Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
этика шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
236 Кб
Скачать
☆

49. Қарым-қатынастар мен этикеттің ұлттық формалары: араб елдері

Араб мәдениеті — исламның әлемдік дінге айналуы негізінде қалыптасып, араб тілін ғылыми және әдеби тілге айналдырған араб және көне басқа да мұсылман халықтарының мәдениеті. Араб мәдениеті негізінде афроазиялық және еуроазиялық даланың көп аумағын қамтыған және қазіргі әлемдегі 8 супер өркениеттердің бірі — Ислам Өркениеті қалыптасты (жалпы тұрғындарының саны 1,5 млрд. адам). Араб мәдениетінің қалыптасуына Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка аймағыңда өмір сүрген ежелгі Шығыстағы өркениеттердің (Мысыр, Финикия, Вавилон, Шумер, Ассирия, т.б.) ықпалы мол болды. Әуелгі кезде арабтардың мәдениеті бағындырылған халықтардың мәденитінен төмен болды. Бірақ арабтар бертін келе олардың ғылым мен өнер саласындағы жетістіктерін меңгеріп алды.Халифаттың құрамында байырғы мәдениеті жоғары Египет, Сирия, Палестина, Месопатамия, Орта Азия тәрізді көптеген елдер кірді. Бұл елдерде араб тілі кеңінен тарады. Сот істері араб тілдерінде жүргізілді, мектептерде оқытылды. Араб тілі әдебиет пен ғылым тіліне айналды. Сирия, Иран, Орта Азия ғалымдары мен жазушылары сол тілде өз шығармаларын жазды. Сөйтіп, халифат елдерінің мәдениеті арабтар тарапынан ғана емес, сонымен бірге Араб мемлекетінің құрамына кірген барлық халықтардың қатысуымен жасалды.Мәдениеттің дамуына шаруашылықтың өркендеуі де көмегін тигізді. Суармалы жерлерге арпа мен бидай егілді, құрма мен қант қамысы өсірілді. Арабтар Азияның өзге елдерінен мақта мен күріш, апельсин мен лимон әкелді.Бармақтарынан бал тамған қолөнершілер мақта мен жүннен жеңіл және мықты мақалар тоқыды. Өз кілемдерімен Иранның даңқы шықты. Сирияда ашық түсті жібектер тоқылып, шыны ыдыстар жасалды. Сирияның қару-жарақ жасайтын шеберлерінің даңқы бүкіл дүние жүзіне жайылды:Дамаск болатынан жасалған семсерді, қылыш пен сауытты барлық елдердің рыцарьлары аса жоғары бағалады.Араб көпестері сауданы кеңінен өрістетті. Олар шыжыған шөл далалар мен заңғар тауларды басып өтіп, Қытайдан жібек пен ыдыс-аяқ тасыды. Теңіз жолдарын пайдаланып, Үндістаннан маталар мен асыл тастар әкеліп отырды. Араб көпестері Батыс Европа мен Волга жағалауларында да көп болып жүрді.

50. Қарым-қатынастар мен этикеттің ұлттық формалары: Ұлыбритания

Ұлыбритания (Great Brіtaіn), Британия, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі (Unіted Kіngdom of Great Brіtaіn and Northern Ireland) — Еуропаның солтүстік-батысында, Британ аралдарында (ең ірісі — Ұлыбритания), Ирландия аралының солтүстік-шығыс бөлігі мен ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Құрлықтан Ла-Манш (Ағылшын каналы) және Па-де-Кале (Дувр) бұғаздары арқылы бөлінген. Аумағы 244, 11 мың км². Халқы 60,3 млн. (2004), астанасы — Лондон (7 млн.). Халқының 80%-ына жуығы ағылшындар, 15%-ы шотландтықтар, уэльстіктер (валлиялықтар) мен ирландықтар, 5%-ға жуығын Британ Достастығы елдерінен келген иммигранттар құрайды. Ағылшындар англикан мемлекеттік шіркеуі нанымдарын ұстанса, шотландтықтардың басым бөлігі — пресвитериандар, ирландықтар, негізінен католиктер, қалғандары ислам, т.б. діндерді ұстанады. Ұлыбританияда халықтың 89,4%-ы қалаларда тұрады.Ұлыбритания аум-ндағы адамзат тіршілігінің ежелгі іздері ерте және орта палеолит дәуірлеріне саяды. Соңғы қола және ерте темір дәуірінде (б.з.б. 800 — 700 ж.) Ұлыбританияға құрлықтан кельттердің қоныс аударуы басталды. Кельттер өздерімен бірге темір ғасыры мәдениетінің белгілерін ала келді. Британиядағы кельттер мен кельттердің ықпалына ұшыраған халық шартты түрде бриттер деп аталады. Болашақ Рим императоры Ю.Цезарь Галлияны жаулап алған соң Британияға екі жорық жасады (б.з.б. 55 — 54 ж.). Б.з. 60-жылдардың соңында Британия Рим империясының ең шеткі провинцияларының біріне айналды. 3 ғ-дың соңында Ұлыбританияға солт. герман тайпаларының (англдар, сакстер, юталар, фриздер) шапқыншылығы басталды. 5 ғ-дың бас кезінде Рим үстемдігі жойылып, Британия қайтадан тәуелсіз кельт аймақтарына бөлініп кетті. 8 ғ-да Даниядан келген нормандар елдің солт.-батыс бөлігін басып алды. Король Эгберт 9 ғ-да елдің үлкен бөлігін бір мемлекетке біріктіріп, ол Англия деп аталды. 1066 ж. Британияның ұсақ корольдіктерін нормандық қолбасшы Вильгельм басып алып, біртұтас мемлекетке біріктірді.

1265 ж. ағылшын парламенті құрылды. 1337 ж. Англия Франциямен Жүз жылдық соғысқа кірісті (1453 жылға дейін).

Бұл соғыс біте салысымен ағылшын тағы үшін соғыс (“Алқызыл” және “Ақ раушан соғысы”) басталып, ол Тюдор әулетінің жеңісімен аяқталды.

1588 ж. “Жеңілмейтін армаданы” (Испан флотын) талқандау Англияны дүние жүзіндегі аса ірі теңіз державаларының біріне айналдырды.

17 ғасырдың бас кезінде Ұ. жаңа құрлықтан өзінің алғашқы отарларын иемденді.

1603 ж. Шотландия королі ағылшын тағына Яков Қ отырып, Шотландия мен Англия бір мемлекетке бірікті.

1640—1649 ж. корольдік Стюарттар әулеті мен парламент арасындағы қақтығыс азамат соғысына ұласып, нәтижесінде Оливер Кромвель бастаған республика жарияланды. Кромвель қайтыс болғаннан кейін көп ұзамай Монархия тез арада қалпына келтірілгенімен, король құқығы біршама шектеліп, билік тұтастай парламент жағында болды.

1651 ж. Ирландия,

1652 Шотландия басып алынды.

1707 ж. Ұлыбританияна корольдігіне бірігу жөніндегі актіге қол қойылғаннан кейін Лондон біртұтас мемлекеттің астанасына айналды.

18 ғасырдада Британдық отарлық жүйе қалыптасты.

18 ғасырдың соңында Ұлыбритания 13 америкалық отарынан айрылғанымен (АҚШ-тың жариялануы), Канада мен Үндістандағы жағдайын күшейте түсті.

1805 ж. Трафальгар мүйісінде адмирал Нельсон испан-француз флотын талқандап, Ұлыбритания “теңіз әміршісіне” айналды.

1793—1815 ж. респ. және Наполеондық Францияға қарсы соғысқа қатысқан Ұлыбритания 1818 ж. Пруссия армиясымен одақтаса отырып, Наполеон Қ-ні түпкілікті жеңді. Осыдан кейін Ұлыбритания жүз жылдай бейбіт жағдайда өмір сүріп, өзінің отарлық иеліктерін кеңейте түсті.

1899—1902 ж. ағылшындар Оңт. Африкада бурларға қарсы соғыс жүргізді. Бірінші дүниежүзілік соғыста Ұлыбритания Антанта жағында Германияға қарсы соғысты. Соғыстан кейін Африка мен Азиядағы неміс отарларының біраз бөлігін иемденді. 1-дүниежүз. соғыстан кейін Ұлыбритания ауыр экон. жағдайды бастан кешірді. Ұлт-азаттық қозғалыстан кейін 1921 ж. Ирландия өз тәуелсіздігін жариялады. Ұлыбритания Екінші дүниежүзілік соғысқа (1939 — 1945) Гитлерге қарсы коалиция жағында қатысты.

1947 ж. Үндістан мен Пәкстанға тәуелсіздік берілді.

1945—1970 ж. британ отарларының барлығы дерлік өз тәуелсіздіктерін алды.

1949 ж. НАТО-ға мүше болды.

1982 ж. Атлант мұхитының оңт-нде Аргентина мен Фолкленд (Мальвин) аралдары үшін қарулы қақтығыс болып, қысқа мерзімдік әскери қимылдар нәтижесінде Ұлыбритания өзінің осы аумаққа бақылауын қалпына келтірді.

1979—1990 ж. Маргарет Тэтчер бастаған консерваторлар үкіметі экономикада ұтымды реформалар жүргізді. Соғыстан кейін Шотландия мен Солт. Ирландиядағы ұлт-тық мәселелер шиеленісе түсті. Әсіресе, Солт. Ирландиядағы оқиғалар ушығып, 1969 жылдан бастап мұнда азамат соғысы жүрді.

1994 ж. тамызда Ирландық Республикалық Армия (ИРА) ұрыстарды біржақты тоқтататыны жөнінде мәлімдеді. Алайда 1996 ж. ИРА жауынгерлері лаңкестік әрекеттерін қайта бастады. Отарларының барлығынан айрылғанына қарамастан Ұлыбритания әлемдегі жетекші елдердің бірі болып саналады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]