Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ по выполнению диссертации_каз.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
482 Кб
Скачать
☆

Суреттерді дайындау

Сурет 5 – 2003-2009 жылдар аралығындағы ұялы байланыс абоненттеріне тіркелгендер санының өсу динамикасы

Ескерту – автор берілген дерек көзі негізінде құрастырды ____________.

Қосымшадағы иллюстрациялардан басқа иллюстрациялар араб сандарымен басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс.

«Сурет» сөзі және оның аталуы жолдың ортасынан жазылуы тиіс – қалың шрифтпен белгіленбейді

Иллюстрациялардың қажет болған жағдайда, атаулары мен қоса түсіндіретін мәліметтері болуы мүмкін (сурет астындағы мәтін). Бұл жағдайда былай жазылады: Сурет 3 – Қазақстандағы ұялы телефон операторларының 2010 жыл басындағы нарықтағы үлесі.

Сурет 3 – Қазақстандағы ұялы телефон операторларының 2010 жыл басындағы нарықтағы үлесі.

Ескерту – автор берілген дерек көзі негізінде құрастырды ____________.

Қосымша 7

Кестені дайындау үлгісі

Кестелердің атауын кестеден жоғары, жолдың енінен абзацтан кейінгі «кесте 1» сөзінен соң келесі жолға орналастыру керек, қалың шрифтпен белгіленбейді.

Кестені өзі ескертілген мәтіннен кейін, ол бірінші рет айтылып тұрса немесе келесі бетте орналастыру қарастырылады.

Барлық кестелерге диплом жұмысында сілтемелер болуы тиіс. Сілтеме қоюда (кесте1) деп нөмірлері көрсетіліп жазылуы қажет.

Кесте 1 –Қазақстандағы «Кар-Тел» компаниясы қызметінің 2009жылғы көрсеткіші млн. теңге

Қазақстан

2008 жыл

2009 жыл

өсу қарқыны 2009ж. 2008ж., %

ұялы байланыстан түскен ақша

23 750

26 555

11,8

таза операциондық түсім

23 830

25 928

8,8

барлық түсім

12 865

15 935

23,9

ұялы байланыстан түскен табыс

12 475

15 320

22,8

MOU (мин.)

108,1

98,1

-9,3

ARPU (KZT) (абоненттің орташа түсімі)

1 455,4

1 240,7

-14,8

Ескерту- автор берілген дерек көзі негізінде құрастырды

Кестеге ескертулерді кестенің соңында кестенің аяқталғанын білдіретін көлденең сызықтың жоғарғы жағына жазады.

Қосымшаға шығарылған кестелерден басқа, кестелер арап сандарымен басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс.

Кесте жолдары және графа атаулары жекеше түрде бас әріппен жазылады, ал графаның тақырыпшалары, егер тақырыпша бір сөйлемнен тұрса, тармақша әріптермен, немесе егер олар дербес мағынаға ие болса, бас әріппен жазылады. Кестенің тақырыбы мен тақырыпшасынан кейін нүкте қойылмайды.

Қосымша 8

Формулаларды дайындау ережелері

Формулалар және теңдеулер мәтіннен басқа жеке жолға бөліп көрсетіледі. Әрбір формулалар және теңдеулердің жоғары және төменгі жағынан бос, бір жолдан кем емес орын қалдыру қажет. Егер теңдеу бір жолға сыймаса, онда ол теңдеу теңдік таңбаларынан кейін (=) немесе қосу белгісінен кейін (+), алу (-), көбейту (Х), бөлу (:), немесе математикалық белгілерден кейін көшірілуі тиіс және келесі жолдардың басында таңба тағы қайталанады.

Z [i] = S [i] + K [j] + Z [i – 1], (1)

мұндағы Z – шифрленген байт;

S – берілген байт;

K – кілт (j = 1 .. 255).