылған кезде және тараптар арасында қарама-қайшылықтар болмас үшін осы терминдердің мазмұнын толықтай ашып көрсетті. Жоғарыда аталып кеткен топтарда сатушының бірінші сыныпқа қатысты міндеттері «минималды», ал соңғы сыныбында «максималды» сипатында беріледі. Мемлекет ИНКОТЕРМС ержелерін және басқа да құжаттарды заңи норма ретінде тануы мүмкін, танылған жағдайда тараптардың еркіне қарамастан қолданыла береді. Мысалы, Украинада 1990 жылдың 4 желтоқсанында Президент Жарлығы шыққан. Онда кәсіпкерлік қызмет айналысатын барлық субъектілер шарт және сыртқыэкономикалық мәміле жасасатын кезде ИНКОТЕРМС 1990 ережелерін сақтауға міндетті. Яғни, бұл ережелер заңи нормаға айналды. Бұл ИНКОТЕРМС қазақстан және украина азаматының арасында сыртқыэкономикалық мәміле жасасқан кезде міндетті норма болып есептеле ма деген сұрақ туындайды. Егер тараптар өзара келіспесе, жоқ есептелмейді. Егер тараптар шарттық қатынаста украина құқығын таңдайтын болса, онда олар үшін украина заңдары және ИНКОТЕРМС ережелері міндетті болып табылады. ИНКОТЕРМС 2010. Бұл сатып алу-сату шартының тараптарының құқықтары мен міндеттеріне қатысты қаралатын ИНКОТЕРМС осы уақытқа дейінгі қабылданған ережелердің ішіндегі соңғы редакциясы, яғни 8-ші баспа болып табылады. 2011 жылдың 1 қаңтар айынан бастап қолданысқа енгізіледі. Соңғы редакцияда тауарды (жүкті) қауіпсіздендіру маңыздылығы екенін ескере отырып өзгерістер енгізілді. 13 терминнің орнына 11 термин болады. Өзгерістер көбінесе төртінші «D» тобына енгізілген. Сонымен қатар, ИНКОТЕРМС терминдері тек халықаралық сауда қатынастарына ғана емес, ішкі мемлекеттік сатып алу-сату шартында да қолдануға болады. ИНКОТЕРМС қарастырмайтын мәселелер: Тауарға қатысты жеке меншік құқығын; Шартты бұзу және құқықтық салдарын; Қайтару (орын толтыру) декларациясы; Ақша аудару немесе төлеу әдістерін; Кемістік туралы мәлімдеме туралы мәселелерді реттемейді.
