Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
этика шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
236 Кб
Скачать
☆
  1. Моисейдің моральдық-этикалық ілімінің мән-мағынасы

Иудаизм /жөһит діні/. Ибраһимдік /авраамдык/ діндердің ең көнесі болып табылатын иудаизм, одан кейін христиан діні мен ислам келеді. Бүл дін бойынша жөһиттер /еврейлер/ Яхвемен анттасқан, жаратқанның артықша туыңдысы, таңдаулысы деп танылады. Йаһүдилер Моисейдің декалогымен, яғни он кағидасына бағынышта өмір сүреді. Олардың алғашқы үшеуі Яхве қүдайды қүрмет түтуды талап етеді. Төртінші өсиет бойынша жөһиттер аптаның сенбі күнінің барлық әрекеттерді қалтырып, тек қүдайға жалбарынуға арналғандығын есте үстауы керек. Келесі өсиет бойынша ата-ананы қадірлеу керек. Ал алтыншысынан оныншы өсиетке дейін адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге қатысты нормалар қарастырылады. Онда кекшіл болма, кісіге кол жүмсама, ашыналыкпен айналыспа, жалған сөйлеме, біреудің мүлігіне көзінді сүқпа деген сиякты кағидалар келтірілген. Соңғылары кейіннен христиан дінінде де, мүсылман дінінде де маңызды орынға ие болған.

Мұса халық өмірінің барлық сферасын бақылайтын ережелерді құрастырды.Әділдіктен бастап элементарлы гигиенаға дейін.Оның негізіне 10 өсиет енеді.

Алғашқы үшеуі Яхвені оқу, басқа құдайларды құрастыруға, құдай өсиеттеріне міндетті емес түрде қарым-қатынастан аулақ болудан тұрады.

Төртінші өсиеті: «Құдайға құлшылық етуді ұмытпа» Құдайдың көзқарасынша ең маңызды болып саналады.Сенбі күні-Құдайға берілетін күн.

Бесінші өсиет: Ата-анаңды құрметтеу

Келесі 5-еуі адамдар арасындағы қарым-қатынас,жақынына жақсы қарау нормалары ретінде айтуға болады.

Декалогтың келесі 5 өсиеті –адам өлтірме, жаман нәрсе істеме, ұрлама, өтірік куәгер болма,өз жақынына жамандық тілеме-шынайылықтың негізі.

Моисейдің заңдары –Израильдің заңдары. Моисей өзінің тағайындалуында израильдіктерді әділ өмір сүру қажеттілігін түсінуде көтеру деп ұғынады. Әділдік идеясы Моисейдің оқуларының мағыналы орталығын құрайды.

  1. Иисус Христостың моральдық-этикалық ілімінің мән-мағынасы

Христиандық дін сүйіспеншілік, төзім діні болып табылады. Христиандық қасиетті үштік - сенім, үміт және сүйіспеншілік каншалыкты бүл діннің мораль мәселелерін жоғары қойғандығын көрсетеді.

Христостың "Қүдай патшалығы өз ішінде!" деген сөзінде терең мағына жатыр. Күнделікті өмірде ақ пен қара қалай аралас жатса, жақсылық пен жаманшылық, мейірімділік пен зүлымдық та солай біте қайнасып кеткен. Ал христиан дінінің орталық сенімі бойынша апокалипсистен, ақыр заманнан кейін адамдар мидай араласқан бүл күйден босанады. Өйтқені жақсы — жақсылық ретінде, жаман - жаманшылық ретінде өз бағасын алып, өз жауабын тартады. Сол күйге адамдарды алдын-ала даярлау үшін адамзатқа Мессия — Христос келді деп есептеледі. Адамкүдай Христос өзінің қасіретті өмірінің үлгісімен жақындап келе жатқан соңғы сотқа адамдарды даярлау үшін, яғни олардың рухани жетілуін қамтамасыз ету үшін арнайы осы күнәһар әлемге жіберілген.

Қүдай адамдардан көрген қиянаттарына қарамастан оларды сүйетіндігін танытты — олар үшін өз жанын пида етеді. Бүл өнегесімен Христос сүйіспеншілік жолы - ауыр жол, бірақ маңызы жағынан оған жетер тағы да ештеңе жоқ деген ойды айтты. Егер сүйіспеншілік болмаса, онда — жаугершілік. Ат ол дегеніміз адамзаттың өз басын өзі өлімге кесуімен пара пар. Өзің үнататын жанды, сенің өзңіді қадірлейтін басқаны немесе өзіңе жақын қандасынды сүю занды әрі оңай, ал шынайы сүйіспеншілік сенің қарсылас жауыңды немесе дүрыс жолдан тайған пақырды сүйе білуіңнен көрінеді. "Жауынды сүй!" деп ұрандаткан Христос адамдарға олардың арасында кездесетін кырғи-қабақтыкты жеңудің бүдан басқа жолы жоқ екендігін

айтады.

Христиандык сүйіспеншіліктін сипаттамалары төменгідей:

1. Төзімді сүйіспеншілік, өйткені баска адамдарға қызмет етуді көздейді;

2. Үнемі әрекет үстінде көрінетін сүйіспеншілік;

3. Бас пайданы ойламаған сүйіспеншілік, себебі ізгілік, мейірімділік сияқты сүйіспеншілік те өз қүрметін өз бойында ала жүреді.

Осындай шынайы қүрбандық, жанпидалық

сүйіспеншіліктің арқасында ғана біз көпке күші жететін зүлымдыктың қолынан келмейтін бір нәрсені — жауласқан адамдар арасын жақындастыруды мүмкін ете аламыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]