- •1. Халықаралық жеке құқықтың түсінігі мен құқықтық табиғаты. Халықаралық жеке құқықтың басқа құқық салаларымен арақатынасы.
- •2. Халықаралық жеке құқықтың реттеу әдістері.
- •3. Халықаралық жеке құқықтың қайнар көздері. Халықаралық жеке құқық нормаларын унификациялау.
- •5. Коллизиялық норманың заңи түсінігінің дәрежеленуі. Алдын ала коллизиялық мәселе.
- •6. Халықаралық жеке құқықтағы шетелдік құқық мазмұнын анықтау.
- •7. Үшінші елдің құқығына кері сілтеме және сілтеме.
- •8. Жария тәртіп туралы ескертпе, халықаралық жеке құқықтағы императивтік нормаларды қолдану және заңды айналып өту.
- •9. Халықаралық жеке құқықтағы өзаралық және реторсиялар (материалдық, процессуалдық, коллизиялық қырлары).
- •10. Халықаралық жеке құқықтағы жеке тұлғалардың құқықтық жағдайы.
- •11. Халықаралық жеке құқықтағы заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы.
- •12. Халықаралық жеке құқықтағы мемлекеттердің құқықтық жағдайы.
- •19. Халықаралық жеке құқықтағы шарттан тыс міндеттемелер
- •20. Некеге тұрудың коллизиялық мәселелері.
- •22.Отбасы мүшелері арасындағы мүліктік, мүліктік емес, сондай ақ алименттік қатынастардың коллизиялық мәселелері.
- •23.Халықаралық бала асырап алуды құқықтық реттеу.
- •24.Мұрагерлік құқықтың коллизиялық мәселелері.
- •25.Халықаралық жеке құқықтағы зияткерлік меншік.
- •27. Шетелдіктер қатысатын істер бойынша соттылықты германдық, француздық және ағылшындық жүйемен анықтау. Қазақстандық аіжк қарастырылатын ережелер.
- •28.Юрисдикциялар қақтығысы. Шектеулі және баламалы құзірет.
- •30.Шетелдік сот шешімдерін тану және орындау.
- •31.Халықаралық коммерциялық арбитраждың заңи табиғаты. Арбитраждық келісім түсінігі мен түрлері.
- •32.Арбитраждық өндірістің алдын ала мәселелері (арбитраждың орнын, тілін, құрамын, құзіретін, регламентін анықтау).
- •33.Арбитраждық өндірістің негізгі сатылары (талап арызды беру және талап бойынша қарсылық білдіру, дауды мәні бойынша қарау, арбитраж шешіміне қосымшалар және түзетілер, арбитраждық шығыстарды жабу).
- •34.Шетелдік сот тапсырысын орындау.
- •35.Шетелдік арбираж шешімдерін тану және орындау.
- •36.«Қазақстан-2050» Стратегиясына сәйкес Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек бөлінісіндегі рөлі.
28.Юрисдикциялар қақтығысы. Шектеулі және баламалы құзірет.
Х.азаматтық процестегі ең даулы мәселелердің бірі – юрисдикция қақтығыстары. Ол екі түрде болуы мүмкін: теріс(отрицательный) қақтығыс – екі н/е одан да көп мемлекет сол іс б/ша өздерінің әділет органдарының соттылығынан бас тартады; оң(положительный) – екі н/е одан да көп мемлекет сол іс б/ша өздерінің соттары соттылыққа тиісті деп талаптанады. Халықаралық соттылық юрисдикция қақтығыстарын шешудің ең дұрыс жолы б.т. Юрисдикция қақтығыстарын квалификация қақтығысынан айыра білу қажет. Біріншіде – қай елдің соты сол істі қарастыруға құзіретті болса, екіншіде – коллизиялық нормадағы құқықтық түсініктерді қай мемлкеттің құқығы б/ша талқылау. Халықаралық соттылықтың түрлері:1) айырықша – дау тек қана белгілі мемлекеттің құзіретіне ғана жатуы;2) альтернативті – тараптар сотты таңдау құқығына ие, егер мемлекетер дауды қарастыруғы құзіретті болса; 3) шарттық соттылық – дауларды кедергісіз шешілу мақсатында тараптар алдын ала ол іс қандай құзыретке жататындығы және қандай сотта қарастырылатындығын келісілу; ТМД келісімшарттары бойынша соттылық мәселесінің реттелуі: Соттылық мәселесі бойынша екіжақты және көпжақты халықаралық – құқықтық құжаттарда әдетте бірнеше істер бойынша даулар келісуші тараптардың біреуінің ерекше құызретіне жатқызылады. 1993ж. Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы Минск конвенциясы айрықша құзырет қатарына мемлекет аумағындағы орналасқан жылжымайтын мүлік құқығына және жеке меншікке құқығына байланысты істер мүліктің орналасу жерімен қатар, тасымал шартынан туындайтын тасымалдаушыға талап қою жөніндегі істер тасымалдау ұйымының басқару органының орналасу жері бойынша қойылады. (20-бап).
ҚР АІЖК 417-бап. Айрықша құзырет
1. Қазақстан Республикасы соттарының айрықша құзыретіне:
1) Қазақстан Республикасында орналасқан жылжымайтын мүлік құқығына байланысты істер;
2) тасымал шартынан туындайтын тасымалдаушыға талап қою жөніндегі істер;
3) егер ерлі-зайыптылардың екеуінің де Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері болса, қазақстандық азаматтардың шетелдік азаматтарымен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некесін бұзу туралы істер;
4) ерекше талап қобмен жүргізілетін істер;
2. Қазақстан Республикасының соттары ерекше іс жүргізу ісін:
1) фактілерді анықтау туралы іс бойынша арыз берушінің Қазақстан Республикасы аумағында тұрғылықты жері болған немесе анықталуы қажетті факт Қазақстан Республикасының аумағында орын алған немесе орын алатын;
2) әрекетке қабілеті шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз деп тану туралы, психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы мәселе қойылатын азамат Қазақстан Республикасының азаматы болған не Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері болған;
3) хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе қайтыс болды деп жариялау туралы мәселе қойылған азамат Қазақстан Республикасының азаматы болған не Қазақстан Республикасының аумағында соңғы белгілі тұратын жері болған және бұл орайда Қазақстан Республикасының аумағында белгілі тұратын жері болса және мұнда Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері немесе орналасқан орны бар азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін анықтау осы мәселенің шешілуіне байланысты болған;
