- •9 Сыныптарды «Биология» курсы бойынша қорытынды аттестаттаудың практикалық бөлімі Зертханалық жұмыс № 1
- •Жұмыс барысы:
- •Зеханалық жұмыс № 2 Тақырыбы: Цитоплазмалық мембрана қасиеті. Плазмолиз және деплазмолиз құбылысын анықтау.
- •Жұмыс барысы
- •Лабораторная работа № 3 Тақырып: Көп жасушалы ағзалардың ұлпаларының құрылысын салыстыру(өсімдіктер, саңырауқұлақтар, жануарлар және адам). Ұлпалар және олардың қызметтері.
- •Жұмыс барысы
- •Тақырып: Пияздың тымыры ұшындағы митоз
- •Жұмыстың барысы
- •Жұмыс барысы:
- •Зертханалық жұмыс № 6 Тақырып: Қолдан сұрыптау нәтижесін талдау
- •Жұмыстың барысы:
- •Зертханалық жұмыс № 5
- •Зертханалық жұмыс № 7 Тақырыбы: Ағзалардың қоршаған ортаға бейімделуі
- •Жұмыс барысы:
- •Зертханалық жұмыс № 8
- •Жұмыс барысы:
- •Ход работы:
- •Жұмыс барысы:
- •Зертханалық жұмыс № 10 Тақырыбы: Ағзалардың жыныссыз көбеюі
- •Жұмыс барысы:
- •Зертханалық жұмыс № 11 Тақырыбы: Вариациялық қатар және вариациялық қисық сызық құру
- •Жұмыстың барысы:
- •Зертханалық жұмыс № 12
- •Жұмыс барысы:
Зертханалық жұмыс № 10 Тақырыбы: Ағзалардың жыныссыз көбеюі
Мақсаты: Өсімдіктердің жыныссыз көбею ерекшеліктерін анықтау.
Құрал-жабдықтар: өсімдіктер және өсімдіктердің кеппешөптері, құлпынай, пияз, традесканция, фиалка, картоп, георгин, әртүрлі өсімдіктер иллюстрациясы.
Гипотеза: Өсімді көбею – бұл жоғары сатыдағы өсімдіктерде кең дамыған үдеріс.Олар, мысалы, өсімдіктердің жапырақтарынан, қалемшелерінен, мұртшаларынан, тамырсабағынан, түйнегінен, пиязшығынан көбеюі. Егер де берілген өсімдіктерге мұқият назар аударатын болсақ, онда әрқайсысының әртүрлі өсімді мүшелері арқылы көбейетіндігін байқауымызға болады.
Жұмыс барысы:
Өсімдіктерді және өсімдіктердің кеппешөптерін мұқият қара.
Бұл өсімдіктердің жыныссыз көбеюін сипатта.
Кесте толтыру.
№ |
Өсімдіктер атауы |
Жыныссыз көбею жолдары |
1 |
Құлпынай |
Мұртшалары арқылы өсімді көбейеді |
2 |
Пияз |
Пиязшығы арқылы өсімді көбейеді |
3 |
Традесканция |
Сабақ өркендері арқылы өсімді көбейеді |
4 |
Фиалка |
Жапырағы арқылы өсімді көбейеді |
5 |
Жатаған бидайық |
Тамырсабақ арқылы өсімді көбейеді |
6 |
Картоп |
Түйнек арқылы өсімді көбейеді |
7
|
Георгин |
түйнектамыр және өркен арқылы өсімді көбейеді |
Талқылау: Жыныссыз көбею – көбеюдің ертеректегі жолы. Жыныссыз көбейген кезде жыныс жасушалары гаметалар түзілмейді.Бұл үрдіске бір аналық немесе жасуша қатысады. Жыныссыз көбеюдің мынадай формалары біржасушалыларда – митоз, бактерияларда –қынамалап бөліну, өсімдіктер және саңырауқұлақтарда дене бөліктерімен көбею – өсімді көбею, жәндіктерде дене бөліктермен көбею – бүрмелену, шұбалшаңдарда және ішекқуыстыларда – бүршіктену, споралы өсімдіктер мен саңырауқұлақтарда – спора түзу. Өсімді көбею – бұл жоғары сатыдағы өсімдіктерде кең дамыған үдеріс.Олар, мысалы, өсімдіктердің жапырақтарынан, қалемшелерінен, мұртшаларынан, тамырсабағынан, түйнегінен, пиязшығынан көбеюі. Бұл жолмен көбейген кезде ұрпақтар толығымен аналық формаға ұқсас болады. Сондықтан өсінді өскін (клон) деп жиі аталады.
Қорытынды: Жыныссыз көбею бұл өте көне, ілгері дамуы мардымсыз, бірақ неғұрлым сенімді көбею жолы. Жыныссыз үдерістің бір үлкен артықшылығы бар – ол түрдің кез келген дарағының ұрпақ қалдыра алуында. Демек, әріптесін кездестіре алмайды деген қауіп те болмайды, сондай-ақ әрбір ересек ағза жарық дүниеге ұрпақ шығара алатындықтан, ұрпақтары да әлдеқайда көп болады. Бірақ бұл жолмен көбейген кезде өзгергіштің төмен болуы – негізгі кемшілік.
Зертханалық жұмыс № 11 Тақырыбы: Вариациялық қатар және вариациялық қисық сызық құру
Мақсаты: модификациялық өзгергіштік заңдылықтарымен таныса отырып, вариациялық қатар және вариациялық қисық сызық құру әдісімен танысу.
Құрал-жабдықтар: оқушылардың антропометрикалық мәліметтері ( шамамен10-25: ұлдар мен қыздардың бойы, емен, терек, шие(немесе басқа өсімдіктердің) жапырағы, үрмебұршақтың тұқымы (20 – 30 дана), қарындаш, қалам, дәптер, сызғыш.
