Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ответы на 13.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
128 Кб
Скачать
☆

6 Билет

1.Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің Жапондық жүйе. ДОУғы тәрбиелік- білім берушілік үрдісі

Жапонияда балалар бақшасы Білім, ғылым және мәдениет Министрлігіне, ал күндізгі күтім жасайтын орталықтар Денсаулық және әлеуметтік қамтамасыз ету Министрлігіне қарайды. Мұндағы мектепке дейінгі ұйымдардың өзіндік ерекшеліктері бар.

Жапонияда мектепке дейінгі білім жүйесі белгілі теорияны ұстанбайды: ерекше жетістіктерді пайдалану, сәтті модельдер, тиімді әдістер, ұлттық құндылықтар басым бағыттар болып қалады. Жапон психологтары бала білімнің 70 пайызын жеті жасқа дейін, ал 30 пайызын қалған өмірінде алады, - деген қорытынды жасайды. Балаларды мектепке дайындаудың олар ересектермен қарым-қатынас жасауға үйренеді, бұл олардың қоғамдағы орнын анықтауға ықпалын тигізеді. Жапонияда ұжымдық құндылыққа бағдарлану өте маңызды болып саналады.

Жапонияда балаларды мектепке дайындауда төмендегідей міндеттерді шешеді:

  • балаларға үлкендер мен құрбыларымен жақсы қарым-қатынасын орнатуға көмектесіп, әлеуметтік тәртіп дағдыларын меңгерту;

  • табиғатқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу;

  • өмірлік денсаулық дағдыларын игеруге көмектесу;

  • ерке, тентек балаларды тәрбиелеуде ата-аналарға көмек көрсету, басқа балалармен ынтымақтасу қабілетін дамыту;

  • барлық балаларға біркелкі жағдай жасау;

  • балаларды шыдамдылық пен төзімділікке, сабырлылыққа тәрбиелеу;

  • біреуге тәуелді болу дағдысын қалыптастыру және оны түсіну.

Мектепке дейінгі білім беру әрине, отбасынан басталады. И.О. Тихоцкаяның пікірінше, жапон әйелдері үшін басты мәселе ана болу. Бала дүниеге келген соң оның өсуі, дамуы, өмір сүру кезеңдерімен айқындалады,-деген қорытынды жасаған. Қоршаған ортадағы адамдармен қарым- қатынасқа түсуді отбасынан үйренеді. Ал, топтық қарым-қатынасқа түсуді балабақшада және мектепте меңгереді.

Жапонияда балабақша міндетті білім беру сатысы болып есептелінбейді. Жапониядағы барлық балабақшалар жеке меншік болып табылады. Олардың ішінде ерекше орынды элитті балабақшалар алады, өйткені, олар университеттің аясында болады. Мұндай балабақшаларға барған балалардың келешегі зор. Белгілі жасқа келгенде қол жеткен жетістігіне қарай университеттің мектебіне, одан ары университетке емтихансыз түседі.

Жапонияда білім саласында өте жоғары деңгейде бәсекелестік бар. Университеттік диплом министрліктерде немесе белгілі фирмаларда жұмыс істеуге гарант болады. Оның келешегіне сара жол салатын мұндай балабақшаларға түсу өте қиын. Мұндай балабақшаларға түсу үшін ата-аналар өте көп қаражат төлейді, ал балалар күрделі тест тапсырады.

Жапонияда оқу жылы 1 сәуірден басталады. Бұл күні балабақшадан бастап, университетке дейін оқу жылының басталуының салтанатты ашылуы болады. Барлық білім беретін мекемелер біркелкі графикпен жұмыс істейді. Оқу жылы үш семестрге бөлінген. Семестр аралық демалыста университет студенттері, мектеп оқушылары және балабақша балалары үшін каникул болады.

2.Солтүстік Кореяның мектепке дейінгі білім беру моделінің даму тарихы.

Солтүстік Кореяда мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту барлық балаларды қамтыды. 2 миллион қыздар мен ұлдар 19300 балабақшалар мен 28500 яслиге барады және толығымен мемлекеттік қамқорлықта болады. Солтүстік Кореяда тілдік білім мазмұны мен жүйесі төмендегідей ережелермен сипатталады:

  • өскелең ұрпақты тәрбиелеуде саясат қаруы ең алдымен ана тілін оқытудан басталады;

  • Солтүстік Корея басшылары тілдің бастапқы кезеңіне баса назар аударады, бала неғұрлым кіші болса, саясат соғұрлым тиімді болады;

  • ана тілі оқу пәні - Ким Ир Сена шығармасын жаттау пікіріне саяды. Хрестоматия мен оқулықтағы мәтіндер Ким Ир Сенаның ұсынған шығармаларының көлеміне сәйкес, барлығын жеңетін коммунистік саясат және т.б.;

  • ана тілі мен әдебиет оқулықтары мен оқу құралдарына аттары белгісіз жеке және ұжымдық авторлар шығармалары енгізілген;

  • оқу дағдысын қалыптастыруға аса маңызды орын беріледі (тілді оқыту әдістемесі);

  • дауыстап оқу өте кең қолданыс табады. Онда оқушылар дауыс ырғағына, жылдамдығына, сөйлеу мәнерін сақтап оқуы қажет.

Әрбір балабақшада Ким Ир Сеннің арнай жабдықталған бөлмесі бар.Онда Солтүстік Корея негізін қалаушысы жайлы барлық мағлұматтар жинақталған (суреттер,кітаптар,буклеттер,видеодискілер және т.б). Балалардың кішкене жасынан бастап патриоттық сезімдерін оятып,өз елін қорғауға үйренеді. Балабақшадағы әрбір сабақ Ким Ир Сеннің суретіне қарап үш рет бас иіп, алғыс айтудан басталады. Сонымен қатар Солтүстік Корея елдерінің балабақшаларында балалардың шығармашылық қабілеттерін (музыкалық, спорттық, техникалық ) дамытуға аса назар аударылады. Балабақшада балаларға ұлттық аспаптарда ойнау үйретіледі. Әрбір бала мектепке барғанша кем дегенде бір ұлттық аспапта ойнап үйреніп шығады. Әр жыл сайын балабақша аралық сайыстар жүргізіліп отырады, онда балалар өз өнерлерін көрсетіп, шыңдалады.

Cолтүстік Кореяда балаларға 3 жастан бастап әлемді танытып үйретеді, аспан әлемі, ғарыш, космос, планета, тірі және өлі табиғат деген ұңымдар туралы түсінік береді. Мұнда тәрбиешілердің ұстанатын принциптері «ұарапайымнан күрделіге», «жақыннан алсқа» т.с.с. Балаларды қоршаған ортамен таныстыра отырып, әр баланы осы қоғамның бір мүшесі екендігі ескеріледі. Балалардың алған білімдерін тиянақтап, балалардың қызығушылығын одан әрі нығайту үшін көрме жұмыстары көптеп ұйымдастырылады.

Солтүстік Корея балабақшаларының бір ерекшелігі, онда әр сала бойынша әр педагог кызмет атқарады. Мысалы, бейнелеу өнерінен арнайы суретші маманы, дене шынықтырудан арнайы мұғалім т.с.с. Сондай ақ балабақшада әр саланың өз бөлмелері бар, ойыншықтар бөлмесі, кітаптар бөдмесі, шығармашылық бөлмесі, музыкалық аспаптар бөлмесі, ас үй бөлмесі т.б.