Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sarf_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
850 Кб
Скачать
☆

Келер шақ болымсыз етістігінің (нафий) ырықсыз етісі (мажхул) 14 формада жіктеледі:

لا يُضْرَبُ

Ол ұрылмайды (оны ұрмайды) (вахид, мүзәккар, ғайиб)

لا يُضْرَبَانِ

Олар (екі ер кісі) ұрылмайды (оны ұрмайды), тасния, мүзәккар, ғайибайн)

لا يُضْرَبُونَ

Олар (бірнеше ер кісі) ұрылмайды (оларды ұрмайды), жамъ, мүзәккар, ғайибийн)

لا تُضْرَبُ

Ол (әйел кісі) ұрылмайды (оны ұрмайды) (вахида, мүәннас, ғайиба)

لا تُضْرَبَانِ

Олар (екі әйел) ұрылмайды (оларды ұрмайды), тасния, мүәннас, ғайибатайн)

لا يُضْرَبْنَ

Олар (бірнеше әйел) ұрылмайды (оларды ұрмайды), жамъ, мүәннас, ғайибат)

لا تُضْرَبُ

Сен ұрылмайсың (сені ұрмайды) (вахид, мүзәккар, мухатаб)

لا تُضْرَبَانِ

Сендер (екі ер кісі) ұрылмайсыңдар (сендерді ұрмайды) (тасния, мүзәккар, мухатабайн)

لا تُضْرَبُونَ

Сендер (бірнеше ер кісі) ұрылмайсыңдар (сендерді ұрмайды) (жамъ, мүзәккар, мухатабийн)

لا تُضْرَبِينَ

Сен (әйел кісі) ұрылмайсың (сені ұрмайды) (вахида, мүәннас, мухатаба)

لا تُضْرَبَانِ

Сендер (екі әйел кісі) ұрылмайсыңдар (сендерді ұрмайды) (тасния, мүәннас, мухатабатайн)

لا تُضْرَبْنَ

Сендер (бірнеше әйел кісі) ұрылмайсыңдар (сендерді ұрмайды) (жамъ, мүәннас, мухатабат)

لا أُضْرَبُ

Мен ұрылмаймын (мені ұрмайды) (вахид(а), мүзәккар, мүәннас, мутакаллим)

لا نُضْرَبُ

Біз (бірнеше кісі) ұрылмаймыз (бізді ұрмайды) (жамъ, мүзәккар, мүәннас, мутакаллим)

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Жахд етістігі жасалады?

2. Нафий етістігі қандай жолмен жасалады?

3. Жахд және музариъ етістіктерінің қандай айырмашылығы бар?

4. Жоғарыда келтірілген мысалдарды жахд және нафий етістіктерінің негізгі және ырықсыз етістері үшін жіктеңіз.

Бұйрық райындағы (амр) етістік туралы

Амр екі түрлі болады: амри хазир и амри ғайиб.

Амри хазир (іі жақ)

Амри хазир осы-келер шақ етістігінің ІІ жағында алты формада жіктеледі. Ол үшін: 1) музариъ етістігінің қосымшасына назар аударыңыз. Егер соңында дұрыс (сахих) әріп тұрса, онда оған сүкун (-ْ) қойылады. Мысалы: تَضْرِبُ تَضْرِبْ.

Егер соңында әлсіз (иллат) әріп тұрса, онда ол түсіп қалады. Мысалы, تَرْمِىُ  تَرْمِ. 2) Музариъат әріп (ت) түседі. Содан соң кейінгі тұрған әріпке назар аударылады. Егер музариъат әрпінен кейін тұрған әріптің харакаты болса, бұйрық райлы етістікті жасау осымен аяқталады.

Мысалы, تَثِبُ (ты секіресің) етістігін алайық. Ол дұрыс әріпке (сахих) аяқталып тұр, сондықтан бұл әріпке сүкун қойылады: تَثِبْ. Содан соң музариъат әрпін түсіреміз. Одан кейінгі әріптің харакаты бар, сондықтан бұйрық етістігін жасау осымен аяқталады.

تَثِبُ  تَثِبْ  ثِبْ (секір).

Егер музариъат әрпінен кейінгі әріп харакатсыз болса (яғни жол үсті белгісі сүкун болса), онда етістіктің ع әрпінің харакатына назар аударамыз. Егер ع әрпінің харакаты кәсра немесе фатха болса, онда жасалатын бұйрықты етістігінің алдынан кәсралы һамза қойылады. Мысалы:

(تَفْعِلُ - تَضْرِبُ), (تَفْعَلُ - تَحْمَدُ)

تَضْرِبُ  تَضْرِبْ  ضْرِبْ  اِضْرِبْ (ұр);

تَحْمَدُ  تَحْمَدْ  حْمَدْ  اِحْمَدْ (мақта).

Егер ع әрпінің харакаты замма болса, онда жасалатын бұйрық райлы етістіктің алдына заммалы һамза қойылады. Мысалы:

( تَفْعُلُ – تَكْتُبُ),

تَكْتُبُ  تَكْتُبْ  كْتُبْ  اُكْتُبْ (жаз).

Осымен бұйрықты етістіктің жасалуы аяқталады. Алайда (إِفْعَالٌ يُفْعِلُ - أَفْعَلَ) бабындағы етістіктердің (суласий мазидтің 1-бабы – ауд. еск.) алдынан үнемі фатхалы һамза қойылады.(Мысалы: أَقِمْ ؛ أَكْرِمْ).

يَضْرِبُ ضَرَبَ етістігінен бұйрық райлы етістік төмендегідей: تَضْرِبُ 2-жақ ж.т. (мухатаб). Соңғы ب әрпі – дұрыс, сондықтан оған сүкун қойылады: تَضْرِبْ. Музариъат ت әрпі түсіп қалады: ضْرِبْ. Музариъат әрпінен кейінгі әріптің жол үсті белгісі сүкун, сондықтан етістіктің ع әрпіне қараймыз. Поскольку буква на месте буктыдер ع әрпінің орнындағы ر әрпі кәсралы болғандықтан жасалатын бұйрықты етістіктің алдынан кәсралы һамза қойылады: اِضْرِبْ.

Амри хизир төмендегідей жіктеледі:

اِضْرِبْ

Сен ұр (ер кісі) (вахид, мүзәккар)

اِضْرِبَا

Сендер ұрыңдар (екі ер кісі) (тасния, мүзәккар)

اِضْرِبُوا

Сендер ұрыңдар (бірнеше ер кісі) (жамъ, мүзәккар)

اِضْرِبِي

Сен ұр (әйел кісі) (вахида, мүәннас)

اِضْرِبَا

Сен ұр (екі әйел кісі) (тасния, мүәннас)

اِضْرِبْنَ

Сендер ұрыңдар (бірнеше әйел кісі) (жамъ, мүәннас)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]