14 Билет
Швециядағы мектепке дейінгі балалар тәрбиесінің дамуыЩвецияда ХІХ ғасырдың ортасында да бірнеше балабақша болған. 1946 жж. Балабақшалар мен балалар орталығын салуға рұқсат берілді. 1975 жылдан бастап мектепке дейінгі мекемелерді ашуға шешім қабылданды.
1976 жылдан бастап барлық 6 жастағы балалар мектепке дейінгі білім алуға құқылы болды.1990 жылдан бастап қана бала ерте жастан бастап балабақшаға баруға рұқсат етілді.1998 ж. ең алғаш ерте жастан бастап 6 жасқа дейінгі сынып ашылды. “Нулевой” сынып деп аталды.
2008 ж.бастап мектепке дейінгі оқыту мен білім беру міндетті емес болды. Бірақ сонда да үкімет қатаң түрде баланың мектепке дайын болуын бақылап келеді. Көптеген балабақшалар әр түрлі педагогикалық бағдарламалар пайдаланады. Сонымен қатар баланың бойындағы белгілі дағдылар мен қабілеттерді дамытып қалыптастыруға бағытталған арнайы оқу-тәрбие жоспарларын пайдаланады. Мысалы: Монтессори, Реджио Эмилия мен Вальдорф әдістемелерін. Швецияда балабақша ақылы түрде жұмыс атқарылады.Бірақ, швед үкіметі бала санын арттыру мақсатында және балабақша ақшасын төлеуге жеткілікті мөлшерде 18 жасқа дейінгі балаларға пособия төлейді. Бұл мемлекет балабақшаларында баланы тәрбиелеу барысында белгілі бір қасиеттерді қалыптастыруға көңіл бөледі. Мысалы: ұжымда жұмыс істей алуына, шыдамдылыққа, айналадығыларға сыйластықпен қарауға т.с.с. Швецияның балабақшаларында көбінесе тәрбиеленушілердің таза ауада көп жүруіне жағдай жасайды. Тіпті, күн жылы болған да балаларды таза ауада ұйықтатады. Швецияда мектепке дейінгі білім беретін бірнеше мекемелер бар: 1. Отбасылық мектепке дейінгі мекеме – отбасы жағдайындағы балабақша. Бұл балабақшаға 1-12 жасқа дейінгі балалар барады.2. Ашық балабақша – бұл балабақшаға ата-ана баламен бірге, бала нағыз балабақшаға барғанша бара алады.3. Дайындық сыныбы немесе 6 жасар. 6 жастағы балалардың барлығы бұл сыныптан орын алуға құқылы. Бұнда бала бастауыш сыныпта оқуға дайындалады.4. Ұзартылған топ 6-12 жасқа дейінгі балалар бұл топқа сабаққа дейін және сабақтан кейін баруға құқылы. Бұл топта балаға орын ата-анасы жұмыс істесе немесе оқыса ғана беріледі. Әдетте бұндай топтар жұмысын мектептің ішінде жүргізеді. Кіші жастағы балалар үшін арнайы “Ойын мектебі” деген балабақша түрі бар. 3 жастан бастап үлкен балаларды арнайы таза ауады серуен ұйымдастырылады
Я.А. Коменскийдің – «Аналар мектебі», «Ұлы дидиктикасы» Я.А.Коменский оқу мен тәрбие жүйелерiн құруда таным үрдiсiне байланысты екi жақты көзқарасты ұстанды. Оның түсiнiгiнше ақиқатты танудың бiр бағыты – логикалық ақыл-ойға негiзделген түсiнiк, оның көзi – дiни сенiм. Ақиқаттың екiншi бағыты – табиғатты тану, ол тiршiлiктiң, байлықтың көзi, табиғатты қорғап, сақтай бiлу үшiн бiлiм қажет. Я.А.Коменскийдiң педагогикалық көзқарастарына қарай және қайта өрлеу дәуiрiндегi гуманистiк бағыттың әсерiмен орта ғасырлық мектеп жүйесiн сынға алып, мектептегi оқу-тәрбие жұмыстары балаға сүйiспеншiлiк пен адамгершiлiк шеберхана орталығы болғанын қалаған. Я.А. Коменскийдің қоғамда байлығына немесе жыныс айырмашылығына қарамай, жалпыға бiрдей, ана тiлiнде оқытатын мектептер ашуды қолдауы, ұлы педагогтың гуманистiк және демократиялық ұстанымда болғандығын дәлелдейдi. Ол, әсiресе, қарапайым халықтың балаларының мектепке қолдары жетпей отырғандығына, негiзiнде халық арасында көптеген дарынды балалардың таланты ашылмай, мемлекет болашағына зиян келтiргендiгiне наразылық бiлдiрдi. Я.А.Коменский “Ұлы дидактика” деген еңбегiнде адамды табиғаттың бiр бөлiгi ретiнде қарап, оны тәрбиелеу мен оқыту табиғи қабiлетi мен қасиеттерiн дамытуға бағытталуы тиiс деп кеңес бередi.Бұл талап тәрбие мен оқытудың жалпы ұстанымы ретiнде саналып, кейiн “табиғатқа сәйкестiк ұстанымы” деп аталды. “Табиғатқа сәйкестiк ұстанымы” – оқытудағы құрғақ жаттау мен догмалық бiлiмге қарсы, баланың табиғатын, оқу мүмкiндiктерiн ескерiп, бiлiм мен тәрбие беретiн ұстаным. Ол өмiрге қажеттi күнделiктi iстерге пайдалы бiлiмдердi берудi ұсынды. Сол себептен мектептiң мақсаты – ақылды адамды тәрбиелеу, адамның адамдық қасиетi тек тәрбие арқылы қалыптасады дедiЯ.А.Коменский оқушыларға жан-жақты бiлiм беруде жас ерекшелiктерiн ескерiп, бiр-бiрiмен байланысқан оқытудың 4 сатылы кезеңнен тұратын оқу жүйесiн ұсынды. Олар: баланың туылған күнiнен бастап 6 жасқа дейiнгi аралықта үйiнде “Ана мектебiнде” тәрбиеленуi; 6 жастан 12 жасқа дейiн әрбiр қауымдастықта “Ана тiлi” мектебiнде оқуы; 12 жастан 18 жас аралығында оқушылар әрбiр қаладағы латын мектебiнде бiлiм алуы; 18 жастан 24 жасқа дейiнгi жастардың әр мемлекеттегi академияларға түсiп оқуы.“Ана мектебiнде” балалардың сезiм мүшелерін, айналасын, қоршаған өмiр жайлы алғашқы түсiнiктерiн, тiлiн және қол iскерлiгiн дамыту қарастырылуы тиiс. “Ана тiлi” мектебiнде оқушыларға көп мәселелердi қамтитын арифметика, география, тарих, мемлекет құрылысы мен экономикалық өмiр және әржақты қолөнермен таныстыру, жүйелi, нақты бiлiм берiлуi керек. Сонымен бiрге “Қасиеттi жазу” мәтiндерiн оқыту, балаларға дiни тәрбие қоса жүргiзiлуi қажет. Гимназияда немесе латын мектебiнде латын тiлдерiмен бiрге нақты пәндер: математика, физика, жаратылыстану оқылса, оқушылардың өздiктерiнен оқитын: тарих, этика, көршiлес елдердегі жаңа тiлдерден сабақтар және жалпы бiлiм беру курстары: риторика мен диалектика өткiзiлуi тиiс. Ал, академияда бүкiл ғылымдардың жетiстiктерiнен бiлiмдер беретiн – пансофия оқытылуы қажет делiндi. Сол кездегi мектептерде латын тiлiнде оқитын болғандықтан, Коменский бастауыш мектепте сабақтар ана тiлiнде жүргiзiлуi тиiс деген пiкiр айтты. Ол ана тiлiнде оқыған оқушылардың ақыл-ойын дамытуға мүмкiндiк туады, басқа тiлдердi үйрену ана тiлiнiң негiзiнде жүргiзiлсе ғана жемiстi болады деп санаған.Я.А.Коменский мектептер үшiн оқулықтар, бағдарламалар, оқу құралдарын дайындау алдағы тұрған басты мiндет деп санап, оқулықтар жатық тiлде нақты және дәл, әр ғылым мен өнер жайлы оқу материалдарын балалардың өздерi мұғалiмнiң көмегiнсiз түсiнуге лайықты болуын қолдады. Айтылған талаптар деңгейiнде “Ана мектебi”, “Тiлдер мен барлық ғылымдардың ашық есiгі”, “Физика”, “Астрономия”, т.б. оқулықтары жазылды. Соның iшiндегi Я.А.Коменскийдiң есiмiн дүние жүзiне жайған оқулық - “Ұлы дидактика” едi. Бұл кiтапта оқу iсiне қойылатын дидактикалық талаптар жеке-жеке сараланған: оқушыларды бiлiм алуға ынталандыру; оқу материалдарын бiртiндеп күрделендiру; тұрмысқа, шаруашылыққа қажеттi бiлiмдердi беру; бала табиғатын ескерiп, шамасы келетiн оқу материалын оқыту; игере алатын оқу материалын саналы түрде қабылдауға жағдай туғызу; материалдарды түсiндiруде баланың өмiрден алған сезiмдерiне, түйсiктерiне сүйену арқылы оқу тәрбие жұмысын жандандыру.“Ұлы дидактиканың” педагогикалық ойды және жаңа мектептiң оқу-тәрбие жұмысының сапасын арттырудағы маңызы – дидактикалық ұстанымдардың жүйеленуiнде. Олар оқытудың көрнекiлiгi, саналы оқу, оқытудың жүйелiлiгi, түсiнiктiлiгi, сатылы оқу, оқушының жас ерекшелiктерiн ескеру, оқытудың негiздiлiгiнен тұрады.Бұл дидактикалық ұсынымдардың әрқайсысының өзiндiк ерекшелiктерi бар. Мысалы, көрнекiлiк ұстанымының мәнi – дүниенi тану сыртқы сезiмге байланысты, түйсiкте болмаған нәрсе, зат ойда болмайды, сондықтан нәрсе мен зат бақылау, ақиқаттығы мен анықтылығы тек сезiм арқылы дәлелденедi. Сол себептi де сезiмнен тыс нәрселер мен заттардың (мәселен, аспан әлемi, жер асты байлықтары, жер бетiндегi өсiмдiктер мен жануарлар, т.б.) жасанды формаларын суреттерiн, бейнелерiн салыстыра отырып оқыту қажет.Оқушының алған бiлiмi тиянақты ұстанымда болса, оның бiлiмi жүйелi, өзара байланысты, ой қисыны дәйектi және берiк болады. Оқытудың жүйелi және бiрiздiлiк ұстанымы бiлiмнiң “жалқыдан жалпыға”, “белгiлiден белгiсiзге”, “жеңiлден қиынға”, “нақтыдан абстракты ойға” қарай игерiлуi оқулықтың басты ережесiн құрайды. Я.А.Коменский бiлiм беру iсiн ұйымдастыруды дүниежүзi бойынша алғашқы рет жүйелiлiкпен дәлелдедi. Оқу жылын тоқсандарға бөлiп, оқу күнiн, күнiне қанша сабақтар өту, тоқсан аяғында оқушыларға демалыс беру, балаларды бiр мезгiлде қабылдау, оқушылардың бiлiмдерiн тексеру, сыныптан сыныпқа көшiру тәртiптерiн енгiздi. Сонымен бiрге ол сабақтың құрылымын анықтауда жаңалық ашты. Мысалы, өткен оқу материалын сұрау, жаңа тақырыпты өту, қайталау және жаттығулар жүргiзу, оқушылар бiлiмiн тексеру, сабақты жоспарлау, тәртiп, т.б. оқу сапасын арттыруға себепшi болды деп айтуға құқығымыз бар.“Ұлы дидактикада” оқыту әдiстемесiне байланысты құнды пiкiрлердi кездестiремiз, мәселен, оқытуды бақылаудан бастап заттар мен нәрселердiң сыртқы және iшкi ерекшелiктерiнiң себеп-салдар байланыстарын сезiну, содан соң көргендi талдау керек.Оқу материалын бiрiздiлiкпен жоспарлы ұйымдастырудағы оқу әдiсi жеңiлден қиынға, жақыннан алысқа, жалқыдан жалпыға қарай жүргiзiлiп оқушылардың алған бiлiмдерi тиянақталып, өмiрде пайдалануға жағдай туғызады.Келесi оқыту әдiсiнiң мәнi оқушылардың бiлiмге деген қызығушылығын арттырып, алған бiлiмдерiне көңiлі толуына, келесi бiлiмге деген ынтасына бағыт беруге кеңес бередi. “Ұлы дидактика” еңбегiнде Я.А.Коменский адамгершiлiк тәрбиесi жөнiнде дiни бағыт ұстанғанын байқаймыз.Ұлы педагог балалардың адамгершiлiк қасиеттерiн тәрбиелеуде кiшiпейiлдiлiкке, мейiрiмдiлiкке, өзiн-өзi басқару, ерлiк, еңбек сүйгiштiк сапаларын қалыптастыруға көп көңiл бөлудi талап еткен. Ал терiс мiнез-құлықтан эгоизм, қаталдық, жалқаулық, өтiрiкшiлiк сияқты әдеттерден арылуға ата-аналар мен мұғалiмнiң бiрлесу қажеттiлiгiн ескеру керектiгiн айтты.Я.А.Коменский мектеп практикасына жаңа леп, жаңа бағыт әкелдi. Сондықтан ол “Тәрбиенiң Галилейi” деген әдiл атаққа ие болды. Жаңа философияның негiзiне сүйенген педагог алғашқы рет дидактика жүйесiн құрды, тың педагогикалық идеялар енгiздi.
билет
Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің Америкалық жүйесі. Англиялық жүйенің ұтымдылығы. ДОУғы тәрбиелік- білім берушілік үрдісі.
АҚШ-тың білім беру жүйесі өте бай тарихты иеленеді. АҚШ-та мектепке дейінгі, мектепалды балаларды дайындауға көп назар аударылады. Әсіресе провинциялық мектептерде 5 жасар балаларды мектепке дайындауда жаппай жұмыс жасалып келеді.
Мектепке дейінгі мекемелер, онда 3-5 жасар балалар тәрбиеленеді. Бастауыш мектеп (1-8 класс), онда 6-13 жасар балалар Орта мектеп (9-12 класс),14-17 жасар балалар оқытылады. Соңғы деңгейдегі білім беретін оқу орындары, олар жоғарғы Басқа капиталистік мектептерге қарағанда американдық мектеп демократиялылау көрінеді. Мысалы,АҚШ-тағы мектепке дейінгі білім беру бала-бақшалармен, яслилерде жүзеге асырылады.Америкада оқу жоспарын қатаң жүргізуден бас тарту,топта бала санын аз етіп құру,олардың бірлесіп жұмыс істеуіне,шығармашылықпен жұмыс жасауына ыңғайлы болуын көздейді.Жекелей оқу,еркін ойнау,баланың өз қалауы педагог тек сұрақ қою, түсіндіру, жаңа әрекеттерді көрсету, ұсыну бала мінез құлқын бақылаумен шектеледі. Мұндай оқыту «бала дамуы деңгейіне сәйкес тәжірибе арқылы оқыту» деп аталады.
Англияда мектепке дейінгі ұйымдар жүйесін ұйымдастыруда балалардың жас мөлшері басты факторлардың бірі ретінде танылады.Мысалы, Англияда мектепке дейінгі білім беруде 3-5 жас аралығындағы балалар қамтылады. Ал 5 жастан бастап олар міндетті мектептік білімге тартылады. Ал 3 жасына дейін сәби ана тәрбиесінде болуы дұрыс деп есептеледі.
3-5 жастағы сәбидің жас және психологиялық ерекшелігіне қарай мектепке дейінгі ұйымдар Англияда отбасы жағдайына неғұрлым жақын түрде құрылуды көздейтін күндізгі яслилер , толық ясли емес ясилік сыныптар, ойын топтары, аналар мен балалар клубтары ( керекгінде анасы қасында болады) күтушілер инситуттары, «мүмкіндіктер» топтары, т.б. Әрбір тәрбиешіге 10-13 баланы қарау жүктеледі.
Мектепке дейінгі ұйымйындалаида Англияда бірыңғай ұлттық бағдарлама болмайтындықтан, білім мен тәрбие берудің мазмұны түрлі вариативтті сипат алған. Алайда білім беру мекемесінің өзінде дайындалатын бағдарламаның бәрінде де баланың қуат мүмкіндіктерін дамытуға қажетті жағдайлар жасау жолымен дене , ақыл ой, эстетиикалық, адамгершілік және әлеуметтік тәрбиенің тікелей жеке балаға бағытталып жүргізілуі, жүзеге асуы мақсат етіледі.
Мектепке дейінгі ұйымда сабақтың топтық формасы қолданылмайды , әр баламен жұмыс жеке ұйымдастырылады . Баланың ақыл ой дамуы ойын әрекеті барысында жүзеге асырылады.Ағылшын ғалымдары баланың тілін дамытудың 3 сәтін ұйымдастыруға ерекше мән береді :
Ойын айта білуге
тыңдау
түсінуге икемді.
Бүған барлық мектепке дейінгі ұйымдар күш салады.
Ортағасырдағы христиандық педагогика өкілдерінің туғаннан жеті жасқа дейінгі (алты жас) балаларды тәрбиелеудегі көзқарастары
билет
Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің Жапондық жүйе. ДОУғы тәрбиелік- білім берушілік үрдісі
Жапонияда балалар бақшасы Білім, ғылым және мәдениет Министрлігіне, ал күндізгі күтім жасайтын орталықтар Денсаулық және әлеуметтік қамтамасыз ету Министрлігіне қарайды. Мұндағы мектепке дейінгі ұйымдардың өзіндік ерекшеліктері бар.
Жапонияда мектепке дейінгі білім жүйесі белгілі теорияны ұстанбайды: ерекше жетістіктерді пайдалану, сәтті модельдер, тиімді әдістер, ұлттық құндылықтар басым бағыттар болып қалады. Жапон психологтары бала білімнің 70 пайызын жеті жасқа дейін, ал 30 пайызын қалған өмірінде алады, - деген қорытынды жасайды. Балаларды мектепке дайындаудың олар ересектермен қарым-қатынас жасауға үйренеді, бұл олардың қоғамдағы орнын анықтауға ықпалын тигізеді. Жапонияда ұжымдық құндылыққа бағдарлану өте маңызды болып саналады.
Жапонияда балаларды мектепке дайындауда төмендегідей міндеттерді шешеді:
балаларға үлкендер мен құрбыларымен жақсы қарым-қатынасын орнатуға көмектесіп, әлеуметтік тәртіп дағдыларын меңгерту;
табиғатқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу;
өмірлік денсаулық дағдыларын игеруге көмектесу;
ерке, тентек балаларды тәрбиелеуде ата-аналарға көмек көрсету, басқа балалармен ынтымақтасу қабілетін дамыту;
барлық балаларға біркелкі жағдай жасау;
балаларды шыдамдылық пен төзімділікке, сабырлылыққа тәрбиелеу;
біреуге тәуелді болу дағдысын қалыптастыру және оны түсіну.
Мектепке дейінгі білім беру әрине, отбасынан басталады. И.О. Тихоцкаяның пікірінше, жапон әйелдері үшін басты мәселе ана болу. Бала дүниеге келген соң оның өсуі, дамуы, өмір сүру кезеңдерімен айқындалады,-деген қорытынды жасаған. Қоршаған ортадағы адамдармен қарым- қатынасқа түсуді отбасынан үйренеді. Ал, топтық қарым-қатынасқа түсуді балабақшада және мектепте меңгереді.
Жапонияда балабақша міндетті білім беру сатысы болып есептелінбейді. Жапониядағы барлық балабақшалар жеке меншік болып табылады. Олардың ішінде ерекше орынды элитті балабақшалар алады, өйткені, олар университеттің аясында болады. Мұндай балабақшаларға барған балалардың келешегі зор. Белгілі жасқа келгенде қол жеткен жетістігіне қарай университеттің мектебіне, одан ары университетке емтихансыз түседі.
Жапонияда білім саласында өте жоғары деңгейде бәсекелестік бар. Университеттік диплом министрліктерде немесе белгілі фирмаларда жұмыс істеуге гарант болады. Оның келешегіне сара жол салатын мұндай балабақшаларға түсу өте қиын. Мұндай балабақшаларға түсу үшін ата-аналар өте көп қаражат төлейді, ал балалар күрделі тест тапсырады.
Жапонияда оқу жылы 1 сәуірден басталады. Бұл күні балабақшадан бастап, университетке дейін оқу жылының басталуының салтанатты ашылуы болады. Барлық білім беретін мекемелер біркелкі графикпен жұмыс істейді. Оқу жылы үш семестрге бөлінген. Семестр аралық демалыста университет студенттері, мектеп оқушылары және балабақша балалары үшін каникул болады.
Швецииядағы мектепке дейінгі білім беру: мақсаты мен міндеті, тәрбиелеу мен оқыту қызметінің негізгі мазмұны. Мектепке дейінгі білім берудің бағыты.
ШВЕЦИЯ мемлекетінде мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу кезеңін ең күрделі әрі қажетті кезең деп қарастырады. Сондықтанда Швециядағы кез келген қала мен кішкентай ауылда да балабақша бар. Статистика бойынша, 1-5 жас аралығындағы 80% балалар кунделікті балабақшаға бірнеше сағат барып қайтады. Балабақша (forskola) – мектепке дейінгі білім беру орталығы, білім беру жүйесінің бір бөлімі. Онда 1-5 жасқа дейінгі балалар қабылданады.
Көптеген балабақшалар әр түрлі педагогикалық бағдарламалар пайдаланады. Сонымен қатар баланың бойындағы белгілі дағдылар мен қабілеттерді дамытып қалыптастыруға бағытталған арнайы оқу-тәрбие жоспарларын пайдаланады. Мысалы: Монтессори, Реджио Эмилия мен Вальдорф әдістемелерін.
Швецияда балабақша ақылы түрде жұмыс атқарылады.
Бірақ, швед үкіметі бала санын арттыру мақсатында және балабақша ақшасын төлеуге жеткілікті мөлшерде 18 жасқа дейінгі балаларға пособия төлейді.
Бұл мемлекет балабақшаларында баланы тәрбиелеу барысында белгілі бір қасиеттерді қалыптастыруға көңіл бөледі. Мысалы: ұжымда жұмыс істей алуына, шыдамдылыққа, айналадығыларға сыйластықпен қарауға т.с.с.
Швецияның балабақшаларында көбінесе тәрбиеленушілердің таза ауада көп жүруіне жағдай жасайды. Тіпті, күн жылы болған да балаларды таза ауада ұйықтатады.
Швецияда мектепке дейінгі білім беретін бірнеше мекемелер бар:
Отбасылық мектепке дейінгі мекеме – отбасы жағдайындағы балабақша. Бұл балабақшаға 1-12 жасқа дейінгі балалар барады.2. Ашық балабақша – бұл балабақшаға ата-ана баламен бірге, бала нағыз балабақшаға барғанша бара алады.3. Дайындық сыныбы немесе 6 жасар.6 жастағы балалардың барлығы бұл сыныптан орын алуға құқылы. Бұнда бала бастауыш сыныпта оқуға дайындалады.4. Ұзартылған топ 6-12 жасқа дейінгі балалар бұл топқа сабаққа дейін және сабақтан кейін баруға құқылы. Бұл топта балаға орын ата-анасы жұмыс істесе немесе оқыса ғана беріледі. Әдетте бұндай топтар жұмысын мектептің ішінде жүргізеді. Кіші жастағы балалар үшін арнайы “Ойын мектебі” деген балабақша түрі бар. 3 жастан бастап үлкен балаларды арнайы таза ауады серуен ұйымдастырылады
