- •Қаржылық менеджменттің функциялары
- •Қаржылық менеджменттің ақпарат базасы
- •Қаржылық ресурстар: маңызы және құрылымы
- •Акшаның уақытша құнының тұжырымдамасы
- •Тәуекелдік менеджмент – қаржылық менеджменттің элементі
- •Капиталдың экономикалық маңызы. Капитал құрылымы
- •Қаржылық леверидж
- •Операциялық (өндірістік) леверидж
- •Фирманы қаржылық сауықтыру әдістері
- •Кәсіпорынның дивидендтік саясаты
- •Тауарлы – материалдық қорларды басқару саясаты
- •Дебиторлық борыштарды басқару саясаты
- •Ақша қаражаттарын басқару саясаты
- •Қаржылық жоспарлау және болжау
- •Капитал құны тұжырымдамасы
Қаржылық леверидж
Пайда және осы пайданы алу үшін шығындалған активтердің арасындағы байланыс леверидж көрсеткішімінің көмегімен сипатталады.
Леверидждің бір түрі – бұл қаржылық леверидж – ұзақ мерзімді пассивтер құрылымы мен көлемін өзгерту арқылы кәсіпорынның пайдасына әсер ету мүмкіндігі. Қаржылық левериджінің көлемі кәсіпорынның қаржылық тәуекелдігі дәрежесіне тура пропорционал және акционерлерден пайда нормасын талап етеді. Қаржылық леверидж жоғарлаған сайын кәсіпорынның қаржылық тәуекелдігі арта түседі.
Қаржылық леверидж (қаржылық тәуекелдің шамасы) қарыз міндеттемелерімен немесе компания капиталы құрылымында артықшылығы бар акциялармен анықталады. Қаржылық левериджді бағалаудың бір тәсілі: пайызды және салықты төлегенге дейінгі пайданың акция пайдасына әсерін анықтау. Егер пайызды және салықты төлегенге дейінгі пайда төмендесе, қарыз қаражат есебінен қаржыландырылатын компаниялар акция пайдасын жағымсыз өзгерістерімен жолығады, бұл өзгерістер пайызды және салықты төлегенге дейінгі пайда өзгерісіне қарағанда көп болады.
Операциялық (өндірістік) леверидж
Пайда және осы пайданы алу үшін шығындалған активтердің арасындағы байланыс леверидж көрсеткішімінің көмегімен сипатталады.
Леверидждің бір түрі – бұл операциялық (өндірістік) леверидж - өзіндік құн құрылымын және шығарылым көлемін өзгерту арқылы жалпы көлем табысына әсер ету мүмкіндігі. Ол бірқалыпты және өзгеріп отыратын шығындар қатынасымен сипатталады.
Операциялық леверидж (операцияның тәуекел шамасы) компанияның тұрақты шығындарын басқара алу қабілетімен анықталады. Егер тұрақты шығындар көп болса, компанияның өндірістік леверидж дәрежесі өте жоғары болады. Өндірістік леверидж жоғары болған сайын, ұжымның өндірістік тәекелі арта түседі.
Операциялық леверидж сату көлемінің өзгеруінің пайызды және салықты төлегенге дейінгі пайдаға әсерінен көрінеді.
Фирманы қаржылық сауықтыру әдістері
Кәсіпорынды кризистік қаржылық жағдайдан шығаруға бағытталған тұрақтандыру шаралары жүйесінде оны сауықтыру маңызды роль атқарады.
Сауықтыру – бұл кәсіпорынның қаржы жағдайын жақсарту бойынша шаралар жүйесі, ол кәсіпорынды банкрот деп жаиялаудан немесе оны жоюдан құтқаруға бағытталған шараларды заңды немесе жеке тұлғалардың көмегімен жүзеге асыру. Сауықтыру үш жағдайда жүргізіледі:
кредиторлар тарапынан банкрот жариялауды бастаудан бұрын кәсіпорын өз еркімен кризистік жағдайдан шығу үшін сыртқы көмек іздесе;
егер кәсіпорын арбитражды сотқа өз банкроттығын жарияламас бұрын сауықтыру жағдайын ұсынса;
сауықтыру өткізу туралы шешімді арбитражды сот қабылдаса, кредиторлар талабын орындап, кәсіпорынның бюджет алдындағы қарызын өтеуге дайын адамдардың ұсынысы болса№
Фирманың қаржы жағдайын жақсарту шаралары оңшау және жалпы болып бөлінеді. Оңшау шаралар жеке жақсартуларға, ал жалпы шаралар бүкіл өндірісті сауықтырады.
Сонымен қатар шаралар өте тез мерзімді, қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Ұзақ мерзімді шаралар мерзімсіз, яғни үнемі шараларға айналуы мүмкін.
Өте тез арадағы төлем қабылеттілігін тұрақтандырады. Бір жағынан ағымдағы қаржы міндеттемелері қайшылып, екінші жағынан ақша қаражатының тез түсу мүмкіндіктері қарастырылады.
Қысқа мерзімді шараларға бір жыл ішінде жүзеге асырылатын шаралар жатады. Олар кәсіпорынның қаржылық тепе-теңдігін қамтамасыз етеді, операциялық, инвестициялық және қаржылық қызмет аясындағы төлемдер қаржы түсімімен теңгеріледі. Сонымен қатар кәсіпорынның қаржылық – экономикалық жағдайына талдау жасалады, төлем қабілеттілігін, қаржылық тұрақтылықты, өткізуден түскен түсімді, кәсіпорын балансын бағалау жасалады. Балансты бағалау жалпы өтімділік коэффициентін қарастыру, өзіндік айналым қаржысымен қамтамасыз етуі негізінде өткізіледі.
