- •Қаржылық менеджменттің функциялары
- •Қаржылық менеджменттің ақпарат базасы
- •Қаржылық ресурстар: маңызы және құрылымы
- •Акшаның уақытша құнының тұжырымдамасы
- •Тәуекелдік менеджмент – қаржылық менеджменттің элементі
- •Капиталдың экономикалық маңызы. Капитал құрылымы
- •Қаржылық леверидж
- •Операциялық (өндірістік) леверидж
- •Фирманы қаржылық сауықтыру әдістері
- •Кәсіпорынның дивидендтік саясаты
- •Тауарлы – материалдық қорларды басқару саясаты
- •Дебиторлық борыштарды басқару саясаты
- •Ақша қаражаттарын басқару саясаты
- •Қаржылық жоспарлау және болжау
- •Капитал құны тұжырымдамасы
Тауарлы – материалдық қорларды басқару саясаты
Қорларды басқару саясаты айналымдағы активтерді басқарудың жалпы саясатының бір бөлігі болып табылады, тауарлы-материалдық қор құрылымы мен көлемін оңтайландыруға және оларға қызмет ету бойынша шығынды азайтуға, олардың қозғалысын бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған. Тауарлы-материалдық қорларды басқарудың негізгі кезеңдері:
Алдағы уақыттағы тауарлы-материалдық құндылықтар қорын талдау нәтижесінде тауарлы-материалдық қорлардың өндірісін қамтамасыз ету және оларды өткізу деңгейі анықталады, олардың қолданылушылардың тиімділігі бағаланады.
Қорлады құру мақсатын анықтау. Кәсіпорын қорлары әр түрлі мақсатта құрылады - ағымдағы өткізілім қызметін қамтамасыз ету.
Ағымдағы қорлар мөлшерін оңтайландыру
Кез-келген кәсіпорындағы қорлар келесідей топтастырылады:
шикізат пен материалдар;
аяқталмаған өндіріс;
дайын өнім.
Олар кез-келген өндірістік қызметтің қажетті бөлшегі болып табылады. Бұл активтердің көлемі, дебиторлық берешек деңгейі сияқты, көбінесе өткізу (сату) көлеміне байланысты болады.
Қорларды басқару мақсаты: кәсіпорынның жемісті жұмысы үшін жеткілікті, қорды сақтау бойынша шығынның барынша аз болатын қор мөлшерін табу.
Басқару үрдісінің бірінші кезеңі: қорларды жеткізу және сақтау бойынша барлық шығынды сәйкестендіру. Қорларға байланысты негізгі шығындар үш топқа бөлінген:
қорды сақтаумен байланысты;
тапсырысты рәсімдеумен байланысты;
шикізат пен материалдарды тиеу, жіберу, машинамен қамтамасыз ету және қабылдауға байланысты, сонымен қатар қордың жетіспеушілігіне байланысты шығындар.
Қорды басқарудың екі негізгі жүйесі келесі:
тапсырыстың тіркелген мөлшерінің жүйесі;
тіркелген тапсырыс аралық кезеңдерінің жүйесі.
Тұтыну және жеткізудің идеалды жағдайлары сақталса, яғни қор тез арада толықтырылып отырса, онда екі жүйе де бірдей болады. Егер тауарлы-материалдық қорға сұраныс пен тапсырысты орындау мерзімінде белгісіздік болса, онда резервтік (сақтау) қор құру қажет.
Резервтік (сақтау) қор – сұраныс шамадан тыс артқан жағдайда және өндірісті жеткізу кезеңі жиі жағдайда материалдармен қамтамасыз ету үшін қажет қор. Резервтік қордың көлемі төмендегі факторларға байланысты:
тауарлы-материалдық құндылықтарға сұраныспен байланысты белгісіздік дәрежесі;
тапсырысты орындау мерзіміне байланысты белгісіздік дәрежесі;
қордың жеткіліксіздігінен болған шығын;
қосымша қорды ұстауға кететін шығын.
Қордың қажетті көлемі қордың жетпей қалу мүмкіндігі мен осы жағдайы болдырмау үшін ұсталатын резервтік қор шығыны мүмкіндікті арасындағы тепе-теңдікпен анықталады.
Резервтік қор құрған және өндірісте, сатуда белгісіздік болған жағдайда қорды басқару жүйелерінде айтарлықтай айырмашылықтар болады.
Өндірістік қорларды үнемдеу барысында алынған қор жалпы шығыннан көп болған жағдайға дейін арттыруға болады. Жоспарланған кезеңде сатып алынатын материалдық ресурстар партиясының оңтайлы көлемін анықтау үшін тапсырыстың оңтайлы партия моделі (Уилсон үлгісі) қолданылады EOQ: қорды сатып алуға және сақтауға кететін барлық шығын есептеледі. Оның құрамына қорды сақтауға кететін шығын және тапсырысты орындау бағасы енеді, яғни тапсырысты орналастыруға, алуға кететін шығын. Бұл шығындар тауарлы-материалдық қорлар бағасын құрайды.
EOQ үлгісінің негізгі шарттары: қор көлемі өскен сайын шығынның бір бөлігі көбейеді, ал екінші бөлігі азаяды; жиынтық шығынды барынша азайтатын тапсырыс көлемі оңтайлы болып табылады (қордың орта көлеміне байланысты). Қорлардың орта көлемі тапсырысты орналастыру жиілігіне және оның әрқайсының көлеміне (мөлшеріне) байланысты: егер қорлар күн сайын жаңалатып отырса, онда қордың орта көлемі жылына бір рет жаңаланатып қордың орта көлемімен төмен болады. Тапсырыс көлемі ұлғайған сайын сақтауға кететін шығындар ұлғаяды (өседі). Тапсырыс көлемінің артуы орта тапсырыстың артуына әкеп соғады, сәйкесінше сақтау бойынша, қорға салынған капиталдан пайда түспеу және сақтандыру шығыны бағаның төмендеуінен болған шығынның артуына әкеледі. Керісінше, партияның мөлшері артқан сайын тапсырысты орналастыру мен орындау шығыны төмендейді: тапсырыс жиілігі төмендеуі сақталып отырған қор көлемінің артуына, тапсырысты орналастыру, жеткізушілердің жөндеу және тапсырысты өңдеу жұмыстары шығындары азаяды.
