- •Қаржылық менеджменттің функциялары
- •Қаржылық менеджменттің ақпарат базасы
- •Қаржылық ресурстар: маңызы және құрылымы
- •Акшаның уақытша құнының тұжырымдамасы
- •Тәуекелдік менеджмент – қаржылық менеджменттің элементі
- •Капиталдың экономикалық маңызы. Капитал құрылымы
- •Қаржылық леверидж
- •Операциялық (өндірістік) леверидж
- •Фирманы қаржылық сауықтыру әдістері
- •Кәсіпорынның дивидендтік саясаты
- •Тауарлы – материалдық қорларды басқару саясаты
- •Дебиторлық борыштарды басқару саясаты
- •Ақша қаражаттарын басқару саясаты
- •Қаржылық жоспарлау және болжау
- •Капитал құны тұжырымдамасы
Қаржылық ресурстар: маңызы және құрылымы
Шаруашылық субъектісінің қаржылық ресурстар оның қармағында орналасқан ақша қаражатары.
Қаржылық ресурстар өндірісті дамытуда, өндірістік емес саладағы объектілерді ұстауға және дамытуға бағытталған, сонымен қатар қорда қала беруі мүмкін.
Өндірістік саудалық процессті шикізатты сатып алу, тауарды сатып алу, яғни еңбек құралдарын, еңбек күшін, басқа да өндіріс элементтерін дамытуға бағытталған қаржылық ресурстар.
Ақша формасындағы капитал түрінде көрінеді. Олай болса, капитал – қаржылық ресурстардың бөлігі. Капитал – бұл айналымға жіберілген және бұл айналымнан табыс әкелетін ақша. Ақша айналымы, ақшаны кәсіпкерлікке салғанда жүзеге асырылады.
Капитал салу формасы бойынша кәсіпкерлік және несиелік капитал деп ерекшелінеді.
Кәсіпкерлік капитал – бұл әртүрлі кәсіпорынға тұра және портфельді инвестиция жолымен салынған капитал. Мүұндай капитал салымы табыс алу және кәсіпорынды басқару құқығына ие болатын мақсатымен жүзеге асырылады.
Несиелік капитал – бұл ақшалық капитал, қайтару және өтеу шартына негізделген.
Кәсіпкерлікке қарағанда, несилік капитал кәсіпорынға салынбайды. Ол басқа бір кәсіпкерге уақытша ұстауға беріледі, процент алу мақсатымен.
Қаржылық ресурстардың көздері:
Қаржылық ресурстар бірқатар көдердің негізінде құрылған. Қаржылық ресурстардың көздері: пайда, амортизациялық аударымдар, несиелік қарыздар, қаражаттар бағалы-қағаздарды сатудан түскен пайда.
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ |
||
Меншік қаражаттары |
Қаржы нарығындағы мобилизацияланған қапржылар |
Қайта тарату нәтижесінне түскен қаражаттар |
Табыстар мен түсімдер |
Меншікті акциялар, облигациялар және басқа да бағалы қағаздард сату |
Болған тәуекелдер бойынша сақтандыру өтемдері |
Негізгі қызметтен түскен пайда |
Несиелік инвестициялар |
Дивиденттер басқа да элементтің бағалы қағаздары бойынша пайыздар |
Амортизациялық аударымдар |
Түсімдердің басқа да түрлері |
Бюджеттік субсидиялар |
Шығынданған мүмкіндікті өткізуден түскен түсім |
Ресурстардың басқа да көздері |
|
Тұрақты пассивтер |
||
Қаржылық операциялапрдан түскен пайда |
||
Жүзеге асырылып жатқан жұмыстан түскен пайда |
||
Үлестік жарналар |
||
Табыстың басқа да түрлері |
||
Акшаның уақытша құнының тұжырымдамасы
Ақшаның уақытша құндылығы – бұл ақша қаражатының объективті мінездемесі. Оның мәні келесіде – бүгін бар ақша және болашақта алынатын ақша бір құндылы еместігінде тұрады. Бұл бір құндылық еместік үш негізгі себептермен анықталады:
1) Инфляция. Инфляция жағдайында ақшаның құндылығын жоғалту, бір жағынан оларды салым жасауға шақырады, яғни инвестициялық үрдісті инвестицияларды; ал басқа жағынан – қалдығы бар ақшаның және болашақта алынытын ақшаның айырмашылығын түсіндіреді.
2) Болашақта алынатын ақшаның алуаның тәуекелділіге. Әр шарт бойнша болашақта ақша түсетіндігі орындалмау, немесе жартылай орындалуы мүмкін.
3) Ақша айналымы – ақша қаражаттары, басқа әр актив сияқты, уақыт өтуімен пайда түсіруге пайдаланылады. Бұл мәнде, аз уақыттан кейін алынатын сома шешім қабылданып жатқан уақытта сомадан асу керек.
Ақша мен уақыт байланысы келесіде:
ақшаны пайда табу үшін жұмсайды;
жұмсалған ақшаны шығару үшін, қаржы салымынан қосымша пайда болуы тиіс немесе үнемділікті қамтамасыз етуге тиіс. Салымды ақтау үшін, пайда мен кіріс көлемі жоғару болу керек;
қаржы салымдарын тиімді деп санауға болады, егер салымнан түскен пайда немесе кіріс инвестордың осы кірісті алғанға дейінгі шығындарын жауып, өзіне қажетті пайда түсіреді.
Сондықтан, қаржы салымдарын бағалау барысында, қаржы салымдарының мерзімі әртүрлі екенін ескере отырып, одан түсетін пайданың көлемін анықтау қажет. Ақша ағымдарын дисконттау әдісі – бұл ақша құнының уақыт бойында өзгеріп отыратынын есепке ала отырып, бағалау әдісі.
Ағымдағы бағаға пайыз қою арқылы болашақта қолма – қол қаражат алу үрдісі – дисконттау деп аталады, ал алынған қолма – қол қаражат көлемі - дисконтты баға деп аталады.
Пайыздар деп капиталды әртүрлі формада (несие, ссуда) қарызға беруден немесе өндірістік және қаржылық сипаттағы инвестициядан түскен табыс.
Пайыздарды есептеу үшін екі әдіс қолданылады:
декурсивті әдіс – пайыздар әрбір есептеу интервалдың аяғында есептелінеді. Олардың мөлшері алғашқы капиталдың көлемінен есептелінеді. Декурсивті пайыз ставкасын ссудалық пайыз (r) деп атайды. Практикада декурсивті әдіс қолданылады.
антисипативті әдіс - пайыздар әрбір есептеу интервалдың басында есептелінеді. Олардың мөлшері болашақ капиталдың көлемінен есептелінеді. Антисипативті пайыз ставкасын есептеме пайыз (d) деп атайды.
Барлық есептеу кезеңінде алғашқы ақша жиынтығына қолданылатын пайыздар жай пайыздар деп аталады және келесі формуламен есептелінеді:
I = PV*n*r, (1)
I – табыс көлемі немесе пайыздық төлем;
PV – алғашқы капитал;
n – қаржы операцияның ұзақтығы (жыл);
r – ондық бөлшек түріндегі пайыз мөлшері (мысалы 10% = 0,10).
Егер қаржы операциясының ұзақтығы бір жылға толмаса, онда n = t / T, мұнда t – күнмен есептелінген қаржы операциясының ұзақтығы, Т – бір жылдағы күн саны.
Күрделі пайыздарды есептеу – дисконттауға қарсы үрдіс, себебі қазіргі кезде қолда бар ақшаның болашақтағы құны күрделі пайыздар көмегімен анықталады:
I = PV*((1 + rс)n – 1) (2)
Ақшаның болашақ құны (FV) – бұл қазіргі кезде инвестицияланған ақша қаражатының болашақтағы құны.
Ақшаның ағымдағы құны (PV) – болашақ ақша ағынының дисконтталған құны.
Әр түрлі қаржы операциялары бойынша есептеулер жүргізу барысында, көп жағдайда эквиваленттік пайыздық ставкаларды анықтау қажеттілігі туындайды.
Балама пайыздық мөлшерлемені қаржы операцияларын таңдау мүмкіндігі болған жағдайда және әр түрлі пайыздық мөлшерлемелерді дұрыс салыстыру үшін аспап қажет болған жағдайда білу өте маңызды. Балама пайыздық мөлшерлемені анықтау үшін балама теңдігі қолданылады, осы теңдікті құру принципі келесі: әр түрлі пайыздық мөлшерлемелерді қолдана отырып, есептеуге болатын қандай да бір көлем (шама) таңдап аламыз (әдетте FV), осы шамаға сәйкес екі теңдеуді негізге ала отырып балама теңдігі құрылады, бұдан арасындағы өзара тәуелділікті көрсететін қатынас пайда болады.
Қаржылық және коммерциялық есептеулердегі негізгі ұғымдардың бірі болып аннуитет табылады. Аннуитетті төлемдердің схемасының логикасы қарыздық бағалы қағаздарды бағалауда, инвестициялық жобаларды талдауда және аренданы талдауда қолданылады.
Аннуитет – бұл дүркін-дүркін төленетін ақшалай сома (жарна, рента немесе табыс). Сақтық ісінде ол рентаны немесе зейнетақыны сақтандыру жөніндегі төлемдердің шамасын (мөлшерін) көрсететді.
1) Мерзімді аннуитетті есептеу. Аннуитет ақша ағымының жекеленген түрі болып табылады. Оны анықтаудың 2 жолы белгілі. Біріншісі бойынша аннуитет элементтері бірдей уақыт интервалдары арқылы орын алатын бір бағыттығы ақша ағымы болып табылады. Екіншісі қосымша шектеуді енгізеді: ақша ағымының элементтері көлемі бойынша бірдей болады. Егер бірдей уақыттық интервалдардың мөлшері шектеулі болса, аннуитет мерзімді деп аталады.
2) Мерзімсіз аннуитет. Егер ақша түсімдері ұзақ уақыт бойы жалғастырылса аннуитет мерзімсіз деп аталады. Мерзімсіз аннуитетке мысал: кейбір мемлекеттердің шығаратын үкіметтік облигациялары, олар бойынша ретті купонды төлемдер жүргізіледі, алайда олардың белгіленген мерзімі болмайды. Батыс практикасында мерзімсіз аннуитетке 50 жылдан жоғары уақытқа белгіленген аннуитет жатады. Мерзімсіз аннуитет өмірлік рента деп те аталады.
