Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ по выполнению диссертации_каз.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
482 Кб
Скачать
☆

6 Магистрлік диссертацияға реферат жазудың ережелері

6.1 Магистрант, магистрлік диссертация мазмұны бойынша 1-1.5 п.л. көлемінде қосымша реферат жазады. Реферат қазақша/орысша және ағылшын тілінде жазылып, магистрант қолын қояды.

Ескертпе -1 п.л. мәтіннің 16 бетіне сәйкес.

6.2 Магистрлік диссертация рефераты келесідей мәліметтерді құрауы тиіс:

- диссертация көлемін және құрылымын;

- иллюстрациялар, кестелер, қолданылған әдеби дерек көздер санын;

- кілт сөздер тізімін (15-20 сөз);

- зерттеу өзектілігін;

- зерттеу мақсатын;

- зерттеу объектісін;

- зерттеу әдістерін;

- алынған нәтижелер, олардың жаңалығын, ғылыми және тәжірибелік маңыздылығын;

- жарияланым туралы мәлімет.

6.3 Рефераттың титул бетін дайындаудың талаптары Қосымша 11 берілген

7 Магистрлік диссертация қорғау реті

7.1 Магистрлік диссертацияны қорғау тәртібі білім беру саласындағы орталық атқарушы органдары бекіткен білім алушылардың үлгеріміне ағымдық, аралық және мемлекеттік қорытынды аттестация жүргізу Ережесімен анықталады.

7.2 Диссертациялық жұмыс алдын ала қорғаудан өту үшін шығарушы кафедраға тапсырылады. Магистранттың алдын ала қорғауға дейінгі кафедраға ұсынатын құжаттарының тізімі МжДД жасалады. Алдын ала қорғау кафедра отырысының хаттамасымен рәсімделеді (Ғылыми семинарда). Хаттамада рецензенттің тағайындауы бойынша кафедраның ұсынысы көрсетіледі.

7.3 Магистрлік диссертацияны қорғау келесілер болған жағдайда жүзеге асырылады:

  • ғылыми жетекшінің қанағаттанарлық пікірі;

  • Ғылыми басылымдарда диссертация тақырыбы бойынша ЕКІ ғылыми жарияланымнан кем болмауы тиіс немесе халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларға қатысуы тиіс;

  • Қорғау ұсынысы туралы шығарушы кафедраның шешімі (кафедра отырысы хаттамасынан үзінді);

  • Рецензенттің бір рецензиясы, квалификациясы (ғылыми немесе академиялық дәрежесі) қорғалатын жұмыс профиліне сәйкес келуі тиіс. Ол жерде диссертацияға жан-жақты мінездеме беріледі және бағасы көрсетілген («өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық», «қанағаттанарлықсыз») аргументтелген қорытынды және сәйкестендірілген мамандық бойынша магистрлік академиялық дәрежені беру мүмкіндігі.

Рецензия қорғау уақытына 10 күн қалғанға дейін магистрантқа берілуі тиіс.

Ресми рецензент шығарушы кафедраның шешімі негізінде ректордың бұйрығымен бекітіледі.

Рецензенттің пікіріне қойылатын талаптар:

  • Жұмыстың өзектілігін мінездеу;

  • Магистранттың ғылыми зерттеудегі әдістерін талдауды қолдана білуі;

  • Магистранттардың негізделген қорытындыларының және нұсқаулықтарының дәрежесі;

  • Магистранттан алынған нәтижелердің анықтылығын талдау;

  • Жұмыстың жаңалығы мен тәжірибелік маңыздылығын талдау.

Ғылыми жетекшінің қорытындысына қойылатын талаптар:

  • Диссертацияның таңдалған мамандық және салсына сәйкестілігі;

  • Жұмыстың өзектілігін мінездеу;

  • Теоретикалық деңгейі мен тәжірибелік маңыздылығына мінездеме;

  • Қорғауға шығатын жұмыс дайындығын бағалау.

Егер, ғылыми жетекші немесе шығарушы кафедра «қорғауға жіберілмейді» немесе «қорғауға ұсынылмайды» деген теріс қорытынды берсе, магистрант, магистрлік диссертациясын қорғамайды.

7.4 Магистрлік диссертацияны қорғау кестесі академиялық күнтізбіге сәйкес бекітіледі. Сонымен қатар, қорғауға күніне 6-8 магистранттан артық жіберілмейді.

Магистрлік диссертацияны қорғау МАК-ның ашық отырысында кем дегенде 2-3 мүшелерінің қатысуымен жүргізіледі.

7.5 Магистрлік диссертацияны қорғау ұзақтығы 50 минуттан кем болмауы тиіс. Магистрлік диссертацияны қорғау үшін магистрант МАК алдында 15 минуттан кем емес уақыт аралығында баяндама жасап қорғайды.

7.6 Ашық түрде қорғалған диссертацияның құрамында ғылыми дискуссиялық мінездемесі болуы қажет және жоғары деңгейдегі талапты және қағидалылық жағдайынан өте білуі және ғылыми этиканы сақтай білуі тиіс, сонымен қатар, жасалынған талдаудың жаңалығы, негізделген нәтижелері, қорытындысы, ғылыми ұсынысы және тәжірибелік мінездемесі болуы тиіс.

7.7 Ашық түрде қорғалатын диссертация іс-әрекеті, келесідей кезеңдерден тұрады:

  1. МАК-ның төрағамен ашық отырысы.

  2. Магистрант хатшысын таныстыру және магистанттың МАК-на берген құжаттар тізімін таныстыру.

  3. Диссертацияның негізгі жағдайы мен магистарнттың берген мәліметтері – 15 минуттан кем емес.

  4. Ғылыми жетекшінің сөз сөйлеуі.

  5. Рецензенттің сөз сөйлеуә немесе оның пікірін оқу.

  6. Рецензент ескертпесіне магистранттың жауабы.

  7. Сұрақ және жауаптар, сөз сөйлеудегі ғылыми пікір-талас.

  8. МАК мүшелерінің жабық отырысы, ол жерде қорғау нәтижесі ашық түрде дауыс беру арқылы жүргізіледі және бағасы туралы шешім қабылданады. Жиналыста қатысқан комиссия мүшелерінің басым дауыс берілуімен оңай шешім қабылданады. Дауыс бірдей нәтижеде болып қалған жағдайда, шешуші дауысты төраға айтады.

  9. Қорғау нәтижелерін жариялау.

  10. Диссертацияны бағалау кезінде келесі жағдайлар мен сапа ескеріледі:

    • Орындалған жұмыс көлемі;

    • Өзіндік зерттеу;

    • Рецензент қорытындысы және оның мазмұны;

    • Толық әдеби шолым және қолданылған дерек көздерінің заманауилығы;

    • Ғылыми зерттеулерде алынған нәтижелерді тәжірибелік жұмыста немесе оқу процесінде қолдану мүмкіндігі;

    • Материалдарды енгізудегі сауаттылық пен нақтылық;

    • Дайындау сапасы және оның ұсынылған талаптарға сәйкестілігі;

    • Диссертацияны қорғаудағы баяндама сапасы (нақтылық, сауаттылық, профессионалды терминдарды қолдана білуі, демонстрациялық материалдар сапасы және т.б.);

    • Қорғау кезінде қойылған сұрақтар мен рецензенттің ескертпелеріне дұрыс және толық жауап беру;

    • Жұмыс бойынша жарияланым саны, магистранттың ғылыми конференцияларға қатысуы;

    • Магистранттың шығарушы кафедра өңдеген ғылыми тақырыбына қатысу.

7.8 Магистрлік диссертацияны қорғау нәтижесі хаттама негізінде, 12 қосымшада ұсынылған форма бойынша және әр магистрантқа жеке жеке дайындалады.

7.9. Магистрлік диссертация (магистранттың біткен жұмысы) магистратура бітірушісіне Қаржы мамандығы бойынша магистрдің академиялық дәрежесі беріледі. Кешенді емтиханды сәтті тапсырғанда және ғылыми және педагогикалық магистратура бітірушілерінің магистрлік диссертациясын қорғаудан кейін «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша әлеуметтік ғылым магистрі академиялық дәрежесі беріледі. Ал «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша профильдік магистратура бітірушілеріне әлеуметтік білім магистрі академиялық дәрежесі беріледі.

7.10. Мемлекеттік аттестацияның қорытынды нәтижесі хаттама негізінде, 12 қосымшада ұсынылған форма бойынша және әр магистрантқа жеке жеке дайындалады.