Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
этика шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
236 Кб
Скачать
☆

58. Қарым-қатынастар мен этикеттің ұлттық формалары: Жапония

Жапония Ниппон, Нихон (“Күншығыс елі”) — Шығыс Азия жағалауларына жақын маңдағы Тынық мұхит аралдарында орналасқан мемлекет. Ел 6852 аралдардан тұрады. Ең үлкендері: Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю. Жер аумағы 372,2 мың км2. Халқы 126,2 млн. (1997). Астанасы — Токио қаласы (11,9 млн.). Әкімшілік жағынан 47 префектураға бөлінеді. Жапония — бір ұлтты ел. Халқының 99,4%-і — жапондар. Бұдан басқа қытайлар, корейлер, америкалықтар тұрады. Ресми тілі — жапон тілі. Негізгі діндері — синто және будда діндері. Жапония — конституциялы монархияны сақтаған ел. 1947 жылы 3 мамырда қабылданған конституция бойынша император — “мемлекет пен халық бірлігінің көрінісі”. Ол парламенттің ұсынысы бойынша премьер-министрді тағайындайды және премьер-министрдің ұсынысымен үкімет мүшелерін, Жоғарғы соттың төрағасы мен мүшелерін тағайындайды немесе орнынан алады. Конституция бойынша, мемлекет істерге толығымен премьер-министр басқаратын үкімет жауап береді. Жоғарғы заң шығарушы орган парламент — екі палатадан (өкілдер палатасы және кеңесшілер палатасынан) тұрады. Ұлттық мерекесі 23 желтоқсан (император Акихитоның туған күні). Ақша белгісі — иен.Азия елдері ішінде орта ғасырлардағы жойқын жорықтардан, және одан кейінгі отаршылық тәуелдіктен аман қалған жалғыз екі елдің бірі - Жапония болады. 19 ғ. Жапония өнеркәсібі қауырт өркендей бастады. Жапондардың тұрмыс-тіршілігінде басқа бір мәдениетке ұқсамайтын өзіндік салты мол сақталған. Жапон үйлерінде жиһаз аз болады, еденіне күріш сабанынан тоқылған төсеніш - татами - төселеді. Жапондықтар аяқ киімдерін босағаға тастап, үйде шұлықпен немесе жалаңаяқ жүреді. Тамақтанатын әрі ұйықтайтын жері – еден. Сондықтан еденді әрқашан айнадай таза ұстайды.Жапон өнері де, әсіресе кескіндеме өнері мен қуыршақ театры өзіндік ерекшеліктерге бай. Жапондар – сәнді гүл шоғын өте шебер жасайтын халық. Олардың дзю-до, каратэ, сумо күресі секілді ұлттық спорт түрлері бүгінде бүкіл дүние жүзіне белгілі.Жапонияда императордың билігі конституция арқылы шектелген: император - тек мемлекеттік символ боп табылады. Жапония Ұлыбритания сияқты – Конституциялық монархия болады.

59. Қарым-қатынастар мен этикеттің ұлттық формалары: тмд елдері

Орталық Азия – Азияның ішкі аумағында орналасқан табиғат аймағы. Оның батысы мен солтүстік-батысында ТМД елдері (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан), солтүстігінде Моңғолия, Қытайдың солтүстік-батыс бөлігі орналасқан. Оңтүстік-батысы мен оңтүстігін Ауғанстан, Пәкстан, Үндістанның солтүстік бөліктері, орталығы мен шығысын Қытай алып жатыр. Аумағы 6 млн. км2. Жер бедері қиыршық тасты және құмды шөгінділермен жабылған әр түрлі биіктіктегі жазықтар мен оларды қоршай орналасқан биік тау жоталарынан тұрады. Геоморфологиялық ерекшелігіне қарай Орталық Азия батыстан шығысқа қарай созыла орналасқан 3 орографиялық белдеуден тұрады. Солтүстік таулы белдеу құрамына Сарыарқа, Моңғол Алтайы, Хангай, Хэнтэй тау жоталары, тау аралығында орналасқан Жоңғар жазығы, Ұрыңқай, Ебінұр, т.б. ірі көлдердің қазаншұңқырлары кіреді. Орта белдеуге Тянь-Шань тауы және биіктігі 1000 – 2000 м болатын көтеріңкі жазықтарда жатқан Гоби, Алашань, Бейшань және Тарим ойысындағы Такла-Макан шөлдері кіреді. Биік Орталық Азия құрамына орташа биіктігі 4000 – 5000 м-ге жететін Памир, Куньлунь, Гиндукуш, Қарақорым, Тибет, Гандисышан тауларынан тұратын биік тау жүйелері жатады. Кен байлықтарынан: Сарыарқада мыс, молибден, вольфрам, көмір; Куньлунь тауларында нефрит; Тибет, Куньлунь, Наньшань, Хангай тауларында шашыранды алтын, темір кені, мұнай, қалайы, молибден, вольфрам; Хэнтэй тауларында бирюза, топаз; Жоңғар жазығында, Тарим, Цайдам, Турфан ойыстарында мұнайдың, тас көмір, ас тұзы мен глаубер тұзының мол қорлары бар.

Өзбекстандағы ежелгі сәулет ескерткіштері б.з.б. 4 ғасырда салынған. Олар Бактрия, Хорезм, Соғдияна, Ферғана өңірінде жақсы сақталған. Қала салу өнері көне заманнан (б.з.б. 3 ғасыр) басталып, орта ғасырларда өркендей түсті. Бұхара, Самарқанд, Ташкент, Хиуа, т.б. қалалардың сәулеттік өнер элементтері (шаһристан, рабад, т.б.) сол кезеңнің классик. үлгісіне жатады. Жергілікті қала салу мәдениетінде, негізінен, өрнек пен эпиграфика әдісі қалыптасып, портал-күмбезді композиция пайда болды. Бейнелеу өнерінің тарихы тас дәуірінен бастау алады.Осы кезде көзешілік өнері пайда болып, қола дәуірінде жетілдірілді. Б.з.б. 1-мыңжылдықта металдан көркем бұйымдар жасау, б.з.б. 3 ғасыр мен б.з. 3 ғасыры аралығында бедерлеу өнері, монументті мүсін, саздан бояулы мүсін жасау дамыды. Ислам діні енген кезеңнен бастап сән және қолданбалы өнер өркендеді. 15 – 17 ғасырларда Самарқандта, Бұхарада кітап миниатюрасы гүлденді. 19 – 20 ғасырларда өзбек суретшілері ұлттық нақышты, дәстүрлі шеберлік өнерінің кәсіби мектебін қалыптастырды. Әсіресе, қазақтан шыққан Өзбекстанның халық суретшісі Орал Таңсықбаев өзбектің заманауи кескіндеме өнері мен пейзажының қалыптасуына әсер етті. Ташкентте респ. өнер музейі мен бірнеше көрме залдары жұмыс істейді. 1929 жылы әр түрлі труппалар негізінде Самарқанда алғашқы Өзбек драма театры құрылды. Қазіргі кезде Өзбекстанда онға жуық драма театры, 2 опера және балет театры, 2 Балалар мен жасөспірімдер, қуыршақ театрлары жұмыс істейді. Кино өнері де жақсы дамыған. 1924 жылы “Бухкино” серіктестігі құрылып, 1925 жылы “Өзбек мемлкино” тресі мен “Шарқ юлдузи” кинофабрикасы ашылды. 1937 жылы “Акт” атты тұңғыш дыбысты фильм түсірілді.

Ресей — сан ғасырлық тарихы бар ежелгі мемлекеттердің бірі. Орыс мемлекеті айқын ажыратылатын табиғи шептері жоқ аумақта қалыптасты. Сондықтан орыс жері талай рет сыртқы жаудың шапқыншылығына ұшырады. Бытыраңқы орыс жерлерінің Мәскеу айналасында бірігуі XIV—XV ғасырларда жүрді. XV ғасырдың 80-жылдарына қарай татар-моңғол езгісінен толығымен босаған орыс жерлері біртұтас мемлекетті кұрады. Осылайша болашақтағы күшті Орыс мемлекетінің негізі қаланды.Кейінгі ғасырларда Орыс мемлекеті көршілес аумақтарды басып алып, өзінің құрамына қосу саясатын жүргізді. Солтүстік-батысындағы, шығысындағы, оңтүстік-шығысындағы аумақтарды күшпен бағындырған Ресейдің XVI ғасырда Батыс Сібір халықтарын қосып алу кезеңі басталды. Келесі ғасырда Украина мен Белоруссия жерін басып алу мақсатында көршілес елдермен, соның ішінде құдіретті Осман империясымен ұзаққа созылған соғыс жүргізуге мәжбүр болды. Нәтижесінде Киев бағындырылып, Ресей Азов теңізіне шығуға мүмкіндік алды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]