Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№1-13 жумыс 12.05.2014.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
558 Кб
Скачать
☆

Зертханалық жұмыс № 5

Тақырып: Жыныс жасушалары құрылысы. Гүлді өсімдіктердің тозаңқабындағы мейоз.

Жұмыстың мақсаты: жыныс жасушаларының құрылысындағы ерекшеліктерді анықтау. Препараттардан өсімдіктердегі жыныс жасушалары қалыптасуындағы тұқымқуалаушылық материалдардың(хромосоманың) бөлінуімен танысу.

Құрал-жабдықтар: Лалагүлдердің немесе лалагүлтұқымдастардың жас тозаңқаптары. Традесканцияның жас тозаңқаптары/фиксацияланған немесе табиғи(свежие)/. Микроскоп, микропрепараттар:«Адам сперматозоиды» және «Адам жұмыртқажасушасы», жабын және заттық шынылар, сапты ине, пинцеттер. Бинокулярлы немесе штативті лупа, спиртшам, сүзгі қағаз, ацетокармин – бояғышы.

Гипотеза:

Жұмыс барысы:

Тапсырма 1: Адам жұмытрқа жасушасының микропрепаратын микроскоппен қарап, пішіні мен өлшеміне назар аудар. Дәптерге суретін сал.

Тапсырма 2: Суретте жасуша мембранасын, бүрлерді, ядро, цитоплазма қабатын және жасуша қосындыларын белгілеп көрсет.

Тапсырма 3: Адам сперматозоидының микропрепаратын микроскоппен қарап, пішіні мен өлшеміне назар аудару. Дәптерге суретін сал.

Тапсырма 4: Суретте жасуша қабықшасын, лизосома, центриоль, құйрық жібін, цитоплазмасын белгілеп көрсет.

Тапсырма 5: Жыныс жасушаларының құрылыс ерекшеліктернің атқаратын қызметтеріне байланысты екендігін дәлелдейтін қорытынды жаз.

Тапсырма 6: Салыстырмалық кестені толтыру.

Белгілер

Сперматозоид

Жұмыртқа жасушасы

Құрылысы мен пішіні

Қозғалмалылығы

Қоректік зат қоры

Өлшемі(Размер)

Саны(Численность)

Хромосома жиынтығы

  1. Жыныс жасушаларының биологиялық рөлі неде? Қорытынды жаса.

Зертханалық жұмыс № 6 Тақырып: Қолдан сұрыптау нәтижесін талдау

Мақсаты: қолдан сұрыптауда қойған мақсатты жүзеге асыру нәтижесіндегі өсімдік іріктемелерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.

Құрал-жабдықтар: алма, алмұрттың әртүрлі іріктемелернің муляждары, әртүрлі жануарлардың қолтұқымдарының және өсімдік іріктемелерінің иллюстрациялары.

Гипотеза: Гипотеза: Егер Ч.Дарвиннің теориясына сүйенетін болсақ, қолдан сұрыптаудың нәтижесінде жұмыс мақсатқа сай жүргізілгендіктен, бір түрге жататын әр түрлі іріктемелер арасында ұқсастық пен айырмашылық болуы мүмкін.

Жұмыстың барысы:

  1. Берілген іріктемелерге қарап, салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.

  1. Кесте толтыру.

Жұмыстың нәтижесі:

Талдау:

Кесте №1 Алма іріктемелерінің салыстырмалы көрсеткіштері.

Салыстыру белгілері

Алма іріктемелері атауы

Антоновка

Ақ алма (Белый налив)

Шафранды пепин

Жабайы алма

Жемісінің сыртқы түсі

Сарғыш түсті

Сарғыш-жасыл

Қызғылт

Сары- жасыл, көбіне қызыл немесе ақшыл - сары

Жеміс жұмсағының түсі

Сарғыш, шырынды, жеміс жұмсағы тығыздау, дәні бар.

Дәндері үлкен, жеміс жұмсағы ақ, жұмсақ, жеткілікті піскен жағдайда өте шырынды,

Ақшыл сары, жұмсағы тығыз, шырынды,

Қыста пісетін, ақ, хош иісті, жұмсағы тығыз.

Дәмі

Қышқыл – тәтті, осыған сәйкес хош иісті болады.

Қышқыл – тәтті дәмі қышықылтым,аздаған хош иісті.

Өте тәтті шарап дәмді, тәтті, аздап хош иісті.

Қышқыл немесе қышқылтым тәтті, кейде аздап ащы дәмі бар.

Өлшемі(Размер)

Жемісінің мөлшері клонғы және сыртқы орта факторларына тәуелді.120-150г макс 300г

Жемісі дөңгелек пішінді, мөлшері орташа және ірі (80-130г).

Жемісінің мөлшері орташа (шамамен 90 г).

Жабайы алма жемісінің диаметрі 2 см-ден 5 см-ге дейін болады.

Пісу уақыты

Пісу уақыты өсу аймағына байланысты. Әдетте қыркүйектің аяғы мен қазан айының аяғында жинайды.

Жазда пісетін алма сорты. Жемісі шілденің аяғы мен тамыздың басында піседі.

Шафранды пепин –кәдімгі күздік сорт. Жемісін қыркүйектің аяғы мен қазаның басында жинайды.

Жемісі тамыздың ортасынан қыркүйектің ортасына дейін, кейде қазанның соңына қарай жинайды.

Кесте №2. Сиырлардың салыстырмалы кестесі.

Салыстыру белгілері

Қырдың қызыл сиыры

Ақбас сиыр

Ерекшелігі

Сиырдың сүтті асыл тұқымы. Түсі қызыл, дене тұрқы созылыңқы , сүт бездері мен кеудесінің орта бөлігі , бөксесі едәуір жақсы дамыған, құйымшағы ұзын. Бұлшық еттері , кеудесі , тері асты клечаткалары орташа дамыған. Артқы жағы жалпақтау әрі түзу және ұзын, ішті келеді.сирақтары жіңішке, тұяқ бітісі мықты.

Сиырдың етті тұқымы. Түгі қызыл , басы ақ, бүкіл денесінде ақ түсті дақтар бар. Басы құйрығының ұшы, әукесі, бауыры мен сирағы ақ болады.етті малға тән белгілері өте айқын, тез жетіледі,кеудесі кең, етті, аяқтары қысқа, берік келеді.

Сүт өнімділігі

3000-4500кг кейбіреулерінде 9000-12500кг (жылына)

Еттілігі

Сиырдың тірілей орташа салмағы 445-550кг, бұқалары 800-1000кг. Бордақыланған сиырдың үлес салмағы 50-56%

Бұқасы 1100-1300кг, сиыры 450-500кг н/е 520-580кг, 7-8 айлық еркек танасы 180-200кг,15-18 айлығында еркек тайынша күніне шамамен 900-100г, ұрғашы тайынша 700-800г салмақ қосады. Ет түсімі57-60%.

Сүтінің майлылығы

3,6-3,8%

Өмір сүру ұзақтығы

Климатқа бейімділігі

Құрғақ континентті ауа райына бейім

Бұл тұқым республиканың далалы шөлейт аудандарының табиғи жағдайына бейімделген.

Бағалау:

  • Тәжірибе барысында кеткен қателіктерді анықтау;

  • Тәжірибе нәтижесі теорияға қаншалықты сәйкес келетінін бағалау;

  • Пайда болған сәйкессіздіктерді талдау;

Қорытынды: Өсімдік іріктемелері мен жануар қолтұқымдарының көптүрлілігі – қолдан сұрыптаудың нәтижесі болып табылады. Қолдан сұрыптау  — сұрыптаудың негізгі әдісі болып табылады. Қолдан сұрыптау әдісін жеке сұрыптауда сонымен қатар басқа да тәсілдермен бірлесе отырып жүзеге асыруға болады.

Мысалы, жақын туыстық будандастыру – гибридизация өзгергіштіктің көптеген түрлерін береді, және ол қолдан сұрыптаудың жемісті материалы болып табылады. Қолдан сұрыптау үй жануарлары мен мәдени өсімдіктер пайда болуының басты факторы болып табылды. Қолдан сұрыптау түсінігіне селекционердің өсімдіктер мен жануарларды талдай сұрыптауы кіреді, нәтижесінде пайдалы әдеттер өзгерістері пайда болады, бірақ олар жануарға емес, адам үшін жағымды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]