- •9 Сыныптарды «Биология» курсы бойынша қорытынды аттестаттаудың практикалық бөлімі Зертханалық жұмыс № 1
- •Жұмыс барысы:
- •Зеханалық жұмыс № 2 Тақырыбы: Цитоплазмалық мембрана қасиеті. Плазмолиз және деплазмолиз құбылысын анықтау.
- •Жұмыс барысы
- •Лабораторная работа № 3 Тақырып: Көп жасушалы ағзалардың ұлпаларының құрылысын салыстыру(өсімдіктер, саңырауқұлақтар, жануарлар және адам). Ұлпалар және олардың қызметтері.
- •Жұмыс барысы
- •Тақырып: Пияздың тымыры ұшындағы митоз
- •Жұмыстың барысы
- •Жұмыс барысы:
- •Зертханалық жұмыс № 6 Тақырып: Қолдан сұрыптау нәтижесін талдау
- •Жұмыстың барысы:
- •Зертханалық жұмыс № 5
- •Зертханалық жұмыс № 7 Тақырыбы: Ағзалардың қоршаған ортаға бейімделуі
- •Жұмыс барысы:
- •Зертханалық жұмыс № 8
- •Жұмыс барысы:
- •Ход работы:
- •Жұмыс барысы:
- •Зертханалық жұмыс № 10 Тақырыбы: Ағзалардың жыныссыз көбеюі
- •Жұмыс барысы:
- •Зертханалық жұмыс № 11 Тақырыбы: Вариациялық қатар және вариациялық қисық сызық құру
- •Жұмыстың барысы:
- •Зертханалық жұмыс № 12
- •Жұмыс барысы:
Жұмыс барысы
Пияздың жұқа қабығын(4мм2) сылып ал;
Микропрепарат әзірлеп, микроскопта қарап 4-5 жасушаның суретін сал;
Жабын шынының бір жағынан тұз ерітіндісін тамызу, екінші жағынан суды сорғыш қағазбен сорып ал;
Микропрепаратты бірнеше секунд жасуша ішіндегі өзгерістерді бақылап, суретін сал;
Жабын шынының бір шетінен дистильденген су тамызу, екінші жағынан сорғыш қағазбен ерітіндіні сорғызып ал;
Бірнеше минут микропрепаратты бақылап, жасушадағы өзгерісті және жылдамдығына көңіл аудар;
Байқаған құбылыстарды 1-суретпен салыстыр;
Зерттелген объектінің суретін сал;
Мақсатқа сәйкес қорытынды жасап, плазмолиз бен деплазмолиз жылдамдықтарын себептерін түсіндір.
Жұмыстың нәтижесі:
Микроскоп арқы көрген нәтиженің сурттерін сал. Суреттің нөмері, аты болу керек.
Талдау:
1. Ұлпаны тұз ерітіндісіне орналастырғанды су қай бағытта (жасушаға немесе жасушадан) қозғалды?
2.Судың бұлай қозғалу себебі неде?
3. Ұлпаны суға салғаннан су қай бағытта (жасушаға немесе жасушадан)қозғалды?
Бұл құбылысты қалай түсіндіруге болады?
4. Егер тұз ерітіндісінде жасушаны ұзақ уақыт сақтайтын болсақ, жасушада не болуы мүмкін?
5. Арамшөптермен күресу үшін тұз ерітіндісін қолдануға болама?
6. Плазмолиз, деплазмолиз, осмос, тургор- терминдарына түсініктеме бер. 7. Тосапта(варенье) алма құрғақ болып қалу себебін түсіндір.
Сұраққа жауап
1.Су жасушаның сыртына қарай жылжиды, яғни сыртқа ығысады.
2. Себебі: осмос қысымының әсері. Осмос қысымы деген концентрациясы төмен жақтан концентрациясы жоғары жаққа қарай жартылау өткізгіш арқылы су молекуласының өтуі.
3.Бұл құбылыста ұлпаны суға салғанда су жасушаның ішіне қарай кіреді. Осмос қысымына байланысты. Тірі жасушаның ішкі ортасы үнемі изотоникалық орта болып табылады, яғни концентрациясы 0,9%. Ал су гипотоникалық орта, концентрациясы 0,9% төмен орта болып табылады.
4.Ондай болса жасушадағы судың сыртқы ортаға шығып, цитоплазманың жиырылып қалу себебінен жасуша тіршілігін жоюы мүмкін.
5.Егер арамшөптермен күресу үшін тұз ерітіндісін қолдануға болады. Себеі: сыртқы орта концентрациясы жоғарлап, өсімдік жасушасында плозмолиз үрдісі жүреді де тіршілігін тоқтатады. Бірақ топырақ сортаңға айналып басқада өсімдіктердің тіршілігін жояды. Сондықтан қолдануға болмайды.
Плазмолиз –жасушадағы судың сыртқы ортаға шығып , жасуша қабырғасынан цитоплазма жарғақшасының ажырап жиырылуы. Ал жасушадағы цитоплазманың қайтып орнына келуін деплазмолиз деп атайды.
Ал осмос дегеніміз- концентрациясы төмен жақтан, концентрациясы жоғарғы жаққа қарай жартылай өткізгіш арқылы су молекуласының өтуі.
Тургор дегеніміз-жасуша қабырғасының цитоплазма жарғақшасына түсіретін қысымы.
Тосапта(варениеде) алма құрғап қалуының себебі: тосаптың конңентрациясы жоғары болада. Сондықтан алманың суы тоспаға қарай ығысып, алмада су қалмай, құрғақ болып қалады
Бағалау:
Тәжірибе барысында кеткен қателіктерді анықтау;
Тәжірибе нәтижесі теорияға қаншалықты сәйкес келетінін бағалау;
Пайда болған сәйкессіздіктерді талдау;
Қортынды: Өсімдік ұлпасына бірінші тұз ертіндісін тамызып, содан кейін таза суға қою арқылы жасушадағы плозмолиз және деплозмоли үрдістерін бақыладық. Бұл тәжірибе су молекуласының концентрациясы төмен жақтан концентрациясы жоғарғы жаққа су молекуласының өтуін, яғни осмоты дәлелдейді. Осмосқұбылыс тек жартылай өткізгіштіктер арқылы жүреді.
