Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Nashi_shpory_2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

2. Диодтардың міндеті және жұмыс істеу принциппі бойынша жіктелінуі, олардың ерекшеліктері және пайдалануы.

Диод – 2 электродты, 1 р-п ауысуы бар токты бір бағытта өткізетін біржақты өткізгіш аспап. Диодтар негізінен кремний мен германийдан жасалады. Атқаратын қызметіне байланысты күштік, тіректі диодтар. Қолдану қажетіне қарай диодтар түзеткіш, импульстік, стабилитрондарға, тунелдік, шоттки диодына бөлінеді. Түзеткіш диод – айнымалы токты тұрақты токка айналдыратын түзеткіш құрылғы.

Стабилитрон кері кернеу режимінде жұмыс істейді. Диодтың бір түрі, 2 электродты кернеуді тұрақтандыруға арналған электронды аспап.

Тунельдік диод – р-п ауысуы арқылы заряд тасымалдаушылардың тунельдік құбылыс кезінде өту механикасын пайдаланатын диод.

Импульстік диодтар импульсті бұрмалаусыз өткізіп жіберуге арналған, бұларда өткінші процестердің созылу уақыты өте аз болуға тиіс.

Шоттки – бұл тузеткіш қасиеттері металл мен жартылай өткізгіш арасындағы түзететін электрлік өткелді пайдалануға негізделген жартылай өткізгіш диод.шоттки диодтың қолдануға мынандай артықшылықтары бар: жоғары жиілікті үлкен токтарды түзету мүмкіндігі; кішкене тіке кернеуі; тіке токтың үлкен рұқсатты тығызды; вольт-амперлік сипаттамасының мүлтіксіздігі; негізгі емес заряд тасымалдаушылардың жиналу мен тарқалуының жоқтығы, себебі олардың инжекциясы жок.

3. Динистордың құрылымы және жұмыс істеу принциптері.

Динистор немесе басқаша атағанда, диодты тиристор деп екі шығысының арасындағы кернеу жоғарылағанда ашылатын екі ауыстырып- қосқышты компонентті айтамыз. Динисторлардың үш электронды- тесікті өтпелдері бар. Төменде динстордың құрылымдық сұлбасы берілген.

n2 сыртқы зонасындағы шығысты катод деп, ал p1 зонасынан шығысты анод деп атаймыз. n2,p1 зоналары динистордың базасы деген атқа ие. Ал p1, n1 және p2, n2 өткелдерін эмиттерлі, n1 p2 коллекторлы деп атаймыз. Егер динистордың аноды қорек көзінен аз ғана теріс мәнді кернеу, ал катодына оң мәнді кернеу берсек, онда центрлі коллекторлы өткел ашық болады, ал шеткі эмиттерлі өткелдер ашық болады. n1 p2 зоналары анод пен катодтан келетін негізгі заряд тасымалдаушыларынан әлсіз болғандықтан, олар динистордың базасына жете алмайды. Соның нәтижесінде динистор арқылы негізгі емес заряд тасымалдаушыларынан тұратын аз шамада кері ток ағады, ал динистор жабық. Егер динистордың анодына көп шамада кері кернеу, ал катодына жоғары оң таңбалы кернеу беретін болсақ, онда лавиналық тесіп өту болады. Ол төмендегі динистордың воль- амперлік сипаттамасында көрсетілген.

I – динистордың өткізгіштігі доғары кезіндегі ашық қалпының аймағы;

II – кері кедергілі аймағы;

III – коллекторлы өткелдің тесілу аймағы;

IV – динистор жабық кезіндегі тура қосылу аймағы;

V – динистордың кері қосылу аймағы;

VI – лавиналық тесілу аймағы.

22- билет

1. NМдп-тиристорлардың статикалық бекітпе- құймалық (беріліс) және құйма (шығыс) сипаттамалары және олардың ерекшеліктері.

Өрістік транзистордың екі түрі бар: p-n ауысулы өрістік транзистор және оқшауланған (изоляцияланған) тиекті өрістік транзистор. Оқшауланған (изоляцияланған) тиекті өрістік транзистор индукцияланған және қондырылған каналды болып екігк бөлінеді.Құрылысына сәйкес МДП (МДЖ: металл-диэлектрик-жартылай өткізгіш) транзистор деп атайды, яғни бекітпесі оқшауланған өрісті транзисторларды МДП транзисторлары деп атайды.Өткізгіштігі бойынша pМДП, nМДП.

Транзистордың негізгі сипаттамалары Uқб = const болғандағы құйма тиектік Iқ = f(Uтб) (сурет 6.3,а) және Uтб = const  болғандағы құймалық немесе шығыс сипаттамалары Iқ = f(Uқб) (сурет 6.3,б). Шығыс сипаттамаларды екі облысқа бөлуге болады: I-облыс токтың күрт  өзгеруі (сипаттаманың сызықты омдық бөлігі) және қанығу режиміне сәйкес келетін П облысы (бейсызықты жазық, жұмыстық бөлік). Аз  Uқб кезінде жабушы қабаттың кеңеюі мардымсыз. Uқб артқан кезде құйма тогы Ом заңы бойынша өседі, динамикалық тепе-теңдік туындайды: құйма тогының артуы р-п өткелдегі кернеудің түсуіне және құйма тогын азайтатын, арнаның тарылуына әкеледі. Uқб –ның кезекті артуы қиманы азайтпайды, ал «дәліз» немесе «мойын» деп аталатын, қиманың тар бөлігінің ұзындығын арттырады. Сондықтан құйма тогы тұрақты болады. В нүктесінде құйма кернеуі өткелдің тесілу кернеуіне жетеді. Uқб кернеуін ары қарай арттырсақ құйма тогы артып, аспап істен шығуы мүмкін. Uтб арттырғандағы процесстер (бастапқы қималар аз болғанда) осыған сәйкес, бірақ арнаның тарылуы ертерек басталады, бұл қанығу бөлігіне ерте шығуға әкеледіҚұйма тогы төмен деңгейде шектеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]