- •1. Халықаралық жеке құқықтың түсінігі мен құқықтық табиғаты. Халықаралық жеке құқықтың басқа құқық салаларымен арақатынасы.
- •2. Халықаралық жеке құқықтың реттеу әдістері.
- •3. Халықаралық жеке құқықтың қайнар көздері. Халықаралық жеке құқық нормаларын унификациялау.
- •5. Коллизиялық норманың заңи түсінігінің дәрежеленуі. Алдын ала коллизиялық мәселе.
- •6. Халықаралық жеке құқықтағы шетелдік құқық мазмұнын анықтау.
- •7. Үшінші елдің құқығына кері сілтеме және сілтеме.
- •8. Жария тәртіп туралы ескертпе, халықаралық жеке құқықтағы императивтік нормаларды қолдану және заңды айналып өту.
- •9. Халықаралық жеке құқықтағы өзаралық және реторсиялар (материалдық, процессуалдық, коллизиялық қырлары).
- •10. Халықаралық жеке құқықтағы жеке тұлғалардың құқықтық жағдайы.
- •11. Халықаралық жеке құқықтағы заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы.
- •12. Халықаралық жеке құқықтағы мемлекеттердің құқықтық жағдайы.
- •19. Халықаралық жеке құқықтағы шарттан тыс міндеттемелер
- •20. Некеге тұрудың коллизиялық мәселелері.
- •22.Отбасы мүшелері арасындағы мүліктік, мүліктік емес, сондай ақ алименттік қатынастардың коллизиялық мәселелері.
- •23.Халықаралық бала асырап алуды құқықтық реттеу.
- •24.Мұрагерлік құқықтың коллизиялық мәселелері.
- •25.Халықаралық жеке құқықтағы зияткерлік меншік.
- •27. Шетелдіктер қатысатын істер бойынша соттылықты германдық, француздық және ағылшындық жүйемен анықтау. Қазақстандық аіжк қарастырылатын ережелер.
- •28.Юрисдикциялар қақтығысы. Шектеулі және баламалы құзірет.
- •30.Шетелдік сот шешімдерін тану және орындау.
- •31.Халықаралық коммерциялық арбитраждың заңи табиғаты. Арбитраждық келісім түсінігі мен түрлері.
- •32.Арбитраждық өндірістің алдын ала мәселелері (арбитраждың орнын, тілін, құрамын, құзіретін, регламентін анықтау).
- •33.Арбитраждық өндірістің негізгі сатылары (талап арызды беру және талап бойынша қарсылық білдіру, дауды мәні бойынша қарау, арбитраж шешіміне қосымшалар және түзетілер, арбитраждық шығыстарды жабу).
- •34.Шетелдік сот тапсырысын орындау.
- •35.Шетелдік арбираж шешімдерін тану және орындау.
- •36.«Қазақстан-2050» Стратегиясына сәйкес Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек бөлінісіндегі рөлі.
25.Халықаралық жеке құқықтағы зияткерлік меншік.
Экономика мен тауар нарығының жаһандануы мемлекеттерді зияткерлік меншікті қорғау саласында одан әрі ынтымақтасуға итермелейді. зияткерлік меншік ұғымына зияткерлік қызметтің нәтижесіне қолданылатын құқықтардың жиынығын жатқызамыз. Зияткерлік құқықтың мазмұнын мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар құрайды. Мүліктік құқықтарға келесілер жатады: сыйақыға құқық, шығарманы жария орындауға құқық, оны аударуға құқық, қайта өзгертуге және таратуға құқық, патент алуға құқық, патентпен қорғалатын өнертабысты пайдалануға құқық және т.б. өзге де құқықтар. Жеке мүліктік емес құқықтарға төмендегілер жатады: шығарманың, өнертабыстың (немесе өзге де кез келген интеллектуалдық меншіктің объектісі) авторы болып табылу құқығы – авторлық құқық, есім құқығы, жариялау құқығы, шығарманы қорғау құқығы және т.б. Зияткерлік меншік құқығын екі топқа бөлуге болады: 1. Әдеби, шығармашылық, ғылыми шығармаларға авторлық құқықтар мен орындаушылар, фонограммаларды жасаушылар, хабарландыруды ұйымдастыру құқығы – аралас құқықтар; 2. Ойлап табуды, өндірістік үлгілер, тауар белгілері мен өндіріспен, саудамен, қызмет көрсетумен байланысты өзге де объектілерге өндірістік меншік құқығы. Атап кететін жайт, әрбір мемлекеттің заңнамасында авторлық құқық пен нәтижесі интеллектуалдық меншік болып табылатын қызмет түрлері анықталған. Халықаралық жеке құқық үшін маңызды орынға ие зияткерлік меншікке құқықығының бір ерекшелігі болып олардың аумақтық сипатта болуы табылады. Бұл тиісті түрде анықталған мемлекеттің аумағында ғана мойындалады және қорғалады дегенді білдіреді, яғни бір мемлекеттің аумағында мұндай құқықтарға ие болу басқа мемлекетте тиімті мойындалуға жатпайды. Зияткерлік меншіктің аумақтық сипатын шешудің бір жолы – осы мәселеге байланысты халықаралық шарттарды жасау. Әр түрлі мемлекетердің заңнамаларында шетелдіктерді қоса алғанда, Зияткерлік меншіктің тәртібіне, шартарына және көлеміне ұлттық режим қолданылады. Құқықтық реттеудің тағы да бір ерекшелігі, ол – әдетте ұлттық құқықта осы қатынастарды реттейтін коллизиялық нормалардың болмауы. Ұлттық коллизиялық реттеудің болмауы авторлық және аралас құқықтарды қорғауға арналған көптеген халықаралық шаттармен толықтырылады. Атап айтқанда: Әдеби және көркем әдеби шығармаларды қорғау туралы Конвенция (Берн, 1886 жылдың 9 қыркүйегі. 1971 жылдың 24 шілдесіндегі Париж актісінде редакциясында). Бұл конвенция бойынша Берн одағы құрылды. Авторлық құқық туралы бүкіләлемдік конвенция (1952 жылдың 6 қыркүйегі мен 1971 жылддың 24 шілдесіндегі редакциясында) негізінен коллизиялық-құқықтық реттеуді қамтиды және алдыңғысынан айырмашылығы кері заңи күшке ие емес. Халықаралық орындаушы-артистерді, фонограммаларды жасаушыларды және хабарландырушы ұйымдарды қорғау конвенциясы (Рим, 1961 жыл 26 қазан). Бұл аралас құқықтарды қорғауда басты құжат болғандықтан оның ережелері маңызға ие. 2001 жылдың 15 сәуірінде 68 мемлекет мүше болды. Фонограмма жасаушылардың мүдделерін заңсыз фонграммаларын қолданудан қорғау туралы конвенция (1971 жыл 29 қазан). Кері күшке ие емес. Спутник арқылы берілетін сигналдарды қамтитын бағдарламаларды тарату туралы Конвенция (1974 жыл 21 мамыр). Кері күшке ие емес. Интеллектуалдық меншік құқығының саула аспектілері туралы Келісім (Соглашение ТРИПС (Agreement on Trade-Related of Intellectual Property Rights), 15 сәуір 1994жыл) Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүше болуға ниет білдірген мемлекеттердің меншікке қатыст Зияткерлік ы заңнамаларына талаптар қояды.Бұл Келісім құқықтың бұзылуына соттық, әкімшілік, кедендік қорғау шараларлын қамтиды. Авторлық құқық бойынша Бүкіләлемдік меншік ұйымының Зияткерлік Шарты (ВОИС). 1996 жылдың 20 желтоқсанында күшіне енді.
26.Халықаралық азаматтық іс жүргізу.
Халықаралық жеке құқық ғылымында азаматтық іс жүргізу көбінесе шет ел азаматтары мен шетелдің заңды тұлғаларының құқықтарын қорғауға байланысты іс жүргізумен түсініледі. Бұл деп тырғанымыз шет ел азаматтарының әділсотқа жүгіну, сот органдары мен соттардың құқықтық көмек көрсетуі, шет елдің сот шешімдерін мойыдау, нотариалдық әркеттерді жасау, және тб шет елде азаматтардың құқықтарын қорғауға қызмет етулерін айтамыз. Ал басқа түсінікке келетін болсақ, халықаралық азаматтаық іс жүргізу – бұл ұлттық және халықаралық процедуралардың арақатынасын регламенттейтін және азаматтық құқықтарды қамтамасыз ететін ХЖҚ-тың бір институты. Ал өзіміздің елімізге келетін болсақ, ҚР соттары шет ел элементімен шиеленіскен азаматтық іс жүргізу істерінде өз заңдарын қолданады.Халықаралық азаматтық іс жүргізу істеріне қатысты сұрақтарға жауап көптеген әмбебап және аумақтық конвенцияларда және өзара көмек туралы екі жақты келісімшарттар, консулдық консенция мен келісімшарттардан табуға болады.Солардың ішіндегі әмбебап көпжақты конвенцияға: 1954 жылғы азаматтық процесс бойынша Гаага конвенциясы, 1965 жылғы азаматтық немесе сауда істері бойынша соттық және соттық емес құжаттарды беру туралы конвенция, 1970 жылғы шет елде азаматтық немесе сауда істері бойынша құжаттарды алу туралы конвенция, 1961 жылғы шет елдің ресми құжаттарының легализациясына міндеттерді жоятын конвенция,бұл құжаттар ҚР – на да қолданылады. Ал 1954 жылғы конвенция тек Армении, Белоруссии, Киргизии, Молдавии, Украины, Узбекистана, России, Киргизии, Латвии, Литваға қолданылады.
