Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ по выполнению диссертации_каз.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
482 Кб
Скачать
☆

2 Магистрлік диссертация тақырыбына қойылатын талаптар

2.1 Магистрлік диссертация тақырыбы өзекті болуы тиіс, қазіргі жағдай мен болашақтағы ғылымның, техника мен мәдениеттің дамуына сай болып, мазмұны жағынан жоғарыда көрсетілген баптағы талаптарға жауап беруі қажет.

2.2 Диссертациялық жұмыстарының тақырыптарын анықтағанда, өндіріс, ғылым және мәдениеттің мәселелері мен шынайы міндеттерін есепке алу ұсынылады.

2.3 Магистрлік диссертацияның тақырыптары мамандықтарға және мамандарды даярлау бағытына сәйкес болуы қажет. Магистрлік диссертацияның тақырыптары шығарушы «Ақпараттық технологиялар» кафедрасында әзірленді, «Тұран»университетінің ғылыми кеңесінде қаралып бекітілді.

2.4 Магистрант, магистрлік диссертация тақырыбын бекітілген тақырыптардан таңдайды.

2.5 Магистрантқа бекітілген тақырыптардан да тыс тақырыпқа магистрлік диссертациясын орындау құқығы беріледі. Мұндай жағдайда магистрант таңдаған тақырыбының негіздері дәлелденген тұжырымдамасын немесе осы тақырыпқа тапсырыс берген мекеменің хатын кафедраға тапсыруы керек.

2.6 Магистрлік диссертация тақырыбы кафедра ұсынысы бойынша Университеттің Ғылыми кеңесі шешімі негізінде магистрантқа бекітіледі. Ұсынысты жасау үшін магистрант, жазбаша өтініш жазуы тиіс (қосымша 1).

2.8 Магистрлік диссертацияның негізгі нәтижелері кем дегенде екі ғылыми жарияланымдарда көрінуі тиіс.

2.9 Университет магистрантқа зерттеу қорытындысын жариялауға себепші бола алады.

2.10 Магистрлік диссертация міндетті түрде плагиатқа тексеруден өтуі тиіс.

3 Магистрлік диссертацияның жазылу ретіне қойылатын талаптар

3.1 Әрбір қабылданған магистрантқа алғашқы екі ай ішінде, магистрлік диссертация жетекшілік ету үшін кафедраның ұсынуымен ғылыми жетекші тағайындалады.

3.2 Магистранттың ғылыми жетекшісі және зерттеу тақырыбы Ғылыми кеңес шешімі негізінде ЖОО ректорының бұйрығымен бекітіледі.

3.3 Магистранттың ғылыми жетекшісі ғылыми дәрежеге ие болуы тиіс және берілген ғылым саласында ғылыми зерттеумен белсенді айналысуы тиіс (магистранттың оқитын мамандығы бойынша). Қажет болған жағдайда жобалас ғылым саласы бойынша ғылыми кеңесші тағайындалуы мүмкін.

Магистрлік диссертация ғылыми жетекшісі:

1) диссертациялық жұмысытың орындалуына тапсырма береді;

2) магистрантқа магистрлік диссертация орындалуының барлық кезеңіне күнтізбелік кесте құруға көмектеседі;

3) магистрантқа негізгі қажетті негізгі әдебиеттерді, анықтамалық және мұрағаттық материалдарды, тақырыпқа қажетті типтік жобалар және басқа да дерек көздерін ұсынады;

4) диссертациялық жұмысты орындау барысында магистрантпен күнтізбелік кестесінің орындалуын қадағалайтын ағымдық бақылау жүзеге асырылатын консультация кестесін құрады;

5) магистрлік диссертацияның барлық тарауының көлемін белгілейді және магистрант пен консультанттың жұмысын ретке келтіреді.

3.4 Магистрлік диссертация орындалуының міндеттері мен күнтізбелік кестесі магистранттың жеке жоспарында көрінеді және қажет болған жағдайда түзетіледі.

3.5 Қажет болған жағдайда, магистрлік диссертация ғылыми жетекшісінің ұсынуымен кафедра диссертациялық жұмыстың жекелеген тараулары бойынша ғылыми жетекшіге бөлінген уақыты есебінен консультанттар шақырады

3.6 Консультант ретінде профессорлар, доценттер, тәжірибелі оқытушылар, осы жоғары оқу орнының ғылыми қызыметкерлері, басқа да ұйымдардың жоғары білікті мамандары мен ғылыми қызыметкерлерін де тағайындауға болады. Консультанттар өздеріне белгіленген тарауларын тексеріп, қолын қояды.

3.7 Кафедра магистрлік диссертация орындалмас бұрын әдістемелік нұсқау әзірлеп, магистранттарды қамтамасыз етулері қажет, магистрлік диссертацияның орындалуына ұсынылған талаптар мамандықтың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес болуы тиіс.

3.8 Кафедра меңгерушісі магистрлік диссертацияның орындалуы бойынша магистранттың есеп беру мерзімін белгілейді. Магистранттың аралық қортындылары МҒЗЖ/МЭЗЖ (магистранттың эксперименталды-зерттеу, ғылыми-зерттеу жұмысы) есептерінде көрсетіледі. Бұл мерзімдерде магистрант ғылыми жетекшінің алдында және кафедра меңгерушісіне есеп береді, осы есеп бойынша диссертациялық жұмыстың дайындық дәрежесі назарға алынады.

3.9 Магистрлік диссертация мамандық бойынша негізгі әдебиеттерді терең зерттеу арқылы орындалады (оқулықтар, көмекші оқулықтар, монографиялар, басылымдық әдебиеттер, дәрістік курстар, шет тілдеріне арналған журналдар, нормативтік әдебиеттер және т.б.).

3.10 Магистрлік диссертация мазмұны принципиалды жаңа материалдардан құралады. Оның құрамына жаңа факторлар, құбылыстар, заңдылықтар немесе алдыңғы белгілі жағдайларды басқа ғылыми позициялар немесе жаңа аспектілерді жалпылау кіреді.

3.11 Магистрлік диссертация ең негізгі мәтіні шығармашылық ойды, зерттеу әдістерін пайдаланудың негіздемесін компьютерлік технологияны қолданумен қабылданған есептеу әдістері мен есебін, жүргізілген тәжірибенің сипаттауын, оларды талдау және олардың тұжырымдары, техникалық-экономикалық нұсқаларын салыстыруды ашып көрсетуі және қажет болған жағдайда кестелермен, эскиздермен, диаграммалармен, сызбалармен және т.б көрсетіліп сүйемелденуі қажет.

3.12 Магистрлік диссертация жоғары оқу орнында, магистрантпен, сонымен бірге өндірісте, ұйымдарда, ғылыми, конструкторлық-жоба және басқа да ұйымдарда орындалады.