17 Билет
Француздық мектепке дейінгі білім беру моделі, оның негізі, мақсаты мен міндеттері. Балабақшалардағы тәрбиелік- білім берушілік үрдісті реттеу формасыФранциядағы мектепке дейінгі тәрбюиелеудің бағыты.Францияда мектепке дейінгі тәрбие ұйымдары мектептің бір бөлшегі ретінде Ұлттық білім беру министірлігіне қарайды.Олар негізінен «мектеп ана» типінде өмір сүреді. Сондай ақ жекеленген сыныптар түрінде, мектепалды дайындық ретінде мектеп жасында жұмыс істейді. Егер қайсы бір ата ана баласын мектепке дейінгі тәрбие ұйымына бергісі келмесе, онда себептері негізделген өтініш жазып, балаларын мемлекеттік ұйымдар тарапынан ұйымдастырылған тиісті тестіден жыл сайын өткізіп отырады, Францияда бала 6 жасында оқуды, жазуды, санауды білетін , қажетті әлеуметтік дағдыларды меңгерген болуы міндетті деп есептеледі. Францияда мектепке дейінгі ұйым мақсатты бөлшекке бөлінеді : баланы зерігіуден сақтау, белсенді әрекет, қуаныш сезімін сіңіру. АЛ міндеттерінде дене тәрбиесі, адамгершілік және ақыл ой тәрбиесі алдыңғы орында, одан кейін өз қатарларымен қарым қатынас дағдылары, одан соң барып жазу, есептеу, оқу дағдыларын меңгеру жүзеге асырылады.Тәрбиешіге оқу құралдарын өз еркінше таңдауғ, әдіс тәсілдердің қалауынша қолдануға ерік берген. Сондықтан тәрбиеші бар оқу құралдарын пайдаланбай, басқа ізденістер жасауға құқылы. Олар қалай оқытқысы келсе де өз қалауымен жасайды, балалармен табиғи тең құрметтеу қатынасы орнатылды.Әдістеме – М.Монтессори идеялары қолданылады: сөз алдында сурет жүреді, оқудан бұрын жазуға үйрету көзделеді.Сонымен тәрбие сапасы педагогтардың кәсіби біліктігіне байланысты. Дамыған елдерде тәрбиешілердің ерекшелігі жоғары деңгейде болып, олар әр түрлі бағыттарда жұмыс жүргізе алады және балалардың дамуының өсуін бақылай біледі.
Ежелгі Греция философтары Платонның, Аристотелдің, М.Ф. Квинтилианның мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеуге көзқарастары.
Платонның пікірінше, тәрбие дегеніміз үлкендердің балаларға әсер етуі, балаларда адамгершілікті, қайырымдылықты қалыптастыруы. Ол "оқу” ұғымына ғылымдарды оқып-үйрену арқылы білімді меңгеруді жатқызды, ол "шындық үшін ойлауды пайдалануда жанды ояту” деп түсінді. Кішкентай балалардың ішкі негізі Платон айтуынша, эмоциялар болып табылады деді. Ол тәрбие құралы ретінде ойындарға сонымен қатар әдеби шығармаларды, мифтерді балаларға оқу және айтып беруге ерекше мән берді.
Көптеген шығармалардың авторы ретінде Платон тәрбие мәселелеріне ерекше мән берді. Тәрбиені ұйымдастыруда өзінің көзқарастар жүйесін "Мемлекет” және "Заңдар” сияқты трактаттарында қарастырды.
"Мемлекет” атты еңбегінде Платон кішкентай жас кезінен бастап балаларға қоғамдық тәрбие беру идеясын ұсынды және ооны ұйымдастырудың белгілі жүйесін қарастырды.
3 жастан 6 жасқа дейін барлық балаларды мемлекеттің тағайындаған тәрбиешілердің басшылығымен алаңдарда ойын ұйымдастыруға ерекше мән берді. Кішкентай балаларды тәрбиелеудің негізгі құралы ретінде ойынның ролін жоғары бағалады. Платонның тәрбие жүйесі дене тәрбиесіне деген жеккөрушілікке негізделеді, құлдардың балаларына білім алуға тыйым салынады.
Бірақ, Платон мектепке дейінгі тәрбие туралы, тәрбиенің бірізді мемлекеттік жүйесі туралы, жағымды үлгі-өнеге арқылы тәрбиелеу талаптарын және т.б. ұсынды.
Аристотель баланың табиғатына сәйкес дене, адамгершілік, ақыл-ой тәрбиесін ұйымдастыру, сонымен қатар балалардың 1 жас ерекшеліктерін ескеріп атқаруды ұсынды. Аристотель педагогикалық ой-пікірдің тарихында алғаш рет балаларды жас кезеңдерге бөлуді ұсынды. Балалардың өмірін үш кезеңге бөліп қарастырды: 1) туғаннан бастап, 7 жасқа дейін кезең; 2) 7 жастан 14 жасқа дейін; 3) 14 жастан 28 жасқа дейін. Аристотельдің пікірінше, бұл жас кезеңдері табиғатына сәйкес келеді. Аристотель жанұя тәрбиесіне ерекше мән берді. Ал 7 жасқа дейін балалар жанұяда тәрбиеленуі тиіс дей келіп, өзінің табиғатқа сәйкес тәрбиелеу қағидасына сүйенеді. 7 жастан бастап балалар мемлекеттік мектептерге барады (ерлер сияқты әйелдерге ондай білім берудің қажеттілігі жоқ екендігін Аристотель атап көрсетті). Аристотель мектептер мемлекеттік болу керек, жеке меншік болмау қажет, себебі бала тәрбиелеу ісі мемлекеттің қамқорлығында екендігін атап өтті. Мектептерде дене тәрбиесіне ерекше мән берілді, басқа мектептерде балалар оқуға, жазуға, санауға, сурет салуға және саз өнеріне оңай үйренеді. Ал одан жоғары жас кезеңінде жастар әдебиетті, тарихты, философияны, математиканы, астрономияны оқып-үйренеді. Аристотель эстетикалық және адамгершілік тәрбиесінің құралы ретінде саз өнеріне ерекше мән берді. Аристотель бойынша, балаларды адамгершілікке тәрбиелеу адамгершілік мінез-құлықтағы жаттығуларға негізделеді – қажетті әрекеттері жиі қайталау. Балалардың адамгершілік тәрбиесімен негізінен ата-аналар айналысуы қажет. Квинтилиан адам табиғатының оның дамуындағы ролі туралы мәселені түсінуге өз үлесін қосты. Ол адамның табиғи көрсеткіштеріне үлкен мән берді, балалардың табиғи қабілеттерін өте жоғары бағалады, ерте жас кезінің өзінде қабілеттіліктердің дәрежесін анықтауға болатындығына ешқандай күмән келтірмеді (кішкентай балалардың ойының алғашқы белгілері – есі, тез және дәл қабылдауы және қабылдағанды ұзақ сақтау, балада еліктеуге ұмтылудың ерте дамуы) сонымен қатар тәрбие арқылы көп нәрсеге қол жеткізуге болатындығын түсінді. Квинтилиан Рим қоғамының билігінің жоғары деңгейіндегі жанұя тәрбиесін сынға алды, балалардың жағымсыз адамгершілік қасеиттерін және үлкендердің жағымсыз мінез-құлқын қатты сынаған болатынды, жеке тұлғаның қалыптасуында балалардың жас ерекшеліктерін бағаламағаны үшін ата-аналарға ескерту жасады. 5-тен 7 жасқа дейін Квинтилиан Аристотель сияқты мектепке даярлыққа ерекше мән берді. Оның айтуынша, балалар 7 жасқа дейін екі тілді меңгеруге тиісті – ана тілін және грек тілін, әуелі грек тілін содан кейін ана тілін. Квинтилиан балаларды мадақтап отыруға кеңес берді, өз құрбыларымен бірге оларды жарысқа шақырып отыруға, марапаттардың қажеттігін айтты. Рим педагогі балалардың сауаттылығын дамыту үшін оқытуға әдістемелік кеңестер беріп отырды. Ол оқыту үрлісін көрнекті құралдар арқылы өткізуге ерекше мән берді, оқытуда біржүйелік және бірізділік қағидаларды сақтап отыруға құнды кеңестер берді. Квинтилиан болашақ шешенге дамыған ес, көркем сөз, жақсы дауыс ырғағы және интонация, мәнерлі сөз, мимика қажет деген болатынды. Шешенді тәрбиелеудің негізгі құралы Квинтилиан өлеңдерді жаттау екенін, оның адамгершілікке тәрбиелеуге көмектесетіндігіне тоқталды. Логикалық ойлауды, ойдың бір жүйелігін, бірізділігін тәрбиелеу мақсатында ол математиканы оқытудың қажеттігіне тоқталды, оқытуды теориялық үйретуге, еліктеуге және жаттығуларға негіздей отырып, құру керектігіне мән берді. Педагогикалық ой-аікірдің даму тарихында Квитилиан дидактика мен әдістеменің негізін қалаған, мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеудің талаптарын біржүйеге келтірген алғашқы арнаулы педагогикалық еңбектің авторы ретінде ерекше орын алады
билет
1. Вальфдорлық педагогикасының түсінігін ашыңыз
Германияда вальдорфтық педагогика xx ғ пайда болды. Бірінші вальдорфтық мектеп 1919 ж. ашылды. Вальдорф мектебінің негізін қалаушы – Рудольф Штайнер (1861-1925) - ерекше педагогика, сауықтыру педагогикасы мен медицинасына ғана емес, сонымен қатар өзі антропософия атаған тұтастай рухани бағытқа демеуші болған. Штайнер дүниеден өткеннен кейін вальдорф балабақшалары мен мектептері бүкіл әлемге таралып, бүгінгі таңда заманауи педагогиканың алдыңғы қатарлы бағыттарының бірі болып табылады. 60-70 ж сән жүйесіне кірмей тұрып Штайнер ең бірінші баланын дамуына және тәрбиесіне көп көніл бөлді. Сол кезден бастап вальдорф бала-бақшаларына және мектептерге көп көніл бөлінді. Қазір 2000- ға жуық вальдорф бала- бақшалары бар. Вальдорф бала-бақшасында балаларды 3.5 жастан қабылдайды. Толық және жарты күндік топтар бар. Топты арнайы дайындықтан өткен тәрбиеші жүргізеді. Біраз уақаттан кейін табысты жұмыстарды өткізген соң топқа « Вальдорф» аты беріледі. Штайнер бойынша педагогиканың негізгі мақсаты, баланың мүмкіндіктерін толық ашу үшін, ерік, түйсік және сезім, үйлесімді дамуы қажет. Сондықтан вальдорфтық мектептерде бейнелеу өнеріне көп көңіл бөлінеді.
2.Шығыс білім беру жүйесіне жататын елдер. Шығыс елдеріндегі мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттері.
билет
1.Солтүстік Кореяның мектепке дейінгі білім беру моделінің даму тарихы.
Солтүстік Кореяда мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту барлық балаларды қамтыды. 2 миллион қыздар мен ұлдар 19300 балабақшалар мен 28500 яслиге барады және толығымен мемлекеттік қамқорлықта болады. Солтүстік Кореяда тілдік білім мазмұны мен жүйесі төмендегідей ережелермен сипатталады:
өскелең ұрпақты тәрбиелеуде саясат қаруы ең алдымен ана тілін оқытудан басталады;
Солтүстік Корея басшылары тілдің бастапқы кезеңіне баса назар аударады, бала неғұрлым кіші болса, саясат соғұрлым тиімді болады;
ана тілі оқу пәні - Ким Ир Сена шығармасын жаттау пікіріне саяды. Хрестоматия мен оқулықтағы мәтіндер Ким Ир Сенаның ұсынған шығармаларының көлеміне сәйкес, барлығын жеңетін коммунистік саясат және т.б.;
ана тілі мен әдебиет оқулықтары мен оқу құралдарына аттары белгісіз жеке және ұжымдық авторлар шығармалары енгізілген;
оқу дағдысын қалыптастыруға аса маңызды орын беріледі (тілді оқыту әдістемесі);
дауыстап оқу өте кең қолданыс табады. Онда оқушылар дауыс ырғағына, жылдамдығына, сөйлеу мәнерін сақтап оқуы қажет.
Әрбір балабақшада Ким Ир Сеннің арнай жабдықталған бөлмесі бар.Онда Солтүстік Корея негізін қалаушысы жайлы барлық мағлұматтар жинақталған (суреттер,кітаптар,буклеттер,видеодискілер және т.б). Балалардың кішкене жасынан бастап патриоттық сезімдерін оятып,өз елін қорғауға үйренеді. Балабақшадағы әрбір сабақ Ким Ир Сеннің суретіне қарап үш рет бас иіп, алғыс айтудан басталады. Сонымен қатар Солтүстік Корея елдерінің балабақшаларында балалардың шығармашылық қабілеттерін (музыкалық, спорттық, техникалық ) дамытуға аса назар аударылады. Балабақшада балаларға ұлттық аспаптарда ойнау үйретіледі. Әрбір бала мектепке барғанша кем дегенде бір ұлттық аспапта ойнап үйреніп шығады. Әр жыл сайын балабақша аралық сайыстар жүргізіліп отырады, онда балалар өз өнерлерін көрсетіп, шыңдалады.
Cолтүстік Кореяда балаларға 3 жастан бастап әлемді танытып үйретеді, аспан әлемі, ғарыш, космос, планета, тірі және өлі табиғат деген ұңымдар туралы түсінік береді. Мұнда тәрбиешілердің ұстанатын принциптері «ұарапайымнан күрделіге», «жақыннан алсқа» т.с.с. Балаларды қоршаған ортамен таныстыра отырып, әр баланы осы қоғамның бір мүшесі екендігі ескеріледі. Балалардың алған білімдерін тиянақтап, балалардың қызығушылығын одан әрі нығайту үшін көрме жұмыстары көптеп ұйымдастырылады.
Солтүстік Корея балабақшаларының бір ерекшелігі, онда әр сала бойынша әр педагог кызмет атқарады. Мысалы, бейнелеу өнерінен арнайы суретші маманы, дене шынықтырудан арнайы мұғалім т.с.с. Сондай ақ балабақшада әр саланың өз бөлмелері бар, ойыншықтар бөлмесі, кітаптар бөдмесі, шығармашылық бөлмесі, музыкалық аспаптар бөлмесі, ас үй бөлмесі т.б.
2.Ж.Ж.Руссоның педагогикалық көзқарасы Жан-Жак Руссо – көрнекті француз ағартушы, жазушы және философ-ойшылы. Ол 1712 жылы сағат шеберінің жанұясында дүниеге келді. Руссо біржүйелі білім ала алмады. 16 жасында ол Женеваны тастап, 30 жасына дейін ол әртүрлі жұмыстарды атқарды, қара жұмыс, музыкант, музыка оқытушысы және тағы басқа жұмыстар. Осы жұмыстармен қатар Руссо өз бетімен білім алумен айналысты. Ерекше қызығушылықпен Лейбництің, Декарттың, Локаттың, Вольвтердің және басқа да көрнекті ойшылдардың шығармаларын оқып үйренді.1741 жылы ол Парижге келіп, Франциядағы ағартушылық философияның көрнекті өкілдерінің қоғамына кіріп, олармен бірге белгілі Энциклопедияда жұмыс істеді.Руссо бірнеше еңбектер жазды: “Ғылымдар мен өнерлер туралы” (1750), “Адамдардың арасында теңсіздіктің пайда болуы және себептері туралы” (1754), “Жаңа Элоиза” (1761), “Қоғамдық шарт” (1762), педагогикалық роман “Эмиль, немесе тәрбие туралы” (1762), бұл еңбектер оның есімін әлемге танытты.Өзінің қоғамдық-саяси көзқарасы бойынша Руссо ұсақ буржуазиялық демократ болды, ұлттық тәуелсіздіктің сенімді жақтаушысы болды. Руссо адамдардың арасында қалыптасқан теңсіздікті қатты сынға алады.
Руссо, Плехановтың айтуынша, “тырнағының аяғына дейін демократ”, қоғамның барлық мүшелері бірдей құққа ие болатын қоғам құруға ұмтылса үкімет халықтың өзіне бағыну керек. Егер ол халықтың еркіне қарсы шықса, халық өз өкіметін құлатуға құқылы. Сондықтан да Руссо француз буржуазиялық революциясын идеялогиялық дайындауда ерекше роль атқарды. Жан-Жак Руссоның шығармаларын Париждің көшелері мен клубтарында оқыды. Руссо адамды адам қанау жоқ, барлық адамдар өз еңбегімен өмір сүретін, еркіндік, теңдік және достық үстемдік ететін қоғамдық құрылысты орнатуға ұмтылыс жасады. Бұл социалистік қоғам емес, бұл ұсақ жекеменшік иелерінің, жериелерінің және қолөнершілердің қоғамы болды. Руссо адамдарды табиғат аясына шақырды. Ол сол кездегі өркениетке жеккөрушілікпен қарады, себебі оның игілігін пайдаланып отырған байлар, ауқатты адамдар екендігін жақсы түсінді. Ол адамдарды табиғатқа жақын болуға, қарапайым ауыл шаруашылығымен және қолөнермен айналысуға шақырды. Бұл жерде Руссоның шектеушілігі аңғарылды, мәдениеттің, техниканың прогрессивтік мәнін түсінбеді. “Эмиль, және тәрбие туралы” деп аталатын педагогикалық романында Руссо феодалдық қоғамның шырмауынан еркін жаңа адамды тәрбиелеудің жолдарын көрсетіп беруге талпынды. Бұл роман прогрессивті ортада ерекше қызығушылық танытты, ал реакциялық топтардың арасында, атап айтқанда чиновниктер мен діниелері – жеккөрушілікпен қарады. 1762 жылы париж парламенті романды өртеуге, ал оның авторын түрмеге қамауға шешім шығарды.
Руссо Швейцарияға қашып кетуге мәжбүр болды. Бірақ онда да осындай жағдайға душар болды. Оның “Эмиль, және Тәрбие туралы”, “Қоғамдық шарт” еңбектерін өртеп жіберді. Швейцариядан кетуге мәжбүр болған Руссо іздеушілерден жасырынуға тура келді. Тек ғана 1770 жылы Парижге қайта оралуға мүмкіншілік алды. Ауру, қайыршылықтың күнін кешіп, 1778 жылы Париждің қасында қайтыс болды.
